Об утверждении Правил рыболовства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық аулау қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық аулау қағидалары «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, бақылау үшін аулауды, мелиорациялық аулауды, сондай-ақ өсімді молайту мақсатында аулауды ұйымдастыруы мен жүргізуі тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалардың 8-тармағының, 9-тармағының 1), 3), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының, 10-тармағының 2), 3), 4), 6), 12), 18) және 19) тармақшаларының, 3-тарауының күші «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су айдындарында балық аулау «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тармақ 4
4. Осы Балық аулау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аншлаг –өсімді молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің атауы мен шекараларын, сондай-ақ аңшылыққа және балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарды көрсететін маңдайша жазу;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
Тармақша 5
5) балық аулаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын алған жеке тұлға;
Тармақша 5-1
5-1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – жеке және заңды тұлғаларға балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға, сондай-ақ ауланған балықтар мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде балық аулау олжаларын әкетуге және өткізуге құқық беретін, белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 6
6) балықтардың көбею кезеңі – белгілі бір балық түрінің уылдырық шашатын уақыт кезеңі;
Тармақша 7
7) балықтың кәсіпшілік мөлшері – тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенетін (аузы жабық кезде) аулауға жол берілетін балық өлшемі;
Тармақша 8
8) балықтардың қырылуы – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының су айдынының және (немесе) учаскесінің гидрохимиялық және өзге де режимінің бұзылуынан туындаған жаппай қырылуы;
Тармақша 9
9) балықтың қырылу қаупі бар су айдыны және (немесе) учаскесі – балық шаруашылығының балық әлсін-әлсін қырылуға ұшырайтын су айдыны және (немесе) учаскесі;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;
Тармақша 12
12) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
Тармақша 12-1
12-1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 13
13) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
Тармақша 14
14) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қоры – жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітіліп берілмеген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері;
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 14.10.2025 № 372 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақша 17
17) жануарлар дүниесін пайдаланушылар – Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 18
18) ихтиологиялық байқаулар – балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;
Тармақша 19
19) кездейсоқ ауланым – рұқсаттарда көрсетілмеген балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің дара нұсқалары және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кішірек балық түсетін ауланымның бір бөлігі;
Тармақша 20
Тармақша 21
21) қыстау шұңқыры – қысқы кезеңде балықтардың су айдыны түбінің шұңқырларында жаппай жинақталатын орны;
Тармақша 22
22) рекреациалық балық аулау аймағы – Заңның 10-бабы 2-тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен айқындайтын балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің және оған іргелес жағалау белдеуінің учаскесі;
Тармақша 23
Тармақша 24
24) уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықты шашу процесі және оның кейіннен ұрықтануы;
Тармақша 25
Тармақша 26
Тарау 2. 2-тарау. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 5
5. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртібінде жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануға мекендеу ортасынан алмай жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерін пайдалану жатады. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын жалпы пайдалану ақысыз, ал арнайы пайдалану «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 582-бабына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) кәсіпшілік балық аулау;
Тармақша 2
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу үшін аулау;
Тармақша 4
4) бақылау үшін аулау;
Тармақша 5
5) мелиорациялық аулау;
Тармақша 6
6) өсімін молайту мақсатында аулау;
Тармақша 7
Тармақ 7
