Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.
Бөлім 2. 2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары есептеу тәртібі
2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары есептеу тәртібі
Тармақ 3
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика министірінің 2014 жылғы 25 қарашадығы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) (бұдан әрі-Үлгілік қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
Тармақ 5
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормалары  кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Облыстың қала және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімдері өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
Тармақша 1
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
Тармақша 2
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
Тармақ 7
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады: халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады; халқының саны 300-500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын; халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
Тармақ 8
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалар және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімінің өкілдерімен коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
Тармақ 9
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
Тармақ 11
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
Тармақ 12
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
Тармақ 14
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін объектілердің әрқайсысы үшін алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 15
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
Тармақ 16
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
Тармақ 17
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес пайда болу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын есептеу Үлгілік қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.