Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к объектам производства алкогольной продукции, безалкогольной продукции и питьевой воды, расфасованной в емкости, условиям производства и хранения алкогольной продукции, безалкогольной продукции и питьевой воды, расфасованной в емкости» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________Т. Дүйсенова 2015 жылғы 11 наурыз
Басқа 1. «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген, алкоголь, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндірумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – объект) арналған және осы объектілердің қызметіне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіреді, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуын тудырады.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді қоспағанда, тағамдық шикізаттан алынған этил спиртін және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімдерін пайдалана отырып өндірілген этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан (бұдан әрі – %) асатын тамақ өнімі;
Тармақша 2
2) автохтонды бактерия – ауыз сумен жабдықтаудың осы көзіне тән, жерасты суында үнемі болатын, табиғи жолмен жаңартылатын, оның ішінде бактериялардың ерекше физиологиялық топтарының жиынтығы;
Тармақша 3
3) асханалық шарап – құрамында қант бар заттарды қосып немесе қоспай жүзімнен алынған, жаңа піскен жүзімнің бүтін немесе ұнтақталған жидектерін немесе жүзім ашытқы шырынының толық немесе толық емес спирттік ашуы нәтижесінде дайындалған, этил спиртінің көлемдік үлесі 8,5-тен бастап 15,0 %-ға дейінгі шарап;
Тармақша 4
4) арнайы санитариялық киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа лас заттармен ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиыны;
Тармақша 5
5) газдалған таза шарап – құрамында қант бар заттарды (күкірт диоксидімен шоғырландырылған немесе консервіленген ашытқы шырын, қант) қосып немесе қоспай, асханалық шарап материалын көміртегінің қос тотығымен жасанды қанықтыру жолымен алынған, этил спиртінің көлемдік үлесі 8,5-тен бастап 12,5 %-ға дейін және плюс 20 градус Цельсий (бұдан әрі – ⁰С) температурада шөлмектегі көміртегі қос тотығының қысымы 100-ден 250 килоПаскальға дейін болатын шарап;
Тармақша 6
6) газдалған шарап – құрамында қант бар заттарды (күкірт диоксидімен шоғырландырылған немесе консервіленген ашытқы шырын, қант) қосып немесе қоспай, асханалық шарап материалын көміртегінің қос тотығымен жасанды қанықтыру жолымен алынған, этил спиртінің көлемдік үлесі 8,5-тен бастап 12,5 %-ға дейін және плюс 20 ⁰С температурада шөлмектегі көміртегі қос тотығының қысымы кемінде 300 килоПаскаль болатын шарап;
Тармақша 7
7) «жылжымалы атыз» – арпаны өсіруге арналған арнайы жабдық;
Тармақша 8
8) кронен тығыны – тығыздайтын аралығы бар, тәж тәрізді нысандағы металл қалпақ түріндегі тығындау құралы;
Тармақша 9
9) кегтер – металл цилиндр немесе ішкі беті герметикалық жабық арнайы фитингімен жабдықталған, тамақ өнімдерімен жанасуға қолдануға рұқсат етілген басқа да материалдардан жасалған ыдыс;
Тармақша 10
10) купажерлер – сапасын жақсарту, белгілі бір типтегі және құрамдағы бұйымды алу үшін белгілі бір қатынастардағы әртүрлі тамақ өнімдерін араластыруға арналған ыдыстар;
Тармақша 11
11) полиэтилентерефталаттан алынған преформа (ПЭТФ) – тамақ және тамақтық емес өнімдерді салуға арналған шөлмектерді, банкаларды, құтыларды дайындауға арналған дайындамалар;
Тармақша 12
12) сатуратор – сұйықтықтарды көмір қышқыл газымен қанықтыруға арналған аппарат;
Тармақша 13
13) санитариялық өңдеу – жабдықтарды, мүкаммалды, ыдыстарды жуу және дезинфекциялаудың сапасын қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдердің жиынтығы;
Тармақша 14
14) санитариялық күн – үй-жайларға күрделі жинау жүргізуге, жабдықтар мен мүкаммалды жууға, қажет болған кезде дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялауға арнайы бөлінген уақыт (айына кемінде бір рет);
Тармақша 15
15) сергітетін сусындар – шайды, кофе мен олардың негізіндегі сусындарды қоспағанда, адам ағзасына сергіту әсерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде құрамында сергітетін, оның ішінде өсімдіктен алынатын заттар (компоненттер) бар алкогольсіз және алкогольді сусындар;
Тармақша 16
16) технологиялық жабдық – өндірістің жұмыс істеуіне қажетті тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы;
Тармақша 17
17) уыт – дақылдардың өсірілген дәндерінің өнімі;
Тармақша 18
18) фитинг – сұйықтық беретін түтікпен қосылған, кегтің түбіне дейін жететін, кегті жууға, толтыруға және босатуға мүмкіндік беретін құрал;
Тармақша 19
19) шайырлау – өнімге ерекше қасиеттер (иіс, дәм) беру үшін ыдыстарды арнайы заттармен өңдеу.
