Об утверждении Правил организации централизованных торгов электрической энергией Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 293) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
Энергетика министрінің Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1. 1- параграф Ұғымдар аппараты
1- параграф Ұғымдар аппараты
Тармақ 1
1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 293) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағаны көтеруге арналған сауда-саттық әдісі – орталықтандырылған сауда саттықты өткізу әдісі, онда мәміленің бағасы ең жоғарыдан бастап сатып алуға өтінімдердің бағалары бойынша анықталады;
Тармақша 2
2) жеке кабинет – мамандандырылған қолжетімділік түрінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы ұсынған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің және электрондық сауда жүйесіндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушының цифрлық жұмыс орны;
Тармақша 3
3) майнингтік баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын тиісті сағатқа сатып алатын цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша айқындалған баға;
Тармақша 4
4) мәміле бағасы – энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы барысында айқындалған электр энергиясының бағасы;
Тармақша 5
5) оқуға өтінім – электр энергиясының орталықтандырылған сауда түрін көрсете отырып, электрондық сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша өз персоналын оқыту ниеті туралы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің жазбаша өтініші;
Тармақша 6
6) орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметкері – электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының жауапты қызметкері, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын және онымен байланысты барлық процестерді ұйымдастыруға және жүргізуге құқылы;
Тармақша 7
7) сараланған график – сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерінде мәлімделген бағалар бойынша өтінімдерінің бір тәртіпке келтірілген тізімі;
Тармақша 8
8) сауда сессиясы – сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімдер беруі жүзеге асырылатын процесс;
Тармақша 9
9) сауда сессиясына қатысуға өтінім – бұл электр энергиясын сатып алу (сату) мақсатында орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысу үшін электрондық сауда жүйесіндегі сауда-саттыққа қатысушы қалыптастыратын, электр энергиясының бағасы, көлемі және техникалық параметрлері бар ақпарат;
Тармақша 10
10) сауда-саттық қорытындылары туралы хабарлама – орталықтандырылған сауда нарығының операторы әзірлеген, өткізілген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша жасалатын құжат;
Тармақша 11
11) сауда-саттыққа қатысушы – электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысуға шарт жасасқан және орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінде тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
Тармақша 12
12) сауда-саттыққа қатысушының операторы – электрондық сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда нарығы операторынан оқытудан өткен және электрондық сауда жүйесіне қол жеткізе алатын, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысуға байланысты ақпаратты енгізуге құқылы сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкері;
Тармақша 13
13) сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны – сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкерінің электрондық сауда жүйесіне, оның ішінде жабдыққа қойылатын талаптарға сәйкес жарақтандырылған сауда-саттыққа қатысушы оператордың жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылатын орын;
Тармақша 14
14) сервердің жауап беру уақыты – орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің сервері мен сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны арасындағы жауап беру уақыты, милисекундтарда;
Тармақша 15
15) техникалық ақау – ақпараттық жүйенің бағдарламалық-аппараттық кешенінің немесе оның жекелеген компоненттерінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы (авариялық тоқтату, жадтың мазмұнын бұзу, аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз ету ресурстарының шамадан тыс жүктелуі және қабылданған технологияны айтарлықтай бұзатын және жүйенің бағдарламалық жасақтамасының штаттық режимде жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін басқа жағдайлар), бір немесе бірнеше қатысушылардың ақпараттық жүйені пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқтырды;
Тармақша 16
16) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 17
17) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 18
18) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімі – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар цифрлық майнерлердің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша іріктелгенін растайтын орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
Тармақша 19
19) цифрлық майнерлерге арналған квота – цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізу үшін жүйелік оператор айқындаған электр энергиясының сағаттық көлемі (бұдан әрі – квоталар);
Тармақша 20
20) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын сатып алу-сатуға арналған ұйымдастырылған сауда алаңы.
Тармақша 21
21) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және орталықтандырылған сауда нарығы операторы арасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу туралы жасалатын жазбаша шарт;
Тармақша 22
Тармақша 23
23) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 24
24) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
Тармақша 25
25) электрондық сауда жүйесі – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүргізуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған сауда нарығы операторының ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық компоненттерінің кешені;
Тармақша 26
26) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
Тармақша 27
27) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімі – энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша мәмілелер жасасуды және мәмілелерді тіркеуді растайтын орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы жасайтын құжат;
Тармақша 28
28) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының сату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сату бағасының оның электр энергиясына шекті тарифінен аспайтын, Заңның 12-1-бабының 2-тармағында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген сомасы. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу
2-параграф. Электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу
Тармақ 3
3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізу шарттары:
Тармақша 1
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын (бұдан әрі – Қатысу шарты) орталықтандырылған сауда нарығының операторымен жасасу;
Тармақша 2
2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінде тіркеу;
Тармақша 3
3) Заңның 5-бабының 70-1) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымда көтерме сауда нарығы субъектісі мәртебесінің және уәкілетті орган бекіткен электр энергиясына шекті тарифтің болуы;
Тармақша 4
4) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарда (бұдан әрі – цифрлық майнерлер) көтерме сауда нарығы субъектісі мәртебесінің және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы;
Тармақша 5
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісінің сауда-саттық операторының жұмыс орнының техникалық құралдары мен бағдарламалық компоненттерінің құрамымен көзделген техникалық талаптарды орындау.
Тармақ 4
4. Қатысу шартын жасасу үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушы орталықтандырылған сауда нарығының операторына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына қатысу шартын жасасу үшін хат жолдайды және мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 2
2) қосылған құн салығы бойынша есепке жеткізу туралы куәліктің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 3
3) Жарғының көшірмесі немесе Үлгі жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырғаны туралы растау хаты (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) басшы лауазымына тағайындау туралы қатысушы (лар) шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда Қатысу шартына қол қоюға құқығы бар тұлғаға (заңды тұлғалар үшін) бұйрықтың (сенімхаттың) көшірмесі;
Тармақша 6
6) екінші деңгейдегі банктен банктік деректемелерді растайтын құжаттар (анықтамалар) (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 7
7) жеке куәліктің көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін);
Тармақша 8
8) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі (дара кәсіпкер үшін);
Тармақша 9
9) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі (цифрлық майнерлер үшін). Бұл ретте электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (бұдан әрі – ЭКН субъектісі) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы орталықтандырылған сауда нарығының операторына электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нарығына Қатысу шартын жасасу үшін хат береді және осы Қағидалардан туындайтын талаптар мен міндеттемелерді өздеріне ерікті негізде қабылдайды.
