Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов Қолданыста
Басқа 0
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ашық бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық - ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі
2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі
Тармақ 3
3. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодын беруге арналған өтінімді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген өтініш берушіден тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы ақпараттық мониторинг жүйесі берген штрих-коды бар қолхат беріледі, онда өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), өтініштің берілген күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарының берілген күні көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің қызмет көрсетудің жұмыс графигінде белгіленген уақыттан кешіктірмей курьерлік және (немесе) пошта байланысы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жұмыс кестесіне сәйкес (немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
📌 Ескерту. 6-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2026 № 426 бұйрығымен.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
Тармақша 2
2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде бас тартады.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.
Тармақ 9
9. Заңның 23-бабы 2-тармағына сәйкес осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкiмет» операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
📌 Ескерту. 9-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2026 № 426 бұйрығымен.
Тармақ 10
10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
📌 Ескерту. 10-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2026 № 426 бұйрығымен.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
📌 Ескерту. 11-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Қаржы министрінің 23.06.2026 № 426 бұйрығымен.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасағаннан кейін сотқа жүгінеді.
Басқа 1. Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына 1-қосымша
форма
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
___________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысына
____________________________
20___ жылғы «__»___________
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
№
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің атауы
Техникалық сипаттама (Мемлекеттік стандарт, Техникалық шарттар)
1
2
3
4
2
Басшы ________________________________
((Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
______________
(қолы)
Басқа 2
Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары
2
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«Цифрлық үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырады
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
1 (бір) жұмыс күні ішінде
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тарту
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 08.30-ден 18.00-ға дейін
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі
2) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, ҚР Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаларға дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беруге арналған өтінім
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексі 104-бабына сәйкес салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмау;
2) мұнайөнімі түріне берілген ДСН-кодтарының болуы
10
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде)
Басқа 3. Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Дербес сәйкестендіру
нөмірлері-кодтарын
беру қағидаларына
3-қосымша
нысан
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы
Бірінші фасет – мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет – әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет – мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет – өнімінің коды (1 – бензин, 2 – дизельдік отын, 3 – мазут, 4 – авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