Тармақ 3
3.  Осы Санитариялық қағидаларда осы тарауда арнайы айқындалмаған терминдер Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) техникалық регламентінде (бұдан әрі – 021/2011 КО ТР) белгіленген мағынада пайдаланылады.
Тармақ 4
4. Объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға, өндірістік бақылауға, өндіріс процестеріне, персоналды медициналық қарап тексеруге және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес белгіленеді.
Тармақ 5
5. Өндірістік үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы, өндірістік үй-жайлардағы шудың, дірілдің, жарықтандыру мен микроклиматтың деңгейлері нормалау құжаттарына сәйкес келеді.
Тарау 2. 2. Өнімдерді өндіру шарттарына қойылатын талаптар
2. Өнімдерді өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Спиртті қабылдау және спиртті беру бөлімшелерінің, спирттелген тұнбалар бөлімшелерінің, қант қоймаларының, аммиакты және көмірқышқыл компрессорлары, ұнтақтау, сульфитациялау бөлімшелерінің, шайырлау цехтарының үй-жайларында желдету, ауа баптау және ауамен жылыту жүйелері үшін ауаның кері циркуляциясын пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру үшін шикізат ретінде жерасты суын өндіру олардың құрылғысына сәйкес белгіленген санитариялық қорғау аймағы бар болғанда өнеркәсіптік санаттар бойынша судың бекітілген пайдалану қоры бар жерасты суының шығатын орындарында (учаскелерінде) жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 8
8. Объектіде өндірістің қуаттылығына байланысты өндірістік  және ауыз су мақсатына арналған су резервін сақтау үшін талдауға су сынамаларын алуға арналған крандармен, тұтқалармен, сатылармен және люктермен жабдықталған жинақтаушы резервуарлар көзделеді. Қосымша суға арналған резервуарлар орнатылған үй-жайлар ошаулануы, пломбалануы және тазалықта ұсталуы тиіс.
Тармақ 9
9. Су қорына арналған резервуарлардың люктері құлыппен жабылады, пломбаланады, «Ауыз су» деген жазумен таңбаланады. Әр резервуарда: резервуардың нөмірі, көлемі, тазарту және дезинфекциялау күні, келесі тазарту күні туралы ақпарат жазылады. Резервуарды өңдеу күні осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес арнайы журналда тіркеледі. Резервуарларды ай сайын механикалық жолмен тазарту және дезинфекциялау жүргізіледі. Судың кері циркуляциясы әрбір 48 сағат (бұдан әрі – сағ.), құюға келіп түсетін суды сақтау үшін – 24 сағ. сайын жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Көмірқышқыл компрессор бөлімшелерінің, ашыту және ашытуға дейінгі цехтардың сору желдеткішінің ауа сору құрылғыларын үй-жайдың төменгі бөлігінде еденнен 0,2 метр (бұдан әрі – м) биіктікке, аммиакты компрессор қондырғыларының машина және аппарат бөлімшелерінде үй-жайлардың жоғары және төменгі бөліктеріне орнатады.
Тармақ 11
11. Спирт, сыра қайнату өндірісінің дайындау цехтарының көлік жабдығын шаң-тозаңның бөлінуіне байланысты герметизациялайды немесе шаң тұтқыш және шаң сорғыш құрылғылармен жарақталған жабық тыспен қаптайды. Үйінді шұңқырлары мен бункерлерді жергілікті сору желдеткішімен жабдықтайды.
Тармақ 12
12. Кодекстің 146-бабында көзделген адамның денсаулығына зиянды әсер ететін тамақ өнімдерінің жаңа түрін және өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін шығаруға олардың 021/2011 КО ТР сәйкес мемлекеттік тіркеуі бар болғанда жол беріледі.
Тармақ 13
13. Шикізатты және дайын өнімді өндірудің, өлшеп-ораудың, сақтаудың, тасымалдаудың барлық процестері оларды ластану мен бұзылудан, оларға бөгде заттар мен құралдардың түсіп кетуінен қорғау жағдайларында жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Зиянкестермен зақымдалған шикізатты немесе жартылай фабрикаттарды оқшаулайды және қайта сұрыптайды. Сұрыпталған шикізат қайта өңдеуге жіберіледі, зақымдалған шикізат жойылады.