Тармақ 5
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарт жасасу барысында ұсынылған сауда-саттыққа қатысушының құжаттарын өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 6
6. Ұсынылған құжаттар топтамасына өзгерістер енгізу қажет болған кезде орталықтандырылған сауда нарығының операторы ұсынылған құжаттарды уақтылы түзету және толықтыру үшін оның электрондық мекенжайына хабарлама жіберу арқылы бұл туралы сауда-саттыққа қатысушыны жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Сауда-саттыққа қатысушы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын немесе оқылмайтын құжаттарды ұсынған кезде, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес алынған ескертулер жойылмаса, орталықтандырылған сауда нарығының операторы тіркеуден бас тартады, бұл туралы орталықтандырылған сауда нарығының операторына жүгінген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, сауда-саттыққа қатысушыны электрондық пошта арқылы хабардар етеді.
Тармақ 8
8. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына Қатысу шартын жасасу үшін хат алғаннан кейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭКН субъектісіне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою үшін Қатысу шартын жібереді.
Тармақ 9
9. ЭКН субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы Қатысу шартын қарайды және қол қояды. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, қағаз жеткізгіште Қатысу шартын ресімдеу және жасасу телекоммуникация желілері болмаған не орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесі жұмыс істемеген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Қатысу шартына қол қою мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қол қойылған Қатысу шартын алмаған кезде ЭКН субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Қатысу шартының жаңа жобасын ресімдеу және қайта қарау және оған қол қою үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жаңартылған құжаттар топтамасын ұсынады.
Тармақ 10
10. Қатысу шартында:
Тармақша 1
1) шарттың мәні;
Тармақша 2
2) нарық операторы көрсететін орталықтандырылған сауда қызметтерінің түрлері;
Тармақша 3
3) ЭКН субъектісіне электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу және осы Қағидаларға сәйкес электрондық сауда жүйесіне жіберу үшін қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;
Тармақша 4
4) Қатысу шартының талаптарын бұзғаны үшін Қатысу шартына қатысушылардың жауапкершілігі.
Тармақ 11
11. Орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу жөніндегі қызметті ЭКН субъектісі орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер көлемінен төлейді. Сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ЭКН субъектілері Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес электр энергиясын босатудың/тұтынудың жоспарлы көлемдерінен төлейді. Бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алынған электр энергиясының көлемінен сауда жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке ақы төлейді.
Тармақ 12
12. Тіркеуден өту үшін ЭКН субъектісі:
Тармақша 1
1) орталықтандырылған сауда-саттықта электрондық сауда жүйесінде тіркеу деректерін толтырады;
Тармақша 2
ЭКН субъектісі ұсынған деректердің негізінде орталықтандырылған сауда нарығының операторы оны электрондық сауда жүйесінің дерекқорына тіркейді және сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін береді.
Тармақ 13
13. Орталықтандырылған сауда нарығының операторымен Қатысу шартын жасасқаннан кейін сауда-саттыққа қатысушы ерікті негізде электрондық сауда жүйесінің бағдарламалық қамтылымымен жұмыс істеу бойынша нұсқамадан өтеді. Ол үшін сауда-саттыққа қатысушы орталықтандырылған сауда нарығының операторына оқытуға жіберілетін қызметкерлердің тізімін ұсынады.
Тармақ 14
14. Орталықтандырылған сауда-саттыққа арналған дербес парольдерді электрондық сауда жүйесінде сауда-саттыққа қатысушының операторлары дербес жасайды. Сауда-саттыққа қатысушы оператордың электрондық сауда жүйесіне рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау мақсатында дербес парольдерді жария етуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 15
15. Сауда-саттыққа қатысушыға интернет-шолғышта электрондық сауда жүйесін ашуға, өз шотына кіруге және орталықтандырылған сауда-саттыққа тек бір құрылғыдан және бір қойынды арқылы қатысуға, сауда-саттық сессиясына электрондық сауда жүйесіне қатысу үшін өтінімдерді автоматты түрде беру үшін үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын пайдаланбауға, вирустық қолтаңбалардың жаңартылған дерекқорлары бар антивирустық бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға кеңес беріледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Сауда-саттық түрлері
3-параграф. Сауда-саттық түрлері
Тармақ 16
16. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің интернет-ресурсында Интернет желісін пайдалана отырып, жасырын, қашықтықтан жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы.
Тармақ 18
18. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу рәсімі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан әрбір цифрлық майнер бойынша алдын ала төлем сомалары туралы ақпаратты автоматты режимде алу;
Тармақша 2
2) жүйелік оператордан Қазақстан Республикасы біртұтас энергия жүйесінің (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) аймақтары бойынша квота көлемі, «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желілерінің қалдық өткізу қабілеті туралы ақпарат алу;
Тармақша 3
3) цифрлық майнерлердің сауда сессиясына қатысуға өтінім беруі;
Тармақша 4
4) сауда-саттық бағалары мен көлемін есептеу;
Тармақша 5
5) нарық операторының атауын, сатып алу бағасын және электр энергиясының көлемін көрсете отырып, квота және алдын ала төлем көлеміне енген жеңімпаздар тізілімін жасауы;
Тармақша 6
6) квота көлеміне енген жеңімпаздар тізілімін электр энергиясын генерация-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін Жүйелік операторға беру;
Тармақша 7
7) цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша цифрлық майнерлер сатып алған электр энергиясының көлемдерін электр энергиясын генерация/тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізу туралы жүйелік оператордан растау алу;
Тармақша 8
8) нарық операторының цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда нәтижелері туралы цифрлық кеншілер мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны хабардар етуі.