бесінші фасет – бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Басқа 3-1. Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары
Фасеттік кодтау
жүйесінің құрылымына
қосымша
Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды
Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің атауы
1
Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер
2
Беларусь Республикасы
3
Қазақстан Республикасы
4
Ресей Федерациясы
5
Қырғыз Республикасы
6
Армения Республикасы
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмірі-коды
Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы
1
2
Ақмола облысы
001
Көкшетау қаласы
002
Ақкөл ауданы
003
Астрахан ауданы
004
Атбасар ауданы
005
Сандықтау ауданы
006
Аршалы ауданы
007
Ерейментау ауданы
008
Егіндікөл ауданы
009
Қорғалжын ауданы
010
Бұланды ауданы
011
Целиноград ауданы
012
Шортанды ауданы
013
Степногор ауданы
014
Жарқайың ауданы
015
Есіл ауданы
016
Жақсы ауданы
017
Зеренді ауданы
018
Бурабай ауданы
019
Еңбекшілдер ауданы*
020
Бурабай АЭА*
Ақтөбе облысы
021
Ақтөбе қаласы*
022
Алға ауданы
023
Байғанин ауданы
024
Әйтеке би ауданы
025
Ырғыз ауданы
026
Қарғалы ауданы
027
Мәртөк ауданы
028
Мұғалжар ауданы
029
Темір ауданы
030
Ойыл ауданы
031
Қобда ауданы
032
Хромтау ауданы
033
Шалқар ауданы
Алматы облысы
034
Талдықорған қаласы*
035
Балқаш ауданы
036
Жамбыл ауданы
037
Іле ауданы
038
Қарасай ауданы
039
Райымбек ауданы
040
Талғар ауданы
041
Ұйғыр ауданы
042
Еңбекшіқазақ ауданы
043
Қапшағай қаласы
044
Ақсу ауданы*
045
Алакөл ауданы*
046
Қаратал ауданы*
047
Кербұлақ ауданы*
048
Көксу ауданы*
049
Панфилов ауданы*
050
Сарқан ауданы*
051
Ескелді ауданы*
052
Текелі қаласы*
Атырау облысы
053
Атырау қаласы
054
Құрманғазы ауданы
055
Индер ауданы
056
Исатай ауданы
057
Қызылқоға ауданы
058
Мақат ауданы
059
Махамбет ауданы
060
Жылыой ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
061
Өскемен қаласы
062
Катонқарағай ауданы
063
Глубоков ауданы
064
Зайсан ауданы
065
Күршім ауданы*
066
Тарбағатай ауданы
067
Ұлан ауданы
068
Шемонаиха ауданы
069
Зырянов ауданы*
070
Риддер қаласы
071
Абай ауданы*
072
Аякөз ауданы*
073
Бесқарағай ауданы*
074
Бородулиха ауданы*
075
Жарма ауданы*
076
Көкпекті ауданы*
077
Курчатов қаласы*
078
Үржар ауданы*
079
Семей қаласы*
Жамбыл облысы
080
Тараз қаласы
081
Жамбыл ауданы
082
Жуалы ауданы
83
Қордай ауданы
084
Тұрар Рысқұлов ауданы
085
Мерке ауданы
086
Мойынқұм ауданы
087
Сарысу ауданы
088
Байзақ ауданы
089
Талас ауданы
090
Шу ауданы
Батыс Қазақстан облысы
091
Орал қаласы
092
Бөрлі ауданы
093
Жәнібек ауданы
094
Жаңақала ауданы
95
Зеленов ауданы*
096
Қазталов ауданы
097
Қаратөбе ауданы
098
Сырым ауданы
099
Тасқала ауданы
100
Теректі ауданы
101
Бөкей ордасы ауданы
102
Ақжайық ауданы
103
Шыңғырлау ауданы
Қарағанды облысы
104
Қарағанды қаласы*
105
Абай ауданы
106
Қарқаралы аданы
107
Нұра ауданы
108
Осакаров ауданы
109
Саран қаласы
110
Теміртау қаласы
111
Бұхар жырау ауданы
112
Шахтинск қаласы
113
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
114
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
115
Ақтоғай ауданы
116
Жаңаарқа ауданы*
117
Ұлытау ауданы*
118
Шет ауданы
119
Балқаш қаласы
120
Жезқазған қаласы*
121
Приозерск қаласы
122
Қаражал қаласы*
123
Сатпаев қаласы*
Қызылорда облысы
124
Қызылорда қаласы
125
Арал ауданы
126
Қазалы ауданы
127
Қармақшы ауданы
128
Жалағаш ауданы
129
Сырдария ауданы
130
Шиелі ауданы
131
Жаңақорған ауданы
Қостанай облысы
132
Қостанай қаласы
133
Алтынсарин ауданы
134
Меңдіқара ауданы
135
Жітіқара ауданы
136
Қамысты ауданы
137
Қарасу ауданы
138
Қарабалық ауданы
139
Қостанай ауданы
140
Ұзынкөл ауданы
141
Наурызым ауданы
142
Денисов ауданы
143
Әулиекөл ауданы
144
Таран ауданы
145
Сарыкөл ауданы
146
Федоров ауданы
147
Лисаковск қаласы
148
Рудный қаласы
149
Амангелді ауданы
150
Жангелді ауданы
151
Арқалық қаласы
Маңғыстау облысы
152
Мұнайлы ауданы
153
Бейнеу ауданы
154
Қарақия ауданы
155
Маңғыстау ауданы
156
Түпқараған ауданы
157
Жаңаөзен қаласы
158
