Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4630 санымен тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі «Қазалы» газетінде жарияланған) №187 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы " 2 " наурыздағы № 284 шешімімен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзiрлендi және кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Әйтеке би кентінің, Қазалы қаласының және ауылдық округтердiң аумағындағы кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi
2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi шақырады. Қазалы ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 5
5. Кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады. Кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары қосымшаға сәйкес сандық құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиiстi кент және ауылдық округі әкiмiнiң аппаратына бередi.
Басқа 17
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларына қосымша Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнің сандық құрамы р/с Қала, кент, ауылдық округ атауы Көшелердің саны Жергілікті қоғамдастық жиынына әр көшеден қатысатын азаматтар саны Жалпы қатысатын азаматтар саны 1 Әйтеке би кенті 183 1 183 2 Қазалы қаласы 49 2 98 3 Арықбалық ауылдық округі 20 3 60 4 Көларық ауылдық округі 13 4 52 5 Майдакөл ауылдық округі 10 8 80 6 Алға ауылдық округі 17 4 68 7 Өркендеу ауылдық округі 7 8 56 8 Сарыкөл ауылдық округі 16 3 48 9 Мұратбаев ауылдық округі 18 3 54 10 Құмжиек ауылдық округі 17 4 68 11 Қарашеңгел ауылдық округі 15 4 60 12 Қызылқұм ауылдық округі 13 4 52 13 Бозкөл ауылдық округі 5 8 40 14 Аранды ауылдық округі 17 4 68 15 Майлыбас ауылдық округі 20 3 60 16 Басықара ауылдық округі 15 5 60 17 Бірлік ауылдық округі 4 7 28 18 Ақжона ауылдық округі 10 4 40 19 Тасарық ауылдық округі 4 9 36 20 Сарбұлақ ауылдық округі 2 9 18 21 Шәкен ауылдық округі 4 6 24 Барлығы 459 1253