Тармақ 15
15. Шикізатты сақтау оған белгіленген талаптарға сәйкес бөлек сақтау ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі. Шикізаттың әрбір партиясы зауытқа келіп түскен кезде кіру бақылауына жатады.
Тармақ 16
16. Азық-түлік және азық-түліктік тауарларға, сондай-ақ алкоголь өнімдеріне арналған қойма үй-жайлары бөлек көзделеді. Бұл ретте, тамақ өнімдерін еденге тікелей жинауға жол берілмейді.
Тармақ 17
17. Шыны шөлмектерге шөлмек жуатын машинаның ваннасына салу алдында бракераж жүргізіледі. Мойындары зақымдалған, қылаулары, көпіршіктері немесе бөгде иісі бар шөлмектер бракқа шығарылады.
Тармақ 18
18. Шөлмектерді жуу (қолмен немесе шөлмек жуатын машиналарда) Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға руқсат етілген жуу құралдарын қолдана отырып, дайындаушының технологиялық нұсқаулығына, техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі. Шөлмектер кемінде 1,5 атмосфера (бұдан әрі – атм) қысымында шайылады. Ерітінділердің шоғырлануын өндірістік зертхана әрбір ауысымда тексереді.
Тармақ 19
19. Жуылған шыны шөлмектерді жарық экраны немесе автоматты инспектор бақылайды, дұрыс жуылмағандары қайта жууға жіберіледі. Ыдысты қышқылды-сілтілі жууды оқшауланған үй-жайда, арнайы жуу ванналарында немесе машиналарында жүргізеді.
Тармақ 20
20. Шөлмектерді жуатын машиналарды тазарту және зарарсыздандыру жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Жуу ерітіндісін кәрізге ағызғаннан кейін жуу ванналары заттаңба, шыны қалдықтарынан және басқа да қоқыстан тазартылады. Жуу ванналарының ішкі беті дезинфекцияланады және сумен шайылады. Жуылған ванналар жаңа жуу ерітіндісімен толтырылады.
Тармақ 21
21. Шөлмек жуатын машиналардың жұмыс режиміне техникалық және өндірістік зертханалық бақылау орнатылады, оның нәтижелері объектінің  есепке алу құжаттамасында тіркеледі.
Тармақ 22
22. Сынған шыныны жинау үшін арнайы бункер жабдықтайды. Бункерді босатуды машина шанағына тікелей өздігінен ағызу арқылы жүргізеді.
Тармақ 23
23. Тығындау материалы цехқа жабық ыдыспен келіп түседі, ол қақпақтарды тығындау автоматының бункеріне салу алдында ғана ашылады. Зақымдалған қаптардағы тығындау материалын қабылдауға жол берілмейді. Тығындау материалын өндірушілердің ерекшеліктеріне сәйкес жағдайларда сақтайды.
Тармақ 24
24. Тығындалған шөлмектердің толтырылу деңгейін, тығынының жай-күйін және бөгде заттардың болмауын бақылайды. Тексеру құю кезінде және экспедицияда жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Шөлмек жуатын машиналардың жұмыс режимін бақылауды әрбір 2 сағ сайын (температурасы, сілтінің болуы) жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Белгілі бір кезеңде, бірақ ауысымда бір реттен сиретпей суға арналған сүзгілерді ашады, торларын тазартады және жуады. Ағызу құбырларында және машиналардың басқа бөліктерінде пайда болатын қақ механикалық немесе химиялық жолмен кетіріледі.
Тармақ 27
27. Өнімі бар шөлмектер тығындалғаннан кейін бракераж автоматтарында көзбен шолып бақыланады.
Тармақ 28
28. Тығындайтын автомат арқылы өткен және тығындалмай қалған, өнімі бар шөлмектер ішіндегісінен босатылады және қайта жууға жіберіледі.
Тармақ 29
29. Өндіріс тоқтатылған кезде (түскі үзіліс кезінде және басқа да себептер бойынша) тығындайтын автоматтың алдында өнімі бар тығындалмаған шөлмектерді қалдыруға жол берілмейді.
Тармақ 30
30. Дайын өнімдерде бөгде қоспалар анықталған жағдайда құю желісіндегі барлық партияларға қайталап бракераж жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Жұмыс процесінде алынатын сынған шыныны толуына байланысты босатылатын, арнайы жабылатын жәшіктерге (бункерлерге) жинайды. Жұмыс аяқталған соң жәшіктерді (бункерлерді) өндірістен объект аумағындағы арнайы бөлінген орындарға шығарады.
