О государственных закупках Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік сатып алу туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 163 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi жайлы нұсқаулықты бекiту туралы» 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 87 қаулыларына сәкес, мемлекеттiк сатып алуға бөлiнетiн бюджеттiк қаржыларды тиiмдi пайдалану мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссия құрамы бекiтiлсiн. (№1 қосымша).
Комиссияның жұмысшы органына облыстық қаржы басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық конкурстық комиссия:
Тармақша 1
1) тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi қазiргi заңдарын басшылыққа алсын;
Тармақша 2
2) мекемелер мен ұйымдар үшiн тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң бiртектi түрi, Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған көлемi айлық есептiк көрсеткiштен бес мың есе асқан жағдайда сатып алу жөнiнде конкурстар өткiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық конкурстық комиссия мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлетiн тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн бекiтсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Дайындық жұмыстарына жауапты орындаушылар тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң қажеттi көлемiн белгiлеудi, конкурстық құжаттарды әзiрлеудi, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариялауды, тапсырыстар қабылдауды және облыстық конкурстық комиссияға қажеттi материалдар берудi, конкурс жеңiмпаздарымен шарттар жасалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк мекемелер басшылары - бағдарламалардың әкiмшiлерi, аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-на дейiнгi мерзiмде облыстық қаржы басқармасына жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы белгiленген үлгiде есеп тапсырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) мемлекеттiк сатып алуды бюджет бекiткен қаржыға сәйкес қаржыландыруды, осы мақсаттарға бөлiнген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылауды және есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-не дейiнгi мерзiмде облыс әкiмi аппаратына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiне мәлiметтер тапсыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыс әкiмiнiң «Қала құрылысын салу тәртiбiн күшейту және Батыс Қазақстан облысында құрылыс кешенiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы» 1999 жылғы 11 мамырдағы № 93 шешiмi;
Тармақша 2
2) облыс әкiмiнiң «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2000 жылғы 12 мамырдағы № 99 шешiмi;
Тармақша 3
3) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 мамырдағы № 99 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 6 ақпандағы № 29 шешiмi;
Тармақша 4
4) «Мемлекеттiк сатып алу туралы» облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 мамырдағы № 99 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 26 ақпандағы № 58 шешiмi күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 8
8. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Нұрғалиевке жүктелсiн.
Басқа 15. Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
26 сәуірдегі № 113 шешiмiне
№ 1 қосымша
Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi облыстық конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Асқар Қайыртайұлы Нұрғалиев - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары
Светлана Қабирқызы Қодарова - облыстық қаржы басқармасының бағалы қағаздар
және мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң бастығы,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Ерболат Мұқтарұлы Жұмағалиев - облыстық экономика басқармасының бастығы
Александр Владимирович Дергунов - облыс әкiмiнiң кеңесшiсi
Сағынғали Айтқалиұлы Ипатов - «Госархстройинспекция» мемлекеттiк кәсiпорынның
директоры
Шамғон Мырзагерейұлы Қадырбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Әлiбек Бақтыгерейұлы Сытдықов - облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасының
бастығы
Басқа 16. Облыстық конкурстық комиссия мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзетiн тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесi
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы
26 сәуірдегі № 113 шешiмiне
№ 2 қосымша
Облыстық конкурстық комиссия мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзетiн тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесi
№/№
Тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің атауы
Конкурстар өткізудің мерзімі
Дайындық жұмыстарын жүргізуге жауаптылар
1.
Білім беру мекемелерін күрделі жөндеу
30 сәуір
Облыстық білім басқармасы
2.
Отын.
Сумен жабдықтау
15 маусымға дейін 30 сәуір
Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы
3.
Жабдықтар мен дәрі-дәрмектер
сәуір-мамыр
Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасы
4.
Өрт сөндіру машиналары
4 мамыр
Облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы
5.
Компьютерлік жабдықтар
4 мамыр, маусым
Обылыс әкімінің апараты, облыстық мәдениет басқармасы
6.
Мектеп мебельдері және жұмсақ мүліктер
7,10 мамыр
Облыстық білім басқармасы
7.
Көлік құралдары, жабдықтар
мамыр
Облыстық ішкі істер басқармасы
8.
Мәдениет объектілерін салу, жаңғырту және қайта жобалау
мамыр, маусым
Облыстық мәдениет басқармасы
9.
Мүгедектерді техникалық құралдармен жабдықтау:
- отырғыш арба;
шілде
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
10.
Оқулық әдебиеттер
1 тамызға дейін
Облыстық білім басқармасы
11.
Картоп, көкөністер
15 қыркүйекке дейін
Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті
12.
Ғимараттар мен құрылыстар салу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер
қажеттілігіне қарай
Облыстық инфрақұрылым және құрылыс басқармасы
13.
Табиғат қорғау шаралары
қажеттілігіне қарай
Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры