Об утверждении перечня дериватов Қолданыста
Басқа 0
Дериваттар тізбесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағы 68) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 222) тармақшасына және сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Дериваттар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 18-03/105 бұйрығымен
бекітілген
Дериваттар тізбесі
1. Өсімдіктер туындысы
1
Ағаш безі
2
Баданалар
3
Бүршік
4
Жеміс
5
Қосалқы сүрек ресурстары (материалдар)
6
Өркендер
7
Саңырауқұлақтар
8
Тамыр, тамырсабақ
9
Тұқым
10
Түйіндер
11
Шайыр және ағаш шырындары
2. Өсімдіктерден және олардың туындыларынан өндірілген өнім
12
Ағаш көмірі
13
Ағаш өнімдері
14
Гербарийлер
15
Жабайы өсімдіктерден алынатын май
16
Жиһаз бөлшектері
17
Өркеннен алынған шыбықтар
18
Кәдесыйлық бұйымдар
3. Жануарлар туындысы
19
Май
20
Уылдырық
21
Тері
22
Қан
23
Аю өті
24
Балықтың жыныстық бездері (гонадалары)
25
Мүйіз және тұяқ
26
Су омыртқасыздарының жұмыртқалары
27
Жұмыртқа
4. Жануарлардан және оның туындыларынан өндірілген өнім
28
Галантериялық бұйымдар
29
Медициналық препараттар
30
Кәдесый бұйымдары
31
Тұлып
32
Зергерлік бұйымдар
Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.