Ақтау теңіз порты
Павлодар облысы
159
Павлодар қаласы
160
Ақтоғай ауданы
161
Баянауыл ауданы
162
Железин ауданы
63
Ертіс ауданы
164
Қашыр ауданы*
165
Лебяжі ауданы*
166
Май ауданы
167
Павлодар ауданы
168
Успен ауданы
169
Шарбақты ауданы
170
Ақсу қаласы
171
Екібастұз қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
172
Қызылжар ауданы
173
М. Жұмабаев ауданы
174
Жамбыл ауданы
175
Есіл ауданы
176
Мамлют ауданы
177
Шал ақын ауданы
178
Аққайың ауданы
179
Тимирязев ауданы
180
Айыртау ауданы
181
Ақжар ауданы
182
Тайынша ауданы
183
Уәлиханов ауданы
184
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Оңтүстік Қазақстан облысы*
185
Шымкент қаласы
186
Бәйдібек ауданы
187
Оpдабасы ауданы
188
Отыpаp ауданы
189
Қазығұpт ауданы
190
Төлеби ауданы
191
Мақтааpал ауданы
192
Сайрам ауданы
193
Саpыағаш ауданы
194
Созақ ауданы
195
Түлкібас ауданы
196
Шаpдаpа ауданы
197
Аpыс қаласы
18
Кентау қаласы
199
Түpкістан қаласы
200
Әл-Фараби ауданы
201
Абай ауданы
202
Еңбекші ауданы
Алматы қаласы
203
Алматы қаласы
204
Әуезов ауданы
205
Бостандық ауданы
206
Жетісу ауданы
207
Түрксіб ауданы
208
Алмалы ауданы
209
Медеу ауданы
210
Алатауауданы
Астана қаласы*
211
Астана қаласы
212
Алматы ауданы
213
Сарыарқа ауданы
214
Есіл ауданы
215
«Астана-жаңа қала» АЭА
Солтүстік Қазақстан облысы
216
Петропавловск қаласы
Маңғыстау облысы
217
Ақтау қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы*
218
АЭАОңтүстік
219
Қаратау ауданы
Алматы қаласы
220
Наурызбай ауданы
Түркістан облысы
221
Кентау қаласы
222
Түркестан қаласы
223
Бәйдібек ауданы
224
Ордабасы ауданы
225
Мақтаарал ауданы
226
Жетысай ауданы
227
Отырар ауданы
228
Қазығұрт ауданы
229
Төлеби ауданы
230
Сайрам ауданы
231
Сарыағаш ауданы
232
Келес ауданы
233
Созақ ауданы
234
Түлкібас ауданы
235
Шардара ауданы
Шымкент қаласы
236
Шымкент қаласы*
237
Абай ауданы
238
Әл-Фараби ауданы
239
Еңбекші ауданы
240
Оңтүстік
241
Қаратау ауданы
Ақмола облысы
242
Біржан сал ауданы
Алматы облысы
243
Кеген ауданы
Павлодар облысы
244
Тереңкөл ауданы
245
Аққулы ауданы
Астана қаласы*
246
Байқоныр ауданы
Алматы қаласы
247
Ақпараттық технологиялар паркі
Астана қаласы
248
Астана қаласы
249
Алматы ауданы
250
Сарыарқа ауданы
251
Есіл ауданы
252
«Астана-жаңа қала» АЭА
253
Байқоныр ауданы
Ақтөбе облысы
254
Астана ауданы
255
Алматы ауданы
Батыс Қазақстан облысы
256
Бәйтерек ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
257
Алтай ауданы - Алтай қаласы
Қостанай облысы
258
Тобыл қаласы
259
Бейімбет Майлин атындағы аудан
Түркістан обласы
260
Арыс қаласы
261
Сауран ауданы
Акмола обласы
262
Қосшы қаласы
Шығыс Қазақстан облысы
263
Өскемен қаласы
264
Катонқарағай ауданы
265
Глубоков ауданы
266
Зайсан ауданы
267
Күршім ауданы
268
Тарбағатай ауданы
269
Ұлан ауданы
270
Шемонаиха ауданы
271
Алтай ауданы
272
Риддер қаласы
273
Самар ауданы
Абай облысы
274
Ақсуат ауданы
275
Абай ауданы
276
Аякөз ауданы
277
Бесқарағай ауданы
278
Бородулиха ауданы
279
Жарма ауданы
280
Көкпекті ауданы
281
Курчатов қаласы
282
Үржар ауданы
283
Семей қаласы
Алматы облысы
284
Балқаш ауданы
285
Жамбыл ауданы
286
Іле ауданы
287
Қарасай ауданы
288
Райымбек ауданы
289
Талғар ауданы
290
Ұйғыр ауданы
291
Еңбекшіқазақ ауданы
292
Қонаев қаласы
Жетісу облысы
293
Талдықорған қаласы
294
Ақсу ауданы
295
Алакөл ауданы
296
Қаратал ауданы
297
Кербұлақ ауданы
298
Көксу ауданы
299
Панфилов ауданы
300
Сарқан ауданы
301
Ескелді ауданы
302
Текелі қаласы
Қарағанды облысы
303
Қарағанды қаласы
304
Абай ауданы
305
Қарқаралы ауданы
306
Нұра ауданы
307
Осакаров ауданы
308
Саран қаласы
309
Теміртау қаласы
310
Бұхар жырау ауданы
311
Шахтинск қаласы
312
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
313
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
314
Ақтоғай ауданы
315
Балқаш қаласы
316
Приозерск қаласы
317
Шет ауданы
Ұлытау облысы
318
Жезқазған қаласы
319
Ұлытау ауданы
320
Қаражал қаласы
321
Сатпаев қаласы
322
Жаңаарқа ауданы
Шымкент қаласы
323
Тұран ауданы
Ескертпе: * салықтық бақылау жүргізу шеңберінде пайдаланады.