Об утверждении форм лесорубочного билета и лесного билета, правил их учета, хранения, заполнения и выдачи Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетінің нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орман билетінің нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 23 ақпан «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________Б. Сұлтанов 2015 жылғы 11 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 09 ақпан
Басқа 1. АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына 1-қосымша Сериясы Серия № ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ ЛЕСОРУБОЧНЫЙ БИЛЕТ
Тармақ 1
1. _______________________________ облысы 20 ___ жылғы «___» __________ Область год
Тармақ 2
2. Мекеме (орман иеленуші) ____________________________________________ Учреждение (лесовладелец)
Тармақ 3
3. Ағашты кесу тәсілі ___________________________________________________ Способ рубки
Тармақ 4
4. Орманшылық ______________________________________________________ Лесничество
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орман қоры санаты ______________________________________ Категория государственного лесного фонда
Тармақ 6
6. Пайдалану түрі _____________________________________________________ Вид пользования
Тармақ 7
7. Есепке алу тәсілі ___________________________________________________ Способ учета
Тармақ 8
8. негізінде __________________________________________________________ На основании
Тармақ 9
9. рұқсат етіледі ______________________________________________________ Разрешается
Тармақ 10
10. 20 __ жылдың кеспе ағаш қоры есебіне _______________________ сүректер кесуге рұқсат беріледі Вырубить в счет лесосечного фонда 20__ года ___________________ древесины
Тармақ 11
11. Ағаштарды тартып шығаратын аралық ________________________________ Расстояние вывозки Орам­дар­дың № № квар­та­лов Те­лім № № вы­де­ла Кес­пе- аға­штың №/ауда­ны, гек­тар – № ле­со­се­ки/ пло­щадь, гек­тар Мөл­дек­тер­дің №/ ауда­ны, гек­тар - № де­ля­нок/ пло­щадь, гек­тар Ша­ру­а­шы­лық Хо­зяй­ство Өс­кін­дер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету қа­жет Обес­пе­чить со­хра­не­ние под­ро­ста ауда­ны, гек­тар на пло­ща­ди, гек­тар 1 гек­тар са­ны, мың да­на - кол-во тыс. шт. на 1 гек­тар Бар­лы­ғы: Ито­го: Продолжение таблицы Тығ­ы­здал­ған тек­ше метр­де­гі сү­рек кө­ле­мі Объ­ем дре­ве­си­ны в плот­ных куб.м Став­ка бой­ын­ша құ­ны тең­ге­мен Сто­и­мость по став­ке в тен­ге Тө­ле­ну­ге ти­іс, тең­ге При­чи­та­ет­ся к упла­те, тен­ге Кә­де­лі де­ло­вой Отын­дық дро­вя­ной шөп­шек­тер мен бұ­тақ­тар хво­ро­ста и су­чьев қо­сал­қы ағаш ре­сур­ста­ры вто­ро­сте­пен­ные дре­вес­ные ре­сур­сы Бар­лы­ғы Ито­го Кә­де­лі де­ло­вой Отын­дық дро­вя­ной шөп­шек­тер мен бұ­тақ­тар, хво­ро­ста и су­чьев қо­сал­қы ағаш ре­сур­ста­ры вто­ро­сте­пен­ные дре­вес­ные ре­сур­сы Бар­лы­ғы Ито­го
Тармақ 12
12. Дайындалатын ағаш өнімі үшін төлемақыны бюджетке енгізу мерзімі ___________________________________________________________________ Сроки внесения в бюджет платы за заготавливаемую лесопродукцию
Тармақ 13
13. Кесуге жатпайды _________________________________________________ Рубке не подлежат (тұқымдық ағаштар, тұқымдық жерлер және басқа ағаштардың саны - количество семенников, семенных куртин и других
Тармақша деревьев
деревьев) __________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Тармақ 14
14. Ағаш дайындауды аяқтау мерзімі 20 ___ жылғы «____» ________________ Срок окончания заготовки год
Тармақ 15
15. Уақытша қоймалар орны __________________________________________ Места временных складов
Тармақ 16
16. Тасып әкетуге рұқсат берілді _______________________________________ Вывозка разрешается
Тармақ 17
17. Тасып әкету мерзімі 20 __ жылғы «___» ____________ Срок окончания вывозки год
Тармақ 18
18. Мезгілінен бұрын кесуге рұқсат етіледі ______________________________ Досрочная вырубка разрешается
Тармақ 19
19. Ағаштың қабығын аршу, ағашты химиялық өңдеу мерзімі ______________ Сроки окорки, химической обработки древесины
Тармақ 20
20. Кеспеағашты тазарту тәсілі ________________________________________ Способ очистки лесосеки
Тармақ 21
21. Ағаштарды бекітілген технологиялық картаға сәйкес кесу керек _________ Разработку лесосек произвести согласно утвержденным технологическим картам
Тармақ 22
22. Ерекше шарттар _________________________________________________ Особые условия ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Инженер ___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), қолтаңбасы – подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Тармақ 23
23. Орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының ормандарында сүректі түбірімен босату қағидаларын және Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға міндетті. Көрсетілген қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ орман пайдаланушы ағаш кесілген жерді тазартудан жалтарған кезде, орман шаруашылығы мемлекеттік басқару органдары, сүрек дайындауды және орман пайдаланушылар жүргізіп жатқан басқа да жұмыстарды тоқтата тұрады. Лесопользователи обязаны строго соблюдать правила отпуска древесины на корню в лесах Республики Казахстан и правила пожарной безопасности в лесах Республики Казахстан. За нарушение указанных правил, а также при уклонении лесопользователя от очистки мест рубок, государственные органы управления лесным хозяйством приостанавливают заготовку древесины и иные работы, проводимые лесопользователями.
Тармақ 24
24. Сүректі түбірімен босату қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым С правилами отпуска древесины на корню и правилами пожарной безопасности ознакомлен
Тармақ 25
25. Орман пайдаланушы _____________________________________________ Лесопользователь (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) – должность, подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Тармақ 26
26. Ағаштарды тасып әкету мерзімдерінің ұзартылғаны туралы белгілер Отметки о представлении отсрочек по вывозке _________________________ __________________________________________________________________
Тармақ 27
27. Ағаш кесетін жерді куәләндіру мәліметтері бойынша орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар Мероприятия по восстановлению леса по материалам освидетельствования мест рубок
Тармақ 28
28. Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскінді сақтау _______ гектар Сохранение подроста, обеспечивающего восстановление леса Мыналар талап етіледі: требуется:
Тармақ 29
29. Орман ағаштарын отырғызу _____________ гектар Создание лесных культур на
Тармақ 30
30. Ағаштың табиғи өсуіне көмектесу _________ гектар Содействие естественному возобновлению на
Тармақ 31
31. Мекеме басшысы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Руководитель учреждения (фамилия, имя, отчество (при его наличии)) Бұл құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. Электрондық құжат www.tabigat.gov.kz порталында құрылған. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе. Электронный документ сформирован на портале www.tabigat.gov.kz.
Басқа 2. ОРМАН БИЛЕТІ ЛЕСНОЙ БИЛЕТ
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына 2-қосымша Серисы Серия № ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ОРМАН БИЛЕТІ ЛЕСНОЙ БИЛЕТ на ______________________________________________ (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования) «___» _______________ 20 __ жыл год 1. Облысы ________________________________________________________ Область 2. Мекеме (орман иеленуші) ____________________________________________ Учреждение (лесовладелец) 3. Орманшылық ______________________________________________________ Лесничество 4. Айналым __________________________________________________________ Обход 5. Орам мен телімнің нөмірлері ______________________________________ Номера кварталов и выделов 6. Негізінде ________________________________________________________ На основании ____________________________________________________________________ 7. Рұқсат етілсін ___________________________________________________ Допустить ____________________________________________________________________ (орман пайдаланушы және оның пошталық мекен–жайы – лесопользователь и его почтовый адрес) к ___________________________________________________________________ (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования) 8. Ауданда ______________________________, мөлшерде _________________ На площади (га) в размере (саны, көлемі – количество, объем) 9. Такса бойынша құны _________________________________________ тенге Стоимость по таксе 10. Ерекше шарттар __________________________________________________ Особые условия 11. Пайдалану мерзімі «__»_________ 20 ___ жылдан «__»______ 20____ жылға дейін Срок пользования с «__»___________20____года по «__»_______ 20___года Мекеме басшысы __________________________________________________ Руководитель учреждения Инженер __________________________________________________________ Инженер Орман пайдаланушы _________________________________________________ Лесопользователь (Лауазымы, қолы, тегі (бар болса), аты-жөні – должность, подпись, фамилия, имя, отчество(при его наличии))».
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығына 3-қосымша Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 195) тармақшасына сәйкес әзірленген және орман пайдалану билетін және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланудың:
Тармақша 1
1) сүрек дайындау;
Тармақша 2
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
Тармақша 3
3) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау;
Тармақша 4
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
Тармақша 5
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;
Тармақша 8
8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін алдағы жылға ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің жалпы қажеттілігін анықтайтын уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық орган) өтінімдері негізінде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) дайындайды.
Тармақ 4
4. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері беті басылған тормен көмкерілген өрнекті қағазда нөмірлері мен әріптік сериялары көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады. Басылған бланкілер әрқайсысы кітапша түрінде жеке 25 жиынтықтан көбейтіледі. Ведомство өзінің аумақтық органдары арқылы облыс аумағында орналасқан мемлекеттік орман иеленушілерді бланкілермен жабдықтайды.
Тармақ 5
5. Аумақтық органдар және ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін алатын мемлекеттік орман иеленушілер олардың есебін жүргізеді және жылдық есеппен бірге ведомствоға ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің кірісі мен шығысы туралы есеп береді, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылға оларға қажеттілікті мәлімдейді.
Тарау 2. 2-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу және сақтау
2-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу және сақтау
Тармақ 6
6. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есепке алынуға және сақталуға жатады.
Тармақ 7
7. Ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің жасалуына қарай, бірақ ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны аяқталатын күннен кешіктірмей, ведомство аталған бланкілерді бағалы сәлемдемелер етіп жібереді немесе оларды сенімхат бойынша өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға береді. Аумақтық орган бланкілер алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың жергілікті атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілерге берілуін қамтамасыз етеді. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін бере отырып, аумақтық орган босатылған бланкілер санына екі дана етіп жүк құжатын жазады, олардың біреуі алушы – мемлекеттік орман иеленушіге беріледі, ал екіншісі аумақтық органның іс қағаздарында қалады.
Тармақ 8
8. Ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің кірісі мен шығысын есепке алуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу кітабы бойынша (бұдан әрі - Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабы) мемлекеттік орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметі жүргізеді. Орман пайдаланушыларға нақты берілген және бүлінген ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін мемлекеттік орман иеленушінің есебінен шығару осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы бланкілердің кірісі мен шығысы туралы есептің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Орман пайдаланушыларға беру үшін жұмсалған ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін мемлекеттік орман иеленуші шығысқа - қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабында нөмірлерін, берілген күнін және олардың нақты кімге берілгенін көрсете отырып, билеттің әрбір жиынтығын жеке-жеке шығарады. Бүлінген бланкілер бір бұрышынан екіншісіне қиғаш сызық тартылып, Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабы бойынша шығысқа шығарылып, жеке папкада сақталады.
Тармақ 10
10. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері сейфтерде, темір шкафтарда немесе құлып салынатын темір жәшіктерде сақталады. Бланкілер сақталатын сейфтер, шкафтар және жәшіктер құлыпталып, оларға бланкілердің сақталуына және жұмсалуына жауапты адамда сақталатын мөр басылады.
Тармақ 11
11. Орман пайдаланушылармен барлық есеп айырысу аяқталғаннан кейін ағаш кесу мен орман билеттерінің үшінші данасы сақтау және Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабына олардың пайдаланылуы туралы белгі қою үшін мемлекеттік орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметіне тапсырылады. Бухгалтерлік есеп қызметі ағаш кесу мен орман билеттері бойынша есеп айырысулардың аяқталғанын тексеріп, осыдан кейін оларды сақтауға қабылдап алады. Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері нөмірлер ретімен «20__ жылғы ағаш кесу мен орман билеттері» деген атаумен арнайы іске тігіледі. Іске тігілген ағаш кесу мен орман билеттеріне және оларға қоса тіркелген материалдарға тізілім жасалып, ол жылдың аяғында тігіледі. Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері оларға қатысты барлық материалдармен және құжаттармен бірге бес жыл бойы сақталады, содан кейін жойылуға жатады. Ағаш кесу мен орман билеттерінің істерін жоюды мемлекеттік орман иеленушінің басшысы тағайындайтын құрамы үш адамнан тұратын комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін жою туралы акт жасай отырып жүргізеді.
Тармақ 12
12. Жыл аяқталғанда бланкілерді есепке алу кітабында ағаш кесу мен орман билеттерінің қалдығы есептен бөлек шығарылады. Аяқталған жылдың соңындағы бланкілердің қалдығы келесі жылға көшіріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін толтыру және беру
3-тарау. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін толтыру және беру
Тармақ 13
13. Ағаш кесу мен орман билеттері бірдей нөмірі бар үш данада толтырылады:
Тармақша 1
1) біріншісі – орман пайдаланушыға беріледі, ол оны орман пайдаланудың аяқталуына дейін сақтайды және мемлекеттік орман иеленушінің, ведомство мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларының, ормандарды мемлекеттік бақылау органдары мен табиғат қорғауды бақылау органдары өкілдерінің талап етуі бойынша көрсетеді;
Тармақша 2
2) екіншісі – орманшылыққа жіберіледі, ол учаске беру, орман пайдалануға рұқсат беру үшін негіз болып табылады және орман күтуші оны куәландыру актісімен бірге мемлекеттік орман иеленушіге тапсырады;
Тармақша 3
3) үшіншісі – мемлекеттік орман иеленушіде қалдырылады.
Тармақ 13-1
13-1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік орман иеленушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман билетін алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) және ағаш кесу билетін алу үшін «Табиғи ресурстардың интерактивті картасы tabigat.gov.kz» ақпараттық жүйесі» веб-порталы (бұдан әрі – tabigat порталы) арқылы өтініш береді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген. Өтініш көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады. Портал және tabigat порталы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» нәтижені беру күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы сағат 17.00-ден кейін немесе Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүргізіледі. Порталда және tabigat порталында өтінішті қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Тармақ 13-2
13-2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді. Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 36-бабына сәйкестігін қарайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетін немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес орман билетін толтырады, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
Тармақ 13-3
13-3. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері машинада басу құралдарының (компьютер) көмегімен толтырылады, ал олар болмаған жағдайда көк түсті сиясы бар қаламмен әрбір данасы ұқыпты түрде анық және тап-таза күйінде толтырылады. Өшіруге және былғауға болмайды.
