О комиссии по устройству амнистированных лиц Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рақымшылық жасалған адамдарды орналастыру жөніндегі комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004 № 33 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларацияның қабылдануының он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн және рақымшылық жасалған адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1. Комиссия мүшелерi:
1. Төмендегiдей құрамда комиссия құрылсын: Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Комиссия мүшелерi: Ишанғали Иманбайұлы Әубәкiров - Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ердан Советұлы Қатаев - облыстық бiлiм басқармасының бастығы Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы Гүлсара Қапанқызы Шоқалова - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және қоғамдық-саяси даму бөлiмiнiң бас маманы
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков), Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) рақымшылық жасалған адамдарды дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi және туберкулезбен, маскүнемдiкпен, нашақорлықпен ауыратындарды анықтау жөнiнде келiсiлген iс-әрекеттердi орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (Мырзахметов) туған-туыстары мен жақын-жуықтары жоқ қартайған адамдарды қарттар мен мүгедектерге арналған арнаулы үй-интернаттарға орналастыруды жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Орал қаласының әкiмдерi: - рақымшылық жасалған адамдарды қоғамдық жұмыстарды орындауға тартуды ұйымдастырсын; - босатылған кәмелетке толмағандардың еңбекке және тұрмыстық орналасуына жәрдемдесудi, оларды оқуға жiберудi кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияға тапсырсын.
Тармақ 5
5. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.