Об утверждении натуральных норм автомобильных и механических транспортных средств для обслуживания государственных учреждений - противочумных станций Комитета по защите прав потребителей Министерства национальной экономики Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің мемлекеттік мекемелері –
обаға қарсы күрес станцияларына қызмет
көрсетуге арналған автомобиль және
механикалық көлік құралдарының заттай
нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 10 наурыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 наурыз
№ 187 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары
Көлік құралының типі
Функционалдық мақсаты
Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны
Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы
Эпидемияға қарсы жасақ
Бір станцияға
1
2
3
4
5
1. Санитария-лық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)
Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін
2
1
X
2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)
Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін
2
1
X
3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана
Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін
2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік
2-ден артық емес
4. Су тасығыш
Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін
2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік
2-ден артық емес
5. Өзі аударғыш
Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін
2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік
2-ден артық емес
6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында
Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін
2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік
2-ден артық емес
7. Шағын автобус
Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін
2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік
2-ден артық емес
8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор
Тиеу-түсіру жұмыстары үшін
1