О ратификации Основного многостороннего соглашения о международном транспорте по развитию коридора Европа-Кавказ-Азия Қолданыста
Басқа 0
Еуропа-Кавказ-Азия жолын дамытуға байланысты халықаралық көлік қатынасы туралы негізгі көпжақты келісімді бекіту туралы
Бакуде 1998 жылғы 8 қыркүйекте жасалған Еуропа-Кавказ-Азия жолын дамытуға байланысты халықаралық көлік қатынасы туралы негізгі көпжақты келісім бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзін дамыту жөніндегi халықаралық көлiк туралы негізгi көпжақты келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер,
Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамытуға ұмтылыс бiлдiре отырып,
Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiм (бұдан әрi "Негiзгi Келiсiм" деп аталады) жасасуға уағдаласты.
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Негiзгi Келiсiмнiң ережелері Тараптар арасындағы халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын, сондай-ақ Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк тасымалдарды реттейдi.
Бап 2. 2-бап Анықтамалар
2-бап Анықтамалар
Егер жүктi немесе жолаушыларды қабылдау және белгiленген жеткiзу орны, сондай-ақ транзит кезiнде жүктердiң сақталуы келiсiм-шартта көрсетiлгендей, ең болмағанда бiреуi Негiзгi Келiсiмнiң Тарабы болып табылатын екi әр түрлi елде болса, Негiзгi Келiсiмнiң мақсатында "халықаралық тасымалдау":
Тармақша а
а) автомобиль көлiгiнде (соның ішінде тiркемелер мен жартылай тiркемелер);
Тармақша б
б) темiр жол көлiгiнде;
Тармақша в
в) су көлiгiнде;
Тармақша г
г) әуе көлiгiнде;
Тармақша д
д) контейнерлер жөнiндегi кеден конвенциясына сәйкес барлық контейнер түрлерiнде;
Тармақша е
е) құбырларда немесе олардың көмегiмен тауарлардың немесе жолаушылардың қозғалысын бiлдiредi.
Бап 3. 3-бап Негiзгi Келiсiмнің мақсаттары
3-бап Негiзгi Келiсiмнің мақсаттары
Негiзгi Келiсiмнiң мақсаттары:
Тармақша а
а) Еуропа, Қара теңiз, Кавказ, Каспий теңiзi және Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынасты, сауданы және көлiк қатынасын дамыту;
Тармақша б
б) автомобиль, әуе және темiр жол көлiгiнiң, сондай-ақ саудалық кеме қатынасы халықаралық рыногына кiруге жәрдемдесу;
Тармақша в
в) жүктердiң, жолаушылардың халықаралық тасымалдарына және көмiрсутегi өнiмдерiн халықаралық тасымалдауға ықпал ету;
Тармақша г
г) қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктердiң сақталуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша д
д) көлiк саясатын, сондай-ақ көлiк саласындағы құқылық шеңберлердi үйлесiмдi ету;
Тармақша е
е) жекелеген көлiк түрлерi арасында тең бәсекелестiк жағдайын жасау болып табылады.
Бап 4. 4-бап Халықаралық тасымалдарға жәрдемдесу
4-бап Халықаралық тасымалдарға жәрдемдесу
Тармақ 1
1. Әрбiр Тарап екіншi Тарапқа Негiзгi Келiсiмде көрсетiлген шартпен олардың аумақтары арқылы халықаралық көлiк құралдарының, жүктер мен жолаушылардың транзитпен өту құқығын бередi.
Тармақ 2
2. Тараптар өз аумақтарында транзиттiк тасымалдарға барынша тиiмдi жәрдем көрсетудiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Негiзгi Келiсiмнiң ережелерi Тараптар қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкiн халықаралық конвенциялар мен келiсiмдерден шығатын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Бап 5. 5-бап Салықтарды, алымдарды және басқа да төлемдердi төлеу
5-бап Салықтарды, алымдарды және басқа да төлемдердi төлеу
Салықтар, алымдар және басқа да төлемдер, олардың атауларына немесе мақсаттарына қарамастан, көлiк, кеден қызмет көрсетулерiне, тасымалдауға байланысты қызмет көрсетулерге шығатын шығыстарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымын пайдалану үшiн төленетiн төлемдердi қоспағанда, транзиттiк тасымалдарға қатысты алынбайтын болады.
Бап 6. 6-бап Жеңiлдетiлген шарттар мен тарифтер
6-бап Жеңiлдетiлген шарттар мен тарифтер
Тармақ 1
1. Транзит тасымалдарын қамтамасыз етуде қызмет көрсету үшiн тарифтер жеңiлдетiлген шарттармен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Тараптар Негiзгi Келiсiмнiң 1-бабында көрсетiлген тасымалдау түрлерi үшiн екi Тарап арасында жеңілдетiлген шарттар мен тарифтер белгiленетiн жағдайда осы Тараптар мен екiншi Тараптар арасында кемiнде осындай жеңiлдетiлген шарттар мен тарифтер қолданылатынына келiстi.
