О внесении изменений и дополнений в Правила отражения в бухгалтерском учете и отчетности казенного предприятия операций, выполняемых в рамках государственного заказа Күшін жойған
Басқа 0
Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 21.06.2007 № 217 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 және "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2732 заң күшi бар Жарлықтарын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің 2000 жылғы 1 маусымдағы N 266 бұйрығымен бекiтiлген қоса берiлiп отырған
"Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлігiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесi" енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментi белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған Ережеге өзгерiстер мен толықтырулардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрi Е.А. Досаевқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Ережеге осы өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
2001 жылғы 28 ақпандағы
N 104 бұйрығымен
бекітілді
Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар
2-тарауда "Кiрiстер мен шығыстарды есепке алу":
7-тармақта "қаражатты" деген сөз "соманы" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қаражаттың түсуi" деген сөздер "ақшаның түсуi" деген сөздермен ауыстырылсын.
10-тармақтың бiрiншi абзацында:
бiрiншi сөйлем мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қосылған құнға салынатын салық сомасына 331 "Өтеуге ҚҚС" шотының дебетi және 671 "Берушілермен және мердiгерлермен есеп айырысулар", 441 "Есеп шот" шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзіледi және тағы сол сияқты";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 12-1
"12-1. Есепке алынуға жататын ҚҚС-тың сомасы 633 "Қосылған құнға салынатын салық" шотының дебетi және 331 "Өтеуге қосылған құнға салынатын салық" шотының кредитi бойынша көрсетiледi";
3-тараудағы "Есептiлiк":
Тармақ 14
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 14
"14. Кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiнiң көлемiне бухгалтерлiк баланспен, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеппен, ақша қозғалысы туралы есеппен және қаржылық есептiлiкке түсiндiрме жазбамен бiрге "Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп", "Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы есеп" (1, 2-қосымшаларға сәйкес) мамандандырылған нысандары енгiзiледi.".
Мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:
Тармақ 4
"4. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi толтыру тәртiбi
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген түсiмдер мен шығыстар туралы ақпаратты пайдаланушыға беру болып табылады.
Тармақ 17
17. 1-бағанда "Көрсеткiш" бюджеттен бөлiнген ақша түсiмдерiнiң көрсеткiштерi, оларды шығыстардың түрлерi бойынша пайдалану, сондай-ақ бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасы және жұмсалмаған ақша сомасы қалдықтарының немесе оның соңғы есептi кезеңдегi жұмсалу көрсеткiштерi келтiрiлдi.
Тармақ 18
18. 2-бағанда "жолдың N" жолдардың нөмiрлерi келтiрілген.
Тармақ 19
19. 3-бағанда "Смета бойынша бекiтiлгенi" мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi уәкiлеттi органның сметасы бойынша бекiтiлген бюджет қаражатының сомасы көрсетiледi.
Тармақ 20
20. 4-бағанда "Iс жүзiндегi түсiмдер мен шығыстар" бюджеттен бөлiнген ақшаның iс жүзiндегi түсуi және жұмсалуы көрсетiледi.
Тармақ 21
21. 5-бағанда "Ауытқуы" 3-баған мен 4-бағанның арасындағы айырмашылық ретiнде анықталатын смета бойынша бекiтiлген iс-жүзiндегi түсiмдер мен шығындар сомасының ауытқуы көрсетiледi.
Тармақ 22
22. 001 жол бойынша бастапқы есептi кезеңдегi ақша сомасының қалдығы көрсетiледi.
Тармақ 23
23. 010 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен алынған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
Тармақ 24
24. 020 жол бойынша 030 бастап 260-жолдардың сомасына тең мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген жұмсалған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.
Тармақ 25
25. 270 жол бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған сомасы немесе мынадай түрде анықталған оның артық жұмсалуы көрсетiледi: 001-жол + 010-жол - 020-жол."
Сол сияқты, мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
Тармақ 5
"5. Мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған
кредиторлық берешек туралы есептi толтыру тәртiбi
Тармақ 26
26. Есептiң негiзгi мақсаты 15-тармақта көрсетiлген пайдаланушыларға мемлекеттiк тапсырысты орындау шеңберiнде пайда болған кредиторлық берешек туралы ақпаратты беру болып табылады.
Тармақ 27
27. 1-бағанда "Кредитордың атауы" мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде туындаған алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн есептемелер бойынша еңбекақы төлеу және төленген салық және басқа да мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туындаған заңды және жеке тұлғалар көрсетiледi.
Тармақ 28
28. 2-бағанда "Бастапқы есептi кезеңдегi қалдық" бастапқы есептi кезеңдегi кредиторлық берешектiң қалдығы көрсетiледi. Осы бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы бухгалтерлiк есептiң деректерiн белгiленген тәртiппен түзеткен жағдайларды қоспағанда, есептi кезең iшiнде өзгермеуi тиiс.
Тармақ 29
29. 3-бағанда "Есептi кезеңдегi берешек" есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешек көрсетiледi.
Тармақ 30
30. 4-бағанда "Есептi кезеңде өтеу" есептi кезеңдегi кредиторлық берешектi өтеу сомасы көрсетiледi.
Тармақ 31
31. 5-бағанда "Берешектiң барлығы" 4-бағанды шегергенде 2 және 3-бағандардың сомасын көрсететiн соңғы есептi кезеңде пайда болған кредиторлық берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi.
"Мемлекеттік тапсырысты орындауға бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есеп" қосымшасында:
"Қосымша" деген сөздің алдынан "1" деген санмен толықтырылсын;
001 деген жолмен толықтырылсын және ол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бастапқы есепті кезеңдегі ақша сомасының қалдығы";
010 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемтапсырысты орындауға бюджеттен бөлінген ақшаның түсуі";
2-бағандағы "080" деген саннан кейінгі "190" деген саны "090" деген санмен ауыстырылсын;
270-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Пайдаланылмаған ақша сомасының қалдығы немесе оның есепті кезең аяғындағы артық жұмсалуы (001-жол + 010-жол - 020-жол)".
Басқа 27. МЕМЛЕКЕТТIК ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРIНДЕ ПАЙДА БОЛҒАН КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ТУРАЛЫ ЕСЕП
2-қосымша
МЕМЛЕКЕТТIК ТАПСЫРЫСТЫ ОРЫНДАУ ШЕҢБЕРIНДЕ ПАЙДА БОЛҒАН КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ТУРАЛЫ ЕСЕП
Ұйымның атауы __________________________________________________________
________________________________________________________________________
_____________жылға арналған
Ұйым қызметiнiң түрi _____________________________________________________
________________________________________________________________________
Уәкiлеттi орган ___________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мемтапсырыстың атауы ___________________________________________________
________________________________________________________________________
Өлшем бiрлiгi ____________________________________________________________
Кредитордың атауы
Бастапқы есептi кезеңдегi қалдық
Есептi кезеңдегi берешек
Есептi кезеңдегi өтеу
Берешектiң барлығы (2+3-4)
1
2
3
4
5
Жиыны:
Басшы ______________________ _________________
(қолы) (қолдың иесi)
Бас бухгалтер ________________ _________________
(қолы) (қолдың иесi)