Тармақ 32
32. Шөлмектерді қолмен жуған кезде жуу ванналарындағы су ауысымда кемінде екі рет ауыстырылады. Ауысым аяқталған соң жуу ванналары механикалық тазартылады, дезинфекцияланады және сумен шайылады.
Тармақ 33
33. Квас пен сыраны тасымалдайтын цистерналарды жуу үшін суық, ыстық су және бу келтірілген эстакада жабдықталады.
Тармақ 34
34. Автоцистерналарды толтыру алдында щеткамен шөгінділерден тазартады, ағынды сумен жуады, люгі жабық күйінде 5-6 минут (бұдан әрі –мин) бойы булайды. Квасты өндіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған ыдыстардың люктері қызмет көрсететін персоналдың механикалық щеткалармен оның ішкі беттерін ішінен жуу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Бөшкелер, кегтер құю алдында суық сумен, жуу ерітіндісімен жуылады, ауамен үрленеді, содан кейін ыстық сумен шайылады және бумен өңделеді.
Тармақ 36
36. Қазіргі заманғы өнімділігі жоғары жабдықты жуу және дезинфекциялау үшін осындай жабдық жоқ, қуаттылығы аз объектілерді қоспағанда, жуудың белгіленген бағдарламасына сәйкес жұмыс істейтін, жабық типтегі орталықтандырылған жуу станциясы пайдаланылады.
Тармақ 37
37. Синтетикалық материалдан жасалған, герметикалық емес қаптамада келіп түсетін ыдыс қолдану алдында кейіннен шаю арқылы жууға жатқызылады.
Тармақ 38
38. Тығындау бұйымдары ыдысқа құйылған шарапты, сусындарды, ауыз суды құю желісіне жіберу алдында дайындаушының нұсқаулығына (техникалық құжаттамаға) сәйкес Тізілімге енгізілген дезинфекциялау құралдарымен өңделеді (қажеттілігіне қарай).
Тармақ 39
39. Мыналарға:
Тармақша 1
1) өнімді лас және пішіні бұзылған, сыну белгілері айқын тұтынушылық ыдысына құюға;
Тармақша 2
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган қайта пайдалануға рұқсат еткен және Тізілімге енгізілген материалдардан дайындалған ыдысты қоспағанда, өнімді (ыдыстарға құйылған алкогольсіз өнімдерді, ауыз суды) құю және сақтауға арналған синтетикалық материалдар мен поликарбонаттан жасалған ыдысты қайта пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 40
40. Шөлмектерде, заттаңбаларда, тығындарда желімнің және ластанудың қалдықтарына жол берілмейді. Сондай-ақ тұтынушылық ыдыстың тығындауын зақымдауға жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Өнімнің зертханалық зерттеулерінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде үлгілердің (алкоголь өнімінен басқа) екі еселенген мөлшері қайта зерттеледі, өндірістегі технологиялық процестің барысына, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдарға, су және ауаға, жұмыскерлердің арнайы киіміне, қолдарына, барлық жұмыс үй-жайларының санитариялық-гигиеналық жағдайына қосымша бақылау жүргізіледі және тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Алкоголь өнімдерін өндіру шарттарына қойылатын талаптар
3. Алкоголь өнімдерін өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 42
42. Алкоголь өнімдерін өндіру «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1081 қаулысымен бекітілген «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Алкоголь өнімдерін өндіру кезінде қолданылатын шикізат және материалдар стандарттау саласындағы нормативтік құжаттадың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 44
44. Этил спирті және резервуарларға арналған сақтау қоймаларының құрылғысы және оны пайдалану мынадай талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) резервуарлар, құбырлар, фланецті қосылыстар, тығыздамалар герметикалық орнатылады;
Тармақша 2
2) барлық резервуарларға ауа ажырауы бар люктер орнатылады;
Тармақша 3
3) ауаны бұруға арналған ауа өткізгіштерді сақтау ыдысынан ортақ жүйеге біріктіреді және спирт тұтқышқа немесе гидравликалық қақпаққа қосады;
Тармақша 4
4) сорғылардың жұмысы және спиртті айдау кезінде қажет болған жағдайда сору және сыртқа тарату желдеткішін қосады;
Тармақша 5
5) спиртті тартып шығарғаннан кейін цистерналарды, резервуарларды, аппараттарды тазалау және ішкі жұмыстар жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып және жоғарыда екінші жұмысшының сақтандыруы арқылы жүргізіледі.
Тармақ 45
45. Колер дайындайтын қазандыққа салынатын қант қантты тұтынушылық ыдысында пайдалану жағдайларын қоспағанда, еленеді және магнит тұтқыштан өткізіледі.