Бап 7. 7-бап Қозғалыс қауiпсiздiгi, жүктердiң сақталуы және қоршаған ортаны қорғау
7-бап Қозғалыс қауiпсiздiгi, жүктердiң сақталуы және қоршаған ортаны қорғау
Тараптар Негiзгi Келiсiмнiң 1-бабында көзделген халықаралық тасымалдар кезiнде қозғалыс, жолаушылар мен жүктердiң қауіпсiздiгiн, жүктер мен көлiк құралдарының сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн тиiстi шараларды қабылдайды.
Бап 8. 8-бап Yкiметаралық Комиссия
8-бап Yкiметаралық Комиссия
Тармақ 1
1. Тараптар Негiзгi Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыруға және қолдануға қатысты мәселелердi реттеу мақсатында Yкiметаралық Комиссия құрады.
Тармақ 2
2. Yкiметаралық Комиссия Тараптардың жоғары дәрежелi үкiметтiк лауазымды тұлғаларынан немесе олардың Негiзгi Келiсiм шеңберiнде шешiм қабылдау өкiлеттiгi бар өкiлдерiнен құралады. Yкiметаралық Комиссия шешiмдерiн жалпы ымыраға келушiлiк қағидаттары негізiнде қабылдайды.
Тармақ 3
3. Yкiметаралық Комиссия мәжiлiстерiн тұрақты түрде, кемiнде жылына бiр рет, кезегiмен әрбiр Тарапта өткiзедi. Сонымен қатар қабылдайтын Тарап бiр жыл бойы төрағалық етедi. Мәжiлiс өтетiн Тарап делегациясының басшысы Үкiметаралық Комиссияның Төрағасы болып табылады.
Yкiметаралық Комиссия мәжiлiстерi Төрағаның немесе кез келген Тараптың ұсынысы бойынша қатысуға тиiстi сарапшыларды шақыра алатын Тарап өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi.
Тармақ 4
4. Yкiметаралық Комиссия өз рәсiм ережелерiн қабылдайды.
Тармақ 5
5. Қажет болғанда Үкiметаралық Комиссия Негiзгi Келiсiмге түзетулер мен өзгерiстер енгiзу, сондай-ақ Негiзгi Келiсiмге жаңа техникалық қосымшалар қабылдау туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Үкiметаралық Комиссия Негiзгi Келiсiм шеңберiндегi мәселелер, оның ішінде:
Тармақша а
а) көлiк саясатын үйлестiру;
Тармақша б
б) Негiзгі Келiсiм ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) тиiстi ақпарат жинау және еркiн алмасу;
Тармақша г
г) бәрiнен бұрын қозғалыс қауiпсiздiгiн, жүктердің сақталуын және экологиялық аспектiлердi ескере отырып, Тараптар арасында тасымалдардың үйлесiмдi дамуын;
Тармақша д
д) көлiк кәсiпорындары мен мекемелерi арасында ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
Тармақша е
е) мультимодальдiк тасымалдарға жәрдемдесу;
Тармақша ж
ж) орнатылған өткiзу бекеттерiнде қолдануға жататын кеден рәсiмдерi мен iс-тәжiрибесiн оңайлату мәселелерi бойынша Тараптар қабылдау үшiн шешiмдер мен тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi.
Тармақ 7
7. Yкiметаралық Комиссия Негiзгi Келiсiмнiң 10-бабының 1-тармағында көрсетiлген салалар бойынша жұмыс топтарын құруға және олардың құқықтары мен мiндеттерiн анықтауға құқылы.
Бап 9. 9-бап Тұрақты Хатшылық
9-бап Тұрақты Хатшылық
Тармақ 1
1. Yкiметаралық Комиссия Негiзгi Келiсiмдi тиiмдi қолдану үшiн Тұрақты Хатшылық құрады.
Тармақ 2
2. Хатшылық Баку қаласында, Әзiрбайжан Республикасы, орналасқан және оның әрбiр Тарапта тұрақты өкiлдiктерi болады.
Тармақ 3
3. Үкiметаралық Комиссия Тұрақты Хатшылық туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi, оның өкiлеттiк шегiн, құқықтары мен мiндеттерiн, лауазымды тұлғаларды тағайындау рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ Тұрақты Хатшылықтың жұмысын бiрлесiп қаржыландыру жүйесi жөнiнде ұсыныстар дайындайды.
Қаржыландыру жүйесiн Тараптардың үкіметтерi бекiтедi.
Тармақ 4
4. Тұрақты Хатшылық Негiзгі Келiсiм ережелерiнiң орындалуына қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ Yкiметаралық Комиссияның шешiмдерiн орындайды және Үкiметаралық Комиссияға тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Бап 10. 10-бап Техникалық қосымшалар
10-бап Техникалық қосымшалар
Тармақ 1
1. Халықаралық автомобиль көлiгi, халықаралық темiр жол көлiгi, халықаралық сауда кеме қатынасы және кеден рәсiмдерi мен құжаттарды өңдеу жөнiндегi техникалық қосымшалар Негiзгi Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және кейiннен, қажет болған жағдайда, қабылдануы мүмкiн басқа да техникалық қосымшалармен бiрдей.
Тармақ 2
2. Тараптар үшiн техникалық қосымшалар Негiзгi Келiсiм сияқты және соның көлемiндегідей мiндетті болып табылады және Негiзгi Келiсiмде анықталған мәселелердiң егжей-тегжейлi реттелуiн қамтамасыз етедi. Алайда, Негiзгi Келiсiмнiң ережелерi мен кез келген техникалық қосымша ережелерiнiң арасында қайшылық туындағанда Негiзгi Келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа алу қажет.
Тармақ 3
3. Әрбiр Тарап техникалық қосымшаларға түзетулер ұсынуға және қажет болған жағдайда Тұрақты Хатшылыққа жаңа техникалық қосымшалардың жобаларын ұсынуға құқылы.
Тармақ 4
4. Техникалық қосымшаларға ұсынылған түзетулер мен жаңа жобаларды Yкiметаралық Комиссия қарайды.
Бап 11. 11-бап Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
11-бап Өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
Тармақ 1
1. Тараптардың келiсiмiмен Негізгі Келiсiмге Негiзгi Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізілуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттаманың күшiне енуi Негiзгi Келiсiм күшiне енген тәртiпте жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-бап Дауларды шешу
12-бап Дауларды шешу
Тармақ 1
1. Тараптар арасындағы Негiзгi Келiсiмдi қолдануға, түсiндiруге, бұзуға немесе тоқтатуға байланысты туындайтын және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiлуi мүмкiн емес кез келген дауларды, келiспеушiлiктердi немесе талаптарды кез келген қатысты Тарап Yкіметаралық Комиссияның қарауына бередi.
Тармақ 2
2. Yкiметаралық Комиссия шеше алмайтын кез келген даулар, келiспеушiлiктер немесе талаптар барлық қатысты Тараптардың өтiнiшi бойынша тиiстi халықаралық немесе төрелiк сотқа немесе өзiнiң құзыретi шегiнде шешу үшiн Гаагадағы Халықаралық Сотқа тапсырылатын болады.
Бап 13. 13-бап Күшiне енуi
13-бап Күшiне енуi
Тармақ 1
1. Негiзгi Келiсiмнiң 15-бабында көрсетiлген Депозитарийге Тараптардың өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы төртiншi мәлімдеме тапсырылғаннан кейiн Негiзгi Келiсiм 30 күннен соң күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Қалған Тараптар үшiн Негiзгі Келiсiм олар Депозитарийге өз ұлттық заңдарына сәйкес тиiстi мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлама тапсырғаннан кейін 30 күннен соң күшiне енедi.
Бап 14. 14-бап Келiсiмге қосылу
14-бап Келiсiмге қосылу
Тармақ 1
1. Негiзгi Келiсiм кез келген Мемлекеттiң қосылуы үшiн ашық. 2. Қосылу туралы құжат, осындай қосылуға бүкiл Тараптардың келiсiмi болса, Негiзгi Келiсiмнің 15-бабында көрсетiлген Депозитарийге сақтауға тапсырылады.
Тармақ 3
3. Қосылған Мемлекеттер үшiн Келiсiм қосылу туралы құжат Депозитарийге тапсырылғаннан кейін 30-күнi күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары Негiзгi Келiсiмге қауымдастырылған мүшесi ретiнде кiруi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Yкiметаралық Комиссия экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы Келiсiмнiң Тараптарымен қауымдастыққа кiруi мүмкiн шарттарды әзiрлей алады.
Бап 15. 15-бап Депозитарий
15-бап Депозитарий
Тармақ 1
1. Әзiрбайжан Республикасы Негiзгi Келiсiмнiң Депозитарийi болып табылады, ол Негiзгi Келiсiмге қол қойған Тараптарға оның сендiрiлген көшiрмелерін жiбередi.
Тармақ 2
2. Депозитарий басқа Мемлекеттердiң қосылуы туралы және кез келген Тарапқа қатысты Негiзгi Келiсiмнiң күшi тоқтатылғаны туралы Тараптарға хабарлайды.
Бап 16. 16-бап Қолданыста болу мерзiмi
16-бап Қолданыста болу мерзiмi
Тармақ 1
1. Негiзгi Келiсiм 10 жылдық мерзiмге жасалды.
Негiзгi Келiсiмнің қолданыста болуы, егер Тараптар өзгеше туралы хабарламаса, келесi бес жылдық мерзiмдерге ұзартылады.
Тармақ 2
2. Негiзгi Келiсiмнiң қолданыста болуы, егер Тарап кемiнде алты ай бұрын өз аумағында оның күшiн тоқтату туралы Депозитарийге жазбаша хабарламаса, осы Тараптың аумағында тоқтатылуы мүмкiн.
Тармақ 3. Әзербайжан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмге ескертпесi
3. Негiзгi Келiсiмнiң қосымшаларына сәйкес қол қойылған шарттар, келiсiмдер және басқа да уағдаластықтар бойынша мiндеттемелер Негiзгi Келiсiмнiң қолданыста болуы тоқтатылғаннан кейiн де, толық орындалғанға дейiн күшін сақтап қалады.
Баку қаласында 1998 жылғы 8 қыркүйекте бiр түпнұсқа данада орыс және ағылшын тілдерiнде жасалды, екi мәтiн де түпнұсқасымен тең құқылы болып табылады.
