Об утверждении Правил ведения реестра заключенных договоров концессии и предоставленных государственных гарантий и поручительств государства Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жасалған концессия шарттарының және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекіту туралы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жасалған концессия шарттарының және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (К.Б. Ақжанов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Е. Досаев 2015 жылғы 26 ақпандағы
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 133 бұйрығымен бекітілген Жасалған концессия шарттарының және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жасалған концессия шарттарының және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмi концессия шарттары бойынша жасалған концессия шарттарын және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн мемлекеттiк есепке алудың ақпараттық жүйелерiнiң кешенiн бiлдiредi.
Тармақ 2
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган концессия шарттары бойынша берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді.
Тарау 2. 2. Тiзiлiмдердi жүргiзу тәртiбi
2. Тiзiлiмдердi жүргiзу тәртiбi
Тармақ 5
5. Республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша және коммуналдық меншiкке жататын концессия объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының (бұдан әрi - концессия шарттары) тiзiлiмдерiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
Тармақша 1
1) концедент пен концессионердiң атауы және деректемелерi;
Тармақша 2
2) концессия объектiсi;
Тармақша 3
3) концессия шартының жасалған күнi, қолданылу мерзiмi және тiркеу нөмiрi;
Тармақша 4
4) концессия шартының мәтiнi;
Тармақша 5
5) концессиялық жобаның бағасы;
Тармақша 6
6) концессия шартының тiзiлiмге енгiзiлген күнi.
Тармақ 6
6. Концессия шарттары бойынша берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiне мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
Тармақша 1
1) қарыз алушы (концессионердiң) мен қарыз берушiнiң атауы және деректемелерi;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк кепiлдiктiң (мемлекет кепiлгерлiгiнiң) сомасы;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк кепiлдiктiң (мемлекет кепiлгерлiгiнiң) берiлген күнi және тiркеу нөмiрi;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк кепiлдiктiң (мемлекет кепiлгерлiгiнiң) тiзiлiмге енгiзiлген күні.
Тармақ 7
7. Тiзiлiмдердi жүргiзу тiзiлiмдердi басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi әкiмшiлдендiруге мүмкiндiк беретін, деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн мамандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтер концессия шарты жасалған сәттен немесе мемлекеттiк кепiлдiк (мемлекет кепiлгерлiгi) берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электронды түрдегi тiзiлiмдерге енгiзiлуге тиiс.
Тармақ 9
9. Республикалық меншiктiң жұмыс iстеп тұрған объектiлерi бойынша немесе құрылысы мен пайдаланылуы концессия шарттарының негiзiнде жүзеге асырылатын республикалық меншiк объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарына қатысты тиiстi саланың мемлекеттiк органы (бұдан әрi - басқару органы) тиiстi шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi заңнамада белгiленген тәртiппен басқару органының мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған баспа және электронды түрде республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi.
Тармақ 10
10. Қажет болған кезде республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган басқару органынан тiзiлiмдi жүргiзу үшiн қажеттi басқа да қосымша мәлiметтердi немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Тармақ 11
11. Жасалған концессия шартына және мемлекеттiк кепiлдiк (мемлекет кепiлгерлiгi) шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда тiзiлiмдерге сондай-ақ осы тарауда көзделген тәртiппен осы Ереженiң 5 және 6-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтерге ұқсас енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы мәлiметтер енгiзiледi.
Тармақ 12
12. Тiзiлiмдер қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген «аса маңызды», «өте құпия», «құпия» деген белгісi бар концессия шарттарының мәтiндерi немесе шарттың жария етуге жатпайтын құпия мәлiметтердi қамтитын бөлімдерi мен бөлiктерi тiзiлiмге енгiзiлмеуге тиiс.
Тармақ 14
14. Тізiлiмдердi жүргiзу жүктелетiн уәкiлеттi органдар тiзiлiмдердегi мәлiметтердi тұрақты талдау мен қорытуды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Тiзiлiмдердi жүргiзудің ұйымдастырушылық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етiлуiн оларды жүргiзу жүктелетiн уәкiлеттi органдар тиiстi қаржы жылына бөлiнген бюджет қаражаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Мүдделi мемлекеттiк органдардың сұрау салулары мен заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша тiзiлiмдердi жүргiзу жүктелетiн уәкiлеттi органдар тiзiлiмдерден сұратылған мәлiметтердi бередi. Сұратылған мәлiметтердi беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiн пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.