Тармақ 19
19. Энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу рәсімі мыналарды:
Тармақша 1
1) жүйелік оператордан ҚР БЭЖ-нің әрбір энергия торабы бойынша операциялық тәуліктерде қолжетімді сағаттық мәндер туралы электр энергиясын сатудың ең аз және ең жоғары рұқсат етілген көлемдері туралы ақпаратты, ҚР БЭЖ аймақтары бойынша электр энергиясын тұтынудың сағаттық шамалары туралы ақпаратты және сатуға шығарылатын қуаттардың сағаттық көлемдерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың тізімін алуды;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші ұйымдардың станция/блок (агрегат) жұмысының техникалық параметрлерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысуға өтінім беруді (бұдан әрі – өтінім);
Тармақша 3
3) орталықтандырылған сауда-саттық бағалары мен көлемін есептеуді;
Тармақша 4
4) орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр энергиясының атауын, бағасын және көлемін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімін жасауды;
Тармақша 5
5) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер тізілімін жүйелік операторға беруді;
Тармақша 6
6) энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының сатылған көлемін электр энергиясын генерация/тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізу туралы жүйелік оператордан растау алуды;
Тармақша 7
7) энергия өндіруші ұйымдардың орталықтандырылған сауда нарығы операторының және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері туралы хабарламасын қамтиды.
Тармақ 4. 4-параграф. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының функциялары
4-параграф. Орталықтандырылған сауда нарығы операторының функциялары
Тармақ 20
20. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды жүзеге асыру мақсатында орталықтандырылған сауда нарығының операторы:
Тармақша 1
1) цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ЭКН субъектілерінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қол жеткізуінің тең жағдайларын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) ЭКН субъектілерінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындайды;
Тармақша 5
5) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасалған мәмілелерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ЭКН субъектілерін өз құзыреті шегінде орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан электр энергиясына индикативтік бағалар бойынша ақпаратпен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге тұрақты дайындықта электрондық сауда жүйесін қолдайды;
Тармақша 8
8) сауда-саттыққа қатысушы операторларға электрондық сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқама жүргізеді;
Тармақша 9
9) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты мәселелер бойынша жүйелік оператормен және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 10
10) жүйелік оператор ұсынатын нақты теңгерім деректері бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты көлемі туралы нарықтық ақпаратты ұсынады;
Тармақша 11
11) сауда-саттыққа қатысушылар, энергия өндіруші ұйымдар мен бірыңғай сатып алушының берген өтінімдері (беру күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы ақпаратты және сауда-саттық нәтижелерін (мәмілені жасасу күні мен уақыты, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) қамтитын электр энергиясы мен қуаты сауда-саттығының қорытындыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) жүйелік оператормен келісуден кейін өзінің интернет-ресурсында сауда-саттыққа қатысушылар, берілген өтінімдер (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы және сауда-саттық нәтижелері (күні, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) туралы ақпаратты қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттық туралы ақпаратты күн сайын жариялайды.
Тармақ 21
21. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы, кәсіпкерлік саласындағы заңнамасының және азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу барысында жасалған мәмілелер тізілімінде мәмілелерді тіркеуді жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. ҚР БЭЖ жұмыс істеген кезде Жүйелік оператордың ақпараты бойынша энергожүйе аймақтары бойынша бөлек, орталықтандырылған сауда нарығының операторы энергожүйенің әрбір аймағы үшін бөлек орталықтандырылған сауда-саттық жүргізеді. Қазақстан Республикасының бірыңғай энергия жүйесінің аймақтары бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты бөлек өткізуді осы Қағидаларға сәйкес орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүзеге асырады.
Тармақ 5. 5-параграф. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында сауда сессиясына қатысуға өтінімдер беру тәртібі
5-параграф. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығында сауда сессиясына қатысуға өтінімдер беру тәртібі
Тармақ 23
23. Сауда-саттыққа қатысушылар электрондық сауда жүйесіне электр энергиясын сатуға (сатып алуға) арналған сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінім береді. Сауда сессиясына қатысуға өтінімдер беру сауда сессиясы ашылған сәттен бастап және сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушы сауда-саттық сессиясына қатысуға электрондық сауда жүйесіне сатып алуға(сатуға) өтінім бермейді.
Тармақ 24
24. Сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді сауда саттыққа қатысушы электрондық сауда жүйесінде сауда саттыққа қатысушының жеке кабинетіне қол жеткізудің кілті ретінде сауда саттыққа қатысушының паролін пайдалана отырып сауда саттыққа қатысушы тікелей орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінде қалыптастырады.
Тармақ 25
25. Сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімдер беру Интернет желісін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Сауда сессиясына қатысуға өтінім беру уақыты сауда сессиясына қатысуға өтінім миллисекундқа дейінгі дәлдікпен орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің серверіне келіп түскен сәтте тіркеледі. Сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінім беру кезінде сервердің жауап беру уақытын ескеруі керек. Сервердің жауап беру уақыты орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің сервері мен сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны арасындағы байланыс пен маршруттау сапасына байланысты ондаған миллисекунд ішінде өзгеруі мүмкін.
Тармақ 26
26. Сауда саттыққа қатысушының сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді сауда саттыққа қатысушының операторы дербес қалыптастырады.
Тармақ 27
27. Сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттық сессиясына қатысуға берілген өтінімдегі деректердің дұрыстығы мен дұрыстығын, сондай-ақ жұмыс орнындағы ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 28
28. Сауда-саттыққа қатысушы өз қалауы бойынша сауда-саттық сессиясының уақыты аяқталғанға дейін сауда-саттық сессиясына қатысуға бұрын берілген өтінімді сауда-саттық сессиясына қатысуға жаңа өтінім беру жолымен өзгерте алады, бұл ретте сауда-саттық сессиясына қатысуға берілген әрбір жаңа өтінім сауда-саттық сессиясына қатысуға бұрын берілген өтінімнің күшін жояды. Бұл ретте электр энергиясының жүйелік операторынан алынған станцияның жиынтық көлемі түзетуге жатпайды.
Тармақ 29
29. Осы Қағидаларға сәйкес ресімделген сатып алуға/сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімді электрондық сауда жүйесіне беру оның сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімінде көрсетілген бағалар бойынша электр энергиясын сатып алуға/ сатуға мәміле жасасуға оны берген сауда-саттыққа қатысушының келісімінің қажетті және жеткілікті куәлігі болып табылады.