Осыларды куәландыру ретiнде, төменде қол қойған мемлекет және үкiмет Басшылары немесе олардың өкiлеттi өкiлдерi қоса берiлген ескертпелерi кiретiн осы Негiзгi Келiсiмге қол қойды.
Әзербайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшiн
Армения Республикасы үшін Румыния үшін
Болгария Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн
Грузия үшін Түрiк Республикасы үшiн
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшiн
Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшін
Әзербайжан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмге ескертпесi
Тармақ 1
1. Әзербайжан Республикасы "Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмде" және оның Техникалық Қосымшаларында баяндалған ешбiр құқықтарды, мiндеттер мен ережелердi Әзербайжан Республикасы солар үшiн Армения Республикасының аумағы бастапқы, транзиттiк немесе соңғы аумақ болып табылатын өз аумағы арқылы тасымалдарға қатысты қолданбайтынын мәлiмдейдi.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмге ескертпесi
2. Әзербайжан Республикасы осы Ескертпенiң 1-тармағын кез келген уақытта өзгерту немесе алып тастау құқығын өзiне қалдырады және басқа Тараптар кез келген осындай өзгерiстер немесе алып тастау туралы жазбаша хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасының Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмге ескертпесi
Халықаралық темір жол көлігі жөніндегі Техникалық Қосымшаның 4-бабының ережелері және оның 2-ескертуі Қазақстан Республикасына таралмайды.
Делегация басшысы
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар
министрі
Румынияның Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiмге ескертпесi
Румыния Темір жолдар жөніндегі Техникалық Қосымшаның 2-ескертуін қолданбайды.
Негiзгi Келiсiмге халықаралық автомобиль көлiгi бойынша Техникалық Қосымша
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Осы Техникалық Қосымшаның ережелерi жүктер мен жолаушылардың:
Тармақша а
а) екiжақты, Тараптар арасындағы;
Тармақша б
б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк халықаралық автомобиль тасымалдарын реттейдi.
Бап 2. 2-бап Анықтамалар
2-бап Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаты үшiн төмендегi терминдер мыналарды бiлдiредi:
Тармақ 1
1. "Тасымалдаушы" терминi - Тараптардың бiрiнде тiркелген және қолданылатын ұлттық заңдарға сәйкес жолаушылар мен жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын орындауға жiберiлген кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 2
2. "Автокөлiк құралы" терминi:
- жүктерді тасымалдау кезiнде - жүк автомобилi, тiркемесi бар жүк автомобилі, автомобильдiк сүйрегiш немесе тiркемесi бар автомобильдiк сүйрегiш;
- жолаушыларды тасымалдау кезiнде - автобус, яғни жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргiзушi орнын есептемегенде кемiнде 8 отыру орны бар автомобиль құралы.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы терминi автокөлiк құралының жүкпен немесе жүксiз жолдар бойынша, тiптi автомобиль, тiркеме немесе жартылай тiркеме бағытының бiр бөлiгi су немесе темiр жол арқылы өтсе де, қозғалысын бiлдiредi.
Тармақ 4
4. "Қауiптi жүктер" терминi 1957 жылғы Автомобиль Көлiгiмен Қауiптi Жүктердi Халықаралық Тасымалдау жөнiндегi Еуропалық Келiсiмге (ҚЖЖТ) сәйкес қауiптi деп есептелетiн жүктердi бiлдiредi.
Тармақ 5
5. "Тез бүлiнетiн жүктер" терминi 1970 жылғы Тез Бүлiнетiн Өнiмдердi Халықаралық Тасымалдау және осы тасымалдар үшiн қолданылатын Арнаулы Жабдықтар жөнiндегi Келiсiмге сәйкес тез бүлiнетiн болып есептелетiн жүктердi бiлдiредi.
Тармақ 6
6. "Рұқсат" терминi Тараптың құзыреттi органы беретiн және екiншi Тарапта тiркелген автокөлiк құралына бiрiншi Тараптың аумағына кiруге, шығуға және транзитпен өтуге құқық беретiн құжатты білдiредi.
Тармақ 7
7. "Арнайы рұқсат" терминi Тараптың құзыреттi органы беретiн және екiншi Тарапта тiркелген автокөлiк құралына бiрiншi Тараптың аумағына немесе аумағы арқылы арнайы тасымалдар санатын жүзеге асыруға құқық беретiн құжатты бiлдiредi.
Тармақ 8
8. "Тiркеу" терминi Тарапта оның ұлттық құзыреттi органдарының талаптарына сәйкес автокөлiк құралын тiркеудi бiлдiредi.
Бап 3. 3-бап Рынокқа кіру
3-бап Рынокқа кіру
Тармақ 1
1. Әрбiр Тарап екiншi Тарапта тiркелген тасымалдаушыға рұқсаты болса өз аумағындағы кез келген мекен мен екiншi Тарап аумағындағы мекен арасында немесе керi қарай, сондай-ақ өз аумағы арқылы транзитпен ешбiр негiзделмеген кiдiрiссiз немесе шектеусiз жүктердi немесе жолаушыларды тасымалдауға рұқсат бередi.
Тармақ 2
2. Тасымалдаушы үшiншi елдiң тасымалдарын Тараптың құзыреттi органдарының немесе ұйымдарының арнайы рұқсаты болса ғана жүргізуi мүмкiн.
