Об утверждении натуральных норм площадей специфических помещений для органов юстиции Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекiтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті аталған бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы « »
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекiту туралы № р/с Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың алаңы 1 2 3 4 Әділет органдарына арналған ерекше үй-жайлар 1 Жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің мұрағаты үшін үй-жай: шаршы м. Аудандық (қалалық) әділет басқармасы 220 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті 600