О некоторых вопросах Центра развития государственно-частного партнерства Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам):
Тармақша 1
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;
Тармақша 2
2) бизнес-жоспарлар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаматтамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қоғам жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына сараптама жүргізу;
Тармақша 3
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;
Тармақша 6
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқыту;
Тармақша 7
7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.
Тармақ 3
3. «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 14
«14) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер;».
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.