Об утверждении Правил технической эксплуатации систем водоснабжения и водоотведения населенных пунктов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығымен бекітілген Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануы қарау, техникалық зерттеу, технологиялық, техникалық бақылау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, бекітілген техникалық пайдалану жоспары бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жөндеудің барлық түрлерін, сондай-ақ, авариялар мен ақауларды жою бойынша жоспардан тыс жөндеуді қамтиды.
Тармақ 3
3. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары техникалық пайдалану кезінде мынадай элементтердің:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау жүйесі бойынша: су тарту құрылыстарының, тазартқыш құрылыстардың, су құбырлары желілерінің, сыйымдылықты (резервуарлар) реттейтін сорғы стансаларының, тегеурінді су мұнараларының, санитарлық қорғау аймағының;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау жүйесі бойынша: коллекторлардың және су бұру желілерінің, сорғы стансаларының, тазартқыш құрылыстардың, сарқынды су жіберудің, сарқынды сулар жинағыштың (бар болған жағдайда) үздіксіз және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаға, Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидасына, Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидасына сай жүзеге асады.
Тармақ 5
5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) – елді мекендерде шаруашылық-ауыз су, техникалық сумен жабдықтау және (немесе) су бұру пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені.
Тарау 2. 2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібі
2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Барлық өнім, материалдар, жабдықтар, заттар, реагенттер, сүзгі жүктемелер өнімге гигиеналық қорытындылары мен сәйкестік сертификаты бар болғанда ғана шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесінде қолданылады.
Тармақ 7
7. Өндірістік зертханаларда судың сапасын бақылау және алынған өнімді сынақтан өткізу жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Ұйымның басшылығы:
Тармақша 1
1) сапалы өнімнің - ауыз су мен тазартылған сарқынды суларды шығару қажеттілігі туралы барлық орындаушыларға мәлімет етеді;
Тармақша 2
2) талап етілетін ауыз су мен тазартылған сарқынды суларды қамтамасыз ету тұрғыдан ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметіне талдау жасайды;
Тармақша 3
3) атқарушылық жауапкершіліктің төмендеуіне жол берген бөлімшелердің жұмысын уақытылы түзетеді;
Тармақша 4
4) инженерлік персоналмен бірге технологиялық, пайдалану процесінің сыни межелерін (тораптарын) анықтайды және оларды бақылау үшін параметрлер мен шарттарды белгілейді.
Тармақ 9
9. Ұйымдарда барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үш деңгейдегі мынадай құжаттаманы қамтитын техникалық, пайдалану және атқарушы құжаттар қажет:
Тармақша 1
1) ауыз судың, тазартылған сарқынды судың сапасына қатысты ұйымның мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін құжаттар;
Тармақша 2
2) дайын өнімнің сапасына тікелей жауапты және әсер ететін бөлімшелердің қызметтік міндеттерін сипаттайтын ережелер;
Тармақша 3
3) жұмыс нұсқаулықтары, технологиялық карталар, жадынамалар, жорналдар, тексеру хаттамалары және басқа да жұмыс құжаттары.
Тармақ 10
10. Барлық құжаттар қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта қаралады, жаңартылады, олардың құрамына нақты бөлімшенің мақсаты мен қызмет саласын ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына, су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларға (бұдан әрі - Санитарлық қағидалар) сай келетін сапалы ауыз суды, сарқынды суларды тазартуды қамтамасыз етуге бағытталған параметрлер енгізіледі.
Тармақ 11
11. Ұйымда Санитарлық қағидалардың нормаларымен белгіленген су сапасының сәйкес екенін растауға арналған бақылау, өлшеу және сынақ жабдықтармен, өлшеу құралдарымен тұрақты тексеріледі. Қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтары бақылау функцияларына жауап береді. Белгіленген шектерде өлшемдердің қателіктеріне жол беріледі (рұқсат берілген шама). Сынақ, өлшеу жабдықтары мен құралдарының сәйкестік сертификаты болғанда, олар өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген жағдайда ғана сатып алынады.
Тармақ 12
12. Өнімділігі тәулігіне 25 мың текше метрден астам сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары қазіргі заманғы геоақпараттық технологияларды және гидравликалық үлгілеуді ендіру негізінде оларды басқаруға кезең-кезеңмен ауысуды жүзеге асырып жатыр.
