Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардын, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 490 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 8584 тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы «Казахстанская правда» № 302 (27576); 2013 жылғы 26 қазандағы «Егемен Қазақстан» № 240 (28179) газеттерінде жарияланған) күші жойылды ден танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов);
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 133 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандырудың мақсаттары, мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңайлату және жеделдету, оның ішінде:
Тармақша 1
1) артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын қысқарту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын қағаз құжаттардың санын қысқарту не оларды электрондық нысанға ауыстыру немесе оларды мәліметтер нысанымен ауыстыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен «бір терезе» қағидаты бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік органдарға жеке келуінсіз өзара іс-қимылы;
Тармақша 5
5) мемлекетті көрсетілетін қызметтерді бір реттік пароль арқылы көрсету;
Тармақша 6
6) бірнеше мемлекеттік көрсетілетін қызметті «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсету;
Тармақша 7
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті нысанда көрсету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде адами факторды болдырмау;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру – ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 4
4) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
Тармақша 5
5) жауапты мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданатын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) мәліметтер нысаны – мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат;
Тармақша 7
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол картасы – мерзімдерін, орындаушыларын және түпкілікті нәтижелерін көрсете отырып, қажетті іс-әрекеттерді қамтитын іс-шаралар жоспары;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 9
9) мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру – электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін қайта құру рәсімі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру – мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара;
Тармақша 11
11) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
Тармақша 12
12) проактивті көрсетілетін қызмет – қызметтер көрсету субъектісінің бастамасы бойынша электрондық нысанда, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімін қажет ететін мемлекеттік қызмет.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыруды орталық мемлекеттік органдар, Мемлекеттік корпорация, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстары негізінде;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде орталық мемлекеттік органдардың қатарынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның ұсыныстары негізінде;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде шараларды қабылдайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешімнің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган жыл сайын осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3) 4) тармақшаларында жазылған негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарауға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін қалыптастырады және 30 наурыздан кешіктірмей мемлекеттік органдарға жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тізімді алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылатын материалдарды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді көрсететін қолданыстағы және ұсынылатын бизнес-процестер;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сауалнама парағы;
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына шығарылуға жататын қызметтер тізіліміне кіретін мемлекеттік қызметтер бойынша еркін нысандағы түсіндірме жазба;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша қосымша ұсыныстар болған кезде қалыптастырады.
Мемлекеттік органмен материалдарды қалыптастыру кезінде мемлекеттік қызметті автоматтандыру мүмкіндігі қарастырылады, ол үшін мынадай:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін қағаз құжаттардың сипаты мен санын айқындау және оларды осы құжаттарды электрондық ақпараттық ресурстармен ауыстыру мәніне мемлекеттік ақпараттық жүйелердің электрондық ақпараттық ресурстарымен салыстырып тексеру (егер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қағаз құжаттарда қамтылған мәліметтер болмаса, онда қағаз құжаттардың сканерленген нұсқаларын пайдалану және (немесе) оларды мәліметтер нысанына ауыстыру мүмкіндігі айқындалады);
Тармақша 2
2) қағаз құжаттарды осы жүйелерде сақталатын, өңделетін электрондық ақпараттық ресурстармен алмастыруға байланысты интеграциялауға жататын ақпараттық жүйелерді айқындау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін қысқартуға болатын уақыт кезеңін айқындау (мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін қысқартуға құжаттарды алу, тексеру, келісу, жеткізу мерзімдерін қысқарту есебінен, сондай-ақ мемлекеттік органның келісетін құрылымдық бөлімшелерінің санын жою және (немесе) құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын электрондық ақпараттық ресурстарға алмастыруға байланысты басқа мемлекеттік органдармен ресми өзара іс-қимылды жою есебінен қол жеткізіледі);
Тармақша 4
4) функцияларын ұтымды бөлу есебінен мемлекеттік органның келісетін құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының санын алып тастау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын алып тастау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының ішкі өзара іс-қимылын немесе екі және одан да көп мемлекеттік органдардың сыртқы өзара іс-қимылын регламенттеу;
Тармақша 7
7) кадрлық құрамды ұтымды бөлу, оның ішінде мемлекеттік органның, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадрлық құрамын көбейту немесе азайту;
Тармақша 8
8) құрылымдық бөлімшелерді, ведомстволық бағынысты ұйымдарды олардың арасындағы коммуникация жылдамдығын ұлғайту және пошталық хат-хабардың ұзақ өтуін жою мақсатында ұтымды аумақтық орналастыру;
Тармақша 9
9) құрылымдық бөлімшелерді, ведомстволық бағынысты ұйымдарды уақтылы және сапалы материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің түпкі нәтижелерін әзірлеу технологияларын өзгерту (сертификаттар, жеке куәліктер және т.б.);
Тармақша 11
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар санын, оның ішінде оларды мәліметтер нысанымен алмастыру жолымен қысқарту;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету;
Тармақша 13
13) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету (проактивті түрде көрсету);
Тармақша 14
14) «бір өтініш» қағидаты бойынша өзара байланысты қызметтер кешенін көрсету (композиттік түрде көрсету) іс-әрекеттері жүргізіледі.
Егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет материалдарды қалыптастыру сәтінде автоматтандырыла алмайтын болса немесе автоматтандырудан тыс мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұйымдастырушылық, кадрлық, әкімшілік-шаруашылық, технологиялық және басқа іс-шаралар жолымен оңтайландыру мүмкіндігі болса, онда мемлекеттік орган мемлекеттік қызметті көрсету процесін жеделдетуге және оңайлатуға қол жеткізілетін, қосымша іс-шаралардың құрамы мен сипатын айқындайды.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес материалдарды қалыптастыру нәтижелері бойынша мемлекеттік орган әрбір мемлекеттік қызмет бойынша қорытынды материалдарды уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынған материалдардың, сондай-ақ қосымша ұсыныстардың негізінде мемлекеттік қызметтер тізбесін және оларды Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығару кестесін қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді қарастыру кестесін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына бекіту үшін шығарады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қарау кестесіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруды және автоматтандыруды іске асыру уәкілетті органмен, мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісіліп, шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзім ішінде Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бекітілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарын уақтылы орындау бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарының уақытылы орындалуын мониторингілеуді жүзеге асырады.
Басқа 1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларына
1-қосымша
Басқа 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сауалнама парағы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларына
2-қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сауалнама парағы
№
Параметр атауы
Параметр
Негіздеме
1
Қызмет қаншалықты сұранысқа ие? (статистикасы)
2
Қызметті қағаз түрден тек электрондық түрге ауыстыру мүмкін бе?
3
Қызмет көрсету нәтижесін қағаз түрден тек электрондық түрге ауыстыру мүмкін бе?
4
Қызмет көрсету мерзімін қаншалықты қысқартуға болады?
5
Қандай құжаттарды сұратылатын тізілімнен, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алу арқылы алып тастауға болады?
6
Қызмет көрсету процесінен алқалы органдардың отырыстары рәсімдерін (болған жағдайда) алып тастау мүмкін бе?
7
Қызмет көрсету кезінде қызмет берушінің қатысуын (оның ішінде шешім қабылдау және нәтижеге қол қою процесін) толық алып тастауға бола ма?
8
Осы қызметті бір реттік пароль арқылы көрсету мүмкін бе?
9
Осы қызметті проактивті қызметке ауыстыру мүмкін бе?
10
Қызметті басқа қызметтермен композитті түрде көрсету мүмкін бе?
11
Қолмен толтырылатын жолдарды қысқарту мүмкін бе? (қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсеткен жағдайда)
12
Қызметті алуға құжаттарды тапсыру және нәтижесін алуды қызмет беруші арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы алып тастау мүмкін бе?
13
Қызметті көрсетуде қолданыстағы ақпараттық жүйе бар ма? (әзірлеушіні көрсету)
14
Ақпараттық жүйе басқа ақпараттық жүйелермен (болса қандай жүйелермен) интеграцияланған ба?
Басқа 3
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларына
3-қосымша
«БЕКІТІЛДІ»
_____________________
_____________________
20 _ жылғы «__» _______
№
Іс-шаралар атауы
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
Аяқтау нысаны
1.
Ұйымдастырушылық іс-шаралар
2.
Ақпараттық жүйелерді модификациялау және интеграциялау
3
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
4
Оңтайландырылған бизнес-процесті іске қосу
5
Азаматтардың хабардарлығын арттыру