О подготовке сил и средств к пожароопасному периоду Күшін жойған
Басқа 0
Өрт шығу қауіпі бар кезеңге күш пен
құралдарды әзірлеу туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Облыс аумағында 2000 жылдың наурыз айынан бергi кезеңде ормандар мен далалық алқаптар өртенуiнiң 150 фактiсi тiркелдi, облыстың орман қорына айтарлықтай зиян келдi. Жеке секторларда өрт саны азаймай отыр.
Талдау көрсеткенiндей негiзiнен өрт автомобиль және темiр жолдар бойында, тұрғындардың демалыс аймақтарында, ауыл шаруашылығы техникалары iстейтiн жерлерде болып жүр.
Облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасы, мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық жағынан жеткiлiксiз қамтамасыз етiлуi өрттi дер кезiнде анықтап, оны тоқтатуға, жоюға мүмкiндiк бермеуде.
Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19-1 Заңының 13-бабын басшылыққа алып және табиғи өрттердiң алдын алу және жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi мiндеттердi орындауға күш пен құралдардың әзiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Орман өрттерi ошақтарын жою кезiнде күш пен құралдардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбi, N 1 қосымшадағыға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасы (Оразғалиев):
орман шаруашылықтары аумақтарындағы өрттердi шұғыл сөндiрудi, орман алқаптарының сақталуын қамтамасыз етсiн;
2001 жылдың 1 мамырына дейiн өрт сөндiретiн және соған лайықталған техникаларды, құралдарды әзiрлiкке келтiрсiн, өрт қаупiн туындайтын аймақтарда орналасқан күш пен құралдарды өрт сөндiруге тартудың тәртiбiн белгiлесiн;
жану-жағар майдың қорын жасасын, ведомстволық қарасты шаруашылықтармен радио байланысы жүйесiнiң толық әзiрлiгiн қамтамасыз етсiн;
орман алабында күзетте жүретiн ұтқыр топтар және халықтың көп демалатын орындарын тәулiк бойы күзететiн бекеттер құрсын;
қалыптасқан жағдайлар туралы облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға белгiленген тәртiпте күн сайын хабарлап отырсын.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет (Маштаков) ормандар мен дала алқаптарындағы iрi өрттердi сөндiруге бөлiмшелердiң әзiрлiгiн қамтамасыз етсiн, қорғалатын елдi мекендерден 15 км шеңбердегi орман өрттерiн сөндiру жөнiнде облыстық аумақтық орман және биоқорлар басқармасының бөлiмшелерiне көмектер көрсетсiн.
Бұқаралық ақпарат құралдарында табиғи өрттердiң алдын алу жөнiнде белсендi жұмыстар жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы (Сағынов), облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк басқармасы (Котов), "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның Орал тасымалдау бөлiмшесi (Сахтанов) 1 мамырға дейiнгi мерзiмде мыналарды iстесiн:
автомобиль және темiр жолдар бұрылысы аймақтарында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар алсын, жол техникалары және жылжымалы құралдар паркiн өрт қауiпсiздiгi жағдайына келтiрсiн;
барлық локомотивтердi ұшқын ұстағыштармен жабдықтауды жүргiзсiн, өртке қарсы сақтық шараларымен толық жабдықталмаған локомотивтердi пайдалануға жол бермесiн.
Тармақ 5
5. Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма (Маючий):
өрт болған аудандарға күш пен құралдарды шұғыл жеткiзу үшiн табиғи өрт маусымына арнап жану-жағар май қорын жасасын;
өте қажет болған кезде қалыптасқан жағдайды ескерiп, өрттiң шекарасын анықтау және оны сөндiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру үшiн барлаушылық ұшулар ұйымдастырсын;
табиғи өрттердi сөндiру үшiн мамандандырылған өрт сөндiрушiлер бөлiмшелерiн қажеттi жабдықтармен және мүлiктермен жабдықтасын.
