Об утверждении Перечня должностных лиц ведомства уполномоченного органа и его территориальных подразделений, осуществляющих государственный контроль и надзор в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также работников государственных учреждений и организаций, осуществляющих непосредственную охрану животного мира, имеющих право на ношение форменной одежды со знаками различия (без погон) Қолданыста
Басқа 0
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 50) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 18-04/128 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киім киіп жүруге құқығы бар, жұмыскерлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 2
2. Комитет төрағасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
Тармақ 3
3. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын басқармалар басшылары мен бас сарапшылары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 4
4. Комитеттің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 5
5. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің басшылары – тиісті облыстың Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 6
6. Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын орынбасарлары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары.
Тармақ 7
7. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдерінің басшылары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 8
8. Комитеттің аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары – тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Тармақ 9
9. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.
Тармақ 10
10. Аға қорықшы, қорықшы – жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.