7. Балық аулау қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) кіргізілген балық аулау құралдарымен, тәсілдермен және әдістермен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10266 тіркелген) «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Балық ресурстары және басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Кәсіпшілік мөлшер деп көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің соңына дейін өлшенетін аулауға жол берілетін шаяндардың өлшемі. Рұқсаттарда көрсетілмеген балық түрлері мен басқа да су жануарларының және (немесе) белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балықтардың кездейсоқ ауланымы ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайызынан және сүзгіш аулау құралдарында ауланғанның бес пайызынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады. Кездейсоқ ауланым рұқсат етілген көлемнен асып кеткен жағдайда, барлық ауланым зақымдануды барынша азайта отырып, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-89) тармақшасына сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналына (кәсіпшілік журналына) (бұдан әрі – кәсіпшілік журнал) тиісті жазба енгізіле отырып, табиғи мекендеу ортасына жіберіледі. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды күтіп-бағуға азық үшін пайдалана алады. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлері бар иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуі тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтар табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі. Бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтарының кездейсоқ аулану фактілері кәсіпшілік журналында немесе рұқсатта немесе жолдамада тіркеледі және мемлекеттік инспектордың жою туралы тиісті акті (еркін нысанда) жасауы арқылы жойылуға жатады. Шаяндарды аулау кәсіпшілік емес мөлшерлердегі шаяндарды алмай жүзеге асырылады. Кәсіпшілік емес мөлшердегі шаяндар балық аулау құралдарына түскен жағдайда табиғи мекендеу ортасына жіберілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Заңның 39-бабының 5-тармағына сәйкес мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың, шлюздер мен көпірлердің жанында, көлдерді өзара және негізгі өзенмен жалғастыратын тармақтарда, мелиорациялық жүйелердің жеткізу арналары мен бұрмаларда, өзендер мен арналардың сағаларысу айдынының құятын тұсынан екі жағындағы 500 метр қашықтықта және су айдынының 500 метрден ішкі қашықтықта, сондай-ақ өзен немесе арнаның ағысымен жоғары қарай 1500 метр қашықтықтағы аралығында;
Тармақша 2
2) осы Балық аулау қағидаларында қолданылуы көзделмеген аулау құралдарымен;
Тармақша 3
3) қыс мезгілінде балықтар қыстайтын шұңқырларда, уылдырық шашу кезінде уылдырық шашатын жерлерде және өзге де учаскелерде тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде және орындарда;
Тармақша 4
4) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелмеген және тіркеу нөмірлерімен белгіленбеген қалқымалы құралдармен;
Тармақша 5
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес балық аулау құралдарының ұйымдық атауы мен параметрлерін көрсете отырып, биркасы жоқ кәсіпшілік балық аулау құралдарымен;
Тармақша 6
6) бекіре тұқымдас балықтарды теңізде және өзендерде аулауға арналған жиналмалы аулау құралдарымен;
Тармақша 7
7) алкогольден немесе есірткіден масаң күйде немесе өзге де типтегі уланған күйде;
Тармақша 8
8) осы Балық аулау қағидаларымен, шектеулермен және тыйымдармен жол берілмейтін тәсілдермен;
Тармақша 9
9) аулау құралдарымен өзеннің немесе өзен тармағы енінің үштен екісінен астамын қамтып;
Тармақша 10
10) құрмалы аулау құралдарын шахматтық тәртіппен, вентерлер мен секреттерді өзендер мен бастаулардың, құятын каналдардың сағасынан бес жүз метр радиуста орнатып;
Тармақша 11
11) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру кезінде су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлардың, шлюздер мен көпірлерден бес жүз метрден жақын қашықтықта;
Тармақша 12
12) тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде уәкілетті орган белгілейтін орындарда және мерзімдерде балық ресурстары және басқа да су жануарлары көбейетін кезеңде олардың шоғырланатын орындарда және көші-қон жолдарында;
Тармақша 13
13) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолданып;
Тармақша 14
14) уәкілетті органның рұқсатынсыз балық аулауға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдар түрлерінің және балық аулау тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдана отырып балық аулауға жол берілмейді.