Тармақ 46
46. Колерді қайнату су мен бу жүргізілетін оқшауланған үй-жайда жүргізіледі. Колер қайнату қазандығының үстіне жергілікті сорғышы бар қалқа орнатылады.
Тармақ 47
47. Колерден босатылған қазандық сумен жуылады, кептіріледі және қақпақпен жабылады.
Тармақ 48
48. Қант сиропын үздіксіз дайындау кезінде сүзгілеу материалы аптасына кемінде бір рет жуылады.
Тармақ 49
49. Хош иісті спирттерді дайындағаннан және мезганы буландырғаннан кейін қалдықтар үй-жайлардан тез арада шығарылады.
Тармақ 50
50. Этил спиртін сақтау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығымен бекітілген Этил спиртін сақтау және өткізу (тиеу, қабылдау) қағидаларына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Этил спиртін сақтау мерзімі шектелмейді.
Тармақ 51
51. Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес алкоголь өнімдерін (сыра мен күші 12 % -дан аспайтын төмен градусты ликер-арақ өнімдерінен басқа) темір ыдысқа, заттаңбасы жоқ ыдысқа, пластиктен жасалған ыдысқа өнеркәсіптік құюға жол берілмейді.
Тарау 4. 4. Шарап жасау өнімдерін өндіру шарттарына қойылатын талаптар
4. Шарап жасау өнімдерін өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 52
52. Шарап жасау өнімдерін (оның ішінде асхана шарабын) өндірудің технологиялық процесі мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) жүзімді және жемістерді жинау және қайта өңдеу;
Тармақша 2
2) ашытқы шырынды ашыту, сақтау, купаждау және шараптың толысуын (шарап материалдарын) тұрақтандыру;
Тармақша 3
3) құрғақ шараптың толысуын дистилляциялау;
Тармақша 4
4) шарап жасау өнімдерін бабына келтіру (жүзімнің толысуын, шарап, коньяк дистилляты, брендиге арналған дистиллят);
Тармақша 5
5) дайын өнімді алу және құю.
Тармақ 53
53. Шарап жасау маусымына өндірістік үй-жайлар мен технологиялық жабдықты дайындау жемістердің (жидектердің) өңдеуге түсуі басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын аяқталады. Көрсетілген мерзімге:
Тармақша 1
1) технологиялық жабдықты және мүкаммалды жөндеу, бояу және тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) жүзіммен, ашытқы шырынмен, шараппен жанасатын жабдықтың бөлшегіне қорғаныш, тот басуға қарсы жабын жағу (егер олар ашытқы шырынға және шарапқа шыдамайтын материалдан дайындалған болса);
Тармақша 3
3) шарап жасау өнімдеріне арналған ыдыстарды жөндеуді және дайындауды аяқтау (темір бетон және металл цистерналардың ішкі беттерінің өнімге төзімді қорғаныш жабыны болуы тиіс);
Тармақша 4
4) таразыларды, бақылау-өлшеу аспаптарын, спиртке арналған өлшеуіштерді, сондай-ақ зертханалық жабдықты тексеруді аяқтау;
Тармақша 5
5) өңдеу пункттеріне жемістерді (жидектерді) тасымалдауға арналған көлік құралдары мен ыдыстарды дайындауды аяқтау;
Тармақша 6
6) жемістерді (жидектерді) қабылдайтын және өңдейтін үй-жайларды жөндеуді аяқтау;
Тармақша 7
7) өндірісті барлық қажетті шикізатпен, қосымша материалдармен, реактивтермен және басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз ету қажет.
Тармақ 54
54. Ыдыстардың ішкі және сыртқы беттерін қорғау тот басуға қарсы жабынмен жүзеге асырылады.
Тармақ 55
55. Жүзімді жинау, тасымалдау және уақытша сақтау үшін таза, құрғақ, иісі жоқ ыдыстар пайдаланылады. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін ыдыс тазартылады, сумен жуылады және ерітіндідегі массалық шоғырлануы 0,1 % күкірт диоксидінің ерітіндісімен дезинфекцияланады. Жүзімді кесу үшін пайдаланылатын аспап жуылады, кептіріледі және жеке жәшіктерде немесе шкафтарда сақталады.
Тармақ 56
56. Шаңдануды болдырмау мақсатында жол, құрылыс  және агротехникалық іс-шаралар аяқталғанға дейін жүзімдіктердегі және бақтардағы жүзімді және жемістерді тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 57
57. Ыдыстар (акратофорлар) люк жабық кезінде 0,5 %–1 % күкірт диоксиді ерітіндісін немесе қолдануға рұқсат етілген басқа да препараттарды пайдалана отырып, ыстық және суық сумен жуылады.
