О ратификации Протокола о порядке взаимодействия таможенных служб государств-участников Содружества Независимых Государств при перевозках специальных грузов и продукции военного назначения Қолданыста
Басқа 0
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы
Ялтада 1999 жылғы 8 қазанда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің арнаулы жүктер мен
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының
тәртібі туралы хаттама бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден
қызметтерінің арнаулы жүктер мен
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау кезіндегі өзара
іс-қимылының тәртібі туралы
Хаттама
Ресми расталған мәтін
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Хаттамаға қатысушы мемлекеттердің
Үкіметтері,
1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағы туралы келісімнің ережелері мен 1999 жылғы 2 сәуірдегі оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманы басшылыққа ала отырып,
1993 жылғы 23 желтоқсандағы Қауіпті және дәрежелі жүктерді мемлекетаралық тасымалдаулар туралы келісім мен 1995 жылғы 26 мамырдағы Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар туралы келісімді (бұдан әрі - 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісім) дамытуға,
жалпы танылған халықаралық нормаларға және Тараптардың ұлттық
заңдарының негіздеріне сүйене отырып,
өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі кеңейтуге
ұмтыла отырып,
кеден қызметтерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етудің
қажеттілігін мойындай отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
Тарау І. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап
1-бап
Осы Хаттамада 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісімде қолданылған терминдер
пайдаланылады.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Осы Хаттаманың мақсаты арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы
өнімдердің Тараптардың кедендік шекаралары арқылы қозғалысының рәсімдерін
тәртіпке келтіру болып табылады.
Тарау ІІ. ІІ. Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулардың негізгі қағидаттары
ІІ. Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулардың негізгі қағидаттары
Бап 3. 3-бап
3-бап
Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар 1995 жылғы 26 мамырдағы Келісімде айқындалған Тараптардың тиісті құзыретті органдарының тасымалдауларды жоспарлауы кезінде, олар алдын-ала келісілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік шекаралар
арқылы өткізу, сондай-ақ олардың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік
аумағы арқылы транзиті оларды кедендік шекарасы арқылы өткізу жүргізілетін
мемлекеттер құзыретті органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдердің мемлекеттердің
кедендік шекарасынан өтуі белгіленген тәртіппен халықаралық қатынастар
үшін ашылған өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
Тарау ІІІ. ІІІ. Кедендік ресімдеу
ІІІ. Кедендік ресімдеу
Бап 5. 5-бап
5-бап
Мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын арнаулы жүктер
мен әскери мақсаттағы өнімдер әр мемлекеттік ұлттық кедендік заңдарында
көзделген тәртіппен кедендік бақылауға және ресімдеуге жатады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік бақылау мен
ресімдеу мемлекеттердің кедендік заңдарында осындай бақылау мен ресімдеу
үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Әскери қызметшілердің жеке мүлкі мен коммерциялық сипаттағы жүктерді
арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдер түрінде тасымалдауға тыйым
салынады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Орауыштар, пломбылар және мөрлер болмаған немесе бүлінген жағдайда,
сондай-ақ арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдер түрінде ондайлар
болып табылмайтын заттар тасымалданады деп ойлауға негіздемелер болған
кезде осы жүктер Тараптардың құзыретті органдары уәкілетті адамдарының
қатысуымен тексерілуі мүмкін.
Мұндай жүктерді тексеру кезінде жоғарыда көрсетілген жүктер аумағында
болған мемлекеттік ұлттық заңдары қолданылады.
Тарау IV. ІV. Ақпараттар алмасу және беру
ІV. Ақпараттар алмасу және беру
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тараптар арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді кедендік шекара арқылы өткізуге, сондай-ақ олардың кеден аумағы арқылы транзитіне қатысты мәселелер туралы қолданылып жүрген ұлттық заңдар туралы ақпарат алмасады және бір-біріне олар енгізілгеннен кейін 20 күннен кешіктірмей заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Аумақтары бойынша арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді жоспарлы тасымалдаулар жүзеге асырылатын мемлекеттер тасымалдаулар басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей мұндай тасымалдаулар туралы ақпараттар алмасады.