Тармақ 15
Тармақ 16
16. Ағаш кесу билеті қолданылатын мерзім ішінде оған қажет болуына қарай оған:
Тармақша 1
1) дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру туралы;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) ағаш кесу билеті бойынша орман пайдалану құқығының ауысуы туралы және басқа да жазбалар жазылып, белгілер қойылады. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша ағаш кесілген жерді куәландыру туралы акт дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 17
17. Ағаш кесу билеті былай толтырылады:
Тармақша 1
1) «Пайдалану түрі» деген 6-жолда: басты, аралық, өзге де мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу көрсетіледі немесе қосалқы сүрек ресурстарын дайындаудың нақты түрі көрсетіледі;
Тармақша 2
2) «Кесу тәсілі» деген 3-жолда: ағаштарды жаппай, іріктеп, біртіндеп, ерікті түрде іріктеп кесу, бірлі-жарым ағаштарды кесу көрсетіледі. Орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесуге арналған ағаш кесу билетін жазып беру кезінде «іріктеп» деген сөзден кейін күтім жасау үшін кесу түрін (жарықтандыру, тазарту, сирету, өтпелі кесу, санитариялық мақсатта кесу) көрсету қажет, ал басқа мақсаттарда ағаш кесу түрлеріне ағаш кесу билетін жазып беру кезінде – ағаш кесу тәсілінен (жаппай, іріктеп) кейін кесудің нысаналы мақсаты көрсетіледі (санитариялық мақсатта кесу, өтімді қоқыстарды жинау, электр желісін тартуға жол аршу, құрылыс салуға алаңқайлар тазарту, зерттеу жұмыстары кезінде нысаналар жасау және өзге де мақсаттар үшін). Қосалқы сүрек ресурстары дайындалған жағдайда ол жолға сызықша қойылады; 3) «Есепке алу тәсілі» деген 7-жолда: кесуге белгіленген алқап бойынша, ағаштардың саны бойынша, дайындалған ағаш материалдарының немесе қосалқы ағаш ресурстарының саны бойынша есепке алу тәсілі көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:
Тармақша 1
1) алқабы бойынша – жаппай кесудің барлық түрлерінде, сондай-ақ өтімді қоқыстарды жинау кезінде;
Тармақша 2
2) кесуге белгіленген ағаштардың саны бойынша – іріктеп кесу кезінде және сүрекдің сегіз сантиметр және одан да жуан болған жағдайда; іріктеп санитариялық кесу және бірлі-жарым ағаштарды кесу кезінде;
Тармақша 3
3) егер кесуге жататын сүрек қорын алдын ала анықтау мүмкін болмаса, дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша жүргізіледі. Шөпшектерде, қураған ағаштарда, құйын құлатпаларында, жел сұлатпаларында жұмыс жүргізген жағдайда сүрек босату ағаш кесу билетінде дайындалатын сүректің дәл мөлшері көрсетіле отырып жүргізіледі. Босатылатын сүректің мөлшері есепке алудың барлық түрінде тығыз текше метрлер бойынша айқындалады. Сексеуіл сүрегін босатқан кезде оны массасын тоннамен есептеуге рұқсат етіледі. Қосалқы сүрек ресурстарын босату мынадай өлшем бірліктерін қолдана отырып, олардың мөлшері бойынша есепке алынып жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тонналар - шайыр, ағаш шырындары, қабығы, жапырақтары, бүршіктері (килограммен есептеледі) үшін;
Тармақша 2
2) қоймалық текше метрлер – кесілген ағаш қалдықтары, түбірлер, тамырлар, қурайлар, бұтақты азық, қылқан жапырақты ағаш бұтақтары үшін;
Тармақша 3
3) даналар – жіңішке ағаштар мен қурайдан, тал шыбықтардан, сондай-ақ жаңа жылдық шыршалардан дайындалатын ұсақ сортименттер үшін.
