Об утверждении Положения о специальной комиссии Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №504 қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі «Арнайы комиссия туралы Үлгілік Ережені бекіту туралы» № 325-ө-м бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған арнайы комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бірінші орынбасары Махаббат Садуақасұлы Бигелдиевке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпан № 82 қаулысымен бекітілген Арнайы комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнайы комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – (бұдан әрі – Комиссия) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Комиссия аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеті мен функциясы
2. Комиссияның міндеті мен функциясы
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеті Үлгілік қағидалардың 9-тармағы негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 10
10. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Төраға болып табылады. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган – аудандық, облыстық маңызы бар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссия хатшысының міндеті осы аудандық, облыстық маңызы бар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің маманына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Комиссия уәкілетті органнан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы шешім шығарады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 15
15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органға беріледі. Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар бекіткен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.