Тармақ 6
6. Аудандардың, селолық округтердiң әкiмдерi өрт шығу қауiпi бар кезеңде мемлекеттiк орман қоры аумағында қамыс, сабан және басқа да өсiмдiктердi жағу фактiлерiн болдырмаудың шараларын алсын, мұндай жұмыстарды iстеу қажет болған жағдайларда от жағылатын учаскелердi жырту, техника мен адамдардың кезекшiлiгiн ұйымдастыру шараларын алатын болсын. Өрт шығу қауiпi бар кезеңге әзiрлену жөнiнде нақты шаралар жоспарын жасасын.
Далалық жұмыстар басталғанда дала қостарын өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкес жабдықтасын, техникаларға май құюды арнаулы жабдықталған дала қостарынан қашық орындарда жүргiзсiн, ұшқын ұстағышы мен өрт сөндiру құралдары бар техникалардың ғана жұмыс iстеуiне жол берсiн.
Тармақ 7
7. Қазiргi кезде өрт қауiпi қиын жағдайы қалыптасуын ескерiп, жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 8
8. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға (Маючий) өрт шығу қауiпi бар кезеңге әзiрлену және оны өткiзу үшiн N 2 қосымшадағы есептерге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың қорынан 12,8 млн. теңге бөлсiн.
Тармақ 9
9. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.Қ. Чудровқа жүктелсiн.
Басқа 10. Табиғи өрт ошақтарын жою кезiнде шаруашылық
субъектiлерi күштерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырудың
ЖОСПАРЫ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 28 сәуірдегі
N 117 шешiмiне
N 1 қосымша
Табиғи өрт ошақтарын жою кезiнде шаруашылық
субъектiлерi күштерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырудың
ЖОСПАРЫ
Өрт болуы мүмкін орман шаруашылықтары мен алаңдар
Өрт ошақтарын жою үшін тартылатын ұйымдар мен шаруашылықтар
Жеке құрам мен техника
Ақжайық орман шаруашылығы 33384 га. Теректi ауданының аумағы
"Ақжайық орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
"Шағатай" акционерлiк қоғамы
"Еңбек" өндiрiстiк кооперативi
"Исаев" өндiрiстiк кооперативi
"Шұғыла" өндiрiстiк кооперативi
БАРЛЫҒЫ
30/11
10/3
4/1
1/1
4/1
49/17
Бөрлi орман шаруашылығы 17341 га. Бөрлi ауданының аумағы
"Бөрлi орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Ақсай қ. N 8 өрт сөндiру бөлiмшесi
Бөрлi п. N 9 өрт сөндiру бөлiмшесi
Аудандық iшкi iстер бөлiмi
Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi
"Бумакөл" өндiрiстiк кооперативi
"Победа" өндiрiстiк кооперативi
"Еңбек" өндiрiстiк кооперативi
"Орал" өндiрiстiк кооперативi
"Успенов" өндiрiстiк кооперативi
"Мехлес" өндiрiстiк бiрлестiгi
БАРЛЫҒЫ
40/6
5/1
2/1
4/0
4/1
27/3
47/3
34/4
32/3
16/2
1/1
212/25
Тайпақ орман шаруашылығы 18371 га. Ақжайық ауданының аумағы
"Тайпақ орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Тайпақ п. N 18 өрт сөндiру бөлiмшесi
"Ақжол" өндiрiстiк кооперативi
"Алмалы" өндiрiстiк кооперативi
"Базаршолан" өндiрiстiк кооперативi
"Базартөбе" өндiрiстiк кооперативi
БАРЛЫҒЫ
40/3
2/1
4/1
1/1
4/1
1/1
52/8
Орал орман шаруашылығы 26634 га. Ақжайық ауданының аумағы
"Орал орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Янайкин орманшылығы
Орал қ. N 1 мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмшесi
Орал қ. N 2, N 3,N 6, N 7 өрт сөндiру бөлiмшелерi