Бап 4. 4-бап Салмағы және өлшемдерi
4-бап Салмағы және өлшемдерi
Тармақ 1
1. Жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралдарының салмағы мен өлшемдерi осы автокөлiк құралдарының ресми тiркеу құжаттарының шарттарына сәйкес болуы және қабылдайтын Тараптың қоятын шектеулерiнен аспауы тиiс.
Тармақ 2
2. Осы Техникалық Қосымшаға сәйкес тасымалдауды орындайтын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралының салмағы мен өлшемдерi қабылдайтын Тараптағы барынша рұқсат етiлетін шектерден асса, арнайы рұқсат болуы қажет.
Бап 5. 5-бап Тасымалдардың арнайы санаттары
5-бап Тасымалдардың арнайы санаттары
Тармақ 1
1. Қауiптi және тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
Тармақ 2
2. Қауiптi және тез бүлiнетiн жүктердi Тараптардың аумақтары арқылы автокөлiк құралдарымен тасымалдау үшін арнайы рұқсат қажет.
Бап 6. 6-бап Жүргiзушi куәлiктерi және техникалық жарамдылық туралы сертификаттар
6-бап Жүргiзушi куәлiктерi және техникалық жарамдылық туралы сертификаттар
Бiр Тараптың құзыреттi органы берген және оның аумағында жарамды Жүргiзушi куәлiктерi, техникалық жарамдылық туралы сертификаттар және автокөлiк құралдарын ресми тiркеу құжаттары қалған Тараптардың аумағында да жарамды деп танылады.
Бап 7. 7-бап Бұзушылықтар
7-бап Бұзушылықтар
Тасымалдаушы Тарап осы Техникалық Қосымшаның ережелерiн бұзған жағдайда, аумағында ереже бұзушылық болған Тарап, қысқа мерзiм ішiнде ереженiң бұзылғаны туралы өзiнiң ұлттық заңдарында көзделген шараларды қабылдайтын екiншi Тарапқа хабарлауға мiндеттi. Бұл Тараптар өздерiнiң қолданған барлық жазалау шаралары туралы бiр бiрiне хабарлайды.
Бап 8. 8-бап Қаржы мәселелерi
8-бап Қаржы мәселелерi
Осы Техникалық Қосымша негiзiнде тасымалдар орындау кезiнде екiншi Тараптың аумағына әкелiнетiн кедендiк алымдардан, баждардан, салықтардан:
Тармақша 1
1) Тараптың iшкi заңдарында көзделген нормалар шегiндегi дайындаушы-зауыт белгiлеген автомобильдiң стандартты резервуарындағы отын және жағармай материалдар;
Тармақша 2. Негiзгi Келiсiмге халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымша
2) осы тасымалдарды орындайтын бұзылған автокөлiк құралдарын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен құралдар өзара босатылады.
Пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер қайтадан әкетуге жатады, ал ауыстырылған қосалқы бөлшектер тиiстi Тараптардың аумағы белгiлеген тәртiпте кейiн әкетiлуi, жойылуы және тапсырылуы тиiс.
Негiзгi Келiсiмге халықаралық темір жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымша
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Осы Техникалық Қосымшаның ережелерi жүктер мен жолаушылардың:
Тармақша а
а) екiжақты, Тараптар арасындағы;
Тармақша б
б) Тараптардың аумақтары арқылы транзиттiк халықаралық темір жол тасымалдарын реттейдi.
Бап 2. 2-бап Анықтамалар
2-бап Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаттары үшiн төмендегi терминдер:
Тармақ 1
1. "ұлттық темiр жол компаниясы" терминi Тараптардың бiрiнде құрылған және ұлттық заңдарға сәйкес құрылған елінде халықаралық темiр жол көлiгiне заңды рұқсаты бар кез-келген заңды тұлғаны білдiредi;
Тармақ 2
2. "поезд" терминi Тараптардың бiрiнде тiркелген жүктер және/немесе жолаушыларды тасымалдау үшiн қолданылған және жабдықталған локомотив және/немесе вагондарды бiлдiредi;
Тармақ 3
3. "тасымалдау" терминi темiр жолмен жүк және жолаушылар поезының, тiптi тасымалдаудың бiр бөлiгi су жолымен жүзеге асырылған жағдайдағы қозғалысын бiлдiредi.
Бап 3. 3-бап Техникалық қосымшаны жүзеге асыру
3-бап Техникалық қосымшаны жүзеге асыру
Осы Техникалық Қосымшаны орындау үшiн жауапты органдар осы Техникалық Қосымшаның 1-ескертуiнде санамаланған.
Бап 4. 4-бап Жеңiлдiк шарттар мен тарифтер
4-бап Жеңiлдiк шарттар мен тарифтер
Жеңiлдiк шарттар мен тарифтер Негiзгi Келiсiмнiң 6 және 8-баптарына және осы Техникалық Қосымшаның 2-ескертуiне сәйкес анықталатын болады.
Бап 5. 5-бап Құжаттар
5-бап Құжаттар
Тараптар тасымалдарды, экспедиторлық және басқа да қызметтердi жүзеге асыру үшiн Тараптың ұлттық тәртiптерiне сәйкес берiлген лицензияларды, сондай-ақ Тараптардың аумағы бойынша поездарды басқаруға және жетелеуге арналған куәлiктер мен басқа да құжаттарды таниды.
