О проведении лагерных (учебно-полевых) сборов с юношами призывного возраста Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шақыру жасындағы жас жігіттердің лагерлік (оқу-далалық) жиындарын өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Бастапқы әскери даярлық туралы" 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1340 қаулысын орындау негiзiнде ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан оқу орындары мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындықтан өткен жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, лицейлер, колледждер жас жiгiттерiнiң лагерлiк жиындарын 2001 жылдың 23 сәуiрiнен 25 мамырына дейiн ұйымдастырып өткiзсiн (оқу-далалық жиындар бағдарламасына сәйкес);
Тармақша 2
2) жиын өткiзу үшiн қорғаныс-спорт, сауықтыру лагерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әскери-техникалық мектептерiнiң және әскери бөлiмдердiң оқу-материалдық базасын пайдалансын, ал ол болмаған жағдайда лагерь жиындары оқу орындары немесе оқу пункттерi жанында "Шақырылушылар күнi" ретiнде өткiзсiн;
Тармақша 3
3) 2001 жылғы сәуiрден мамырға дейiнгi кезеңдегi 10 күндiк оқу-далалық жиындар әдiсiмен бастапқы әскери даярлықтан өтпеген шақыру жасындағы жас жiгiттердiң бастапқы әскери даярлығы жөнiнде сабақтар өткiзудi ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық әскери комиссариат (Мұқатаев):
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарда қорғаныс-спорт және сауықтыру лагерлерi әкiмшiлiктерiмен және жиындарды ұйымдастыру және өткiзу мәселесi жөнiндегi бастапқы әскери дайындық мұғалiмдерiмен нұсқау-әдiстемелiк сабақтар өткiзсiн;
Тармақша 2
2) сабақ өткiзу және ату құралдарын үйрету, сондай-ақ тактикалық және сапта жүру дайындығы дағдыларын үйрету кездерiнде жасөспiрiмдердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңiл бөлсiн;
Тармақша 3
3) оқу-далалық жиындар мен оқу пункттерiнде бастапқы әскери дайындық жөнiнде оқу-әдiстемелiк нұсқаулықты жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) оқу-далалық жиындарды ойдағыдай өткiзуге көмек көрсету мақсатында әскери-техникалық мектептер мен әскери бөлiмдер командирлерiнiң байланысын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық бiлiм басқармасы (Қатаев):
Тармақша 1
1) жиындарға орта мектептердiң 11-сыныбы мен кәсiптiк-техникалық мектептердi, лицей және колледждердi бiтiрушi жас жiгiттердiң түгел қамтылуын қамтамасыз ететiн болсын;
Тармақша 2
2) оқу-процесiнiң, әскери-патриоттық, мәдени-бұқаралық және спорт шараларының сапалы жүргiзiлуiн ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) жиындар өтетiн жерлерде оқушылар арасында жұқпалы аурулардың таралуын, балалардың басқа да ауруларын болдырмау үшiн дәрiгерлiк шаралардың жүргiзiлуiн және дәрiгер қызметкерлерiнiң ұдайы кезекшiлiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) оқу-далалық жиындар өткiзiлетiн жерлерде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаев, Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар басшылары 2001 жылдың 31 мамырында лагерлiк (оқу-далалық) жиындардың өткiзiлу қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.
Тармақ 7
7. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi, облыстық бiлiм басқармасы, облыстық әскери комиссариат жастардың бастапқы әскери дайындығы туралы Ереженiң талаптарына сәйкес шақыруға дейiнгi және шақыру жасындағы жастарды әскери қызметке сапалы даярлау мақсатында 2001 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесi жөнiндегi оқу-материалдық базаның толық кешенiн қалпына келтiрсiн.
Тармақ 8
8. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.