О внесении изменений в приказ "Об утверждении Правил, организации совместных мероприятий по выявлению и пресечению незаконно эксплуатируемых радиоэлектронных средств на территории Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 P001665_ қаулысына сәйкес байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған саладағы үйлестiрудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi жүзеге асырады. Осыған байланысты бұйырамыз:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiндегi бірлескен iс-шараларды ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 2000 жылғы 19 қыркүйектегi N 388-I V001294_ , Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң 2000 жылғы 27 қыркүйектегi N 520, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 127 Бұйрықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда көрсетiлген бұйрықтармен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдарды айқындау және тыйым салу жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды ұйымдастыру ережелерде:
3 тармақтың 3 тармақшасындағы "байланыстағы бақылау бөлiмi" деген сөздер алынып тасталсын;
Ережелер мәтiнi бойынша "көлiктiк бақылау" деген сөздер "байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi" деген сөздермен, "байланыстағы бақылау" деген сөздер "байланыс саласындағы мемлекеттiк қадағалау" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi (Қанешев Б.Б.) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi
комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қоғамдық
қауiпсiздiк департаментiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздік комитетiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.