Бап 6. 6-бап Ынтымақтастықтың мақсаты
6-бап Ынтымақтастықтың мақсаты
Тармақ 1
1. Тараптар үкiметтiк деңгейде:
Тармақша а
а) мультимодальды қатынасты қоса алғанда, халықаралық темiр жол көлiгiн дамыту;
Тармақша б
б) Тараптардың ұлттық темiр жол инфрақұрылымдары арасында белгiленген темiр жол қатынасын және ұлттық темiр жол жүйелерiмен өзара ұйымдастырушылық басқаруды сақтау және дамыту;
Тармақша в
в) барынша жеңiлдiк жағдайларда қоймалар мен терминалдарды бiрлесе пайдалануды қоса алғанда ұлттық темiр жол компаниялары мен басқа да тиiстi кәсiпорындар арасында тiкелей экономикалық қатынастар орнату;
Тармақша г
г) Тараптардың аумағында ұлттық темiр жол компанияларының өкiлеттiктерiн ашу;
Тармақша д
д) ақпарат, оның iшiнде статистикалық мәлiметтермен алмасу мақсатында ынтымақтасатын болады.
Тармақ 2
2. Тараптар құзыретті органдар деңгейiнде:
Тармақша а
а) шекаралардан өту рәсiмiн жеңiлдету;
Тармақша б
б) халықаралық темiр жол көлiгiн энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) жеңiлдiк тарифтерi мен бiртұтас толассыз төлем бәстерi үшiн негiз ретiнде келiсiлген өзiндiк құнын есептеу тәсiлiн әзiрлеу;
Тармақша г
г) Тараптардың ұлттық темiр жол компанияларына жататын тасымалдау жұмыстары, тиеу және түсiру, поездарды қайтарудың технологиялық параметрлерiн бұзғаны, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанғаны үшiн жауапты жүйесiн белгiлеу;
Тармақша д
д) ұлттық темiр жол компанияларының сатып алу, поездарды, контейнерлердi, жабдықтарды және техникаларды жөндеу бойынша өзара мiндеттерiн орындау;
Тармақша е
е) халықаралық оқыту стандарттары негiзiнде темiр жол қызметкерлерiн оқытуды дамыту;
Тармақша ж. Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға
1-Ескерту:
ж) басқа Тараптың аумағында келген және қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде темiр жол қызметкерлерiне жәрдемдесу, ал аяқ астынан ауырып немесе жарақаттанып қалғанда тегiн алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында ынтымақтасатын болады.
Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға
1-Ескерту:
Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаның 3-бабына сәйкес жауапты органдар:
Тармақ 1
1. Әзербайжан Республикасы үшiн - Әзербайжан Мемлекеттiк Темiр Жолы;
Тармақ 2
2. Армян Республикасы үшiн - "Армян Республикасының Темiр Жолы" Мемлекеттiк жабық акционерлiк қоғамы;
Тармақ 3
3. Болгар Республикасы үшiн - "Болгар Мемлекеттiк Темiр Жолдары" Ұлттық компаниясы;
Тармақ 4
4. Грузия үшiн - Темiр жол көлiгi департаментi;
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы үшiн - "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
Тармақ 6
6. Қырғыз Республикасы үшiн - Қырғыз Темiр Жолы Басқармасы;
Тармақ 7
7. Молдова Республикасы үшiн - "Молдова Темiр жолы" Мемлекеттiк Кәсiпорны;
Тармақ 8
8. Румыния үшiн - Румыния Көлiк Министрлiгi;
Тармақ 9
9. Тәжiкстан Республикасы үшiн - Тәжiкстан Темiр Жолы Басқармасы;
Тармақ 10
10. Түркия Республикасы үшiн - Мемлекеттiк Темiр жол Әкiмшiлiгi (ТСDD);
Тармақ 11
11. Өзбекстан Республикасы үшiн - "Узбекистон темир йуллари" Мемлекеттiк акционерлiк темiр жол компаниясы;
Тармақ 12. Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға
2-Ескерту:
12. Украина үшiн - "Укрзализныця" Украин Темiр Жолдары болып табылады.
Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаға
2-Ескерту:
Халықаралық темiр жол көлiгi бойынша Техникалық Қосымшаның 4-бабына сәйкес Негiзгi Келiсiм Тараптары үшiн мынадай жеңiлдiк шарттары мен тарифтерi қолданылады:
Тармақша а
а) тиiстi келiсiмдер мен шарттарда қолданылып жүрген жеңiлдiк тарифтердi қоспағанда жүктердi темiр жолмен тасымалдауға толықтай қолданылып жүрген тарифтердiң 50%-iне дейiн;
Тармақша б. Негiзгi Келiсiмге халықаралық сауда кеме қатынасы бойынша Техникалық Қосымша
б) темiр жол паромдарында бос вагондарды тасымалдауда толықтай қолданылып жүрген тарифтен 50% жеңiлдiк берiледi.
Бос вагондарды темiр жол паромдарымен тасымалдау төлемi паром иесiмен шартқа отырған паромдардың иелерiне немесе экспедиторларға жүк жiберушi тарапынан тiкелей жасалады.
