О структуре акимата области Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімиятының құрылымы туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 29-бабы негізінде, сонымен бірге басқару құрылымын оңтайландыру және басымдықтарды бөліп көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, коммуналдық меншік басқармасы Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы тиісінше Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті, Білім департаменті, Денсаулық сақтау департаменті болып, атауы өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Жаңадан құрылған Экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы,
Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
департаменті үш күндік мерзімде құрылым, штаттық кесте мен құрылтайшылық
құжаттарды (Ережелер) бекітуге ұсынсын.
Атаулары өзгертілген департаменттер аумақтық әділет органында тиісті
қайта тіркелуден өтсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.