Тармақ 30
30. Цифрлық майнерлердің сауда сессиясына қатысуға сатып алуға өтінімдер беруі алдын ала төленген сомалар көлемінде жүзеге асырылады. Цифрлық майнерлер электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға операциялық энергияның алдындағы тәуліктің сағат 8:00-ден (Астана уақыты бойынша) кешіктірмей алдын ала төлем жасайды. Алдын ала төлем көлемін осы субъект электр энергиясын сатып алудың жоспарланған көлеміне және ол үшін осы көлемдерді сатып алудың рұқсат етілген ең жоғары бағасына сүйене отырып дербес айқындайды.
Тармақ 31
31. Экспорттық (импорттық) операцияларға арналған электр энергиясын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес сауда-саттыққа қатысушы кедендік ресімдеуге тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2-тарау. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
1-параграф. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 32
32. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығы күн сайын өткізіледі. Сауда сессиясының ұзақтығы операциялық сессияның алдындағы тәуліктің 09-30-дан 10-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) 30 минутты құрайды.
Тармақ 33
33. Жүйелік оператор орталықтандырылған сауда нарығының операторына операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 09:15-ке (Астана уақыты бойынша) дейінгі мерзімде ЭЦҚ көмегімен жүйелік оператор қол қойған мынадай ақпаратты автоматты режимде ұсынады:
Тармақша 1
1) ҚР БЭЖ аймақтары бойынша сатып алуға бір сағаттық қуат көлемі бар цифрлық майнерлер үшін квоталар;
Тармақша 2
2) «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желісінің қалдық өткізу қабілеттілігінің көлемі. Ақпаратты автоматты режимде жіберу мүмкіндігі болмаған кезде жүйелік оператор жоғарыда көрсетілген ақпаратты цифрлық түрде орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық поштасына жібереді. Жүйелік оператор тарапынан ұсынылатын деректерді кідірткен немесе түзеткен немесе электрондық сауда жүйесі дайын болмаған кезде сауда сессиясын ашуды жоспарлау жоғарыда көрсетілген ақпаратты алғаннан немесе электрондық сауда жүйесінің әзірлігін қалпына келтіргеннен кейін 10 (он) минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы автоматты режимде орталықтандырылған сауда нарығының операторына сауда-саттық өткізілетін күнгі сағат 09-15-ке дейінгі мерзімде (сауда сессиясы басталғанға дейін) цифрлық кеншілердің алдын ала төлем сомалары туралы ақпарат береді. Алдын ала төленген сомалар бойынша ақпарат электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметкері қол қойған цифрлық түрде беріледі. Алдын ала төлем сомалары туралы ақпаратты автоматты режимде цифрлық түрде беру мүмкіндігі болмаған кезде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бұл ақпаратты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жеке кабинеті арқылы электрондық сауда жүйесіне дербес енгізеді. Цифрлық майнерлерден алдын ала төлем сомалары туралы ақпаратты осы тармақта көрсетілген мерзімнен кейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы қабылдамайды.
Тармақ 35
35. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы бағаны көтеру үшін сауда-саттық әдісімен жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Осы Қағидалардың 33 және 34 тармақтарында көрсетілген ақпараттың негізінде орталықтандырылған сауда саттық басталғанға дейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы электрондық сауда жүйесінде сауда сессиясының мынадай параметрлерін белгілейді:
Тармақша 1
1) орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) электр энергиясын жеткізу күні;
Тармақша 3
3) ҚР БЭЖ аймағы;
Тармақша 4
4) бастапқы баға.
Тармақ 37
37. Цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық ҚР БЭЖ-нің әрбір аймағы бойынша (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс) немесе «Солтүстік-Оңтүстік электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып (Солтүстік-Оңтүстік және Батыс аймақтар үшін бірлесіп) қатар жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Сауда сессиясына қатысуға өтінімде мынадай деректер болуға тиіс:
Тармақша 1
1) өтінім нөмірі;
Тармақша 2
2) сауда-саттыққа қатысушының БСН (ЖСН);
Тармақша 3
3) орталықтандырылған сауда нарығының операторы берген сауда-саттыққа қатысушы ұйымның (немесе дара кәсіпкердің) қысқаша атауы;
Тармақша 4
4) сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінім түрі (сатып алуға);
Тармақша 5
5) сатып алуға мәлімделген әрбір сағатқа электр энергиясының көлемі 0,001 мың кВт*сағ еселікпен мың кВт*сағ көрсетіледі;
Тармақша 6
6) әр сағат бойынша электр энергиясын сатып алу бағасы, бағасы 0,01 теңге/кВт*сағ еселігімен ҚҚС есептемегенде теңгемен/кВт*сағмен көрсетілед.
Тармақ 39
39. Сауда-саттық сессиясы кезінде цифрлық майнерлер өтінімде бұрын берілген өтінімнің орнына өтінім беру жолымен алдын ала төленген енгізілген сома шегінде электр энергиясының бағасы мен көлемін өзгерту мүмкіндігіне ие.
Тармақ 40
40. Сатып алуға арналған сауда сессиясына қатысуға арналған өтінімдегі баға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымшада көзделген тәртіппен айқындалған бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуға арналған есептік бағасынан бастапқы бағадан төмен емес көрсетіледі. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ресми интернет-ресурсында 12 (он екі) ай кезеңіне электр энергиясын сатып алуға арналған есептік баға туралы ақпарат алады.
Тармақ 41
41. Әр сағат бойынша бірдей белсенді бағамен сатып алуға арналған сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімдерді электрондық сауда жүйесі қабылдамайды.
Тармақ 42
42. Сатып алуға арналған электр энергиясының көлемі 0,001 мың кВт*сағ еселіктермен сатылуы мүмкін.
Тармақ 43
43. Цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық мынадай жағдайларда өткізілмеген болып есептеледі:
Тармақша 1
1) белгіленген мерзімде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан цифрлық майнерлердің алдын ала төлем сомалары туралы ақпарат болмаған кезде;
Тармақша 2
2) электр энергиясын сатып алуға арналған сауда сессиясына қатысуға электрондық сауда жүйесіне цифрлық майнерлердің өтінімдері болмаған кезде.