Тармақ 19
19. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігінде «Негізінде» деген сөзден кейін өсіп тұрған сүректі босатудың негіздемесі көрсетіледі. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекіту туралы ведомство басшысының бұйрығы сүректі түбірімен босатуға негіз болып табылады. «Рұқсат етіледі» деген сөздерден кейін орман пайдаланушының толық атауы, өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. «20__ жылдың кеспеағаш қоры есебінен кесілсін» деген 10-жолда кеспеағаш қоры бөлінген жыл, сондай-ақ қай орманнан (өсіп тұрған, қураған, өрттен, зиянкестерден зақымданған, жел құлатқан және басқалар) ағаш кесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі. «Тасымалдау қашықтығы» деген 11-жолда кеспеағаштан жалпы жұрт пайдаланатын жолға дейінгі қашықтық көрсетіледі, ол кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдармен анықталады және «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 630-бабына сәйкес жергілікті рельефке байланысты түзетіледі. «Мемлекеттік орман қорының санаты» деген 5-жолда мемлекеттік орман қорының санаттары: ерекше қорғалатын орман аумақтары, қала ормандары мен орман саябақтары, жасыл аймақтар, эрозияға қарсы ормандар, егістік пен топырақ қорғайтын ормандар және басқалары көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігіндегі кестеде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) гектардың оннан бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен кеспеағаштар көлемі гектармен, сондай-ақ шаруашылық (қылқан жапырақты, қатты жапырақты немесе жұмсақ жапырақты) көрсетіледі. Қажет болуына қарай шаруашылық басты тұқымды бойынша: қарағай, шырша, сексеуіл, тал және басқа да шаруашылықтар деп көрсетіледі;
Тармақша 2
2) «Өскіннің сақталуын қамтамасыз ету» деген бағандарда - өскін және кеспеағашты бөлу кезінде жүргізілген есепке сәйкес 1 гектарға шаққанда мың данадағы өскін саны сақталуға тиіс алқап;
Тармақша 3
3) «Тығыз текше метрмен алғанда сүрек көлемі» деген бағандарда - босатылатын бір текше метрге дейін дәлдікпен босатылатын сүрек көлемі;
Тармақша 4
4) «Теңгемен ставка бойынша құны» деген бағандарда - орман пайдалану үшін ақы мөлшерін мемлекеттік орман иеленуші түбірімен босатылатын сүрек көлемін және ол үшін белгіленген ақы ставкаларын, шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау көлемдері, Салық кодексінің 630-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 13 қыркүйектегі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17560 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларына сәйкес олардың бағасы басшылыққа алына отырып есептелген кеспеағаштың материалдық-ақшалай бағасының негізінде анықтайды;
Тармақша 5
5) «Төленуге тиіс, теңге» деген бағанда төленуге тиіс сома көрсетіледі. Тегін босатылатын жағдайда бұл бағанда «тегін» деп жазылады. Кесте әрбір мөлдек бойынша жеке-жеке толтырылады. Ағаш кесу билеті екі немесе одан көп босату бірліктеріне (кеспеағаштар немесе мөлдектер) жазылатын жағдайда кестенің соңында осы билетке енгізілген барлық босатылатын бірліктер бойынша жалпы қорытындысы шығарылады.
Тармақ 21
21. «Дайындалатын орман өнімдері үшін бюджетке төлемақы енгізу мерзімдері» деген 12-жолда әрбір мерзім бойынша жарна төлеу күні мен оның мөлшері көрсетіледі. Сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындары мен қосалқы ағаш ресурстарын босату кезінде (шамалы мөлшері бойынша немесе алқабы бойынша есепке ала отырып, сондай-ақ қателер анықталған жағдайда) дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы ағаш ресурстарының жалпы мөлшері ағаш кесу билетінде көзделген мөлшермен (көлеммен) сәйкес келмеген жағдайларда (егер дайындау онда көрсетілген жерлерде жүргізілген жағдайда) мемлекеттік орман иеленушілер төлем сомасын қайта есептеуді және оны орман пайдаланушылардың қайта есептеу кезінде анықталған нақты дайындалған көлем үшін төлеуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда қосымша есептелген соманы орман пайдаланушылар кезекті төлем жасау мерзімінде бюджетке енгізуі тиіс. Мемлекеттік орман иеленушінің сүректі түбірімен босатумен айналысатын маманы ағаш кесу билеті жазылған күннен кейін, сондай-ақ орман пайдаланушылардың жеке шоттарына-карточкаларына тиісті жазбалар жазу үшін оған әрбір өзгеріс енгізілген күннен кейін ертеңінен қалдырмай оның үшінші данасын өзінің бухгалтерлік есеп қызметіне тапсырады. Бухгалтерлік есеп қызметінің аталған жазбаларды енгізуі туралы ағаш кесу билетіне белгі қойылады.
Тармақ 22
22. «Кесуге жатқызылмайды» деген 13-жолда Ағаш кесу тәртібіне сәйкес кеспеағашта (мөлдекте) нақ қандай ағаштың кесілмейтіні, мысалы: ___ дана мөлшерде артықшылығы бар ағаштар, __ дана мөлшерде тұқымдық ағаштар және жазылған ағаш кесу билеті бойынша кесуге арналмаған басқа да ағаштар, өскіннің сақталу пайызы және өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 23
23. «Дайындау мерзімінің аяқталуы» деген 14-жол «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен толтырылады.