Тармақ 9-1
9-1. Аулау құралына жапсырманың нысаны осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 10
10. Заңның 14-бабының 3-тармағы мен 39-бабының 4-тармағына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында:
Тармақша 1
1) өсiмдiктердi жоюға және балық ресурстары және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
Тармақша 2
2) балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын белгіленген орындарда катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының қозғалтқыштарын iске қосып жүзуге;
Тармақша 3
3) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар жаппай мекендейтін аумақтардың үстiнен бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
Тармақша 4
4) балық ресурстары және басқа да су жануарларының мекендеу ортасын, сiлтеме белгiлердi, балық шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылысжайларды жоюға;
Тармақша 5
5) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алып қоюға;
Тармақша 6
6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын белгіленген лимиттен артық және рұқсатта немесе жолдамаларда көрсетілген мерзімдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде олжалауға;
Тармақша 7
7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын осы Қағидаларда көзделмеген оларды олжалау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып олжалауға;
Тармақша 8
8) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;
Тармақша 9
9) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге;
Тармақша 10
10) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге;
Тармақша 11
11) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға;
Тармақша 12
12) елдi мекендердiң, балық қабылдау пункттерiнiң жанына бакендер орнату үшiн аялдауды және аса қажет жағдайды қоспағанда, балық аулауға тыйым салынған жерлерде су көлiгiнiң тоқтауына;
Тармақша 13
13) әр түрлi аулау құралдарының түрін бiр балық шаруашылығы су айдындарынан және (немесе) учаскелерiнен басқаларына арнайы өңдеусiз алып баруға;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) су айдындарында немесе оған тiкелей жақын жерде қолдану осы Қағидаларда көзделмеген балық аулау құралдарымен болуға;
Тармақша 16
16) Осы Қағидалардың 8-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, балықтарды ноқталарында сақтауға, жүзу құралдарынан және балық аулау құралдарынан шыққан өлi және ауру балықты суға және жағалау белдеуiне лақтырып тастауға;
Тармақша 17
17) осы Қағидаларда белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;
Тармақша 18
18) жеке және заңды тұлғаларға балықтың түрін көрсетпей тапсыруды және қабылдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 19
19) екі және одан да көп аумен (құлыптаудағы) сүзуді бір мезгілде жүргізуге, сондай-ақ алдыңғы ауды жағалауға толық лақтырғанға дейін ауды сүзуді бастауға;
Тармақша 20
20) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі –аумақтық бөлімше) келісімінсіз балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған орындарда балық аулау үшін тыйым салынған кезеңге қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің қозғалысы;
Тармақша 21
21) санитариялық қорғау аймақтары мен акваториялар шегінде жеке және заңды тұлғалардың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын рұқсатсыз және осы Қағидаларда көзделген құжаттарды рәсімдеусіз сатып алу және өткізу.
Тарау 3. 3-тарау. Кәсіпшілік балық аулау тәртібі
3-тарау. Кәсіпшілік балық аулау тәртібі
Тармақ 11
11. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін және (немесе) су айдынының (кәсіпшілік аулау құралдарымен) бір бөлігін қамтитын, бөліп тұратын аулау құралдарымен мекендеу ортасынан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюды қамтамасыз ететін кешенді процесс.
Тармақ 12
12. Заңның 34-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау жағалауда және теңізде аулау арқылы жүзеге асырылады. Жағалауда аулау бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, ұйықтарда (ұйықтық учаскелерінде) жүзеге асырылады. Теңізде аулау бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы орган белгілейтін рекреациялық балық аулау аймақтарында кәсіпшілік балық аулауға жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалар мыналар болған кезде балық аулауға құқылы болады:
Тармақша 1
1) рұқсаттар;
Тармақша 2
2) аумақтық бөлімшемен жасалған балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттар.
Тармақ 15
15. Кеме капитаны, бригадир, звеньевой немесе кәсіпшілік балық аулау кезіндегі жауапты тұлға, кеменің бортында, сонымен қоса балық кәсіпшілік учаскесінде: рұқсатты; балық шаруашылығы субъектісі немесе жануарлар дүниесін пайдаланушы қолымен бекітілген және аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылған, тігілген және нөмірленген кәсіпшілік журналды өздерімен бірге алып жүреді.
Тармақ 16
16. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын адамдар әрбір аулауды аумақтық бөлімшелер белгілейтін балық қабылдау пунктінде кәсіпшілік журналына тіркейді. Кәсіпшілік журналы тігіледі және нөмірленеді, балық шаруашылығы субъектісінің немесе жануарлар дүниесі пайдаланушысының қолымен бекітіледі және аумақтық бөлімшенің мөрімен куәландырылады.
Тармақ 17
17. (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген тәртіппен және мерзімде, аумақтық бөлімшеге балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер жануарлар дүниесiн пайдаланушымен беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі
4-тарау. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау тәртібі
Тармақ 18
18. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Тармақ 19
19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау әртүрлі жабдықтармен (жылтырауық, мормышка, воблер, мушка және басқа да еліктіргіштер) қамтылған қармақсаптардың барлық түрлерімен, сондай-ақ, лақтырма қармақтармен және жерлицалармен жүргізіледі. Балық аулау кезінде сүзекі тек көмекші құрылғы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Шаян аулағыштардың саны бір балық аулаушыға үш данадан аспауы тиіс. Су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар рекреациялық балық аулауға арналған және халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде жануарлар дүниесін пайдаланушы белгілеген орындарда пайдалануға рұқсат етіледі.