Тармақ 58
58. Технологиялық жабдықты және ыдыстарды, стационарлық құбырларды, шлангілерді, шыны өткізгіштерді, сорғыларды және басқа да мүкаммалды өңдеу және жуу оларды өнімнен босатқаннан кейін бірден жүргізіледі. Технологиялық жабдықты жуылмаған күйде екі сағаттан артық қалдыруға жол берілмейді.
Тармақ 59
59. Ашытқы шырынды және шарапты құю ливерлерді, шағын сорғыларды қолдана отырып немесе сифондарға сұйықтықты алдын ала құю арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 60
60. Шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеуге қажетті өндірістік жабдығы және осы процестің жүргізілуіне сенімді бақылауды қамтамасыз етуге қабілетті қажетті зертханасы бар объектілерде ғана шарапты сары қанқызыл тұзбен өңдеу жөніндегі нұсқаулық нақты сақталған кезде жол беріледі.
Тармақ 61
61. Шарап жасау өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін тасымалдау және сақтау шарттарын өндіруші белгілейді. Шарап жасау өнімдерін желдетілетін, бөгде иісі жоқ, температурасы минус (бұдан әрі – «–») 2 ⁰С-тан плюс (бұдан әрі – «+») +20 ⁰С дейін болғанда күн сәулесінің тікелей әсерін болдырмайтын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 85 % -ден жоғары емес үй-жайларда сақтау ұсынылады.
Тарау 5. 5. Сыра өндіру шарттарына қойылатын талаптар
5. Сыра өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 62
62. Элеватор және уыт бөлімшесінің үй-жайларын желдету жүйесіне герметикалық қосылған астықты тазарту жабдығын пайдалана отырып, сору-сыртқа тарату желдеткішімен немесе аспирациялық қондырғылармен жабдықтайды.
Тармақ 63
63. Бұқтыру күбілері, ашытқы өсіруге арналған жәшіктер, барабандар, жәшік електер, елек астындағы кеңістік, астыққа арналған аударғыштар әрбір жұмыс циклінен кейін тазартылады, жуылады және дезинфекцияланады.
Тармақ 64
64. «Жылжымалы атыздарды» пайдаланған кезде алдыңғы партияның астығын ашытқы араластырғыш шөміштерде және тізбекті беріліс жүйесінде қалдыруға жол берілмейді. Шикі ашытқыға арналған шнектер, тасымалдағыштар, элеваторлар, бункерлер күнделікті тазартылады.
Тармақ 65
65. Ашытқыны әрбір түсіргеннен кейін торлар тазартылады, ал қабырғалар, терезелер және есіктер сүртіледі. Кептіру үй-жайын және оның жанында орналасқан басқа құрғақ үй-жайларды аптасына кемінде бір рет сүртеді және тоқсанына кемінде бір рет ағартады. Терезелер мен есіктер ылғалды жиналады. Көлденең және тік кептіргіштерді, үздіксіз жұмыс істейтін кептіргіштер сияқты аптасына кемінде бір рет механикалық тәсілмен (електерді тазарту) өңдейді.
Тармақ 66
66. Кептіргіштің шатыры мен сорғыш құбырын айына кемінде бір рет тазартады және дезинфекциялайды, калорифер бөлімшесін тәулігіне бір рет өскіндерден тазалайды.
Тармақ 67
67. Қайнату цехы жабдықтарының ішкі бетін әрбір қайнатудан кейін мұқият жуады және тазартады.
Тармақ 68
68. Барлық ашытқы шырын өткізгіштерді әрбір айдаудан кейін суық сумен жуады, 15-20 мин ішінде булайды және қайта жуады. Қызуға төзімді шыны құбыр өткізгіштерді қолдану кезінде коммуникация мен арматура тығыздап қиыстырылады, оларды булаған кезде буды шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 69
69. Ұсақтауға арналған шнектер мен жәшіктерді босатылғаннан кейін жуады, булайды және аптасына бір рет дезинфекциялайды.
Тармақ 70
70. Шикізатты (ашытқыны және құлмақты, қантты және басқа да материалдарды) қайнату үй-жайында сақтауға жол берілмейді.
Тармақ 71
71. Ашытқы шырынды ашыту сыра ашытқыларының таза өсірінділерін пайдалана отырып, ашыту цехында жүргізіледі. Ашытқы шырынды ашыту ашық немесе жабық күбі-аппараттарда (тәрелкелерде) немесе цилиндрлі конусты танктерде жүргізіледі. Цехтағы ауа температурасы үнемі + 5 ⁰С-тан +8 ⁰С дейінгі шекте ұсталады.
