Об утверждении изменений в Правила о порядке перехода банков второго уровня к международным стандартам Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер және осы қаулы бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктердің қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 77 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережеге өзгерістер
Тармақ 1
1. 4-тармақтың: үшінші азатжолындағы "1" саны "1 немесе 2" деген сөздермен ауыстырылсын, "(1998 жылдың аяғына дейін)" деген сөздер алынып тасталсын; төртінші азатжолындағы "8.9" саны "8.10" санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 10-1-тармақ алынып тасталсын.