Тармақ 20
20. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге:
Тармақша 1
1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);
Тармақша 2
2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);
Тармақша 3
3) жеке басты куәландыратын құжат болады.
Тарау 5. 5-тарау. Ғылыми-зерттеу үшін аулау тәртібі
5-тарау. Ғылыми-зерттеу үшін аулау тәртібі
Тармақ 23
23. Ғылыми-зерттеу үшін аулау – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.
Тармақ 24
24. Заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарларды алып қою лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулау аулауға жол беріледі.
Тармақ 25
25. Ғылыми-зерттеу үшін аулау кәсіпшілік журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары көрсетіле отырып белгіленеді. Кәсіпшілік журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат та көрсетіледі.
Тармақ 26
Тармақ 27
27. Ғылыми-зерттеу үшін аулау жергілікті атқарушы органмен немесе ведомствомен берілген рұқсат негізінде рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жылдың кез келген уақытында жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50-миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе өзге де полиамидті моножіптен және өзге де синтетикалық моножіптен машиналық тәсілмен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді аудан басқа, тыйым салынған аулау құралдарымен ғылыми-зерттеу үшін аулау аумақтық бөлімше өкілінің қатысуымен және жүргізілген аулау нәтижелері көрсетілген жеке акт (еркін нысанда) толтырылған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ғылыми-зерттеу үшін аулау осы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітілген берілген жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Ғылыми-зерттеу үшін аулау шеңберінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын ғылыми ұйымнан өзге жеке немесе заңды тұлғаларға бepуіне жол берілмейді.
Тармақ 31
31. Ғылыми-зерттеу ұйымының ғылыми квотаны пайдалануы туралы ақпарат ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүргізуге байланысты барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғылыми-зерттеу үшін аулауға рұқсат алған жерге беріледі.
Тарау 6. 6-тарау. Бақылау үшін аулау тәртібі
6-тарау. Бақылау үшін аулау тәртібі
Тармақ 32
32. Бақылау үшін аулау – балық ресурстарын және басқа су жануарларын ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, шабақтардың өнімділігін, су айдындарындағы балық өнімділігін айқындау мақсатында аулау.
Тармақ 32-1
32-1. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын учаскелерде бақылау үшін аулау аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеде көрсетілген өсірілетін балықтардың көлемін және түрлік құрамын айқындау үшін жүзеге асырылады. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметі үшін пайдаланылатын учаскелерде бақылау үшін аулау алынбайтын тәсілмен (кейіннен ауланған балықтарды қайтадан су айдынына жібере отырып) жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Бақылау үшін аулауды аумақтық бөлімше мынадай мақсаттарда ихтиологиялық байқаулар жүргізу кезінде рұқсатсыз жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде су айдындарына балық жіберу жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік үшін ауланған балықтардың түрлік және мөлшерлік құрамы, салмағы, жасы және жыныстық арақатынасы туралы биологиялық материал жинау;
Тармақша 3
3) негізгі құнды балық түрлерінің уылдырық шашу үшін қоныс аударуын және уылдырық шашуын, қоныс аудару мерзімдерін, уылдырық шашатын балық үйірлерінің құрамын, уылдырық шашатын жерлерді тұқымдық балықтармен толтыру дәрежесін, уылдырық шашу мерзімдері мен сипатын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына түсетін кәсіпшілік жүктемені сипаттайтын материалдарды жинау, балықтар құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстайтын шұңқырларды анықтау, уылдырық шашатын балық үйірлерінің құрамын және санын жалпы бағалау;
Тармақша 4
4) шабақтарды азықтандыратын негізгі аудандарды есепке алу, кәсіпшілік аудандары бойынша кәсіпшілік аулау құралдарымен кездейсоқ ауланымдар туралы материалдар жинау;
Тармақша 5
5) балықтардың негізгі бағалы түрлерінің қыстау жағдайлары мен барысын,олардың қыстауға жату мерзімдерін, қыстайтын шұңқырларды толтыру дәрежесін, қыстайтын шұңқырлардағы температуралық және гидрохимиялық режимдерді, қатып қалу қаупі бар су айдындарын (учаскелерін) есепке алуды, қатудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді бақылау;
Тармақша 6
6) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қырылу жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау және оны өтеу жөнінде талап қою;
Тармақша 8
8) балық аулау режимін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 9
9) балық шаруашылығы су айдындарында және(немесе) учаскелерінде белгіленген кәсіпорындар, құрылысжайлар, басқа да объектілер салу мен пайдалану және түрлі жұмыстарды жүргізудің балық ресурстарына және басқа да су жануарларына әсерін бағалау;
Тармақша 10
10) гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты уылдырық шашу кезеңінде тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу, балық құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды ұйымдастыру және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 11
11) қатып қалу қаупі бар су айдындарын есепке алу және қатудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, су жинау, ағызу құрылысжайларын қарау және балық қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау.
