Об утверждении минимальных нормативов обеспеченности населения торговой площадью Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;Ғ
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдарды (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) назарына осы бұйрық туралы жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице – министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 1. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері № р/с Өңір 1 мың адамға шаршы метр 1 Абай облысы 621 2 Ақмола облысы 706 3 Ақтөбе облысы 453 4 Алматы қаласы 545 5 Алматы облысы 220 6 Астана қаласы 722 7 Атырау облысы 745 8 Батыс Қазақстан облысы 705 9 Жамбыл облысы 445 10 Жетісу облысы 201 11 Қарағанды облысы 454 12 Қостанай облысы 762 13 Қызылорда облысы 542 14 Маңғыстау облысы 723 15 Павлодар облысы 674 16 Солтүстік Қазақстан облысы 770 17 Түркістан облысы 474 18 Ұлытау облысы 750,3 19 Шығыс Қазақстан облысы 521 20 Шымкент қаласы 474 21 Қазақстан Республикасы 621