Об утверждении предельных тарифов на электрическую энергию для группы энергопроизводящих организаций Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қантарына дейін күшке ие.
Басқа 0. Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер теңге/кВтсағ Тобы Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер 2016 2017 2018 1-топ 8,8 8,8 8,8 2-топ 8,7 9,47 9,47 3-топ 7,5 7,5 7,5 4-топ 6 6 6 5-топ 8,05 8,05 8,05 6-топ 8,3 8,3 8,3 7-топ 7,3 7,3 7,3 8-топ 7,5 7,5 7,5 9-топ 7,6 7,6 7,6 10-топ 8,6 8,6 8,6 11-топ 13,63 14,18 14,18 12-топ 12,68 12,68 12,68 13-топ 4,5 4,5 4,5 14-топ 10,64 10,64 10,64 15-топ 8,3 10,64 11,13 16-топ 13,48 13,48 13,48 17-топ - 14,68 14,68