Тармақ 13
13. Ұйым ауыз су мен тазартылған сарқынды сулардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық кезеңдіктің барлық кезеңдеріне үнемі бақылау жүргізеді, нормалар мен ережелерде белгіленген сапаға сәйкес келмеген жағдайда ауыз су мен тазартылған сарқынды сулардың талап етілетін санын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар тізімі қамтылған нұсқаулықты әзірлейді.
Тармақ 14
14. Ұйым басшылығы кадрларды арнайы даярлау қажеттілігін анықтайды (белгілейді). Осы мақсатта әртүрлі деңгейдегі орындаушыларды дайындау, қайта даярлау жоспарлары, әртүрлі деңгейдегі және профильдегі орындаушыларды оқыту, сондай-ақ, сертификаттау мәселесі бойынша бағдарламалар әзірленеді.
Тармақ 15
15. Ұйым жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін, ауыз су мен тазартылған сарқынды сулар сапасының белгіленген көрсеткіштеріне, тұтынушылық қасиеттер мен қызмет көрсету режиміне қол жеткізу үшін барлық сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарына стандарт ИСО (International Standard for Organization) серия 9000 негізінде сапаны басқару жүйесін енгізу ұсынылады.
Тармақ 16
16. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылыстарында пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындайтын персоналдың өндірістік қызметі жоғары тұрған басқару органдарының ұсынымдарымен, нұсқауларымен, бұйрықтарымен регламенттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жабдықтары мен құрылыстарына қызмет көрсету бойынша жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер тәулік бойы жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелерін қалыптастырудың негізі жабдыққа, құрылысқа қызмет көрсету түрлері, жұмыс түрлері бойынша олардың мамандығы, сондай-ақ, аумақтық аудандар (участок) бойынша бөлу болып табылады.
Тармақ 17
17. Ұйым:
Тармақша 1
1) қарамағындағы барлық құрылымдық бөлімшелерге әкімшілік-шаруашылық және техникалық жетекшілік етеді;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және олардың сенімділігін, үнемділігі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың орындалуына жүйелі бақылау жүргізеді;
Тармақша 3
3) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды жарамды күйінде күтіп ұстайды;
Тармақша 4
4) суды өңдеудің барлық негізгі кезеңдерінде бастапқы және тазартылған судың сапасына жүйелі бақылау жүргізеді;
Тармақша 5
5) көздерден алынатын, технологиялық циклдерде пайдаланылатын, тұтынушыларға берілетін тазартылған және ағызылатын сулар, олардағы ластаушы заттардың көлемін есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 6
6) жұмыстағы авариялар мен ақаулықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, желілердің гидравликалық жұмысына мониторингі жүргізеді;
Тармақша 7
7) техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитария мен еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту, жарақаттылық пен авариялар жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) күрделі және жоспарлы алдын алу жөніндегі жөндеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде техникалық қадағалауды жүргізеді, жаңа және реконструкцияланып жатқан құрылыстарды, коммуникациялар мен жабдықтарды пайдалануға техникалық қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) техникалық құжаттаманы (іздеу материалдарын, жобаларды, атқарушылық сызбаларын) сақтайды;
Тармақша 11
11) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды паспорттау және түгендеу жүргізеді;
Тармақша 12
12) пайдалану және лауазымдық нұсқаулықтарды, басқару және диспетчерлендіру жедел схемаларын құрастырады;
Тармақша 13
13) абоненттердің елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылданатын сарқынды суларының құрамын және мөлшерін анықтайды;
Тармақша 14
14) бассейндік инспекциялармен келісілген нысан бойынша және мерзімде су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су көлемінің бастапқы есебін жүргізу;
Тармақша 15
15) есептік құжаттарды толтырады және оларды жоғарғы тұрған ұйымдарға береді;
Тармақша 16
16) сумен жабдықтау және су бұру жүйелері желілерінің, жеке құрылыстары мен жабдықтарының сенімділік көрсеткіштерін бағалау мен бақылау жүргізеді;
Тармақша 17
17) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.
