Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Күшін жойған
Басқа 0
Орта білім беру ұйымдарында
психологиялық қызметтің жұмыс
істеу қағидасын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-6) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің
2015 жылғы « 06 » ақпандағы
№ 61 қаулысымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің
жұмыс істеу қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 2-тармағы 24-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алматы облысының Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет)жұмысын реттейді.
Тармақ 2
2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 4
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне және педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
Тармақ 5
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
Тармақша 1
1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің күнтізбелік жұмыс жоспарын;
Тармақша 3
3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі - психодиагностикалау), психологиялық тренингтерді, аталған білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын;
Тармақша 4
4) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелерін;
Тармақша 5
5) психодиагностикалық әдістемелердің дерекқоры мен тізбесін;
Тармақша 6
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық психологиялық портреттерін;
Тармақша 7
7) психологиялық тексерудің нәтижелері, қорытындылары мен ұсынымдарын;
Тармақша 8
8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген Психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;
Тармақша 9
9) белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды.
Тармақ 6
6. Психологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы жергілікті білім беру органдары бекіткен білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларында қамтылады.
Тарау 2. 2. Орта білім беру ұйымдарындағы Психологиялық қызметтің
мақсаттары мен міндеттері
2. Орта білім беру ұйымдарындағы Психологиялық қызметтің
мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Тармақ 8
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
Тармақша 1
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
Тармақша 3
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
Тармақша 5
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Тармақ 9
9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Психодиагностикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
Тармақша 3
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
Тармақша 4
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындауды қамтиды.
Тармақ 11
11. Консультациялық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
Тармақша 3
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзеліс жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
Тармақша 4
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды.
Тармақ 12
12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
Тармақша 1
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
Тармақша 2
2) білім алушылардың бейәлеуметтік психологиялық әрекеттің алдын алу;
Тармақша 3
3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
Тармақша 4
4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумдарының жұмысына ықпал етуді қамтиды.
Тармақ 13
13. Түзету-дамытушылық бағыттар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалық өсуге тренингтер өткізу;
Тармақша 2
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді қамтиды.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
Тармақша 1
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға және тағы басқаларға) аралас-мамандармен жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы дерекқорын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізуді қамтиды.
Тармақ 15
15. Психологиялық қызмет жеке және топтық форматта білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істеуді қамтиды.
Тармақ 16
16. Психологиялық қызметтің жұмысын облыстық білім басқармасы, ал аймақтық деңгейді аудандық, қалалық білім бөлімдері үйлестіреді.
Тармақ 17
17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 18
18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігі, психологиялық орталықтар және білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекеттеседі.
Тармақ 19
19. Педагог-психолог өз қызметінде:
Тармақша 1
1) осы Қағиданы басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
Тармақша 4
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
Тармақша 5
5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады;
Тармақша 6
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
Тармақша 7
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
Тармақша 8
8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
Тармақша 9
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
Тармақша 12
12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
Тармақша 13
13) білім беру ұйымдарында әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
Тармақша 15
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;
Тармақша 16
16) білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
Тармақша 17
17) балалар,білім алушылар, ата-аналар және педагогтармен психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысандары мен әдістерін таңдайды;
Тармақша 18
18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың және педагогтердің жеке істерімен танысады;
Тармақша 19
19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
Тармақша 20
20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
Тармақша 21
21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;
Тармақша 22
22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік Кеңестің жұмысына қатысады;
Тармақ 20
20. Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» мамандығы бойынша жоғары білімі немесе «Практикалық психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен педагогикалық білімінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек.
Тармақ 21
21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгілік штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2008 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 77 қаулысына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 22
22. Педагог-психолог:
Тармақша 1
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;
Тармақша 2
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және сақталуын;
Тармақша 3
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын;
Тармақша 4
4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша – аудандық (қалалық) бөлімдеріне және облыстық білім басқармасында психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ереже
3. Қорытынды ереже
Тармақ 24
24. Білім беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.