О проведении весенних работ по санитарной очистке, благоустройству и озеленению городов и населенных пунктов области в рамках общенационального движения за чистоту "Добрые дела" Қолданыста
Басқа 0
Жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер”
қозғалысының шеңберінде облыстың
қалалары мен елді-мекендерін тазалау,
көркейту және көгалдандыру жөніндегі
көктемгі жұмыстарды жүргізу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің “2001 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы деп жариялау туралы” Жарлығына сәйкес және жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде:
Тармақ 1
1. 2001 жылдың 1 сәуірнен бастап 1 маусымына дейінгі аралықта облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөнінде жұмыстар жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ағымдағы жылдың 14, 29 сәуірі және 12, 26 мамыры санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі облыстық сенбілік өткізу күндері болып жариялансын.
Тармақ 3
3. Тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жөніндегі облыстық шаралар жоспары бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 4
4. Көктемгі маусымда облыс қалалары мен елді-мекендерінде көкжелек отырғызу жөніндегі жоспар-тапсырма бекітілсін (N2 қосымша).
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар әкімдеріне тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі шаралардың барысы туралы деректерді өспелі жиынмен облыстық әкімиятқа апта сайын жұма күні қоса тіркелген үлгі бойынша (N3 қосымша) ұсыну міндеттелсін. Түнкілікті деректер 2001 жылғы 5 маусым қарсаңында ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Бұқаралық ақпарат құралдары жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде облыстың қалалары мен елді мекендерінде көктемгі тазалау, көркейту және көгалдандыру жөнінде жұмыстарды жүргізу барысын тұрақты түрде жарияласын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі орынбасарының міндетін атқарушы П.А.Ильницкийге жүктелсін.
Басқа 1. Жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде
облыстың қалалары мен елді мекендерін көктемгі санитарлық тазалау,
көркейту және көгалдандыру кезеңіне арналған шаралар
ЖОСПАРЫ
Облыс әкімінің 2001 жылғы
28.03
N 47 шешіміне N 1 қосымша
Жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде
облыстың қалалары мен елді мекендерін көктемгі санитарлық тазалау,
көркейту және көгалдандыру кезеңіне арналған шаралар
ЖОСПАРЫ
NN
р/н
Шаралар атауы
Орындаушылар
Орындалу мерзімі
1
2
3
4
1.
Қалалар және аудандар әкім дері аппараттары қызмет керлерін барлық меншік үлгі сіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға, ПИК, тұрғын үй басқарушыларына, нақты аумақтық елді-мекендерге бекіту
Қалалар, аудандар әкімдері
1 сәуірге дейін
2.
Қоқыстарды, ұйымдастырылмаған үйінділері шығаруға қажетті арнайы техникалар (арнайы) мен көлік санын қатыстыру жөнінде мәселені шешу.
Қалалар, аудандар және по селкелер әкім дері, барлық меншік үлгісін дегі кәсіпорын дар, ұйымдар басшылары, ПИК, үй басқарушылары
Екі айлық бойы
3.
Көркейту жөніндегі жұмыстардың уақытында орындалуын және бекітілген объектілер мен аумақтардың тиісті ұсталуын қамтамасыз ету
Қалалар, аудандар және по селкелер әкім дері, барлық меншік үлгісін дегі кәсіпорын дар, ұйымдар басшылары, ПИК, үй басқарушылары
Екі айлық бойы
4.
Үй маңындағы аумақтарды тәртіпке келтіру, алаңдарды қоқыс жинағыштар үшін көркейту, қоқыс құбырларын тазарту және дезинфекциялау
ПИК, үй басқарушылары
Екі айлық бойы
5.
Тұрғындарды үй астары мен шатырларды, үй маңындағы аумақтарды тазартуға қатыстыру жөнінде олармен жұмыс жүргізу
ПИК, үй басқарушылары
Екі айлық бойы
6.
Көпірлер мен жолдардың автокөлік өтетін жолдарының тазартылуын, көпір және жол қоршауларына жөндеу және сырлау жүргізуді қамтамасыз ету.
Кәсіпорындар мен ұйымдар, жол қызметтері
Екі айлық бойы
7.
Ұлы Отан соғысына қатысушылардың туысқандық зираттарын, ескерткіштер мен гүлзарларды және оларға жақын орналасқан аумақтарды тиісті түрге келтіру
Қалалар және
аудандар әкімдері
Екі айлық бойы
8.
Қарау құдықтарын жөндей отырып, инженерлік коммуникациялардағы апаттарды жойғаннан кейін жолдарға жөндеу жүргізу, жолдың жүретін бөлігінің асфальтты- бетонды жабуларын қалпына келтіру.
Инженерлік коммуникацияларды пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдар
Екі айлық бойы
9.
Сыртқы жарықтану, трамвай-троллейбус жүйелерінің, бағдаршам және жол белгілерінің тіректерін жөндеу
Электр жарықтандыру тіректерін, байланыс, броллейбус жүйелерін, бағдаршам, жол белгілерін пайдаланушы кәсіпорындар
Екі айлық бойы
10.