Тармақ 18
18. Ұйым әкімшілігі тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін:
Тармақша 1
1) жұмыс орнында техникалық оқытуды, нұсқама жүргізуді ұйымдастыру, озат тәжірибемен алмасу, өнертабыстық ұсыныстар мен еңбекті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қоғамдық талдау арқылы пайдалану персоналдың техникалық білімін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 2
2) желілер мен жүйелер жұмысында бұзушылықтар мен авариялардың себептеріне талдау жасайды және талқылайды, пайдалану персонал мен жөндеу бригадаларының қатысуымен олардың алдын алу бойынша іс-шараларды қарастырады;
Тармақша 3
3) пайдалану персонал мен жөндеу бригадаларымен бірге ең тән аварияларды анықтау, оқшаулау және жою бойынша сабақтар мен аварияға қарсы жаттығулар өткізеді;
Тармақша 4
4) белгіленген су тұтыну лимитін сақтайды;
Тармақша 5
5) жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персоналдың техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды және қауіпсіздік техникасы жөніндегі білімін тексереді және оқыту жүргізеді;
Тармақша 6
6) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
Тармақ 19
19. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылыстарында, желілерінде, жабдықтарында авария болған жағдайда сумен жабдықтау және су бұру ұйымы оны тез анықтау, оқшаулау, пайда болған аварияны толық жою және оның салдарын жою үшін шараларды дереу қабылдайды.
Тармақ 20
20. Авариялық жағдайлар кезінде сумен жабдықтау және су бұру ұйымы тиісті жергілікті атқарушы органдарын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесін дереу хабардар етеді.
Тармақ 21
21. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымы судың көлемі мен шығындарын өлшейді және есепке алады:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтаудың табиғи көзінен немесе аудандық сумен жабдықтау жүйесінен алынатын;
Тармақша 2
2) екінші көтеру сорғы стансалары беретін;
Тармақша 3
3) кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынатын;
Тармақша 4
4) тұрғын және қоғамдық ғимараттар тұтынатын;
Тармақша 5
5) әрі пәтер бойынша.
Тармақ 22
22. Су объектілеріне ағызылатын су тұтынушыларының сарқынды сулары мен тазартылған сарқынды сулардың шығыстары мен көлемі, сондай-ақ, есепке алынады.
Тармақ 23
23. Техникалық пайдалануды жедел басқаруды сумен жабдықтау және су бұру ұйымының диспетчерлік қызмет қамтамасыз етеді, ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің пайдалану режимдерін әзірлеуге қатысады, барлық жүйенің, сондай-ақ, оның жеке объектілерінің жұмыс режимін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның ведомстовсының аумақтық бөлімшесімен, жергілікті атқарушы органдарымен жедел байланысты қамтамасыз етеді. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымы диспетчерлік пунктте кесте бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады.
Тармақ 24
24. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылыстары мен жабдықтарын жоспарлы алдын ала жөндеу жүйелеріне құрылыстарды қадағалау мен күтіп ұстау және алдын ала жасалған жоспар бойынша кезеңімен жүзеге асырылатын жөндеулердің барлық түрлеріне қатысты ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жатады.
Тармақ 25
25. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен жеке құрылыстарының салынуына (кеңейтілуіне, реконструкциялануына, техникалық қайта жарақтандырылуына) техникалық қадағалауды сумен жабдықтау және су бұру ұймының басшысы тағайындаған жауапты өкіл немесе шарт негізінде тартылған инжинирингтік компанияның маманы (сарапшысы) жүзеге асырады. Өкіл өзінің ескертулері мен ұсыныстарын құрылыс ұйымы жүргізетін объектінің құрылыс журналына жазады. Өкіл:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық сатысында тұрақты техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) оларды жою тәсілдері мен нақты мерзімдері көрсетіліп, анықталған ақаулар, жоба мен техникалық шарттардан ауытқушылықтар және жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша ұйым әкімшілігіне құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге, қазіргі заманғы материалдарды қолдануға бағытталған жұмыс өндірісін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) жасырын жұмыстарды қабылдауға қатысады;
Тармақша 5
5) қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.
