Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление сельского хозяйства Алматинской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Алматы облысының
ауыл шаруашылығы
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2..Басқарма басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы «24» ақпан
№ 94 қаулысымен бекітілген
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысының ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар, «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде көрсетілген.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дамушы экономика жағдайында тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуге, аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ауыл шаруашылығы басқару саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуіне жәрдем ету;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақша 4
4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақша 5
5) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақша 6
6) мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру
шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларға тиісті куәлік бере отырып, аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 5
5) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
Тармақша 6
6) облыс бойынша тұқымдар балансын жасайды;
Тармақша 7
7) отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
Тармақша 10
10) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
Тармақша 13
13) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
Тармақша 14
14) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
Тармақша 15
15) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) тұқымдардың мемлекеттік ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде:
субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;
Тармақша 19
19) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
Тармақша 20
20) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу бойынша міндеттерінің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;
Тармақша 23
23) өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірбиені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 24
24) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялайды;
Тармақша 25
25) табиғи – климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландырады, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіреді және енгізеді;
Тармақша 26
26) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тынайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) астық қабылдау кәсіпорындарын:
бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайын тексеруді;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылуды жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организимдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 30
30) ауылшаруашылық тауар өндірушілерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялайды;
Тармақша 31
31) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар–материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға себептеседі;
Тармақша 32
32) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тынайтқыштардың (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандатуға жәрдемдеседі;
Тармақша 33
33) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға жәрдемдеседі;
Тармақша 34
34) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялайды;
Тармақша 35
35) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, оларды, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, оның ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 36
36) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғын мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексереді;
Тармақша 38
38) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз береді;
Тармақша 39
39) астық қабылдау кәсіпорындарының: қолданыстағы заңнамаға сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);
Тармақша 41
41) қолданыстағы заңнамада көзделген астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
Тармақша 42
42) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізеді;
Тармақша 43
43) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 44
44) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желiсiн дамытады және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асырады;
Тармақша 45
45) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастырады;
Тармақша 46
46) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 47
47) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қою мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 48
48) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 49
49) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 50
50) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеуді жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 52
52) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
Тармақша 53
53) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
Тармақша 54
54) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 55
55) ірі қара малдың тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың
және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
Тармақша 56
56) құндылығы жоғарғы асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
Тармақша 57
57) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 58
58) конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға бередi;
Тармақша 59
59) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елдi мекендердi сумен жабдықтау, су бұру жөнiндегi, оның iшiнде жердi гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 60
60) тиiстi аумақтарда су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi;
Тармақша 61
61) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 62
62) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
Тармақша 63
63) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейдi;
Тармақша 64
64) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су жеткiзу және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асырады;
Тармақша 65
65) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерiн бөледi;
Тармақша 66
66) бірінші сұрыпты ұннан жасалған пішінді нан бағасын төмен деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 67
67) агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 68
68) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін заңнамаға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 69
69) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициалық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтырады;
Тармақша 70
70) кепілдірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітеді;
Тармақша 71
71) қайта өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялайды;
Тармақша 72
72) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылық саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік
мекемесіне басшылықты «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының, «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
Тармақша 2
2) «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
Тармақша 3
3) «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
Тармақша 4
4) «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер басшыларын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 7
7) «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкi
4. Мемлекеттік органның мүлкi
Тармақ 23
23. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.24. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Басқарманың қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Ақши-агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) «Алматы облыстық санитарлық ветеринарлық-залалсыздандыру жасағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.