Тармақ 34
34. Бақылау үшін аулау жұмыс жоспарына, аумақтық бөлімшесінің басшысы бақылау үшін аулауды жүргізу кестесіне сәйкес, ведомствомен келіскеннен кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Бақылау үшін аулау тыйым салынған аумақтар мен тыйым салынған кезеңдерді қоса алғанда, кез келген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген шаруашылығы субъектісіне бақылау үшін аулау жүргізілетін жер мен уақыт хабарланғаннан кейін жануарлар дүниесін пайдаланушы ұсынатын сервитут шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Әрбір бақылау үшін аулау нәтижелері актімен (еркін нысанда) ресімделеді, онда бақылау үшін аулауды жүргізген адамдар, аулау уақыты және орны, қолданылған аулау құралдары, түрлері бойынша ауланған балықтың саны (данамен және килограммен), сондай-ақ, бақылау үшін аулаудың мақсатттары және нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Актіде (еркін нысанда) зерттелген балықты есептен шығару туралы ақпарат көрсетіледі.»; Акті (еркін нысанда) тікелей бақылау үшін аулау жүргізілген жерде жасалады және бақылау үшін балық аулауды жүзеге асырған адамдар, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі бекітіліп берілген жануарлар дүниесін пайдаланушының өкілі (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерінде бақылау үшін аулау жүргізу кезінде) қол қояды. Балық зарттелгеннен кейін көму арқылы жойылады.
Тармақ 38
Тарау 7. 7-тарау. Мелиоративтік аулау тәртібі
7-тарау. Мелиоративтік аулау тәртібі
Тармақ 39
39. Мелиорациялық аулау – жаппай аулауды, арзан бағаланатын балықтар түрлерін аулауды, қырылу қаупі бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі аулауды қоса алғанда, су айдындарының балық өнімділігін арттыруға, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауға және олардың мекендеу әрі көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
Тармақ 40
40. Балықтың жаппай қырылуына әкеп соқтырмай қоймайтын балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қатері туындаған және мұндай қатерді су объектілерінде ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен жою мүмкін болмаған жағдайларда аумақтық бөлімше жергілікті атқарушы органдар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті орган өкілдерінен аумақтық бөлімше құрған Комиссияның шешіммен (бұдан әрі – комиссия) ғылыми ұсынымдары негізінде және ихтиологиялық байқаулар нәтижелері бойынша мелиоративтік балық аулауды ұйымдастырады.
Тармақ 41
41. Бекітілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде мелиоративтік аулауды аталған су айдындары бекітіліп берілген жануарлар дүниесін пайдаланушылар пайдалануға рұқсат етілген балық аулау құралдарымен жүргізеді. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қордың қырылу қатерінің туындау фактісі анықталған кезде, комиссия мелиоративтік аулауды жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісін айқындайды. Мелиоративтік аулау жүргізуге ұсынылған резервтік қордың су айдынына және (немесе) учаскесіне жақын орналасқан су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығын жүргізуді жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісіне артықшылық беріледі. Ғылыми ұсыным бойынша мелиоративтік аулау ретінде жүзеге асырылатын жаппай аулау кезінде жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе өзге де полиамидті моножіптен және өзге де синтетикалық моножіптен машиналық тәсілмен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді аудан басқа, кез келген аулау құралдары, оның ішінде тізбеге енгізілмеген аулау құралдары да, пайдаланылады.
