Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтау қаласының әкімі Е.Т. Жанбыршин 23 ақпан 2015 ж. Бейнеу ауданының әкімі Б.А. Әзірханов 23 ақпан 2015 ж. «Маңғыстау облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Ж. Есбергенов 23 ақпан 2015 ж.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 қаулысына қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Діни әдебиетті сататын үй-жайлардың атауы Орналасқан орны Ақтау қаласы бойынша 1. «Достық» сауда үйі 26 шағын аудан 2. «Светоч» кітап дүкені 11 шағын аудан, 22 үй, 5 пәтер 3. «Светоч» кітап дүкені 5 шағын аудан, 7 үй, 26 пәтер 4. «Рита» кітап дүкені 11 шағын аудан, 35 үй, 77 пәтер 5. «Рита» кітап дүкені 5 шағын аудан, 4 үй, 1-2 пәтер 6. 7. 8 «Атлас туризм» дүкені 27 шағын аудан, 71 үй, 24 пәтер 9. «Олжа» сауда үйі 30 шағын аудан, 170 пәтер 10. «Ақтау» сауда ойын-сауық кешені 16 шағынаудан, «Ақтау» сауда ойын-сауық кешені, 1- қабат, «Сафи» сауда орны 10-1. 10-2 «Alikhanmuslim shop» дүкені Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, «Маңғыстау» ойын-сауық кешені, 1 қабат, № 24 бутик 10-3 «YasinAktau» дүкені Шығыс-1 шағын ауданы, 279 ғимарат, «Маңғыстау» ойын-сауық кешені, 2 қабат, № 0-10 орын 10-4 «Kitapal» дүкені Ақтау қаласы, 18а шағын ауданы, № 3 үй, № 58 тұрғын емес үй-жай Бейнеу ауданы бойынша 11. 12. «Дана» супермаркеті Бейнеу ауылы, Бейбарыс көшесі 13. «Аян» дүкені Бейнеу ауылы, Қашаған көшесі №47 үй сауда Жаңаөзен қаласы 14 «Жібек жолы» сауда орталығы № 39 бутик Арай шағын ауданы, Маңғыстау 3 даңғылы 15 «Ummastore» дүкені Арай шағын ауданы, Маңғыстау даңғылы, 8 құрылыс, «Сұлу» сауда орталығы, 2 қабат, № 13 бутик