Тармақ 26
26. Мамандандырылған ұйымдар орындайтын іске қосу-реттеу жұмыстардан кейін құрылыстар пайдалануға беріледі. Ұйым әкімшілігі тазартқыш құрылыстарын сынама пайдалануға қосу алдында:
Тармақша 1
1) тиісті лауазымда жұмыс тәжірибесі бар мамандармен кадрлар жиынтығын қамтамасыз етеді, пайдалану персоналды осыған ұқсас қолданыстағы құрылыстарда тағылымдамадан өткізеді;
Тармақша 2
2) жабдықтардың резервін, материалдардың, реагенттердің, қорғаныш құралдарының талап етілетін қорын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) барлық технологиялық учаскелерді және құрылымдық бөлімшелерді олар туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен, техника қауіпсіздігі плакаттарымен, тазартқыш құрылыстарының пайдалану көрсеткіштерін тіркеу журналдарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) зертханалық-өндірістік және технологиялық бақылауға зертханалардың дайындығын тексереді;
Тармақша 5
5) пайдалану персоналымен сынама пайдаланудың мақсаты мен міндеті және оны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігі туралы нұсқама жүргізеді.
Тармақ 27
27. Тазартқыш құрылыстарды сынама пайдалану жобасында қарастырылған пайдалану режимінде жүргізеді (судың шығыстары және өңдеу технологиясы бойынша). Сынама пайдалану процесінде барлық тазартқыш құрылыстардың, олардың элементтерінің, коммуникациялардың, ысырма-тарату және бақылау-өлшеуіш құралдардың жұмысқа қабілеттігін тексереді. Тұтынушыларға сынама пайдалану кезінде су құбырынан су беруге жол берілмейді. Сынама пайдалану аяқталған соң тазартқыш құрылыстар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісіліп уақытша пайдалануға енгізіледі.
Тармақ 28
28. Уақытша пайдалану кезінде ол басталғаннан кейін су сапасының барлық нормативтік көрсеткіштері тұрақталған соң 24 (жиырма төрт) сағаттан кейін су тұтынушыға ауыз су беріледі. Уақытша пайдалану процесі кезінде:
Тармақша 1
1) тазартқыш құрылыстарды технологиялық ретке келтіру жүргізіледі;
Тармақша 2
2) жобада белгіленген пайдалану режимдері пысықталады;
Тармақша 3
3) қолданылатын реагенттердің мөлшері анықталады;
Тармақша 4
4) құрылыстың жобалық өнімділігіне және көтеріңкі режимдеріне (авария болған жағдайда) сынақ жүргізіледі;
Тармақша 5
5) тазартқыш құрылыстардың, коммуникациялардың, ысырма-тарату жабдықтары мен бақылау және автоматтандыру құралдарының жұмыстағы кемшіліктері анықталады және жойылады. Сумен жабдықтаудың тазартқыш құрылыстарының жобалық өнімділігіне және ретке келтірулерге сынақ көздегі су сапасының барлық тән өзгеруі бойынша жыл ішінде жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Тұрақты пайдалану кезінде тазартқыш құрылыстардың жұмысы үнемі жүргізілетін журналдардағы жазбаларда ескеріледі:
Тармақша 1
1) тазартылған судың және өңделген шөгінділердің мөлшерін; шығындалған реагенттер мен олардың мөлшер көлемін; өз қажеттіліктеріне жұмсалған судың мөлшерін; жұмыстағы, тазартылудағы, жөндеудегі кұрылыстардың, агрегаттардың және жабдықтардың атауларын күнделікті тіркеп отыратын техникалық пайдалану;
Тармақша 2
2) ағып келетін және тазартылған сулардың құрамын анықтау, сонымен қатар, суды тазалаудың жекелеген тазалау сатыларындағы шикізат пен өңделген шөгінділерді күнделікті талдау нәтижесінің мәліметтерін енгізу;
Тармақша 3
3) материалдарды қолдануды есепке алу, онда тазартқыш құрылыстардың қоймаларына реагенттер және басқа материалдардың келіп түскені және шығындалғаны, сақталынып жатқаны туралы жазбалар жүргізіледі. Өнімділігі тәулігіне 25 мың текше метрден астам тазартқыш құрылыстарында жедел құжаттама мен журналдар электрондық түрде жүргізіледі.