Тармақ 42
42. Мелиоративтік аулау туралы шешім аумақтық бөлімше басшысының немесе оның орнындағы адамның бұйрығымен рәсімделеді.
Тармақ 43
43. Мелиорациялық аулауды Заңның 9-1-бабының 27) тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрі - Рұқсат беру қағидалары) сәйкес берілген рұқсат болған кезде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Мелиоративтік аулау аумақтық бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен, мелиоративтік аулау туралы акт (еркін нысанда) толтыру және балықты аулап алу туралы мәліметтер нәтижелері кәсіпшілік журналға енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Көл-тауар шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде немесе ихтиофаунаны алмастыру үшін жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
Тарау 8. 8-тарау. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі
8-тарау. Өсімді молайту мақсатындағы аулау тәртібі
Тармақ 46
46. Өсімді молайту мақсатындағы аулау – балық ресурстарын және басқа су жануарларын олардың өсімін молайту мақсатында аулау.
Тармақ 47
47. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін, сондай-ақ балық отырғызу материалын өндіру үшін өсімді молайту мақсатындағы аулауды өсімін молайту кешендерінің кәсіпорындары Рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілген рұқсаттың негізінде, уылдырық шашу және балықтарды көбейту кезеңінде, қолдануға рұқсат етілген барлық кәсіпшілік балық аулау құралдарымен және балық аулау тәсілдерімен жүзеге асырады.
Тармақ 47-1
Тармақ 48
48. Жеке және заңды тұлғалардың талабымен жүзеге асырылатын өсімді молайту мақсатындағы аулауына рұқсат қажет.
Тарау 9. 9. Эксперименттік аулау тәртібі
9. Эксперименттік аулау тәртібі
Басқа 1
Балық аулау қағидаларына 1-қосымша Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсiпшілік мөлшері Арал-Сырдария бассейні үшін
Тармақ 1
1. Шардара су қоймасы және Шардара су қоймасынан Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейінгі Сырдария өзенi Аулауға рұқсат етілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларының сантиметрлік (бұдан әрi – см) мөлшері (бұдан әрі мәтін бойынша – кәсiпшілік балық мөлшері): сазан – 35, көксерке – 38, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65, патшабалық – 17, қылышбалық – 31, ақмарқа – 31, айнакөз –18.
Тармақ 2
2. Шардара су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзені, Түркістан облысы шегіндегі су айдындары және Келес, Арыс өзендері. Кәсіпшілік балық мөлшері, см: сазан – 30, көксерке – 38, айнакөз – 18, патшабалық – 17, ақмарқа және қылышбалық – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45, жайын – 65.
Тармақ 3
3. Үлкен, Кiшi Арал теңiзi және Қызылорда облысы шегiндегі Сырдария өзенi Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 35, ақмарқа – 31, көксерке – 38, табан – 20, арал тортасы – 17.
Тармақ 4
4. Қызылорда облысының шегіндегі балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 38, табан – 20, торта – 17, ақмарқа – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45. Балқаш-Алакөл бассейнi үшін
Тармақ 1
1. Балқаш көлi, сағадан Қапшағай су қоймасына дейінгі Iле өзенi, Қаратал, Лепсi, Ақсу, Аягөз өзендері, осы өзендердің барлық жылғалары мен салаларын қоса алғандағы атыраулық және жайылымдық балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 40, табан – 19, ақмарқа – 37, көксерке – 37.
Тармақ 2
2. Қапшағай су қоймасы және Қапшағай су қоймасынан Қытай Халық Республикасымен (бұдан әрі – ҚХР) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Iле өзенi Кәсiпшілік балық мөлшері см: табан – 26, сазан – 40, ақ амур – 55, жайын – 80, көксерке – 38, ақмарқа – 37, дөңмаңдай – 70.