"Амангелдi" өндiрiстiк кооперативi
"Шаған" өндiрiстiк кооперативi
"Әйтиев" ЖШС
"Ақжайық" акционерлiк қоғамы
"Қазақстан" акционерлiк қоғамы
"Орал" акционерлiк қоғамы
Үлкен Шаған селосы
Коловертной селосы
БАРЛЫҒЫ
60/8
2/2
12/2
14/5
4/2
4/2
4/1
4/1
4/1
1/1
1/1
1/1
111/27
Орда орман шаруашылығы 16465 га. Бөкейордасы ауданының аумағы
"Орда орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Сайқын п.. N 17 өрт сөндiру бөлiмшесi
Аудандық iшкi iстер бөлiмi
Аудандық денсаулық сақтау бөлiмi
"Орда" өндiрiстiк кооперативi
БАРЛЫҒЫ
50/4
1/1
2/0
2/1
1/1
56/7
Чапаев орман шаруашылығы 29254 га. Ақжайық ауданының аумағы
"Чапаев орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Янайкин орманшылығы
Чапаев п. N 24 өрт сөндiру бөлiмшесi
Аудандық iшкi iстер бөлiмi
"Самал" мұнай қыздыру станциясы
"Сахарный" мұнай қыздыру станциясы
"Ақжол" өндiрiстiк кооперативi
"Ақсуат" өндiрiстiк кооперативi
"Бударин" өндiрiстiк кооперативi
"Жаңабұлақ" өндiрiстiк кооперативi
"Мерген" өндiрiстiк кооперативi
Қаршы селосы
БАРЛЫҒЫ
33/4
2/2
9/2
4/0
1/1
4/2
4/2
1/1
4/3
5/2
4/2
4/1
75/2
Шыңғырлау орман шаруашылығы 26785 га. Шыңғырлау ауданының аумағы
"Шыңғырлау орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Шыңғырлау п. N 22 өрт сөндiру бөлiмшесi
"Алмазный" өндiрiстiк кооперативi
"Лубен" өндiрiстiк кооперативi
"Полтава" өндiрiстiк кооперативi
"Шiлiк" өндiрiстiк кооперативi
БАРЛЫҒЫ
26/11
3/1
1/1
4/1
2/2
4/2
40/18
Январцев орман шаруашылығы 19618 га. Зеленов ауданының аумағы
"Январцев орман шаруашылығы" мемлекеттiк мекемесi
Переметный п. N 21 өрт сөндiру бөлiмшесi
Дарьинск п. Автобаза
Дарьинск п. Мұнай базасы
"Дружба" өндiрiстiк кооперативi
"Желаев" өндiрiстiк кооперативi
"Киров" өндiрiстiк кооперативi
"Красноармейск" өндiрiстiк кооперативi
Мәметова атындағы өндiрiстiк кооперативi
"Мирный" өндiрiстiк кооперативi
БАРЛЫҒЫ
78/8
3/1
1/1
1/1
5/2
1/1
1/1
1/1
4/2
20/3
115/21
187792 га.
68 ұйым мен шаруашылық
710/145
Басқа 11. 2001 жылы өрт шығу қауiпi бар кезеңге әзiрленуге
және оны өткiзуге арналған ақша қаражаттарының
ЕСЕБI
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 28 сәуірдегі
N 117 шешiмiне
N 2 қосымша
2001 жылы өрт шығу қауiпi бар кезеңге әзiрленуге
және оны өткiзуге арналған ақша қаражаттарының
ЕСЕБI
Тармақ 1
1. Өрт болған жердiң шекарасын анықтау, оған таратылатын күш пен құралдардың қимылын үйлестiру мақсатында
барлаулық ұшулар - 800 мың теңге
Тармақ 2
2. Техникаларды, жеке құрамаларды апару үшiн жану-жағар май қорын жасау - 1000 мың теңге
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, орман және биоқорлар басқармасы құтқарушыларының уақытша тұратын жерлерiнде өрт сөндiру құралдарын далалық жағдайларда байланыспен, жарықпен, кiшi механизацияны электр қуатымен қамтамасыз ету үшiн дербес электр көздерiн сатып алу - 10000 мың теңге
Тармақ 4
4. Облыстық мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмшелерiн қосымша жабдықтау: - 1000 мың теңге
қазу құрал-саймандары - 10 комплект
арқалап жүретiн өрт сөндiргiштер - 50 дана
арнаулы киiмдер - 50 комплект
мотопомпа МП-800 - 2 дана
бензиндi ара - 2 дана
моторлы қайық - 1 дана
электр станция 1,5-2,5 квт. - 2 дана