О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Қолданыста
Басқа 0
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 жылғы 30 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. 57-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) баспасөз материалдарының 3/2 көлемін жарнама құрайтын мерзімді баспа басылымдарын қоспағанда, жарнамалық қызмет көрсетулерді және (немесе) отандық шығарылымның газет және журнал өнімдерін сатуды қоса алғанда, шығарылым бойынша айналымдар;".
Тармақ 2
2. Мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:
"61-1-бап. Теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдарының өнімдеріне салық салу
Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдары жүзеге асыратын өз шығарылымдарының теле- және радиоөнімдерін шығару мен (немесе) тарату, сондай-ақ жарнамалық қызмет көрсету (сату үшін әзірленген көркем киноөнімдерін, бейнеклиптерді және жарнамалық роликтерді қоспағанда) бойынша айналымға нөлдік ставкамен қосылған құн салығы салынады.
Бұл норма баспасөз істері және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша байланыс саласындағы уәкілетті орган берген лицензия негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының теледидар және радиохабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.".
Тармақ 3
3. 62-баптың 1-тармағындағы "20" деген цифр "16" деген цифрмен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. 64-бапта:
Тармақша 1
1) 5-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 8-тармақтағы "Осы баптың 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 5
5. 65-бапта:
Тармақша 1
1) 2-тармақтың 4) тармақшасындағы ", ал акцизделетін тауарлар бойынша - акцизсіз де" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 2
2) 2-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 6
6. 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Есепті кезең үшін декларациямен бір мезгілде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.".
Тармақ 7
7. 69-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік "артығы" деген сөзден кейін ", егер осы Заңның 179-бабының 12-тармағында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "60" деген цифр "90" деген цифрмен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталған жағдайда, берушіге тексеру тағайындау туралы шешімді салық органының басшысы мынадай ережелерді ескере отырып қабылдайды:
аталған салық төлеушіге осындай салық төлеуші қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кездің алдындағы он екі айлық кезең ішінде айына кемінде бір рет тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатуды жүзеге асырған берушілерге қарсы тексеру жүргізілмейді;
1 миллион теңгеден астам сомаға қосылған құн салығын көрсете отырып, шот-фактура жазып берген берушілер (жоғарыда аталғандарды қоспағанда) міндетті түрде тексерілуге тиіс.".
Тармақ 8
8. 70-баптың 4-тармағы "сондай-ақ" деген сөзден кейін ", қосылған құн салығын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 9
9. 70-1-баптың 1-тармағындағы "20" деген цифр "16" деген цифрмен ауыстырылсын.
Тармақ 10
10. 72-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
Тармақ 11
11. 104-9-бапта:
Тармақша 1
1) 1-тармақтағы "26" деген цифр "21" деген цифрмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 1-1-тармақ алып тасталсын.
Тармақ 12
12. 179-бапта:
Тармақша 1
1) мынадай мазмұндағы 4-2 және 4-3-тармақтармен толықтырылсын:
"4-2. Осы баптың 4-3-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мынадай шарттарды орындаған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен келісім-шарттарда белгіленген салық режиміне өзгерістер енгізгенде. Бұл ретте, өзгертілген салық режимі 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады;
2) жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап өзгерістер енгізілген күнге дейін өсім мен айыппұл санкцияларын қолданбай, салық режимінің өзгеруіне байланысты бюджет алдындағы міндеттемелер бойынша қайта есептеу жүргізгенде, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.
4-3. Кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе) жерасты суларын барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізбеген жағдайда, осы жер қойнауын пайдаланушылар 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қосылған құн салығына 16 процент, әлеуметтік салыққа 21 процент мөлшерінде ставка қолданады.";
Тармақша 2
2) мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:
"11. Заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент еместері 2001 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей салық органдарына мынадай ақпаратты табыс етуге міндетті:
1) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолда бар деп есептелетін негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, тауар-материалдық запастардың қалдықтары туралы мәліметтер;
2) көрсетілген күні жауапты сақтаудағы негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер. Аталған мәліметтерді тауарларды жауапты сақтауға тиеп жіберген салық төлеушілер де, тауарларды жауапты сақтауға қабылдаған салық төлеушілер де табыс етеді;
3) көрсетілген күні жолда келе жатқан негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар туралы мәліметтер;
4) өнеркәсіптік ұқсатуға арналып импортталған шикізат пен материалдар, сондай-ақ 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осы Заңның 71-1-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін үш айға кейінге қалдыруға рұқсат берілген және салықтың кейінге қалдырылған сомасы бойынша көрсетілген күнге берешек өтелмеген импортталған су, газ және электр энергиясы туралы мәліметтер;
5) 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ұйымның бухгалтерлік балансы.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығымен сатып алынған негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауар-материалдық запастар бойынша табыс етіледі. Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен және нысанда табыс етіледі.
12. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен салық төлеушілер сол асып кеткен соманы осы баптың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерге енгізілген тауар-материалдық запастардың өндірістік қызметте пайдаланылуына және (немесе) сатылуына қарай қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызады.
Аталған салық төлеушілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген нысанда осы баптың 11-тармағында көрсетілген тауарлардың қалдығын пайдалану туралы мәліметтерді қосылған құн салығы жөніндегі декларациямен бір мезгілде салық органдарына табыс етеді.
2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, төлемі 2001 жылғы 1 шілдеге дейін төленген, бірақ көрсетілген күннен кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген мөлшерде есепке жатқызылады. 2001 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жолда келе жатқан, көрсетілген күнге дейін төлемі төленбеген, 2001 жылғы 1 шілдеден кейін алынған негізгі құралдар, тауар-материалдық запастар бойынша қосылған құн салығы 2001 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылған ставкаға негізделіп есептелген, бірақ 16 проценттен аспайтын ставка мөлшерінде есепке жатқызылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің берушілерімен 2001 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісім-шарттар
(шарттар) бойынша 2001 жылғы 1 шілдеден кейін қосылған құн салығы
ескерілген бағамен алынған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қосылған
құн салығы есепке жатқызылуға тиіс емес.
13. Осы Заңның 137-бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, салық
органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша жоспардан тыс тексерулер
жүргізіледі.".
Бап 2
2. бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.