Тармақ 3
3. Алакөл көлдер жүйесi Кәсiпшілік балық мөлшері см: көксерке – 37, сазан – 43. Ертiс бассейнi үшін
Тармақ 1
1. Бұқтырма су қоймасы, Зайсан көлі және Зайсан көліне құятын жерден ҚХР Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дейінгі Ертіс өзені Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 45, көкшұбар балық – 19, көксерке – 38, шортан – 32.
Тармақ 2
2. Шүлбi су қоймасы Кәсiпшілік балық мөлшері см: сазан – 36, көксерке – 38.
Тармақ 3
3. Павлодар облысының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері және Ертіс өзені Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 32, көксерке – 32. Есіл бассейні үшін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: шортан – 42. Нұра-Сарысу бассейні үшін
Тармақ 1
1. Нұра-Сарысу бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, оңғақ – 20, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, көкшұбар балық, будан ақсаха, пайдабалық – 22.
Тармақ 2
2. Қарағанды және Павлодар облысының шегiндегi Қаныш Сәтпаев атындағы арна Кәсiпшілік балық мөлшері, см: тұқы (сазан) – 32, көксерке – 35, шортан – 35 кәсіпшілік аулау үшін және 25 әуесқойлық (спорттық) аулау үшін, ақ амур – 45, дөңмаңдай – 45, оңғақ – 20. Тобыл-Торғай бассейні үшін Қостанай және Ақтөбе облыстарының шегіндегі балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см:
Тармақша 1
1) Қостанай облысының балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын қоспағанда): сазан (тұқы) – 26, көксерке – 45, табан – 20, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9;
Тармақша 2
2) Жоғарғы-Тобыл және Қаратомар су қоймалары үшiн: сазан (тұқы) – 45, көксерке – 45, табан – 22, оңғақ – 20, шортан – 45, нәлiм – 45, көкшұбар – 16, көкшұбар балық – 22, пайдабалық – 26, ақсаха – 30, шаян – 9;
Тармақша 3
3) Ақтөбе облысы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін: шортан – 40, табан – 19, тұқы (сазан) – 33, мөңке – 21, аққайран – 24, торта – 19, оңғақ – 17, көксерке – 37, жайын – 53, ақмарқа – 40, нәлім – 45, шаян – 9. Жайық-Каспий бассейні үшін
Тармақ 1
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы Кәсiпшілік балық мөлшері, см: солтүстік Каспийдегi көксерке – 37, ортаңғы Каспийдегі теңiз көксеркесi – 30, Каспийдің шығыс бөлiгiнен басқа сазан – 40, Каспийдің шығыс бөлiгiндегi сазан – 30, табан – 24, қаракөз – 17, қызылқанат шұбар балық – 17, майшабақ – 20, бозаңқы – 14, ақ амур – 75, дөңмаңдай – 75, анчоус тәрізді шабақ және қамса бадырақ шабақ – 7, шаян – 9, ақмарқа – 41, тiкендi балық – 24, жайын – 53, шортан – 30, балпан балық – 17, қылышбалық – 26, ақкөз балық – 22.
Тармақ 2
2. Атырау облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: қаракөз – 18, көксерке – 37, ақмарқа – 41, жайын – 53, шортан – 30, сазан – 40, балпан балық – 17, ақкөз балық – 22, қызылқанат шұбар балық – 17, қылышбалық – 26, табан – 24, беріш – 26.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 40, табан – 24, қаракөз – 17, қызылқанат шұбар балық – 17, ақ дөңмаңдай – 75, шаян – 9, көксерке – 43, ақмарқа – 41, жайын – 53, шортан – 30. Шу-Талас бассейні үшін Кәсiпшілік балық мөлшері, см: сазан – 36, көксерке – 42, табан – 21, мөңке – 20, аққайран және қызылқанат шұбар балық – 22, торта және тарақ-балық – 19, ақмарқа – 31, ақ амур және дөңмаңдай – 45.
Басқа 2. Балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Балық аулау қағидаларына 2-қосымша Нысан Балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма Облыс _______________________________________________________________________ Жануарлар дүниесін пайдаланушы _________________________________________________________________ (ұйымның атауы) Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі _________________________________________________________ Аулау құралының атауы ____________________________ ( _________________________ ) параметрлері Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе өзге де су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.