Тармақ 72
72. Жабық тоңазыту аппараттары (түтікті және пластиналы) күнделікті сумен жуылады және кейіннен жылы және суық сумен жуыла отырып, 1 % сілтінің ыстық (+60 ⁰С) ерітіндісімен 15 мин ішінде өңделеді.
Тармақ 73
73. Ашытқы бөлімшесінің үй-жайы (жабық ыдыстарда ашытқылар сақталатын бөлімшелерден басқа) көршілес үй-жайлардан оқшауланады, сыртқы жағында күнделікті ауыстырылатын дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
Тармақ 74
74. Ашытқы бөлімшесі температурасы +2 ⁰С аспайтын салқындатылған су құбыры суының келуімен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 75
75. Алюминий және эмаль ашыту күбілерінің ішіне қорғаныш жабыны жағылмайды. Темір және алюминий ашыту күбілерінің сырты суға төзімді бояулармен боялады.
Тармақ 76
76. Ашыту күбілері босатылғаннан кейін ішкі беттері механикалық жолмен щеткамен тазартылады, сумен жуылады және кейіннен сумен мұқият шайыла отырып, 30 мин ішінде дезинфекцияланады. Бос алюминий ыдыстарда ылғал қалдықтарының қалуына жол берілмейді. Түбінде қалған суды шүберекпен құрғатуға жол берілмейді.
Тармақ 77
77. Ашыту күбілерінің алюминий беттеріндегі сыра тасы азот қышқылының 17-19 % ерітіндісімен немесе сульфамин қышқылымен (10 л суға 0,5-1,5 килограмм) немесе қолдануға рұқсат етілген басқа да препараттарды пайдалана отырып кетіріледі.
Тармақ 78
78. Ұсақ мүкаммал (сыраға арналған сынамалар, шырынға арналған сынама стакандары, өлшеуіш цилиндрлер, термометрлер, қант өлшеуіштер) қолданылғанға дейін және одан кейін жуылады және шкафта сақталады.
Тармақ 79
79. Едендер мен баспалдақтарды щеткамен санитариялық өңдеу күнделікті жүргізіледі.
Тармақ 80
80. Цехтарда аппаратураны және жабдықтарды булау және дезинфекциялау уақытын тіркеу бойынша есепке алу құжаттамасы жүргізіледі.
Тармақ 81
81. Таза өсірінділер бөлімшесіндегі барлық жұмыс асептикалық жағдайларда жүргізіледі. Стерилизаторға және ашытуға арналған цилиндрлерге келіп түсетін ауа ауа сүзгілері арқылы өтеді.
Тармақ 82
82. Ашытқы өсіретін аппараттар жұмыс басталар алдында 0,5-1,0 атм. қысыммен 45 мин. ішінде бумен стерильденеді.
Тармақ 83
83. Ашытқылардың таза өсірінділері бөлімшесінің үй-жайы әрбір ауысымның соңында мұқият жиналады, су ағынымен еден ашытқы шырын қалдықтарынан тазартылады. Қабырғалар, еден мен есіктер дезинфекциялау ерітіндісімен апта сайын өңделеді.
Тармақ 84
84. Лагерь цехы құрғақ ұсталады, сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Сыртқы салқындату қолданылатын лагерь үй-жайларында +3 ⁰С-тан аспайтын температура сақталады. Іштен салқындатылатын жабдықтардың жұмысы кезінде үй-жайдағы ауа температурасы нормаланбайды. Танктер мен бөшкелердің сыртқы беттерін санитариялық өңдеу ыдыстарды жууға қойылатын технологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 85
85. Лагерь бөшкелері мен танктерді механикалық жолмен 6-8 атм. қысым күші бар су ағынымен 3 мин ішінде жуу кезінде ашытқылардың қалдықтары жуылады, содан кейін беті дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді және 30 мин ұстағаннан кейін 3 мин ішінде қайта сумен жуылады.
Тармақ 86
86. Лагерь цехы мен құю цехының арасындағы құбыр өткізгіштер сыраны әрбір жіберу алдында және содан кейін 10 мин ішінде сумен жуылады.
Тармақ 87
87. Сүзгіленген сыраны жинағыштар жеке оқшаулаумен және салқындатумен жабдықталады немесе салқындатылатын үй-жайға орнатылады.
Тармақ 88
88. Сыраны ағартатын сеператорлар жұмыс аяқталғаннан кейін сілті және суы бар айналдырып жуғышқа қосылады, аптасына кемінде бір рет бөлшектеледі және кейіннен ыстық және суық сумен жуыла отырып, жуу құралдарын пайдалану арқылы жұмсақ щеткамен жуылады.