Тармақ 44
44. Сауда сессиясының қорытындысы бойынша квота көлеміне кірген жеңімпаздардың алдын ала тізілімі қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) квота көлеміне енген цифрлық майнерлердің атаулары;
Тармақша 2
2) әрбір цифрлық майнер бойынша электр энергиясының сағаттық көлемі;
Тармақша 3
3) әр цифрлық майнердің электр энергиясын сатып алудың сағаттық бағасы.
Тармақ 45
45. Жеңімпаздарды іріктеу цифрлық кеншілердің электр энергиясын сатып алуының ең жоғары бағасынан басталады.
Тармақ 46
46. Сатып алу бағасы цифрлық майнердің мәлімделген бағасымен анықталады.
Тармақ 46-1
46-1. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының бағасы мыналардан тұрады:
Тармақша 1
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығындағы сатып алу бағасы;
Тармақша 2
2) ұлттық желілерді пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;
Тармақша 3
3) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;
Тармақша 4
4) электр энергиясын желілер арқылы беру бойынша энергия беруші ұйымдар көрсететін қызметтің бағасы;
Тармақша 5
5) электр қуатының жүктемені ұстап тұру бойынша әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;
Тармақша 6
6) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;
Тармақша 7
7) сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы.
Тармақ 47
47. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 10:15-ке дейін (Астана уақыты бойынша) цифрлық түрдегі жүйелік операторға олардың атауынан, сатып алу бағасынан және әрбір сағат бойынша көлемінен тұратын цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелерін жібереді. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға операциялық тәуліктің әр сағаты бойынша сатылмаған квотаның көлемі туралы ақпаратты операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 10:15-ке дейін (Астана уақыты бойынша) жібереді. Цифрлық майнерлерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының алдын ала қорытындылары операциялық майнерлердің алдындағы тәуліктің сағат 10:15-тен кейін (Астана уақыты бойынша) цифрлық майнерлерге қарау үшін қолжетімді. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жоғарыда көрсетілген ақпаратты автоматты режимде ақпарат беру мүмкін болмаған жағдайда Жүйелік оператордың электрондық поштасына электрондық түрде жібереді.
Тармақ 48
48. Орталықтандырылған сауда саттық өткізілмеген деп танылған кезде орталықтандырылған сауда рыногының операторы нөлдік мәні бар цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда саттықтың нәтижелерін цифрлық түрдегі жүйелік операторға жібереді.
Тармақ 2. 2-параграф. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
2-параграф. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу
Тармақ 49
49. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығы біржақты аукцион әдісімен жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттығы күн сайын өткізіледі. Сауда сессиясының ұзақтығы операциялық сессияның алдындағы тәуліктің 11-20-дан 11-50-ге дейін (Астана уақыты бойынша) 30 минутты құрайды.
Тармақ 51
51. Жүйелік оператор орталықтандырылған сауда нарығының операторына операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 09:15-ке дейін (Астана уақыты бойынша) ЭЦҚ көмегімен қол қойылған электрондық сауда жүйесінде энергия өндіруші ұйымдардың тиісті шекті тарифтері бойынша сауда сессиясына қатысуға өтінімдер түрінде көрсетілетін, сатуға қойылатын қуаттардың сағаттық көлемдерін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйымдардың тізімін автоматтандырылған режимде ұсынады. Бұл ретте сауда-саттыққа қатысушылардың жүйелік оператордан ақпарат алған сәттен бастап сауда сессиясына қатысуға өтінімнің техникалық параметрлерін толтыру мүмкіндігі бар. Жүйелік оператор орталықтандырылған сауда нарығының операторына операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 11:10-ге (Астана уақыты бойынша) дейінгі мерзімде ЭЦҚ көмегімен қол қойылған мынадай ақпаратты автоматты режимде:
Тармақша 1
1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жабуға жоспарланатын ҚР БЭЖ аймақтары бойынша электр энергиясын тұтынудың сағаттық шамасын;
Тармақша 2
2) электр энергиясын сатудың ең аз және ең жоғары рұқсат етілген көлемінің сағаттық мәндерін (ҚР БЭЖ-нің әрбір энергия торабы бойынша) ұсынады. Жүйелік оператор жоғарыда көрсетілген ақпаратты электрондық түрде ақпаратты автоматты режимде беру мүмкін болмаған жағдайда орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық поштасына жібереді. Жүйелік оператор тарапынан ұсынылатын деректер кідіртілген немесе түзетілген немесе электрондық сауда жүйесі дайын болмаған кезде сауда сессиясын ашуды жоспарлау жоғарыда көрсетілген ақпаратты алғаннан немесе электрондық сауда жүйесінің дайындығы қалпына келтірілгеннен кейін 10 (он) минуттан кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Электр энергиясының орталықтандырылған саудасын жүргізу үшін қажетті ақпаратты жүйелік оператор мынадай шарттарды ескере отырып қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) көлем мәндері үтірден кейін 3 (үш) таңбадан аспайтын дәлдікпен көрсетіледі;
Тармақша 2
2) ҚР БЭЖ энергия торабын сатудың ең жоғары жол берілетін көлемінің мәні ҚР БЭЖ энергия торабының тиісті сағаты бойынша сатудың ең аз жол берілетін көлемінің мәніне тең немесе одан көп;
Тармақша 3
3) ҚР БЭЖ-нің тиісті аймағына жататын әрбір сағаттың барлық энергия тораптары бойынша ең төменгі жол берілетін сату көлемдерінің жиынтық мәндері тиісті сағат бойынша сұраныс көлемінің мәндерінен аспайды;
Тармақша 4
4) әрбір энергия торабы бойынша жол берілетін ең төменгі сағаттық сату көлемінің мәндері ҚР БЭЖ тиісті энергия тораптарына жататын энергия өндіруші ұйымдар сатуға қоятын қуаттың сағаттық жиынтық көлемінің мәнінен аспайды.
