Об утверждении Правил перевода из категории земель лесного фонда в земли других категорий для целей, не связанных с ведением лесного хозяйства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгілінген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін күн тізбелік он күн мерзімде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрі _____________В. Школьник 2015 жылғы 13 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 06 ақпан
Басқа 7
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қантардағы № 18-02/45 бұйрығымен бекітілген Орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруды Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Орман кодексі 51-бабының 1-1 тармағына сәйкес мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;
Тармақша 2
2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;
Тармақша 3
3) кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалар табылып, оларды игерудің баламалы нұсқалары болмауына;
Тармақша 4
4) халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржолдарды, белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салуға;
Тармақша 5
5) елді мекендердің шекарасы (шегі) өзгеріп, оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмауына байланысты ғана жол беріледі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға байланысты ғана жол беріледі;
Тармақша 7
7) стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды орналастырудың ықтимал басқа нұсқалары болмаған кезде осындай құрылысжайларды салуға және олардың жұмыс істеуіне байланысты ғана жол беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда орман қоры жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүзеге асырады. Орман қорының жерлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін ауыстыру «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Өздерінің мүдделері үшін орман қорының жерлерін ауыстыру жүзеге асырылып отырған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінім беруші) орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес мемлекеттік орман иеленушінің есеп-қисаптары негізінде орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтейді.
Тарау 2. 2-тарау. Орман қоры жерінің санатынан басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібі
2-тарау. Орман қоры жерінің санатынан басқа санаттардағы жерге ауыстыру тәртібі
Тармақ 5
5. Өтініш беруші сұралып отырған жер учаскелері орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) өтініш береді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу үшін мемлекеттік орман иеленушіге орындалу мерзімі көрсетілген өтініштің көшірмесін жібереді. Мемлекеттік орман иеленуші өтініш берушімен бірге орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт жасап, оған сұралып отырған жер учаскесінің шекарасы көрсетілген орман картасының (планшетінің) көшірмесін қоса тіркеп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы орган орман картасының (планшетінің) көшірмесі қоса тіркелген орман қорының жер учаскесін таңдау туралы актіні алғаннан кейін орман қорының жерін ауыстыруға қатысты жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган мәселені қарау үшін арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның жұмыс органы жергілікті атқарушы органның орман шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органның жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің;
Тармақша 4
4) мемлекеттік орман иеленушінің;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның;
Тармақша 6
6) жұмыс органының;
Тармақша 7
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері енгізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жер учаскелерін ауыстыру мәселесі бойынша жазбаша дәлелді оң немесе теріс қорытынды беріп, оны жергілікті атқарушы органға жібереді. Қорытындыда қоғамдық тыңдаулардың шешімі ескеріледі, орман қорының жерін ауыстыру мақсаты, екпелерді сақтау немесе кесу туралы мәселелер көрсетіледі. Екпелер кесілген жағдайда кесуді өтініш берушімен шарт бойынша аумағында жер ауыстыру жоспарланып отырған орман иеленуші жүргізеді, бұл ретте алынған сүрек орман иеленушінің теңгеріміне берілуге жатады.
Тармақ 11
11. Комиссияның қорытындысы хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады. Комиссияның теріс қорытындысы болған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту береді.
Тармақ 12
12. Жұмыс органы Комиссияның оң қорытындысы негізінде мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша құрамына келесілер кіретін материалдарды қалыптастырады:
Тармақша 1
1) орман қоры жерлерін ауыстыруға мүдделі тұлғаның жергілікті атқарушы органға жолдаған өтініші;
Тармақша 2
2) орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;
Тармақша 3
3) масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмелері;
Тармақша 4
4) орман қорының жерін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарының орнын толтырудың орман иеленуші жасайтын есеп-қисабы;
Тармақша 5
5) орман иеленушінің жазбаша келісімдеуі;
Тармақша 6
6) қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның жазбаша келісімдеуі;
Тармақша 7
7) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімдеуі;
Тармақша 8
8) елді мекендердің шекарасы (шектері) өзгерген жағдайда жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімдеуі;
Тармақша 9
9) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жазбаша келісу;
Тармақша 10
10) Комиссияның оң қорытындысы;
Тармақша 11
11) сұралып отырған жер учаскесінің экспликациясы;
Тармақша 12
12) осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың бірінші басшылары келісімдеп, қол қойған объектілердің егжей-тегжейлі орналасуы көрсетілген сұралып отырған жер учаскесінің карталары;
Тармақша 13
13) қоғамдық тыңдаулардың шешімі;
Тармақша 14
14) орман қорының жерін ауыстыру пайдалы қазбалар игерумен байланысты болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмелері;
Тармақша 15
15) аудандық маңызы бар қалалар кеңейтілген кезде облыстық және өкілді органдардың бірлескен шешімі және кенттер мен селолар кеңейтілген кезде аудандық (қалалық) жергілікті және өкілді органдардың бірлескен шешімі;
Тармақша 16
16) орман қорының жері халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты ауыстырылған кезде тиісті құжаттың көшірмелері;
Тармақша 17
17) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды салу кезінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы;
Тармақша 18
18) жер қойнауын игеруге және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды ауыстырғанда ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын отырғызуды және оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарын күтіп-ұстауды жүргізуге мемлекеттік орман иеленушімен келісімшарт жобасы.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша материалдар негізінде орман қорының жерін ауыстыруды мақұлдау туралы қаулы шығарады және он жұмыс күні ішінде аталған қаулыны осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдармен бірге келісімдеу үшін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына жібереді.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган материалдар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға орман қорының жерін ауыстыруды келісімдеу нәтижелері туралы жауап береді. Уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші оларды пысықтағаннан кейін уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді.
Тармақ 16
16. Орман қорының жерін ауыстыру уәкілетті органмен оң келісімделген жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдарды орман қорының жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеу үшін он жұмыс күні ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген материалдар келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде тиісті Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын әзірлеп, оны мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттағы жерге ауыстыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жол беріледі. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды пысықтауға кері қайтарған жағдайда өтініш беруші ескертулерді түзеткеннен кейін пысықталған материалдарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қайта жіберу үшін оларды жергілікті атқарушы органға береді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі жобасын әзірлейді және мемлекеттік орман қоры жерлерін ауыстыру мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
Басқа 0. Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт
Орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидаларына қосымша Нысан Орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт Қазақстан Республикасы _________________________________ облысы __________________ ауданы ________________________ жылғы _______________ айының ________________ күні. Ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік орман иеленушінің өкілі ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) бір тараптан және eкінші тараптан ереже (жарғы) негізінде әрекет ететін мемлекеттік органның, жеке немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) төмендегілер туралы осы актіні жасады:__________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның атауы) келіп түскен өтінішке сәйкес көрсетілген учаскеге тұрған күйінде тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде мыналар анықталды: 1. Учаске _____________________________________________________ (мемлекеттік орман иеленушінің атауы) ___________ орманшылығының _______________ орамында орналасқан. 2. Тексерілген учаскеде _____________ гектар алаң бар, оның ішінде: орман, орман көмкерген _________ гектар, орман, орман көмкермеген _______ гектар, оның ішінде орман екпелері ________ гектар, алқаптар _________ гектар, шабындықтар ___________ гектар, жайсыз жерлер (батпақтар және басқалар) ______ гектар, жайылымдар _______ гектар, жолдар ___________ гектар, басқа жерлер ______ гектар. 3. Орман көмкерген алқап мыналардан тұрады: Жер атауы Орам нөмірі Телім Учаске алаңы Құрамы Жас сыныбы Жуандығы Сүрек қоры кәделік отын 4. Тексерілген учаске ______________ өзенінің жиегі шекарасында орналасқан, оның орман қорынан бөлінуі жоларалықтарын жасамайды. 5. Орман қорының санаты______________________________________________ 6. Учаскенің орман шаруашылығы ерекшеліктері __________________________ ____________________________________________________________________ 7. Учаске мәлімделген мақсаттарға жарамды (жарамсыз), мынадай геологиялық-жер сипаттамасы бар:_____________________________________________________ ____________________________________________________________________ 8. Бұдан бұрын орман қоры жерінен орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстырылған жер учаскелерінің болуы және орналасуы: ________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (орам №, орманшылық, беру мақсаттары және учаскелер берілген ұйымның атауы көрсетілсін) 9. Беруге жоспарланып отырған жер учаскелерін пайдалану мақсаттары: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 10. Әкімшілік ауданның ормандануы _____________________________________ 11. Сұралып отырған алқапты беру шарттары: а) беру мерзімі _______________________________________________________ б) рұқсат етілетін тазарту және жерді томарлардан тегістеу мөлшері__________ в) учаскені алушының міндеттемесі _____________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 12. Акт жасау кезінде мынадай ескертпелер мен ұсыныстар жасалды, оның ішінде сұралып отырған учаскені беру мүмкіндігі немесе оны беру мүмкін еместігі туралы, басқа нұсқаның жоқтығы: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қолдары: Орман иеленушінің өкілі: ______________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Өтініш беруші: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Орман шаруашылығы ұйымының басшысы______________________________ ___________________________________________________________________ (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)