Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи Қолданыста
Басқа 0
Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жолдаманың үлгілік нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жолдаманы беру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Аң аулауға арналған жолдаманың үлгiлік нысаны
Типовая форма путевки для осуществления охоты
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
1-қосымша
Үлгілік нысан
(типовая форма)
Аң аулауға арналған жолдаманың үлгiлік нысаны
Типовая форма путевки для осуществления охоты
Жолдаманың алдыңғы беті (лицевая сторона путевки)
Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды (действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства)
_______________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы / наименование субъекта охотничьего хозяйства)
ЖОЛДАМА № _________________________________________________
ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі / регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық / разовая, сезонная __________________________
Жолдама құны / стоимость путевки __________________________ теңге
Аңшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / фамилия, имя, отчество (при его наличии) охотника _________________
Аңшы куәлігінің № / № удостоверения охотника ____________________
Берілген күні / дата выдачи _______________________________________
Аңшылық шаруашылығының атауы / наименование охотничьего хозяйства ___________________________________________________________
Қорықшыға жіберіледі / направляется к егерю _______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Қолданылу мерзімі 20__ жылғы «__» ______ бастап 20__ жылғы «__» дейін /
Срок действия с «__» ______ 20__ года по «__» ______ 20__ года.
Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы / ответственное лицо охотничьего хозяйства выдавшее путевку ______
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Аңшылық шаруашылығының ішкі тәртібі қағидаларымен таныстым / с правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен
___________________________________________________________________________________
(аңшының қолы / подпись охотника)
Электрондық жүйе арқылы жолдама берілген жағдайда қорықшылар мен инспекторлардың жолдама деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін QR-код
Жолдама берілген күн 20___ жылғы «__» __________
QR-код, позволяющий идентифицировать данные путевки егерями и инспекторами в случае выдачи путевки через электронную систему
Дата выдачи путевки «_____» _______ 20__ год
Жолдаманың артқы беті (обратная сторона путевки)
Жануарлардың түрі туралы белгі соғу
/ отметка о виде животных
Жануардың саны / количество животного
Нақты ауланғаны
/ фактически добыто
Күні / дата
Қорықшының немесе аңшының қолы
/ подпись егеря или охотника
Ескерту / Примечание:
1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының өзі жүргізеді / Отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии самим охотником;
2. Жолдаманы басқа адамға беруге болмайды / передача путевки другому лицу не производится.
Басқа 1-1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
1-1-қосымша
Басқа 2. Жолдама беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
2-қосымша
Жолдама беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) электрондық жүйенің әкімшісі – электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асыратын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін тұлға;
Тармақша 2
2) электрондық жүйе – жолдамаларды электрондық нысанда беруді қамтамасыз ететін жүйе.
Тармақ 3
3. Электрондық жүйенің әкімшісі электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асырады және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Электрондық жүйе мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, қазақ және орыс тілдерінде, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Тармақ 5
5. Электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық жүйенің әкімшісі:
Тармақша 1
1) берілген жолдамалар бойынша автоматтандырылған есепке алуды, жүйе істен шыққан немесе бүлінген жағдайда ақпараттың сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін;
Тармақша 2
2) аңшылық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасауын;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сұрау келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша берілген жолдамалар жөнінде есеп ұсынуды;
Тармақша 5
5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті тұлғаларға электрондық жүйеге қол жеткізіп беруді қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Жолдама беру тәртібі
2-тарау. Жолдама беру тәртібі
Тармақ 6
6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.
Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ жануарлар дүниесін алып қою мақсатында бекітілген аңшылық шаруашылықтарына бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Жеке тұлға электрондық форматта жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда ол бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне жіберіледі.
Тармақ 7
7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары бойынша белгілейді.
Киікке әуесқойлық (спорттық) аң аулауға берілген жолдаманың қолданылу мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды.
Тармақ 8
8. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден:
Тармақша 1
1) аңшылық шаруашылығы субъектілерінің Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квотаның болмауы немесе толық игерілуі;
Тармақша 2
2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігінің болмауы;
Тармақша 3
3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдаланудың орындары мен мерзімдерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынғанда;
Тармақша 4
4) аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылық шаруашылығының ішкі регламентіне сәйкес аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылардың барынша шекті мөлшері болған жағдайларда бас тартылады.
Тармақ 9
9. Аңшылық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды қағаз жеткізгіште берген жағдайда оларды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
Аңшылық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды электрондық форматта берген жағдайда олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде тіркеледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы инспектордың жеке кабинетіне жіберіледі.
Басқа 1. Аңшылық шаруашылығы субъектілері берген жолдамаларды тiркеу журналы
___________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
Жолдама беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Аңшылық шаруашылығы субъектілері берген жолдамаларды тiркеу журналы
___________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектiсiнiң атауы)
№
Аңшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Аңшының тұрғылықты жерінің мекен–жайы
Жолдаманың нөмiрi
Құстың, жануарлардың түрi
Аң аулау - мерзiмдерi
Жолдаманы алғаны туралы қолтаңбасы
________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолтаңбасы)
Басқа 2. Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің берген жолдамалар тізілімі
___________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығының атауы)
Жолдама беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің берген жолдамалар тізілімі
___________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығының атауы)
№
Жолдама түрі (бір реттік, маусымдық)
Жолдаманың нөмірі
Берілген күні
Жануарлардың түрі
Саны (бас)
Аң аулау мерзімдері
Аң, аулау құралының түрі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жеке сәйкестендіру нөмірі
Тұрғылықты жерінің мекенжайы