Об утверждении требований к планам противопожарных мероприятий, разрабатываемым лесопользователями при долгосрочном лесопользовании Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 489) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі _____________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 13 ақпан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/58 бұйрығымен бекітілген Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралар жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады. Жоспар:
Тармақша 1
1) өртке қарсы алдын алу іс-шараларын;
Тармақша 2
2) орман өрттерін сөндіру іс-шараларын қамтиды.
Тармақ 2
2. Өртке қарсы алдын алу іс-шараларында шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы жайластыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздейді және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылады. Өртке қарсы алдын алу іс-шараларына сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі. Өртке қарсы алдын алу іс-шаралары бойынша барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындау мерзімдері және орындауға жауапты тұлғалар, сондай-ақ осы жұмыстардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Орман өрттерін сөндіру іс-шаралары өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен өз күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайларда өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды көздейді. Соңғы жағдайда мемлекеттік орман иеленушімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін күштер мен техникалық құралдар, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан өзге де ұйымдардың күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Орман өрттерін сөндіру іс-шаралары орман өрттерін сөндіру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру, сондай-ақ орман пайдаланушының есебінен өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағар май материалдарының қорын жасау көзделеді.
Тармақ 4
4. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың жоспары ағымдағы жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушілерге беріледі. Орман кодексiнің 38-бабы 6) тармақшасына сәйкес орман пайдаланушының жоспары мемлекеттік орман иеленушімен келісіледі және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді.