Об утверждении Правил разработки и утверждения инвестиционных программ, а также представления отчетности об их реализации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларын бекіту туралы «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесінің мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 27 наурыз
Басқа 0. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №237 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 21-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) инвестициялық бағдарлама – экономикалық көрсеткіштер, оның ішінде мұнай өнімдерінің бағасына әсер ететін инвестициялық құрамдастарды қамтитын, жоспарланған техникалық-экономикалық тиімділік алу мақсатында белгілі бір кезеңге мұнай өнімдерін өндірушілердің қазіргі өндірістік қуаттарын құруға, жаңғыртуға және жаңартуға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
Тармақша 2
2) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Тарау 2. 2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
2-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге дейін мұнай өнімдерін өндіруші тұжырымдаманы әзірлейді.
Тармақ 4
4. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы мынадай бөлімдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) оның техникалық бөлігін қоса алғанда, инвестициялық бағдарламаның сипаттамасы;
Тармақша 2
2) инвестициялық бағдарламаны өткізілуі мақсатының тұжырымы;
Тармақша 3
3) инвестициялық бағдарламаны іске асырудың алдын ала күнтізбелік жоспарын белгілеу;
Тармақша 4
4) инвестициялық бағдарламаның қаржы-экономикалық нәтижелерінің құнын алдын ала есептеу және бағалау;
Тармақша 5
5) инвестициялық бағдарламаның тәуекелін алдын ала бағалау;
Тармақша 6
6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің, қажетті консультациялық қызметтің (қажет болған жағдайда) құнын есептеу.
Тармақ 5
5. Инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын уәкілетті органға келіп түсккеннен кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын қарайды және мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда, инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын пысықтауға күнтізбелік он күн ішінде негізделген ескертулерді көрсете отырып қайтарады.
Тармақ 6
6. Ұсынылған тұжырымдаманың мазмұнына ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасын мақұлдайды.
Тармақ 7
7. Мақұлданған инвестициялық бағдарламаның тұжырымдамасы күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге оның негізінде инвестициялық бағдарламаны әзірлеу үшін жіберіледі.
Тармақ 8
8. Инвестициялық бағдарламалар мынадай өлшемдерден тұрады:
Тармақша 1
1) ең аз қаржы-экономикалық тәуекелдер;
Тармақша 2
2) төмен нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындар;
Тармақша 3
3) жобаның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің оң мәндері – табыстың (кірістіліктің) ішкі нормасы;
Тармақша 4
4) нарық конъюнктурасына және төлем қабілеті бар сұранымға сәйкес оны барынша пайдалану мақсатында заем ресурстарын қарызға алу мен өтеу схемасын оңтайландырумен, өндірістік шығындарды азайтумен, өндірісті әртараптандырумен қамтамасыз ететін инвестицияларды өтеудің ең аз мерзімдері;
Тармақша 5
5) өндірілетін мұнай өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру.
Тармақ 9
9. Инвестициялық бағдарламаның мазмұны осы Қағиданың 1 қосымшасында көрсетілген.
Тарау 3. 3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі
3-тарау. Инвестициялық бағдарламаларды бекіту тәртібі
Тармақ 10
10. Әзірленген инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органның қарауына және бекітуіне ұсынылады. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаларды күнтізбелік отыз күн ішінде қарастырады.
Тармақ 11
Тармақ 12
Тармақ 13
13. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады.
Тармақ 14
14. Ескертулер болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны бекітеді.
Тармақ 15
15. Ескертулер болған жағдайда, уәкілетті орган негізделген ескертулерді көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны күнтізбелік жиырма күн ішінде мұнай өнімдерін өндірушіге пысықтау үшін қайтарады.
Тармақ 16
16. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама жобасының ескертулерін ескере отырып пысықтайды және оны уәкілетті органға қайта қарау үшін жібереді.
Тармақ 17
17. Уәкілетті органның инвестициялық бағдарламаны қайта қарау мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспайды.