Тармақ 24
24. «Уақытша қойма орындары» деген 15-жолда уақытша (аралық) қоймалар орналасқан орамдардың нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 25
25. «Тасып әкетуге рұқсат етіледі» деген 16-жол былай толтырылады:
Тармақша 1
1) сүрек босату кезінде алқабы ескеріле отырып, «Тасып әкетуге рұқсат етіледі» деген сөздерден кейін «дайындаумен бір мезгілде» деп көрсетілуі тиіс;
Тармақша 2
2) сүрек босату кезінде мөлшері бойынша ескеріле отырып, «Тасып әкетуге рұқсат етіледі» деген сөздерден кейін «дайындаумен бір мезгілде уақытша орман қоймаларына» немесе «дайындалған ағаш материалдарының мөлшері куәландырылғаннан кейін» деп көрсетілуі тиіс;
Тармақша 3
3) сүрек босату кезінде өрттер, сондай-ақ дауыл құлатқан және желсұлатпаларынан зақымдалған екпелерде мөлшері бойынша ескеріле отырып, «Тасып әкетуге рұқсат етіледі» деген сөздерден кейін «дайындаумен бір мезгілде» деп көрсетілуі тиіс.
Тармақ 26
26. «Тасып әкетуді аяқтау мерзімі» деген 17-жол Сүректi түбiрiмен босату тәртібінде белгілеген тасып әкету мерзімдеріне сәйкес толтырылады.
Тармақ 27
27. «Мерзімінен бұрын кесуге рұқсат етіледі» деген 18-жолда осы кесуге рұқсат етілген күн, сондай-ақ мерзімінен бұрын кесуге рұқсат етілген сүректің мөлшері және қандай кеспеағаштарда (мөлдектерде) рұқсат етілгені көрсетіледі.
Тармақ 28
28. «Сүректің қабығын аршу, химиялық өңдеу мерзімі» деген 19-жолда осы жұмыстар жүргізілуге тиіс мерзімдер қойылады.
Тармақ 29
29. «Кеспеағашты тазарту тәсілі» деген 20-жолда жалпы алғанда ағаш кесу билеті бойынша, ал қажет болған жағдайда жекелеген мөлдектер немесе олардың бөліктері бойынша мынадай тазарту тәсілдерінің біреуі көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ағаш кесу қалдықтарын шіріп кету немесе өрт жағынан қауіпсіз кезеңде кейіннен жағып жіберу үшін жатқан жерінде қалдырып, оларды үйіп қою немесе үзік-үзік жал етіп жинап қою;
Тармақша 2
2) бұл орман өсу жағдайларын жақсартуға жәрдемдесетін кезде ұнтақталған ағаш кесу қалдықтарын (ағаштың құрғақ түрлерінен басқа, жоңқа немесе ұзындығы бір метрден аса қоймайтын кесінділер түріндегі) ағашы кесілген жерлерге шашып тастау;
Тармақша 3
3) ағаш кесу қалдықтарын тасымалдау жолдарына жинау және оларды сүйретіп тасу барысында нығыздау. Кеспеағаштарды тазартудың атап көрсетілген әдістері аралас пайдаланылуы мүмкін. Ағашы кесілген жерлерді тазартудың нақты тәсілдерін орман иеленушісі қолданылатын кесу ағаш тәсілін және оның өсу орнының жағдайларын және орманды қалпына келтіру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді. Орман ағаштарын егу немесе өскінмен қалпына келтіру көзделген жаппай ағаш кесу орындарында кесу қалдықтары аралықтарындағы қашықтығы кемінде жиырма метр болатындай етіп биіктігі 1 - 1,2 метр қаз-қатар үйінділер немесе жалдар етіп жиналып, кейіннен олар жағып жіберіледі немесе шіру үшін қалдырылады.
Тармақ 30
30. «Кеспеағаштардағы игеру бекітілген технологиялық карталарына сәйкес жүргізу» деген 21-жолда ағаш кесу билетіне қоса тіркелген орман иеленушімен келісіліп, орман пайдаланушы бекіткен технологиялық карталардың нөмірлері мен күні көрсетіледі, олар Ағаш кесу тәртібіне сәйкес әрбір кеспеағашқа жасалады. Технологиялық картада орманды кесу және оны сүйретіп әкету, ағаш кесілген жерлерді кесу қалдықтарынан тазарту, орманды қалпына келтіру тәсілдері; алаңдарында өскін мен жас шыбықтар, күзет аймақтарымен бірге кесуге жатқызылмайтын ағаштар, құмырсқа илеулері сақталуға тиіс ағаш тасу жолдарының, бұрылыстарының, сүйрету жолдарының, тиеу алаңшаларының, қоймалар орналасқан орындардың, механизмдер орнатылған жерлердің және жұмысшыларға қызмет көрсету объектілерінің схемасы; топырақты эрозиядан қорғау және сүрекдіңнің қалатын бөлігін сақтау жөніндегі талаптары көрсетіледі.
Тармақ 31
31. «Ерекше жағдайлар» деген 22-жолда кеспеағаш жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ Сүректі түбірімен босату тәртібінде көзделмеген жағдайлар көрсетіледі, олар жайында билетке белгі қою қажет.
Тармақ 32
32. «Тасымалдау мерзімін кейінге қалдыру туралы белгілер» деген 26-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, мөр басылған тиісті жазбалар енгізіледі.
Тармақ 33
33. «Ағаш кесілген жерлерді куәландыру материалдары бойынша орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар» деген 27-жол Сүректі түбірімен босату тәртібінде белгіленген мерзімде кеспеағаш куәландырылғаннан кейін толтырылады. «Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскіннің сақталуы» деген 28-жолда орман ағаштарын құру шараларын жүргізбей немесе табиғи қалпына келуге жәрдемдеспей-ақ орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскін сақталған алқап көрсетіледі. Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда «орман ағаштарын құру» және «табиғи қалпына келуге жәрдемдесу» деген жолдарда аталған іс-шаралардың талап етілетін көлемі жазылады. Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда көрсетілген жолдарда сызықша қойылады. «Мекеме басшысы» деген 31-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшының қолы мен тегі, аты-жөні қойылып, мөрмен расталады.
Тармақ 34
34. Орман билеті мынадай үлгіде толтырылады: «Негізінде» деген 6-жолда мемлекеттік орман қоры учаскілеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама бойынша шешім, мемлекеттік орман иеленушінің шешімі, аумақтық органның немесе ведомствоның орманды пайдалануға беру туралы шешімі келтіріледі. «Рұқсат етілсін» деген 7-жолда орман пайдаланушының атауы - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және одан кейін «к» деген жолда орман пайдаланудың мынадай түрлері көрсетіледі:
Тармақша 1
1) орманды жанама пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып);
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;
Тармақша 3
3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;
Тармақша 4
4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;
Тармақша 5
5) аң аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін, сондай-ақ жабайы жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып). «Алқапта» және «мөлшерде» деген көрсеткіштердің 8-жолында - алқабы гектармен және орман пайдалану бойынша деректер: көлемдері текше метрмен, данамен, тоннамен, килограммен көрсетіледі. Орман пайдаланудың алқабы мен көлемін анықтау кезінде ғылыми негізделген нормалар және жергілікті өкілдік органдар бекітетін нормативтер ескеріледі. «Такса бойынша құны» деген 9-жолда орман пайдалану үшін белгіленген төлем сомасы (теңге) қойылады, ол:
Тармақша 1
1) орманды жанама пайдалану және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану үшін – облыстардың жергілікті атқарушы органдары жасаған, аумақтық органдармен келісілген есеп-қисаптар негізінде жергілікті өкілдік органдар белгілеген ставкалар бойынша;
Тармақша 2
2) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін Салық кодексінің 629-бабына сәйкес анықталады. Көрсетілген пайдаланулар үшін төлемдерді бюджетке енгізу рұқсат беретін құжат алынғанға дейін жүргізіледі, онда төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген төлем туралы белгі қойылады. «Ерекше жағдайлар» деген 10-жолда орман пайдаланудың әрбір түрін жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс оған тән негізгі ерекшеліктер мен жағдайлар көрсетіледі. Қысқа мерзімді орман пайдалануда уақытша құрылыстарды көрсету керек – күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар сақтайтын қоймалар мен қашарларды, уақытша қара жолдарды. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері осы жолда айқындалады.
Тармақ 35
35. «Пайдалану мерзімі» деген 11-жолда орман пайдалануды бастау мен аяқтаудың нақты күндері белгіленеді. Орман билетінде белгіленген орман пайдалану аяқталғаннан кейін куәландыру актісі жасалады.
Тармақ 36
36. Орман билеті бойынша пайдалану мерзімі бір жылға (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) немесе бір маусымға (бал жинау, саңырауқұлақтар, жидектер және басқалар дайындау) белгіленеді.
Тармақ 37
Тармақ 38
Тармақ 39
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 40
40. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүкін. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның, атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1. Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________
Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына 1-қосымша Нысан ___________________ облысы бойынша 20__ жылы ағаш кесу және орман билеттері бланкілерінің кірісі және шығысы туралы есеп Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________ Ағаш кесу билеттері, жиынтық Орман билеттері, жиынтық 1 2 3 20__жылдың 1 қаңтарына қалдық 20 ___ жылы алынғаны 20__ жылы жұмсалғаны 20__ жылдың 1 қаңтарына қалдық 20__ жылға қажет Басшы________________________________________ Бас бухгалтер ________________________
Басқа 2. Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________
Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________________ облысы бойынша 20__ жылы ағаш кесу және орман билеттерінің бланкілерін есепке алу кітабы Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________ Блан­кі­лер-ді алу және бе­ру кү­ні Блан­кі­лер кім­нен және қан­дай құ­жат бой­ын­ша алын­ды Блан- кі­лер кім­ге бе­ріл­ді Ағаш кесу билеттері Орман билеттері Кіріс Шығыс Кіріс Шығыс Се­ри­я­сы және нө­мір­ле­рі Жиын­тық са­ны Се­ри­я­сы және нө­мір­ле­рі Жиын­тық са­ны Се­ри­я­сы және нө­мір­ле­рі Жиын­тық са­ны Се­ри­я­сы және нө­мір­ле­рі Жиын­тық са­ны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Басқа 3
Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына 3-қосымша Нысан Ағаш кесу және орман билеттерінің бланкілерін жою туралы АКТ Осы акт мемлекеттік орман иеленушінің 20 _ жылғы ______________ бұйрығы негізінде төменде аталған адамдардың қатысуымен сақтау мерзімі біткен құжаттарды жою жүргізілгені туралы жасалды: __________________________________________________________________ (бланкілердің атауы және саны, __________________________________________________________________ сондай-ақ жоюдың тәсілі, күні мен орны) Жою кезінде қатысқандар: ________________________________________ _____________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ________________________________________ _____________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы) ________________________________________ _____________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Басқа 4. Ағаш кесу билетін беру туралы өтініш (заңды тұлға)/Заявление на выдачу лесорубочного билета
Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына 4-қосымша Нысан Ағаш кесу билетін беру туралы өтініш (заңды тұлға)/Заявление на выдачу лесорубочного билета Өтініш нөмірі/Номер заявления: Жасалған күні/Дата создания: Ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-идентификационный организации: Ұйымның толық атауы/Полное наименование организации: Өтініш беруші/Заявитель Лауазымы/Должность Жеке сәйкестендіру нөмірі/Индивидуальный идентификационный номер Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер/Сведения о документе, удостоверяющем личность Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі/Тип документа, удостоверяющего личность: Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі/Номер документа, удостоверяющего личность: Берілген күні/Дата выдачи: Аяқталу күні/Дата окончания: Берген орган/Орган выдачи: Мекенжай/Адрес Пошта индексі/Почтовый индекс: Ел/Страна, Облысы/Область, Аудан/Район, Елді мекен/Населенный пункт: Көше/ Улица: Үй, ғимарат нөмірі/Номер дома, здания: Пәтердің/кеңсенің нөмірі/Номер квартиры/офиса: Телефон нөмірі/Номер телефона: 1. Облысы/Область 2. Мекеме (орман иеленуші)/Учреждение (лесовладелец) 3. Орманшылық/Лесничество: 3.1. Орман пайдаланудың түрі/Вид лесопользования 4. Ақпарат формасы/Форма сведений: Орам/ Квартал Телім/ Выдел Телім ауданы га/ Площадь выдела га Қол жетімді телімнің ауданы га/ Доступная площадь выдела га Қажетті аудан га/ Требуемая площадь га Ағаш көлемі м³/ Объём древесины м³ Қол жетімді ағаш көлемі м³/ Доступный объём древесины м³ Қажетті ағаш көлемі м³/ Требуемый объём древесины м³ 5. Келісімшарт/Договор ____ мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану/лесопользования участков государственного лесного фонда № ______ күні/от _____ ______ 6. Сүрек дайындау көлемін бекіту бұйрығының/Приказ об утверждении объема заготовки древесины № ______ күні/от ___ ________ 7. Технологиялық карталар/Технологические карты: Технологиялық картаның нөмірі/Номер технологической карты Технологиялық картаның күні/Дата технологической карты Қосымша ақпарат/Дополнительная информация Құрметті орман пайдаланушылар, орман пайдалану үшін төлем Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, ағаш кесу билетіндегі мерзімдерге сай жүзеге асырылады/Уважаемые лесопользователи, оплата за лесное пользование осуществляется в соответствии с Налоговым кодексом в сроки указанные в лесорубочном билете Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер беру үшін жауаптылық жайында хабардармын /Подтверждаю достоверность информации и осведомлен об ответственности за представление недостоверных сведений Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін/Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах Сүректі түбірімен босату қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым/С правилами отпуска древесины на корню и правилами пожарной безопасности ознакомлен Өтініш беруші _________________________________________________________ (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 20__ жылғы «__»___________ Заявитель _____________________________________________________________ (подпись) фамилия, имя, отчество (при наличии) «__» __________20__ года.
Басқа 5
Ағаш кесу және орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларына 5-қосымша «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі № Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ағаш кесу және орман билетін беру» 1 Көрсетілетін қызмет берушінің атауы Мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері 1. Ағаш кесу билеті: 1) «Табиғи ресурстардың интерактивті картасы tabigat.gov.kz» ақпараттық жүйесі» веб-порталы (бұдан әрі – tabigat порталы) 2. Орман билеті: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күн 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны 1. Ағаш кесу билеті – электрондық (ішінара автоматтандырылған); 2. Орман билеті – электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрде 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру, немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі. Орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына сәйкес белгіленеді. Бұл ретте, орман пайдаланудың түрлеріне және спецификалық ерекшеліктеріне байланысты олардың мөлшерін өлшеу: алаңы бойынша (гектармен), көлемі бойынша (қоймалық текше метрмен), салмағы бойынша (килограммен, центнермен және тоннамен), саны бойынша (данамен), жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде жүзеге асырылады 7 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті беруші –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін. 2) Порталдар - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес сағат 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталдарда орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, бюджетке орман пайдалану үшін төленгені туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады 9 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады; 5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал және tabigat порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдардағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар