Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков международного и республиканского значения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығымен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
Тармақ 1
1. Арал теңізі (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 2
2. Каспий теңізі (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 3
3. Жайық өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 4
4. Қиғаш өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 5
5. Ертіс өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 6
6. Жайсан көлі (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 7
7. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 8
8. Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 9
9. Ертіс өзеніндегі Шульбинское су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 10
10. Есіл өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 11
11. Тобыл өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 12
12. Сырдария өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 13
13. Сырдария өзеніндегі Шардара су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 14
14. Іле өзені (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 15
15. Іле өзеніндегі Қапшағай су қоймасы (халықаралық маңызы бар)
Тармақ 16
16. Нұра өзені (республикалық маңызы бар)
Тармақ 17
17. Сілеті өзені (республикалық маңызы бар)
Тармақ 18
18. Алакөл көлдер жүйесі (республикалық маңызы бар)
Тармақ 19
19. Балқаш көлі (республикалық маңызы бар)
Тармақ 20
20. Қаныш Сәтпаев атындағы канал (республикалық маңызы бар)