Тарау 4. 4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі
4-тарау. Инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы туралы есептіліктің ұсынылу тәртібі
Тармақ 18
18. Мұнай өнімдерін өндірушілер инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаның технологиялық бөлігін іске асыру туралы есептілікті еркін жазбаша түрде береді.
Тармақ 19
19. Мұнай өнімдерін өндірушілер уәкілетті органға мынадай мәліметтерді қамтитын мәтіндік есепті:
Тармақша 1
1) есепті кезеңде іске қосылған технологиялық қондырғылар туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өнімдердің сапалық сипаттамасының өзгерістері туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушіден инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы есепті қарау үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша сұратады.
Тармақ 21
21. Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына мұнай өнімдерін өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды, оған растайтын құжат қоса беріледі, ал қаржылық құжаттарға бас бухгалтер қол қояды.
Басқа 1
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларына 1-қосымша Инвестициялық бағдарламаның мазмұны Инвестициялық бағдарламаның мазмұны (бұдан әрі - Мазмұны) мынадай құрылымды қамтиды:
Тармақ 1
1. Мұнай өнімдерін өндірушінің қысқаша сипаттамасынан:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 2
2) ұйымдық-құқықтық нысан, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның басшысы;
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық почтасы;
Тармақша 5
5) заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы, негізгі өндірістік көрсеткіштері. Соңғы есептік кезеңге мұнай өнімдерін өндірушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есебі;
Тармақ 2
2. Инвестициялық бағдарламаның қысқаша сипаттамасынан:
Тармақша 1
1) жобаның атауы;
Тармақша 2
2) жобаның негізгі мақсаттар;
Тармақша 3
3) жобаға тікелей қатысушылары;
Тармақша 4
4) жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
Тармақша 5
5) қысқаша мазмұны: шығарылуы болжанатын өнім, ықтимал түрлендіру спектрін, мақсаты мен қолдану саласын көрсете отырып, тауардың немесе қызметтердің қысқаша сипаттамасы.
Тармақ 3
3. Болжанатын жобаның сипаты: жаңасын құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру немесе кеңейту және жоба бойынша техникалық құжаттаманың болуы (техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардың көшірмелері, жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері; ғимараттарды, құрылыстарды жалдауға арналған шарттардың көшірмелері және басқа құжаттар).
Тармақ 4
4. Жоба бойынша іске асыру мен шектеулердің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензиялауға жататын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу нарығы мен шикізат, су - энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсыныстар, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігі, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі, технологиялық үдерістердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптар.
Тармақ 5
5. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
Тармақша 1
1) өз қаражаты;
Тармақша 2
2) қарыз қаражаты (кредиттер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаты) және/немесе гранты;
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру мерзімдері (инвестицияны жүзеге асыру сәтінен бастап (ай (жыл);
Тармақ 6
6. Инвестициялық бағдарламаның техникалық бөлімі: жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы.
Тармақ 7
7. технологиялық шешімді таңдау негіздемесі:
Тармақша 1
1) жобаның орналасу орнын және көлемін (ауқымын) таңдау негіздемесі (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу қолайлылығы);
Тармақша 2
2) ілеспе инфрақұрылым мен көліктік мүмкіндіктер;
Тармақша 3
3) қазіргі үй-жайларды пайдалану немесе қайта жаңарту мүмкіндіктері;
Тармақша 4
4) жоба бойынша тауарларды өндіру (қызметтер көрсету) көлемін анықтайтын факторлар;
Тармақша 5
5) осы Мазмұнның қосымшасының 1-кестесіне сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы (ұқсастармен салыстыруда тауарларды өндіру, қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтеме);
Тармақша 6
6) шикізат ресурстарын пайдалану ұтымдылығының дәрежесі: шикізатты өңдеу дәрежесі;
Тармақша 7
7) өндірістің рециклдігі (қалдықтарды өңдеу);
Тармақша 8
8) жергілікті шикізатты пайдалану;
Тармақша 9
9) осы Мазмұнның қосымшасының 2-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру кестесі;
Тармақ 8
8. Инвестициялық бағдарламаның коммерциялық бөлімі:
Тармақша 1
1) шикізат пен жабдықтарды жеткізу: шикізат нарығын (отандық және импорттық) талдау;
Тармақша 2
2) пайдаланылатын шикізат түрлерінің тізбесі;
Тармақша 3
3) көлік шығыстарын есепке ала отырып, бағалардың қол жетімділігі мен деңгейі.
Тармақ 9
9. жабдықтарды шығаратын жеткізушілерді таңдау:
Тармақша 1
1) қажетті жабдықтар тізбесі және оған қойылатын негізгі техникалық талаптар;
Тармақша 2
2) әлемдік және жергілікті нарықтардағы жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы;
Тармақша 3
3) көлік шығыстарын, монтаждау мен іске қосу-жөндеу жұмыстарын есепке ала отырып жабдықтардың құны;
Тармақша 4
4) жөндеу базасының болуы (қажет болған жағдайда);
Тармақша 5
5) қосалқы бөлшектермен немесе жұмсалатын материалдармен жабдықтау көздері;
Тармақ 10
10. маркетинг:
Тармақша 1
1) осы Мазмұнның қосымшасының 3-кестесіне сәйкес шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі;
Тармақша 2
2) қолданыстағы шектеулерді (квота, лицензиялар және басқалар) есепке ала отырып, өткізу нарықтарын болжамдау - (нарық сыйымдылығы);
Тармақша 3
3) ішкі және сыртқы нарықтардағы әлеуетті төлем қабілеті бар сұраным, қазіргі уақыттағы оны қанағаттандыру дәрежесі;
Тармақша 4
4) жеткізу қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдердегі қандай елдерге көзделіп отырғанын көрсете отырып өткізу арналары;
Тармақша 5
5) нарықта ұқсас, өзара ауыстырылатын немесе өзара толықтырылатын тауарлардың, қызметтердің бар-жоғы, оларды өндірудің болашақтағы өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдағы тауарлар импортының және/немесе экспортының серпіні, көлемі мен бағалары, негізгі бәсекелестері және олардың нарықтағы үлес салмағы;
Тармақша 6
6) ықтимал әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі нәтижесіндегі нарық болжамы;
Тармақ 11
11. Өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттардың немесе ниеттер туралы хаттамалардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 2
2) тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің бағалары деңгейінің болжамдық бағалауы;
Тармақша 3
3) коммерциялық тәуекел факторлары және негізгі маркетингтік іс-шаралар;
Тармақ 12
12. Инвестициялық бағдарламаның ұйымдық бөлімінен (тартылатын ұйымдар):
Тармақша 1
1) жобаны салушы;
Тармақша 2
2) жабдықтарды өндірушілер;
Тармақша 3
3) жабдықтарды жеткізушілер;
Тармақша 4
4) қаржыландыратын ұйым;
Тармақша 5
5) делдалдар;
Тармақша 6
6) жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар арасындағы міндеттер мен жауапкершілікті бөлу;
Тармақша 7
7) ұйымдық құрылым және тауарлар сапасының менеджмент және бақылау жүйелері;
Тармақ 13
13. Инвестициялық бағдарламаның әлеуметтік бөлімі:
Тармақша 1
1) еңбек ресурстарындағы жобаның қажеттіліктері (қажетті саны және біліктілігі): қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы;
Тармақша 2
2) біліктілік көмегін тарту қажеттілігі, оның ішінде импорт;
Тармақша 3
3) жобаның халықты жұмыспен қамтуға және білім беру деңгейін арттыруға әсері;
Тармақ 14
14. Инвестициялық бағдарламаның қаржылық бөлімі:
Тармақша 1
1) инвестицияларды бағалау: толық инвестициялық шығындар (негізгі және айналым капиталына инвестициялар);
Тармақша 2
2) жобаны қаржыландыру және инвестиция құрылымы (инвестицияның жалпы көлемін бағалау: жобаны іске асыру үшін қаржының жеткіліктілігі, инвестиция құрылымы, қаржыландыру схемасы және шарттары, пайданы пайдалану ықтималы);
Тармақша 3
3) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуының ықпалы мұнай және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қызмет бағасына әсері;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді бағалау: тәуекелдер түрлері, тәуекел дәрежесі (дисконт ставкасы).
