Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел ветеринарии акимата Меркенского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы Өмірбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы «19» ақпандағы №85 қаулысымен бекітілген «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080500 Қазақстан Республикасы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмайлова көшесі, 169 үй.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен  «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: эпизоотиялық қолайлы жағдайды және ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
Тармақша 2
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
Тармақша 3
3) ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 6
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
Тармақша 8
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
Тармақша 9
9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 10
10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 11
11) мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
Тармақша 12
12) тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
Тармақша 14
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды: ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда; экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-тыю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
Тармақша 18
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
Тармақша 22
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
Тармақша 23
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 24
24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 25
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 26
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 27
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, олардың лицензияларын заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтату немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсынысты шығаруға;
Тармақша 4
4) аудан әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған карантиндік режимді немесе шектеу іс-шараларын жүргізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимінің белгілеу туралы ұсыныс шығаруға;
Тармақша 5
5) аудан әкімдігіне жануарлардың жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға және жоюға бағытталған шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы ұсынысын шығаруға;
Тармақша 6
6) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдауға;
Тармақша 7
7) тиісті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығаруға құқылы.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
Тармақ 21
21. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарының және мекеменің құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) мекеменің актілеріне қол қояды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңдармен және осы Ережемен белгіленген шектерде мекеменің мүлкіне өкімдік етеді;
Тармақша 7
7) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
Тармақша 8
8) банкілік есеп-шоттарын ашады, өзге де мәмілелер жасасады;
Тармақша 9
9) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі
Тармақ 1
1. «Меркі ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.