Негiзгi Келiсiмге халықаралық сауда кеме қатынасы бойынша Техникалық Қосымша
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Техникалық Қосымшаның ережелерi Тараптардың арасындағы халықаралық сауда кеме қатынасын, сондай-ақ кез келген Тараптың кемелерi орындайтын транзиттiк тасымалдарды реттейдi.
Бап 2. 2-бап Анықтамалар
2-бап Анықтамалар
Осы Техникалық Қосымшаның мақсаттары үшiн төмендегi терминдер:
Тармақ 1
1. "кеме" терминi Тараптардың тiзiлімiне және басқа да ресми тiзбесiне енгiзiлген және оның заңдарына сәйкес осы Тараптың жалауының астында жүзетiн кез келген сауда кемесiн бiлдiредi;
Бiрақ бұл терминге:
Тармақша а
а) әскери корабльдер мен коммерциялық емес мақсаттар үшін пайдаланылатын азаматтық кемелер;
Тармақша б
б) балық аулау кемелерi кiрмейдi.
Тармақ 2
2. "экипаж мүшесi" терминi капитанды және рейс кезiнде кеменiң бортында кеменi басқару, пайдалану және қызмет көрсетуге байланысты функцияларды орындаумен айналысатын және осы кеменiң кеме журналына енгiзiлген кез келген тұлғаны бiлдiредi.
Бап 3. 3-бап Жәрдем көрсету
3-бап Жәрдем көрсету
Тараптар өздерiнің ұлттық заңдарының шегiнде сауда кемесiне жәрдемдесу, жұмыссыз тұрып қалған кемелердi қысқарту және кедендiк және порттық рәсімдердi барынша жеделдету мен оңайлату үшiн барлық тиiстi шараларды қолданады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Тараптар бұл орайда тең құқықтылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сауда кеме қатынасын дамытуда жәрдем көрсететiн болады.
Тармақ 2
2. Тараптар жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезiнде олардың арасындағы жалдаушы, кеме қатынасы және кеме қатынасына байланысты кәсiпорындар және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта жәрдемдесетiн болады.
Бап 5. 5-бап Халықаралық сауда кеме қатынасын дамыту
5-бап Халықаралық сауда кеме қатынасын дамыту
Тармақ 1
1. Тараптар:
Тармақша а
а) Тараптар теңiзбен және Тараптардың порттары арасында iшкi су жолдарымен тасымалдауда кемелердiң қатысуына ықпал етуге, сондай-ақ үшiншi елдерден транзиттi жүктердi тасымалдаған кезде Тараптардың теңiз және iшкi су жолдарын пайдалануға мүмкiндiк туғызуға және бұл саладағы қиындықтарды жоюға;
Тармақша б
б) қабылдаушы Тараптың заңдарын сыйлап, мультимодальды тасымалдарға құрлыққа еркiн кiрудi қамтамасыз етуге келiседi.
Тармақ 2
2. Осы баптың ережелерi үшiншi елдердiң Тараптардың порттары арасындағы тасымалдарға қатысу құқығына ықпал етпейдi.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кез келген Тараптың кеме қатынасы және кеме қатынасына байланысты кәсiпорындар мен коммерциялық ұйымдарға порттарға немесе екiншi Тараптың порттарынан желiлер ашуға, сондай-ақ олардың екіншi Тараптың аумағында өкiлдiктер мен бiрлескен кәсiпорындар құруына қажеттi жәрдем бередi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Тараптар өздерiнiң сауда кеме қатынасы мәселелерiн басқаратын билiктерi арасындағы iскерлiк қатынастарды қолдау және тиiмдi дамыту үшiн өздерiнiң күштерiн санайтын болады, сондай-ақ олардың арасындағы тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдардың байланыстарын дамытуды, соның iшiнде:
Тармақша а
а) теңiз сауда флоты мен порттарын тиiмдi пайдалану, экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту бойынша;
Тармақша б
б) теңiз жолдары бойынша көлiк ағынын жеделдету және жеңiлдету мақсатында әртүрлi теңiз операциялары жөнiндегi ақпарат және жұмыс тәжiрибесiмен алмасу бойынша;
Тармақша в
в) сауда кеме қатынасы проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысты саясатты үйлестiру және теңiз көлiгi жөнiндегi халықаралық шарттарға қатысу бойынша қолдайды.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Әр Тарап Тараптардың арасындағы желiлiк және трампiлiк қатынастарды жүзеге асыратын екiншi Тараптың кемелерiне қатысты кез келген кемсiтушiлік шаралардан тартынады.
Бап 9. 9-бап Ең қолайлы жағдай режимi
9-бап Ең қолайлы жағдай режимi
Тармақ 1
1. Әр Тарап сыртқы сауда және кеме қатынасы, екiншi Тараптың кемелерi үшiн ашық өз порттарында ең қолайлы жағдай режимiн жасайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiнiң кедендiк рәсiмдер, алымдар және төлемдерге, порттарға кiру еркiндiгiне және олардың қуаттарын пайдалануға, сондай-ақ теңiзде жүзу және кемелер, экипаж мүшелері, жолаушылар мен жүктерге қатысты коммерциялық операцияларға көрсетiлетiн жәрдемнiң барлық шараларына қатысы бар.
