Об утверждении Положения о лесной пожарной станции государственного лесовладельца Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 199) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің төрағасы В. Петров_____________ 2015 жылғы 3 ақпан
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы № 18-02/54 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 199) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.
Тармақ 3
3. Орман орналастыру жобасына және (немесе) ормандарды өртке қарсы орналастыру жобасына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында және одан тыс жерлерде мемлекеттік орман иеленушілермен мынадай:
Тармақша 1
1) бірінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орманшылығы орман қорының аумағында шыққан орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) екінші үлгі – мемлекеттік орман иеленушінің орман қорының бүкіл аумағында орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету мақсаттарын орындау үшін орман өрт сөндіру станциясы құрылады.
Тармақ 4
4. Орман өрт сөндіру станциясында өртке қарсы мемлекеттік қызмет тиісті бөлімшесінің келісімі бойынша мемлекеттік орман иеленушінің басшысымен бекітілетін осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман өрт сөндіру станциясының паспорты жасалады.
Тармақ 5
5. Орман өрт сөндіру станциясында өртке қарсы қызмет орналастырылады, оның құрамына тұрақты жұмысқа қабылданатын орман өрт сөндіру станциясының бастығы, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, тракторист-машинист, радиооператор, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарь, орман өрт сөндірушісі кіреді.
Тармақ 6
6. Өрт бақылау мұнарасының (бекетінің) бақылаушысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес маусымдық жұмысқа қабылданады.
Тарау 2. 2. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің негізгі функциялары
2. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің негізгі функциялары
Тармақ 7
7. Орман өрт сөндіру станциясы бастығының негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) өрт қаупі бар маусым басталар алдында және оның өн бойында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйелі нұсқаулықтар, сондай-ақ орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіру бойынша жаттығуларын ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 2
2) орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын, байланыс құралдарын бөліп беру;
Тармақша 3
3) ауа райы жағдайлары бойынша ормандағы өрт қаупі сыныбын анықтау;
Тармақша 4
4) өрт бақылау мұнарасынан (бекетінен), авиациямен қарауылдау тікұшағынан (ұшағынан), орман өрт сөндіру станциясы қызмет көрсететін аумақта өрт шыққаны туралы басқа да ақпарат көздерінен хабар алған кезде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі қызметкерлерінің орман өрті болып жатқан жерге аттануын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) орман өртін сөндіру кезінде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлеріне басшылық жасау;
Тармақша 6
6) орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын жөндеуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарын сақтауды және тиімді қолдануды қамтамасыз ету болып таблады.
Тармақ 8
8. Өрт сөндіру машинасын жүргізушінің және тракторшы-машинистің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын орман өрттерін сөндіру жұмыстарында пайдалану;
Тармақша 2
2) бекітіп берілген техникамен өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
Тармақ 9
9. Радиооператордың негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) орман өрттері шыққан кезде хабардар ету схемасы бойынша телефон және радио байланысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) радиостанцияларға техникалық-пайдалану қызметін көрсету болып табылады.
Тармақ 10
10. Өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратура жөндеу жөніндегі слесарьдің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) техниканы, жабдықтар мен аппаратураны жөндеу, олардың орман өрті болып жатқан жерге аттанып кетуге ұдайы әзір жағдайда болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау болып табылады.
Тармақ 11
11. Орман өрт сөндіру станциясы орман өртін сөндірушісінің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) өрт болып жатқан жерге аттану және орман өртін сөндіру жөніндегі жұмыстар басшысының нұсқауларын орындау;
Тармақша 2
2) өрт сөндіру техникасын, жабдықтарды, өрт сөндіру құрал-саймандарын, сондай-ақ өрт сөндірудің химиялық құралдарын пайдаланып, орман өрттерін сөндіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) өзіне бекітіп берілген өрт сөндіру жабдықтарын, аппаратураны, аспаптар мен саймандарды ақаусыз күйде күтіп ұстау;
Тармақша 4
4) өрт сөндірудің от өшіретін химиялық құралдарының ерітінділерін әзірлеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Тармақ 12
12. Өрт бақылау мұнарасы (бекеті) бақылаушысының негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) орман шымылдығы астында орман өртінің шығу белгілерінің пайда болуын қадағалау;
Тармақша 2
2) азимуттық шеңберлерді пайдаланып тіркеу әдісімен орман өрті болып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 3
3) байқалған орман өрттері туралы ақпаратты орман өрт сөндіру станциясына және мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесіне беру болып табылады.
Тарау 3. 3. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі жұмысының тәртібі
3. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі жұмысының тәртібі
Тармақ 13
13. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің бірінші және екінші сыныптары күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар кезекшілік атқару орындарында болып, техника мен жабдықтарды орман өртіне шығуға дайындаумен шұғылданады.
Тармақ 14
14. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің үшінші сыныбы күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері орман өрттерін сөндірумен айналысып жатпаса, олар орман өртіне дереу аттанып кетуге толық әзірлік жағдайында кезекшілік атқару орындарында болады. Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтар пайдалануға толық әзірлік жағдайында тұрады.
Тармақ 15
15. Ауа райы жағдайлары бойынша ормандардағы өрт қаупінің төртінші және бесінші сыныптары күндері орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері өздеріне белгіленген жиналу орындарында болады, орман өртін сөндіру тактикасын және өрт-техникалық жарақтандырудың техникалық сипаттамасын зерделеумен айналысады.
Тармақ 16
16. Авиациялық орман күзеті қызмет көрсететін мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің жұмысы тиісті авиабөлімшелердің жұмысымен байланыстырылады.
Тармақ 17
17. Өрт тұрғысынан алғанда қауіпсіз ұзақ мерзімді кезеңдерде орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері мемлекеттік орман иеленуші басшысының тапсырмасы бойынша орман өрт сөндіру станциясы қызмет көрсететін орман қоры аумағында өртке қарсы алдын алу іс-шараларын орындауға жұмылдырылады.
Тармақ 18
18. Орман өртін сөндіру кезінде жергілікті жердің ерекшеліктері мен ауа райы жағдайлары, өрттің түрі, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғы ескеріледі.
Тармақ 19
19. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің орман өрттерін сөндіруі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) өртті жою – жану тоқтатылған және оның өздігінен жану жағдайы жойылған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
Тармақша 2
2) өртті шектеу – адамдарға (жануарларға) қауіп төндірмейтін немесе жойылған, өрттің жайылуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен оны жою үшін жағдай жасалған өртті сөндіру сатысы (кезеңі);
Тармақша 3
3) қарауылдау – жасырын жану ошақтарының және өрттің қайта басталып кету мүмкіндігінің жоқ екеніне көз жеткізуге жеткілікті белгілі бір уақыт бойы өрт болған алқапта жұмысшы өрт сөндірушілер командаларының кезекшілік атқаруы.
Тармақ 20
20. Орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметі орман өрттерін сөндірудің мынадай тәсілдерін пайдаланады:
Тармақша 1
1) төменгі өрт жиегін сабалау немесе оған топырақ шашу;
Тармақша 2
2) жер өңдейтін құралдар мен жарылғыш материалдардың көмегімен минералдандырылған жолақтар мен орлар тарту;
Тармақша 3
3) өрттерді сумен немесе от өшіретін химикаттардың ерітінділерімен сөндіру;
Тармақша 4
4) жағу немесе қарсы от жіберу.
Тармақ 21
21. Өртті жойғаннан кейін орман өрт сөндіру станциясының өртке қарсы қызметінің қызметкерлері жасырын жану ошағынан орманның қайта тұтануынан алдын алу үшін өрт ошағын қарауылдауды қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4. Орман өрт сөндіру станциясын жарақтандыру
4. Орман өрт сөндіру станциясын жарақтандыру
Тармақ 22
22. Орман өрт станциясы өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды қорғау, пайдалану, орманды қайта өндіру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерге сәйкес жабдықталады. Бұл нормалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 193) тармақшасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 23
23. Өрт сөндіру техникасы, жабдықтар және байланыс құралдары өрт қаупі бар маусым аяқталғаннан кейін жөнделіп, орман өрт сөндіру станциясында сақталады.
Тармақ 24
24. Өрт қаупі бар маусым басталардан бір ай бұрын өрт сөндіру техникасы, жабдықтар және байланыс құралдары орман өрттерімен күрес жөніндегі жұмыстарға толық дайындық жағдайына келтіріледі.
Тармақ 25
25. Өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету үшін орман өрт сөндіру станциясында:
Тармақша 1
1) ауа райы жағдайлары бойынша өрт қаупінің сыныбын анықтау мақсатында метеорологиялық бақылаулар өткізу үшін метеобекет;
Тармақша 2
2) құжаттарды, орман екпелерінің жоспарын және көлік жолдары, өрт бақылау мұнараларының (бекеттерінің), өртке қарсы тосқауылдар мен су көздерінің орналасуы көрсетілетін орман өрті картасын сақтауға арналған үй-жай;
Тармақша 3
3) өртке қарсы қызметтің қызметкерлерін орналастыру үшін, сондай-ақ жабдықтар, өрт сөндіретін құрал-саймандар, далалық асхана, жеке қорғану құралдарын, жауынгерлік киім мен әбзелдер сақтау үшін үй-жай;
Тармақша 4
4) өрт сөндіру машиналары үшін жылытылатын гараж, күзет машиналары мен тракторлар үшін жабық тұрақтар құрылады.
Тармақ 26
26. Орман өрт сөндіру станциясы мемлекеттік орман иеленушімен немесе орманшылықпен, орман өртін сөндіруде жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру техникасымен және өртке қарсы қызметтің қызметкерлерімен телефон және радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 27
27. Авиациялық қарауылдау жүзеге асырылатын аудандарда орман өрт сөндіру станциясының жанынан қарауыл тікұшағының (ұшағының) экипажынан мәліметтер қабылдау бекеті ұйымдастырылады және тікұшаққа арналған қону алаңы жасалады.
Басқа 72
Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережеге қосымша Нысан Келісілген «Бекітемін» _______________________________ ________________________________ (өртке қарсы қызмет (мемлекеттік орман иеленуші бөлімшесінің басшысы) басшысы) Орман өрт сөндіру станциясының паспорты Орман өрт сөндіру станциясының орналасқан жері _______________________________________________ (заңды мекенжайы) Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________________ (атауы) Орманшылық ___________________________________________________________ (атауы) Орман өрт станциясымен қызмет ететін аумақ: Орамдардың нөмірі Жалпы ауданы, мың. гектар Оның ішінде жерлер орманды ормансыз барлығы оның ішінде орман көмкерген жерлер 1 2 3 4 5 Жиыны: Р/с № Лауазымы Тегі,аты,әкесінің аты (бар болған кезде) Жұмыс өтілі Тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, күні Жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы бұйрықтың нөмірі, күні 1 2 3 4 5 6 Р/с № Атауы Үлгі, маркасы Шығарылған жылы Нөмірі Орман өрт станциясына түскен күні Өткізілген жөндеу жұмыстары туралы белгі Тізбеден алып тастау негізі мен күні қозғалтқыш шасси рама 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Р/с № Объект атауы Бейнеленуі 1. 1-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы 2. 2-үлгідегі ормандағы өрт сөндіру станциясы 3. Өртке қарсы құрал-жабдықтардың, ұсақ өрт әбзелдері топталған бекет базасы (қойма) 4. Мемлекеттік орман иеленушінің кеңсесі 5. Орманшылық кеңсесі 6. Орман кордоны 7. Метеобекет 8. Медициналық бекет 9. Өртке қарсы қызметінің ДПС орналасқан жері 10. Авиабөлімнің орналасқан жері 11. Өрт қадағалау мұнарасы (бекет) 12. Тікұшақ алаңы 13. Хабарландыруларды қабылдау бекеті 14. Демалыс орны 15. Алау жағылатын жер 16. Орман өрт станциясының әрекет ететін ауданы 17. Өртке қарсы жыртылған жерлер 18. Минералданған жолақтар 19. Өрт сөндіру су айдындары 20. Орман өртенген жер, саны – реттік нөмірі Р/с № Объект атауы Бейнеленуі 1. Стационарлық радиостанция 2. Мобильдік радиостанция 3. Көшпелі радиостанция 4. Телефон аппараты 5. Радиобайланыс 6. Телефон желісі 7. Қарауылдайтын ұшақ (тікұшақ) Қызыл – өрт сөндіруге Сары – қарауылдауға Жасыл – оқу-жаттығуға Көк – өзгелері Р/с № Атауы Үлгісі, маркасы, нөмірі, қозғалтқышы, шассиі, рамасы, шыққан жылы Техникалар, құрал-жабдықтар бекітілген қызметкерінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымдары Техника мен құрал-жабдықтарды бекіту күні мен беру күні Техника мен құрал-жабдықтар берілген және бекітілген кездегі олардың жай-күйі 1 2 3 4 5 6 Р/с № Химикаттардың, шылауыштардың атауы Келіп түсуі Шығыс Қалдығы күні массасы, килограмм (дана) күні массасы, килограмм (дана) күні массасы, килограмм (дана) 1 2 3 4 5 6 7 8 Р/с № Химикаттар мен шылауыштардың атауы Есепті айда жұмсалғаны, килограмм, дана Қалғаны, килограмм, дана 1 2 3 4 Р/с № Күні Пысықталатын мәселелердің тақырыптары Сағаттар саны Қызметкерлердің тізімі Нұсқама, оқу, жаттығулар өткізетін тұлғалардың лауазымы мен қолы 1 2 3 4 5 6 Р/с № Күні Жауын-шашын мөлшері, миллиметр Ауа температурасы, градус Температура мәні мен шық нүктелері арасындағы айырма Ауа райының өрт қауіптілігінің қаупінің кешенді көрсеткіші 1 2 3 4 5 6 Р/с № Тегі,аты, әкесінің аты (бар болған кезде) Жұмыс істелген адам-күн Барлығы оның ішінде өрт сөндіруге оқу және жаттығу ормандарды өртке қарсы жабдықтауға басқа жұмыстарға кезекшілік 1 2 3 4 5 6 7 8 Р/с № Еңбек шығынының өлшем бірлігі Барлығы Есептік кезеңдегі жұмыс жасалғаны барлығы оның ішінде өрт сөндіруге ормандарды өртке қарсы жабдықтау бойынша жұмыстарға 1. Адам-күн 2. Машина-ауысым 3. Трактор-ауысым Р/с № Көрсеткіштер Ай күндері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 1. Өрт қауіпсіздігінің сыныбы 2. Кезекші қызметкерлердің саны 3. Белгілеу бойынша бару және оны жалпы жалғастыру саны 4. Баруға қатысқан өртке қарсы қызметі қызметкерлеріндің саны 5. Болған өрттердің саны 6. Орман өрт станциясымен сөндірген өрттердің саны кестенің жалғасы Ай күндері 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31