Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Глубоковском районе Күшін жойған
Басқа 0
Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Глубокое аудандық мәслихатының
2015 жылғы 25 ақпандағы
33/2-V шешіміне
1 қосымша
Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Глубокое ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының Глубокое аудандық мәслихаты белгілеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес пайдалы алаң, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау аудан бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың, қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 15. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
«Глубокое аудандық мәслихатының
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 33/2-V шешіміне
2 қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
Тарау 1
Тармақ 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелерi туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі – үлгі ереже) қаулыларына сәйкес әзірленді.
Қағидада негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
Тармақша 2
2) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын, «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 5
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Шығыстар сомасы тұрғын үй көмегіне жүгінудің тоқсанындағы алдыңғы тоқсандағы орташа есеппен ескеріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер коммуналдық қызметтердің тарифтері туралы уәкілетті органға хабарлайды.
Көмірдің құнын есептеу үшін Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды жүйелеу және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын ұсынған аудан бойынша орташа баға қолданылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
Тармақша 2
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті орган жүргізетін мемлекеттік қызмет болып табылады.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 5
5. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тоқсанына бір рет үлгі ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.
Үлгі ереженің 4-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 5-3 - тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Тармақ 5-1
5-1. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5-2
5-2. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді, бұл ретте өтініш берушіге тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 5-3
5-3. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 6
6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындалады.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегі көрсетілмейтін отбасылар:
жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;
құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттарды берген жағдайда), 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
Тармақ 9
9. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегіне алғаш жүгінген және өтінген кезде берешектері бар отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, тұрғын үй көмегіне жүгінген сәттен бастап ағымдағы төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй көмегі тағайындалады.
Тармақ 11
11. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтіп ұстауға шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылу беру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтеріне шығындар осы Қағиданың 22-тармағына сәйкес, қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша ескеріледі.
Тармақ 12
12. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) жылу беру маусымында орталық жылытуға қосылмаған және пәтерлерді жылыту басқа да жылу көздерінің көмегімен жүзеге асыратын үйлерде тұратындарға мынадай тәртіпте беріледі.
Тұрғын үй көмегі пешпен жылытатын жеке үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет, жүгінген айына қарамай, ағымдағы тоқсанда беріледі.
Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты, тұрғын үй көмегін есепке алғанда тұрғын үйге барлық көмір шығынының әлеуметтік нормасын (көмір құнын) жүгінген тоқсаннан кейінгі тоқсанға үш айына біржолғы есептеледі.
Тұрғын үй көмегінің есебі электр қуатымен жылытуды жүзеге асыратын үйлерде тұратын отбасыларына (азаматтарға) пешпен жылытылатын үйлер үшін көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына, нормаларға сәйкес эквивалентті есептеледі.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі бір үйде бірнеше меншік иесі болған жағдайда, осы мекенжай бойынша тіркелген меншік иесіне тағайындалады. Егер де осы мекенжай бойынша бірнеше меншік иесі (отбасылары) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі жүгінуіне қарай әр отбасының алатын ауданына пропорционалды түрде әр жекеменшік иесіне (отбасына) тағайындалады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар ескеріледі:
өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекенжайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;
өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда –баланың ата-анасының табыстары есептеледі.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.
Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығына заңнамада белгіленген тәртіпте жауапты болады.
Тармақ 19
19. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомаларын алушы ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3 – тарау. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері
3 – тарау. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тармақ 21
21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 12 % мөлшерiнде белгiленедi.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегінің есебіне алынатын коммуналдық қызметтер тұтыну нормалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
тұрғын үй алаңының нормалары:
бір адамға – 15 шаршы метр;
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
бес және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін 75 шаршы метрден артық емес;
тұтынатын газдың нормасы:
бір адамға - 5,5 килограмм;
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыс нормасы Глубокое аудандық мәслихаты бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшеріне тең;
бiр айға электр энергиясын тұтыну нормасы – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт.
көмір тұтыну нормасы:
тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан артық емес.
Тарау 4
Тармақ 4. 4 - тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
4 - тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
Тармақ 23
23. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 5
Тармақ 5. 5 тарау. Қорытынды ережелер
5 тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.