Тармақ 3
3. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi:
Тармақша а
а) шетелдiк кемелердiң кiруi үшiн жабық порттарға қолданылмайды;
Тармақша б
б) өз азаматтары мен ұйымдары үшiн ерекше сақталатын теңiз каботажы мен басқа қызметте қолданылмайды;
Тармақша в
в) Тараптардың ешқайсысына өз кемелерiне берiлген мiндеттi лоцмандық алып жүру туралы ережеден ауытқуды екiншi Тараптың кемелерiне таратуға мiндеттемейдi.
Бап 10. 10-бап Құжаттар
10-бап Құжаттар
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарап берген немесе таныған кемелердiң ұлттық тиесiлiгiн куәландыратын құжаттарды және басқа да кеме құжаттарын таниды.
Тармақ 2
2. 1969 жылғы кемелердi өлшеу жөнiндегi халықаралық конвенцияға сәйкес өлшеу құжаттарымен жабдықталған Тараптардың әрқайсысының кемелерi екiншi Тараптың порттарында қайта өлшеуден босатылады және бұл құжат порттық алымдарды есептеген кезде негiзге алынады.
Бап 11. 11-бап Қоршаған ортаны қорғау
11-бап Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 1
1. Тараптардың кемелерi халықаралық ережелерге сәйкес кез келген Тараптың аумағында қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау үшiн қажеттi шараларды алдын ала қолданады.
Тармақ 2. Негiзгi Келiсiмге кедендiк рәсiмдер мен құжаттарды өңдеу жөнiндегi Техникалық Қосымша
2. Кез келген Тараптың иесiне жататын кеме қоршаған ортаға зиян келтiрiлген елдiң заңдарына сәйкес және халықаралық келiсiмдерге сәйкес осы Баптың 1-тармағында көрсетілген кез келген келтiрілген зиянға жауап бередi.
Негiзгi Келiсiмге кедендiк рәсiмдер мен құжаттарды өңдеу жөнiндегi Техникалық Қосымша
Бап 1. 1-бап Жалпы ережелер
1-бап Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы техникалық Қосымшаның ережелерi Тараптардың аумақтары арқылы жолаушылар мен жүктердi халықаралық тасымалдау кезiндегi кедендiк рәсiмдер мен құжаттарды өңдеудi реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы Техникалық Қосымшамен реттелмейтiн барлық жағдайларда тиiстi Тараптың заңдары қолданылады.
Бап 2. 2-бап Халықаралық Конвенциялар
2-бап Халықаралық Конвенциялар
Тармақ 1
1. Тараптарға мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм iшiнде мынадай Халықаралық Конвенцияларға:
Тармақша а
а) 1975 жылғы - МДП кiтапшасын қолданумен жүктердi халықаралық тасымалдау туралы Кедендiк Конвенция;
Тармақша б
б) Шекараларда жүктердi бақылауды жүргiзу шарттарын келiстiру туралы Халықаралық Конвенция - 1982 жыл;
Тармақша в
в) Контейнерлер бойынша Кедендiк Конвенция - 1972 жылы қосылу жөнiнде шаралар қабылдауға кеңес берiледi.
Тармақ 2
2. Тараптар өз қызметiнде осы баптың 1-тармағында аталған Конвенцияларда көзделген ережелердi басшылыққа алу туралы келiсiмге келедi.
Бап 3. 3-бап Кедендiк бақылау
3-бап Кедендiк бақылау
Тармақ 1
1. Кедендiк ресiмдеу кедендiк бақылаудың арнайы белгiленген бекеттерiнде жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Тараптардың аумағы арқылы тасымалданатын халықаралық жүктердi тоқтату және тексеру өкiлдiгiне өз Тарабының аумағы шегiнде тек қана кедендiк қызмет өкiлдерi ие.
Бап 4. 4-бап Құжаттарды өңдеу
4-бап Құжаттарды өңдеу
Тармақ 1
1. Әрбiр Тарап жүк кедендiк декларацияны негiзгi құжат ретiнде сақтайды.
Тармақ 2
2. БҰҰ стандарттарына сәйкес келетiн үйлесiмдi формат және жүк кедендік декларацияның нысаны Тараптардың аумағында әзiрленетін және енгiзілетiн болады.
Тармақ 3
3. Тараптар мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм ішiнде өз аумағында екi тiлде жасалған және БҰҰ стандарттарына сәйкес тауарларға iлеспе құжаттарды пайдалануға енгiзетiн болады.
Тармақ 4
4. Тараптар кедендiк брокердiң лицензиялық қызмет көрсетулерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi.
Осымен қоса берiлген мәтiн Тарихи
Жiбек Жолын Қалпына келтiру
жөнiндегi Халықаралық Конференцияда
Бакуде 1998 жылғы 8 қыркүйекте қол
қойылған Еуропа-Кавказ-Азия
дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық
көлiк туралы негiзгi көпжақты келiсiм
көшiрмесiнiң түпнұсқасы болып
табылатынын куәландырамын.
Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқа данасы Әзербайжан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгінде сақтаулы.
Әзербайжан Республикасы
Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары