Об утверждении минимального требуемого рейтинга юридических лиц-нерезидентов Республики Казахстан, включая банки, которые могут приобрести десять и более процентов акций банка-резидента Республики Казахстан, банков-нерезидентов Республики Казахстан, создающих (имеющих) дочерние банки в Республике Казахстан, и перечня рейтинговых агентств, устанавливающих данный рейтинг, а также рейтинг банков-нерезидентов, зарегистрированных в оффшорных зонах или имеющих аффилиированных лиц, зарегистрированных в Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылатын рейтингiн және осындай рейтингті, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингін белгілейтiн рейтинг агенттіктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.2003 № 222 қаулысымен. Банктердiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 5 және 6-тармақтарына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң Қазақстан Республикасына берiлген рейтингтен төмен емес ең аз талап қойылатын рейтингi болуы тиiс деп белгiленсiн. Бұл тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен басқа мемлекеттiң банктердi қадағалайтын уәкiлеттi органы арасындағы келiсiмде басқаша көзделген жағдайларда қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылатын рейтингiн, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе банк резиденттердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгізiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, сонымен бiрге банктiң он және одан да көп акциялары бар Қазақстан Республикасының резидент банктерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында еншiлес банктерi бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде осы қаулыда белгiленген ең аз талап қойылатын рейтингтiң болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылған рейтингiн және осындай рейтингтi, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi бол
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 16 сәуiрдегi N 96 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылған рейтингiн және осындай рейтингтi, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң, Қазақстан Республикасында еншiлес банкiн ашатын (еншiлес банкi бар) Қазақстан Республикасының резидент емес банктерi акцияларының он процентiн және одан да көп процентiн сатып ала алатын банктердiң ең аз талап қойылған рейтингiн және осындай рейтингтi, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе резидент банктердiң тiкелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлерi болып табылатын оффшорлық аймақтарда тiркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердiң рейтингiн белгiлейтiн рейтинг агенттiктерi мыналар болып табылады:
Тармақ 1
1. Мооdу,s Investors Service
Тармақ 2
2. Standard & Poors
Тармақ 3
3. Ғitсh