Об утверждении типовых правил внутреннего распорядка организаций образования по Алматинской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 24-7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2015 жылғы «06» ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алматы облысы бойынша Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2 тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Тармақ 3
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігімен педагогикалық және өзге де білім беру ұйымының қызметкерлерінің жұмыс уақытының және демалыс уақытының режимі белгіленеді.
Тармақ 4
4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының қызметкерлерінің, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен оларға жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі
2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында: білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы; оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар; ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, олардың арасындағы үзілістер; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қарастырылуы тиіс.
Тармақ 6
6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.