Тармақ 53
Тармақ 54
54. Ашық сауда сессиясы барысында энергия өндіруші ұйымдар қажет болған жағдайда бұрын берілген өтінімнің орнына өтінім беру жолымен берілген өтінімдегі ақпаратты өзгерте алады.
Тармақ 55
55. Сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімдерге, олардың мәртебесіне қарамастан, электрондық сауда жүйесімен сандық реттілікті үзбей берілетін өтінімдердің өсу тәртібімен нөмір беріледі.
Тармақ 56
56. Сауда сессиясына қатысуға өтінімде мынадай деректер болуға тиіс:
Тармақша 1
1) өтінім нөмірі;
Тармақша 2
2) сауда-саттыққа қатысушының БСН;
Тармақша 3
3) орталықтандырылған сауда нарығының операторы берген сауда-саттыққа қатысушы ұйымның қысқаша атауы;
Тармақша 4
4) сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінім түрі («тұтас», «блок (агрегат)» сатуға);
Тармақша 5
5) сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімнің мәртебесі («Өтінім», «Бұрын берілген өтінімнің орнына»);
Тармақша 6
6) сатуға талап етілетін электр энергиясының сағаттық көлемі. Бұл ретте сауда сессиясына қатысуға өтінімнің жиынтық көлемі жүйелік оператор берген көлемге тең. Көлемі 0,001 мың кВт*сағ еселікпен мың кВт * сағ көрсетіледі;
Тармақша 7
7) электр энергиясын сатудың сағаттық бағасы тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген шекті тарифтен жоғары емес, бағасы 0,01 теңге/кВт*сағ еселікпен ҚҚС есептемегенде теңгемен/кВт*сағ көрсетіледі;
Тармақша 8
8) «итерация» қағидаты;
Тармақша 9
9) жүктеме жылдамдығы (станция немесе блок);
Тармақша 10
10) жүктемені қалпына келтіру жылдамдығы (станция немесе блок);
Тармақша 11
11) ең аз үздіксіз жұмыс уақыты (станция немесе блок);
Тармақша 12
12) сатудың минималды көлемі (станция немесе блок);
Тармақша 13
13) сауда-саттыққа қатысушы оператордың тегі және аты-жөні.
Тармақ 57
57. Сатуға талап етілетін электр энергиясының сағаттық көлемі:
Тармақша 1
1) 0,001 мың кВт*сағ кем емес;
Тармақша 2
2) 0,001 мың кВт*сағ еселігі.
Тармақ 58
58. Энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықта сатуға қойылатын электр энергиясының бағасы Заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тиісті сағаттық мөлшерлемелерге электрондық сауда жүйесімен көбейтілген шекті тарифтен аспайды. Сауда-саттыққа қатысушы сауда сессиясы барысында сатуға берген өтінім сауда-саттыққа басқа қатысушы сатуға берген сауда сессиясына қатысуға өтінімдегі бағамен сәйкес келетін бағамен қабылданбайды.
Тармақ 59
59. Сауда сессиясына қатысуға өтінім операциялық тәулікке берілмейді, оның қорытындысы бұрын шығарылған.
Тармақ 60
60. Сатуға арналған саудаттық сессиясына (жүйелік оператор) қатысуға өтінімде көрсетілген электр энергиясының көлемі өзгертуге жатпайды.
Тармақ 61
61. Энергия өндіруші ұйымдардың электрондық сауда жүйесіне электр энергиясын сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға берілген өтінімдер сауда сессиясына қатысуға өтінімдерде көрсетілген бағалардың өсу тәртібімен сараланады және электрондық сауда жүйесі жүйелік оператор ұсынған сұраныс көлемінің арақатынасына автоматты түрде белсенді сараланған ұсыныстар кестесін құрады.
Тармақ 62
62. Сауда сессиясы кезінде энергия өндіруші ұйымдардың сауда сессиясына қатысуға өтінімде электр энергиясының бағасын және сауда сессиясына қатысуға өтінімнің түрін өзгертуге, сондай-ақ сауда сессиясына қатысуға өтінімде станция/блок жұмысының техникалық параметрлерін көрсетуге немесе өзгертуге мүмкіндігі бар. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдар станция/блок жұмысының көрсетілген немесе өзгертілетін техникалық параметрлерінің мынадай шарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) станцияның/блоктың үздіксіз жұмыс уақыты 1 (бір) кем емес және 24 (жиырма төрт) артық емес сағаттан аспайды;
Тармақша 2
2) станцияны/блокты сатудың ең аз көлемі станцияның/блоктың барлық сағаттарынан ең аз көлемінен аспайды;
Тармақша 3
3) станция/блок жүктемесін алу жылдамдығы станцияның/блоктың барлық сағаттарынан максималды көлемінен аспайды;
Тармақша 4
4) станция/блок жүктемесін қалпына келтіру жылдамдығы станцияның/блоктың барлық сағаттарынан максималды көлемінен аспайды. Сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімде энергия өндіруші ұйымдар көрсететін станция/блок жұмысының техникалық параметрлері болмаған кезде электрондық сауда жүйесі станция/блок жұмысының техникалық параметрлерін ескермей іріктеу жүргізеді.
Тармақ 63
63. Операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11-40 сағатында (Астана уақыты бойынша) электрондық сауда жүйесі сатуға өтінімдерді қабылдауды 50 секундқа тоқтата тұрады және осы уақыт ішінде сатуға берілген өтінімдер негізінде энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықтың алдын ала қорытындыларын көрсетеді. Содан кейін сатуға өтінімдерді қабылдауды операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11-50 сағатына (Астана уақыты бойынша) дейін жалғастырады.
Тармақ 64
64. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелердің алдын ала тізіліміне енгізу үшін сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді іріктеу сауда сессиясы жабылғаннан кейін операциялық сессияның алдындағы тәуліктің 11-50 сағатынан (Астана уақыты бойынша) кейін электрондық сауда жүйесінде жүргізіледі.
Тармақ 65
65. Ең алдымен, осы энергия торабындағы энергия өндіруші ұйымның ең төменгі ұсынылған бағасымен сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімнен бастап, әрбір энергия торабы бойынша электр энергиясын сатудың ең төменгі рұқсат етілген көлемін жабу үшін сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді іріктеу жүргізіледі.
