Об условиях определения рейтинга и минимальном рейтинге для перестраховочной организации и страхового брокера - нерезидентов Республики Казахстан и утверждении перечня рейтинговых агентств Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің рейтинг анықтау шарттары мен ең аз рейтинг туралы және рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 29.10.2005 № 384 қаулысымен. Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 221 қаулысымен. "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi бекiтiлсiн (N 1 қосымша). Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 221 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенімділігінің рейтингі ретінде мыналар қабылданады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін қаржылық күштердің халықаралық рейтингі (Financial Strength Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы қаржылық күштердің рейтингі (Financial Strength Rating);
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының резидент емесі - қайта сақтандыру ұйымы үшін "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша сенімділік рейтингісі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокері үшін халықаралық кредиттік рейтингі (Credit Rating) немесе осы қаулының 3-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласындағы кредиттік рейтингі (Credit Rating). Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 221; ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 N 114; 27.10.2004 N 324 қаулыларымен.
Тармақ 3
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан - Қазақстан Республикасының резидентінен, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы, қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін қабылдайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің осы қаулыға N 2 қосымшада белгіленген рейтингтен төмен емес қаржылық сенімділігінің ең аз талап етілетін рейтингі болуға тиіс. Мұндайда "Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша ұлттық рейтинг шкаласында талап етілетін ең төменгі рейтингіге ие Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы және сақтандыру брокері "Moody`s Investors Service", "Standard & Poors" және Fitch рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша Қазақстан Республикасына тағайындалған тиісті тәуелсіз рейтингісінен төмен емес тәуелсіз рейтингілерінің біреуіне ие елде тіркелуі тиіс. Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту мен толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 N 221; ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 N 114 қаулыларымен.
Тармақ 3-1
3-1. Алып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 N 114 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Сақтандыру қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 13. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына N 1 қосымша Ескерту: 1 қосымшаға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.10.2001 N 414; 04.07.2003 N 221; ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 N 114; 27.10.2004 N 324 қаулыларымен. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмi Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, оның ішінде сақтандыру брокерлері арқылы, қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң рейтингiн анықтайтын рейтинг агенттiктерi мыналар деп есептелсiн:
Тармақ 1
1. Мооdу,s Investors Service (АҚШ)
Тармақ 2
2. Standard & Poors (АҚШ)
Тармақ 3
3. Ғitсh (Ұлыбритания)
Тармақ 4
4. А.М.Веst (АҚШ)
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 N 114 қаулысымен.
Тармақ 6
6. "Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігі (Ресей Федерациясы)
Басқа 20. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің ең аз рейтингi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы N 86 қаулысына N 2 қосымша Ескерту: 2 қосымшаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.10.2001 N 414; 04.07.2003 N 221; ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 12.04.2004 № 114; 27.10.2004 N 324 қаулыларымен. Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының және сақтандыру брокерінің ең аз рейтингi Қазақстан Республикасының резидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерiн қабылдайтын Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымының және Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің қаржылық сенiмдiлiгiнiң ең аз рейтингi "А3"-тен ("Мооdу,s Investors Service" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Standard & Рооrs" жiктеуi бойынша) төмен болмауға, немесе ұлттық рейтинг шкаласы бойынша ең жоғары рейтингісінен ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-дан ("Ғitсh" жiктеуi бойынша) төмен болмауға немесе "А-"-ден ("А.М.Веst" жiктеуi бойынша), немесе "А++" төмен емес ("Эксперт-РА" Ресей рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен болмауға тиiс. Мұндайда ұлттық рейтинг шкаласы бойынша рейтинг ("Standard & Poors", "Moody`s Investors Service" және Fitch жіктеуі бойынша) тиісті префикспен белгіленеді.