Тармақ 15
15. Қаржылық талдау және жобаның қаржылық үлгісі:
Тармақша 1
1) үлгілерді инвестициялық артықшылықтарды ескермей-ақ және тиісті инвестициялық артықшылықтарды ескере отырып есептеу;
Тармақша 2
2) жобаның әрекет ету цикліндегі таза дисконтталған табысын (NPV);
Тармақша 3
3) жобаның әрекет ету цикліндегі ішкі кірістілік нормасын (IRR);
Тармақша 4
4) жобаның өзін-өзі ақтау мерзімін (жай және дисконтталған);
Тармақша 5
5) жобаның әрекет етуінің әр жылына жай пайда нормасын (рентабельдігін);
Тармақша 6
6) түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдерді;
Тармақша 7
7) төленетін салықтардың барлық түрлері бойынша бюджеттік тиімділіктің жиынтық есебін.
Тармақ 16
16. Инвестициялық бағдарламаның экологиялық бөлімі: жоба технологияларының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
Тармақ 17
17. Инвестициялық бағдарламаның экономикалық бөлімі:
Тармақша 1
1) жобаның ел экономикасының қажеттілігіне (даму бағдарламасына, басқа да бағдарламалық құжаттарға) сәйкестігі;
Тармақша 2
2) халық тұтынатын азық-түлік тауарларын және азық-түліктік емес тауарлардың шығарылуын ұлғайту;
Тармақша 3
3) импортты алмастыру (қабылданған импорт алмастыру бағдарламаларына сәйкестігі);
Тармақша 4
4) экспортты ұлғайту;
Тармақша 5
5) жаңа жұмыс орындарын құру;
Тармақша 6
6) халықтың білімін және біліктілік деңгейін арттыру;
Тармақша 7
7) «ноу-хау» озық технологияларды игеру;
Тармақша 8
8) жобаны іске асырудан мультипликатордың нәтижесі;
Тармақша 9
9) сапа жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өндірісін ұйымдастыру.
Басқа 138. Жобаны іске асыру кестесі
Инвестициялық бағдарламаның Мазмұнына қосымша форма 1-кесте Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы Көрсеткіштердің атауы Көрсеткіштердің мәні Ұсынылатын үлгі Аналогтар 1. 2. 2-кесте Жобаны іске асыру кестесі Іс-шаралардың атауы Іс-шараның іске асырылу кезеңі _____ жыл Іс-шараның жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері) І тоқ. ІІ тоқ. ІІІ тоқ. ІV тоқ. Өлшем бірл. Техникалық параметрлері Өлшем бірл. Инвестициялар сомасы Өлшем бірл. Инвест. көзі 1. 2. 3-кесте Шығарылатын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен көлемдерінің тізбесі Тауарлардың атауы Өндіріс көлемі құндық мәнде (мың теңге) Өндіріс көлемі заттай мәнде Өнім белгісі Ескертпе Қолданыстағы Жаңа 1. 2.
Басқа 2
Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсынудың қағидаларына 2-қосымша форма Инвестициялық бағдарламасының өткізілуі туралы есеп ________________________________________ (мұнай өнімдерін өндірушінің атауы) инвестициялық бағдарламаның атауы ___________________________________________ (қолданылу мерзімін көрсете отырып) Кім бекітті _____________________________________________ (бұйрықтың күні, нөмірі) р/с № Іс-ша ра н ың ат а уы Іс-шараның іске асырылу мерзімі Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің жоспарланған параметрлері (көрсеткіштері) I тоқ сан II тоқ сан III тоқ сан IV тоқсан Өлшем бірлігі Техникалық параметрлер Өлшем бірлігі Инвестициялар сомасы Өлшем бірлігі Инвестициялар көзі кестенің жалғасы Бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараның, объектінің орындалуы, нақты параметрлері (көрсеткіштері) (өсімі бойынша қорытындысымен) Ауытқуы Ауытқу себебі Өлшем бірлігі Техникалық параметрлер Өлшем бірлігі Инвестициялар сомасы Өлшем бірлігі Инвестициялар көзі