Тармақ 66
66. Әрбір энергия торабында орналасқан энергия өндіруші ұйымдар әрбір энергия торабы бойынша электр энергиясын сатудың ең төменгі жол берілетін көлемін жапқаннан кейін, станциялар жұмысының техникалық параметрлерін және энергия өндіруші ұйымдардың әрбір энергия торабы бойынша электр энергиясын сатудың ең жоғары міндетті көлемін ескере отырып, электр энергиясын тұтынудың қалған көлемін жабу үшін сауда сессиясына қатысуға өтінімнің жалпы сараланған графигінен бастап, ең төмен бағамен сауда сессиясына қатысуға өтінімнен бастап, ҚР БЭЖ-нің әрбір аймағы бойынша сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға қалған өтінімдер электр энергиясын тұтыну көлемі толық қанағаттандырылғанға дейін немесе сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер таусылғанға дейін іріктеу жүргізіледі.
Тармақ 67
67. Егер өтінімдер блоктар (агрегаттар) бойынша және «Итерация» батырмасы іске қосылған жағдайда берілген кезде, белгілі бір сағатқа сұраныс көлемі соңғы блоктың (агрегаттың) минималды сату көлемінен аз болған жағдайларда сауда жүйесі барлық блоктар бойынша көлемді белгілі бір сағатқа бір ЭПО-дан сұраныс көлемі мен минималды сату көлемі арасындағы айырмашылықты толық жабылғанға дейін пропорционалды түрде төмендетеді.
Тармақ 68
68. Егер белгілі бір сағатқа сұраныс көлемі осы станция бойынша жүктемені теру (түсіру) жылдамдығын алдыңғы сағат бойынша бұрын мәлімделген теру жылдамдығынан жоғары (төмен) талап етсе, онда сауда жүйесі осы станция жүктемені теру (түсіру) жылдамдығына сәйкес өндіре алатын максималды көлемді қабылдайды, сауда жүйесі сұраныстың жетіспейтін көлемін сол алгоритм бойынша сараланған тізімде тұрған келесі ЭӨҰ-дан алады.
Тармақ 69
69. Сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді іріктеу процесінде осы Қағидалардың 56-тармағының 11)-12) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдардың талаптары тексеріледі. Егер осы Қағидалардың 56-тармағының 11)-12) тармақшаларында көрсетілген талаптар іріктелген энергия өндіруші ұйым үшін орындалмаса, онда осы энергия өндіруші ұйымның өтінімі баға бойынша келесі энергия өндіруші ұйымның өтінімімен ауыстырылады. Сауда сессиясына қатысуға өтінімдерді іріктеу энергия өндіруші ұйымдардың барлық өтінімдері іріктелгенге дейін немесе электр энергиясының жүйелік операторы мәлімдеген сұраныстың барлық көлемі жабылғанға дейін жалғасады.
Тармақ 70
70. Орталықтандырылған сауда-саттықтың қорытындылары шығарылғаннан және энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелердің алдын ала тізілімі қалыптастырылғаннан кейін орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясының сатылған көлемін электр энергиясын генерация/тұтынудың тәуліктік кестесіне электр энергиясын генерация/тұтынудың тәуліктік кестесіне 12-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) қосу үшін операциялық, ЭЦҚ көмегімен орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметкері қол қойған операциялық тәуліктің алдындағы орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелерін цифрлық нысанда жүйелік операторға келісуге береді. Ақпаратты автоматты режимде беру мүмкіндігі болмаған кезде орталықтандырылған сауда нарығының операторы жоғарыда көрсетілген ақпаратты цифрлық түрде жүйелік оператордың электрондық поштасына жібереді.
Тармақ 71
71. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы мынадай:
Тармақша 1
1) техникалық сараптама жүргізу кезінде жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша электр энергиясын сату көлемін электр энергиясын өндірудің/тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізбеу;
Тармақша 2
2) электр энергиясын сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімнің болмау;
Тармақша 3
3) әрбір энергия торабы бойынша электр энергиясын сатудың ең аз және ең жоғары рұқсат етілген көлемі туралы жүйелік оператордан ақпараттың болмау;
Тармақша 4
4) жүйелік оператор ұсынатын ҚР БЭЖ тұтыну шамасының болмау жағдайларында өтпеді деп жарияланады.
Тармақ 72
72. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықтың алдын ала нәтижелері туралы хабарламаларды орталықтандырылған сауда нарығының операторы тек жүйелік операторға және бірыңғай сатып алушыға жібереді, ал сауда-саттыққа қатысушылар үшін алдын ала нәтижелерді сауда-саттық сессиялары аяқталғаннан кейін көруге қолжетімді болады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қорытынды шығару
3-параграф. Қорытынды шығару
Тармақ 73
73. Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша электр энергиясын жеткізуді/тұтынуды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен орталықтандырылған сауда-саттықта жасалатын мәмілелер негізінде сауда-саттыққа қатысушылар жүзеге асырады.
Тармақ 74
74. Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары жүйелік оператормен операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 16-00 сағатына дейін (Астана уақыты бойынша) келісуге жатады және олар өткізілген жағдайда электр энергиясын генерация/тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізіледі.
Тармақ 75
75. Жүйелік оператор тарапынан шектеулер болған кезде сауда-саттық қорытындылары жүйелік оператор көрсеткен шектеулер шамасына азайтылады, бұл ретте бағалар қайта есептелмейді.
Тармақ 76
76. Орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді орындау жүйелік оператор электр энергиясын генерация/тұтынудың тәуліктік кестесіне электр энергиясының сатып алынған/сатылған көлемін қосқаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 77
77. Электр энергиясын генерация/тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын жеткізу/тұтыну көлемдерінің барлығын орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар сатып алған/сатқан ретінде белгілейді және түзетуге жатпайды. Бұл ретте нарық операторының электр энергиясының осы көлемдерін орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алуды/сатуды тіркеуі электр энергиясын сатушылар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы арасында, цифрлық майнерлер мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушылар арасында орталықтандырылған сауда-саттық бағалары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату мәмілелерін жасасу болып есептеледі. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімін және энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында жасалған мәмілелер тізілімін жасайды және бекітеді.
Тармақ 78
78. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы мереке және демалыс күндерін қоспағанда, операциялық күннің алдындағы тәуліктің сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ЭЦҚ немесе электрондық поштаны қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сауда-саттыққа қатысушыларға және бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер туралы мынадай ақпаратты көрсете отырып, өткізілген орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабарлама жібереді: сауда-саттыққа қатысушылар сатып алған/сатқан операциялық тәуліктің әрбір сағатына, электр энергиясының көлеміне мәмілелердің бағасы.
Тармақ 79
79. Сауда-саттыққа қатысушылардың хабарламаларында сатушы орталықтандырылған сауда-саттықта сатылған электр энергиясы үшін оларға тиесілі қаражат сомаларын көрсетеді.
Тармақ 80
80. Сауда-саттыққа қатысушы-сатып алушыларға хабарламалар орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша оларда қалыптасқан міндеттемелер туралы хабарлауға арналған.
Тармақ 81
81. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы есептік кезеңде бір рет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 10-бабының 1-тармағына сәйкес ЭЦҚ қолдана отырып, ЭСҚ арқылы қол қою үшін орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін жазып береді және сауда-саттыққа қатысушыға жібереді.
Тармақ 82
82. Сауда-саттыққа қатысушы алынған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін қарайды және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 10-бабының 1-тармағына сәйкес ЭЦҚ қолдана отырып қол қойылған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ЭҚЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде орталықтандырылған сауда нарығының операторына жібереді.
Тармақ 4. 4-параграф. Орталықтандырылған сауда-саттықтың күшін жою және тоқтата тұру
4-параграф. Орталықтандырылған сауда-саттықтың күшін жою және тоқтата тұру
Тармақ 83
83. Электрондық сауда жүйесінің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін мынадай мән-жайлар туындаған кезде орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу тоқтатылуы немесе тоқтатылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) серверлік жабдықтағы техникалық ақаулар немесе орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің жұмыс істемеуіне әкелген электрондық жүйедегі ақаулар;
Тармақша 2
2) орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесіне қол жеткізу мүмкін кстігіне әкеп соққан интернет желісінің жабдығының немесе байланыс арналарының техникалық ақаулары;
Тармақша 3
3) орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда залын және (немесе) электрондық сауда жүйесінің серверлік жабдығын электрмен жабдықтаудағы ұзақ (2 (екі) сағаттан астам) үзіліс;
Тармақша 4
4) жүйелік оператордың орталықтандырылған сауда нарығы операторын осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдерде орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізу үшін қажетті ақпаратты бермеуі;
Тармақша 5
5) бірыңғай сатып алушының орталықтандырылған сауда нарығы операторын осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдерде орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін қажетті ақпаратты бермеуі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік билік және басқару органдары тарапынан орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуге тыйым салу;
Тармақша 7
7) орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесінің жұмыс істемеуіне немесе орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу мүмкін болмауына әкеп соғатын басқа да стандартты емес жағдайлар.
Тармақ 84
84. Осы Қағидалардың 83-тармағында аталған себептер бойынша орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу мүмкін болмаған кезде орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы сауда-саттыққа қатысушыларды және жүйелік операторды орталықтандырылған сауда-саттықты өткізуді тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім туралы жедел хабардар етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 85
85. Орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді орындау мәселелері бойынша сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1. Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісінің сауда-саттық операторының жұмыс орнының техникалық құралдары мен бағдарламалық компоненттерінің құрамы
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда- саттығын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісінің сауда-саттық операторының жұмыс орнының техникалық құралдары мен бағдарламалық компоненттерінің құрамы Атауы Техникалық сипаттамалары, төмен емес Ескерту Техникалық құралдар Дербес компьютер Процессор: PAE, NX және SSE2 қолдауымен 1 ГГц немесе одан жоғары, 2 ГБ жедел жады, HDD 20 Гб Монитор – 15” Тұрақты интернеттің болуы Бағдарламалық қамтамасыз ету Операциялық жүйе Windows 8 Лицензияланған нұсқа Кеңсе Қосымшаларының жиынтығы MS Office 2013 Лицензияланған нұсқа Интернет шолғыш Microsoft Edge, Mozilla Firefox, Google Chrome, Safari соңғы жаңартулармен Лицензияланған нұсқа Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету параметрлерінің жақсарту жағына қарай кез келген асып кетуіне жол беріледі
Тармақ 2
2. Сауда саттық операторының орталықтандырылған сауда саттыққа қатысушылардың жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз ету компоненттерін сауда саттыққа қатысушы дербес сатып алады.
Тармақ 3
3. Электрондық поштаны және Интернетке шығуды орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар ұйымдастырады.
Басқа 2. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын жасасу ниеті туралы хат
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда- саттығын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Хат нысаны (Кәсіпорынның фирмалық бланкісінде) Басқарма Төрағасы ___________________ мырзаға Электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шартын жасасу ниеті туралы хат Меншік нысаны «Ұйымның атауы» болып табылады ____________(аумағында жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйым, цифрлық майнер, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы) ____________________________________________________ облыстар (елдер). Қызметті жүзеге асыру үшін меншік нысаны «Ұйымның атауы» Сізден шарт жасасуды сұрайды электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу. Меншік нысаны «ұйымның атауы» Электр энергиясының көтерме сауда нарығында кемінде 1 МВт орташа тәуліктік (базалық) қуат көлемінде электр энергиясын жеткізуді/тұтынуды жүзеге асыруға міндеттеме алады. Заңды мекенжайы: ________________________________; Нақты мекенжайы: ________________________________; Басшының (жетекшілік ететін орынбасардың) телефоны; Орындаушының телефоны: ________________________________; E-mail: ________________________________; Банк деректемелері: ________________________________. Меншік нысаны «Ұйымның атауы», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларының 4-тармағында көзделген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу Шартын жасасу үшін құжаттардың барлық қажетті көшірмелерін орталықтандырылған сауда нарығы операторының қызметкерінің электрондық мекенжайға _______________________ қосымша жіберілді. Қосымша:
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2. ... Кәсіпорын басшысы ___________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда). (қолы).