Тармақ 2
2. Тараптар өздерінің заң актілерінің негізінде арнаулы жүктер мен
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдауларды жүзеге асыру туралы ақпарат
ұсыну туралы сұрау салуларды қанағаттандыруда бір-біріне жәрдем көрсетеді.
3. Егер ол сұрау салынған Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне
нұқсан келтіруі, оның заңдарына немесе ол алған халықаралық
міндеттемелерге қайшы келуі мүмкін болса, Тараптар сұрау салуды орындаудан
бас тартуға құқылы.
4. Сұрау салушы Тарап сұрау салуды орындаудан бас тартудың себептері
туралы белгіленген тәртіппен хабарландырылады.
Тарау v. V. Ақпараттардың құпиялылығы
V. Ақпараттардың құпиялылығы
Бап 11. 11-бап
11-бап
Осы Хаттамаға сәйкес Тараптардың бірі беретін арнаулы жүктер мен
әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдаулар туралы ақпарат, сұрау салулар
және басқа да мәліметтер осы мемлекетте ұлттық заңдарға сәйкес осындай
сипаттағы және мазмұндағы өз ақпараттары үшін белгіленген осындай құпиялық
режимімен қамтамасыз етіледі.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тараптардың әрқайсысы алынатын ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз
етеді және оны кімге де болмасын екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз
бермейді.
Тарау vi. VI. Қорытынды ережелер
VI. Қорытынды ережелер
Бап 13. 13-бап
13-бап
Осы Хаттама Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық
шарттардың ережелерін қозғамайды.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Осы Хаттама депозитарий Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін
қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны
алған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек
орындаған Тараптар үшін ол депозитарийге тиісті құжаттар тапсырылған
күннен бастап күшіне енеді.
Бап 15. 15-бап
15-бап
Осы Хаттама ол күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Бұл
мерзім өткеннен кейін Хаттама, егер Тараптар өзгеше шешім қабылдамаса, әр
жолы келесі 5 жылдық кезеңге өздігінен ұзартылады.
Бап 16. 16-бап
16-бап
Тараптардың ортақ келісімімен осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Хаттаманың 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке құжатпен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Бап 17. 17-бап
17-бап
Осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі. Даулы мәселелерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына немесе өзге де халықаралық төрелік соттарға жүгінеді.
Бап 18. 18-бап
18-бап
Кез келген Тарап осы Хаттаманың қолданылуы кезінде туындаған
міндеттемелерді алдын-ала ретке келтіріп, ол туралы депозитарийге шығуға
дейінгі 6 айдан кешіктірмей жазбаша хабарламаны жолдай отырып, осы
Хаттамадан шыға алады.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Осы Хаттама депозитарийге мұндай қосылу туралы құжаттарды беру
жолымен, барлық Тараптардың келісімімен оның мақсаттары мен қағидаттарын
бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылу депозитарий
мұндай қосылуға келісетіндігі туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап
30 күн өткеннен кейін күшіне енген болып саналады.
1999 жылғы 8 қазанда Ялта қаласында орыс тілінде бір түпнұсқалық
данада жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке
оның куәландырылған көшірмесін жолдайтын Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының
Үкіметі үшін
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
Грузия
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
Түркіменстан
Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
Украина
Үкіметі үшін
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің
басшылары кеңесінің хаттамасына Украинаның ескертпелері
"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер кеден
қызметтерінің арнаулы жүктер мен әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау
кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттама туралы"
1999 жылғы 8 қазан
Даулы мәселелерді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотында қарауға жол беретін ережелерді қоспағанда.
Осымен қоса беріліп отырған мәтіннің 1999 жылғы 8 қазанда Ялта
қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
кеден қызметтерінің арнаулы жүктерімен әскери мақсаттағы өнімдерді
тасымалдау кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы хаттаманың
дәлме-дәл көшірмесі болып табылатындығын куәландырамын.
Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.