Об утверждении Правил установления или снятия ограничительных мероприятий и карантина Қолданыста
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 7-1/86 бұйрығымен
бекітілген
Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу
немесе алып тастау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Шектеу iс-шаралары және карантин Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген) жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұпалы ауруларының тізбелеріне енгізілген жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша белгіленеді.
Тармақ 2-1
2-1. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы берілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен асырмай жергілікті атқарушы органның (әкімнің) шектеу (алып тастау) іс-шараларын және (немесе) карантинді белгілеу туралы шешімі қабылданады.
Тарау 2. 2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі
2-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және жануарлардың жұқпалы ауруларының таралу дәрежесіне байланысты эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.
Тармақ 4
4. Шектеу іс-шараларын және карантинді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:
Тармақша 1
1) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 3
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 4
4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен белгіленеді.
Тармақ 5
5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) бекітілген Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі алынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік;
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептері (аурудың атауы), жануардың түрі көрсетіле отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.
Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысына эпизоотологиялық зерттеу актісінің көшірмесі және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық тексеру актісі қоса беріледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және (немесе) карантинді белгілеу туралы шешімдері қолданысқа енгізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның көшірмесі тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.
Тармақ 6
6. Шектеу іс-шараларының немесе карантиннің ұзақтығы жануарлар ауруларының түріне, аурудың инкубациялық кезеңіне, жануарлардың организмінде ауру қоздырушылардың сақталуына және ветеринариялық iс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты.
Тарау 3. 3-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау тәртібі
3-тарау. Шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау тәртібі
Тармақ 7
7. Шектеу іс-шаралары және карантин жануарлар толығымен сауыққаннан (аурудың болмауы), аурулардың таралуы тоқтағаннан және дезинфекция сапасына бактериологиялық зерттеумен қорытынды дезинфекцияны жүргізуді қоса алғанда, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін алынып тасталады.
Тармақ 8
8. Шектеу іс-шаралары немесе карантин тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:
Тармақша 1
1) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін облыстың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 2
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 3
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының;
Тармақша 4
4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен алынып тасталады.
Тармақ 9
9. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысы туынды түрде жазбаша нысанда жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешені аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде:
ұсыныс енгізілетін шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімнің күнін және нөмірін;
дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) күнін және нөмірін көрсете отырып еркін нысанда жазбаша түрде ресімделеді.
Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы ұсынысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханалар беретін дезинфекцияның сапасына бактериологиялық зерттеуді көрсете отырып, сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қоса беріледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау туралы шешімнің көшірмесі оны қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.
Тармақ 10
10. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен карантинді алып тастағаннан кейін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында көзделген жағдайларда, уәкілетті орган шектеу iс-шараларын белгілейді.