Көктем маусымында ағаштар мен көшеттер отырғызу үшін кәсіпорындарға, ұйымдарға және оқу орындарына сату үшін көшеттердің қажетті мөл шерін әзірлеу. Олардың уақыт ында суарылуы мен қажетті қарауын қамтамасыз ету
Қалалар, аудандар әкімдері, облыстық аумақтық орман және биоресурстар жөніндегі басқарма
Екі айлық бойы
11.
Облыстық санэпидстанция (С.Т.Сәтеков), облыстық коршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Т.Қожахметов), облыстық ТЖ жөніндегі басқарма (М.Қ.Ысқақов) ҚР қолданылып жүрген заңдарына сәйкес санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың сақталуын тұрақты бақылаумен қамтамасыз етсін.
Облыстық санэпидстанция, облыстық қоршаған ортнаны қорғау басқармасы, облыстық ТЖ жөніндегі басқарма
Екі айлық бойы
Басқа 2. Көктемгі кезеңде облыстың қалалары мен
елді мекендеріне көкжелек отырғызу жөніндегі
ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
Облыс әкімінің 2001 жылғы
28.03
N 47 шешіміне N 2 қосымша
Көктемгі кезеңде облыстың қалалары мен
елді мекендеріне көкжелек отырғызу жөніндегі
ЖОСПАР-ТАПСЫРМА
N
Қалалар мен аудандар
Ағаштар
Көшеттер
1
Қарағанды
8970
1400
2
Балқаш
1535
5200
3
Жезқазған
900
600
4
Қаражал
700
-
5
Приозерск
1000
-
6
Саран
2000
1600
7
Сәтпаев
3500
-
8
Теміртау
340
1000
9
Шахтинск
1000
1000
10
Абай ауданы
400
500
11
Ақтоғай ауданы
2000
250
12
Бұқар жырау ауданы
400
650
13
Жаңаарқа ауданы
200
100
14
Қарқаралы ауданы
150
150
15
Нұра ауданы
600
300
16
Оскаров ауданы
600
400
17
Ұлытау ауданы
1200
300
18
Шет ауданы
700
-
ЖИЫНЫ
26195
13450
Басқа 3. “ Жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі жұмыстарды жүргізу туралы”
облыс әкімінің аппаратына күн сайын есеп беру үшін сұрақтар
ТІЗБЕСІ
Облыс әкімінің 2001 жылғы
28.03
N 47 шешіміне N 3 қосымша
“ Жалпыұлттық тазалық үшін ”Ізгі істер” қозғалысының шеңберінде облыстың қалалары мен елді мекендерін санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі жұмыстарды жүргізу туралы”
облыс әкімінің аппаратына күн сайын есеп беру үшін сұрақтар
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Сенбілікке қатысушы кәсіпорындар саны, барлығы
Тармақ 2
2. Қатысушы адамдар саны, барлығы
Соның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылғандардың саны,
адам
Тармақ 3
3. Қатыстырылған техника, барлығы
Соның ішінде: автомашиналар -
жүк тиеушілер -
Тармақ 4
4. Тазартылған аумақтар, шаршы км
Тармақ 5
5. Жойылған ұйымдастырылмаған қоқыстар, дана
Тармақ 6
6. Құрғатылған жер қабаттары, дана
Тармақ 7
7. Тазартылған және жөнделген арықтар, нөсерағарлар, км
Тармақ 8
8. Қанша ескерткіштер және олармен шектесетін аумақтар
көріктендірілді, дана/шаршы метр
Тармақ 9
9. Қоқыс шығаруға жасалған келісімдер, дана
Тармақ 10
10. Қоқыс жинауға орнатылған контейнерлер, дана
Тармақ 11
11. Әкетілген қоқыстар көлемі, мың тонна
Тармақ 12
12. Жөнделген кұту павильондары, дана
Тармақ 13
13. Жөнделген көше және аула жарықтары
Тармақ 14
14. Жөнделген жолдар, км
Тармақ 15
15. Жөнделген және сырланған қоршаулар
Тармақ 16
16. Инженерлік және байланыс желілеріндегі апаттарды жойғаннан
кейін аумақтарды жоспарлау және көркейту, дана
Тармақ 17
17. Отырғызылған ағаштар (дана, га)
Тармақ 18
18. Отырғызылған көшеттер (дана, га)
Тармақ 19
19. Қолданылған шаралар:
Тармақша а
а) ресімделген нұсқамалар және ескертулер;
Тармақша ә
ә) салынған айыпнұлдар;
Тармақша б
б) объектілерді пайдалануды тоқтату туралы шығарылған қаулылар;
Тармақша в
в) жүргізілген рейдтер;
Тармақша г
г) ұйымдастырылған тұрғындар жиыны;
Тармақша ғ
ғ) әкімшілік комиссияда қарауға ресімделген істер;
Тармақша д
д) прокуратураға ресімделген істер;
Тармақша ж
ж) санитарлық-ағартушылық жұмыстар.
Апта сайын жұма күндері жұмыстарды жүргізу барысы туралы мәліметтер облыс әкімиятына 42 14 26 телефоны бойынша берілсін.
Мәтін бөлігінде жақсы және қанағаттанғысыз жұмыс істейтін ұжымдардың мысалдары көрсетілсін.
Қорытынды ақпаратта орындалған жұмыстарлдың жалпы көлемі қосымша көрсетілсін, млн. теңге.