Тармақ 89
89. Сүзгі жүйесі аптасына кемінде бір рет +60 ⁰С температурадағы жуу ерітіндісімен толтырылады, ол тұйық циклде 15 мин. ішінде айналады. Содан соң сүзгі ыстық және суық сумен жуылады және кейіннен суық сумен жуыла отырып, дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
Тармақ 90
90. Торкөзді сүзгілер айына кемінде бір рет азот қышқылының 1 % ерітіндісімен жуылады. Стерильді сүзу кезінде сүзгінің пластиналары қысым күштерінің айырмашылығы 0,5 атм болатын бумен өңделеді.
Тарау 6. 6. Алкогольсіз өнімдерді өндіру шарттарына қойылатын талаптар
6. Алкогольсіз өнімдерді өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 91
91. Алкогольсіз өнімдердің (сусындардың) өндірістік үй-жайларының құрамында суды дайындау бөлімшесін, сироп қайнату бөлімшесін, сүзгілеу учаскесі бар купаждау бөлімшесін, құю цехын көздейді.
Тармақ 92
92. Алкогольсіз өнімдер өндірісін орналастыру үшін купаждауға  және құюға арналған жеке үй-жай бөлінеді. Егер алкогольсіз өнім жеке объектіде немесе цехта өндірілсе, ол үшін өндірістік және қосалқы үй-жайлар көзделеді.  Алкогольсіз сусындарды дайындауға берілетін суды салқындатуға арналған бак күнделікті жуылады.
Тармақ 93
93. Су мен сироптарды алдын ала салқындатпай алкогольсіз өнімдерді дайындауға жол берілмейді. Су сатураторға түсу алдында арнайы сүзгіден өткізіледі және салқындатылады. Сүзгілер объектіні өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес санитариялық өңделеді.
Тармақ 94
94. Машиналар, аппараттар, араластырғыштар, шикізаттарға, жартылай фабрикаттарға және дайын өнімге арналған ыдыстар, сондай-ақ цехтың барлық мүкаммалы ауысымның басталуы алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін мұқият жуылады, дезинфекцияланады және мүмкін болатын механикалық ақаулары жөнделеді.
Тармақ 95
95. Қант сиробын дайындау өнімді араластыру үшін механикалық араластырғыштармен немесе кері циркуляциялау сорғыларымен жабдықталған жабық аппараттарда ыстық немесе суық тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ 96
96. Колерді дайындау механикалық араластырғышпен жарақталған электрмен қыздырғышы бар төңкерілетін ыдыстарда жүргізіледі. Электр жылытуы бар мыс ванналарды аз мөлшерде қолдануға жол беріледі.
Тармақ 97
97. Купажерлер қақпақпен, механикалық араластырғыштармен және өлшеуіш шынылармен жабдықталады.
Тармақ 98
98. Купажерлер, сироп өткізгіштер, сироп сақтау ыдыстары тазартылады және бөлшектенбей (СІР) жуылады және дезинфекцияланады.
Тармақ 99
99. Сироптарды қайнату үшін тот баспайтын болаттан жасалған немесе ішкі беті эмальданған қазандар ғана қолданылады.
Тарау 7. 7. Квас өндіру шарттарына қойылатын талаптар
7. Квас өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 100
100. Квасты купаждау және құюды жеке үй-жайларға орналастырады, бұл ретте оларды ашық алаңдарға орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 101
101. Квас ашытқысы концентратын алдын ала еріту және оны стерильдеу механикалық араластырғышы және булау қабаты бар жабық аппараттарда жүргізіледі. Буды қабатқа беретін құбырға манометрі және сақтандыру клапаны бар автоматты бәсеңдету құрылғысы орнатылады.
Тармақ 102
102. Купаж ыдыстары мен квас ашытқысының жұмыс ерітінділерін дайындауға арналған аппараттар механикалық араластырғыштармен жабдықталады және кақпақтармен жабылады.
Тармақ 103
103. Квас ашытқысын ашыту манометрлермен және сақтандыру клапандарымен жарақталған және төменгі люктермен жабдықталған жабық ыдыстарда жүзеге асырылады.
Тармақ 104
104. Ашыту-купаждау ыдыстарын «Абайлаңыз! Көмірқышқыл газы» деген нақты жазумен және тиісті қауіпсіздік белгісімен таңбалайды.
Тармақ 105
105. Ашыту-купаждау бөлімшесі үй-жай мен ыдыстардағы көміртегі диоксидінің құрамын айқындауға арналған аспаппен, кемінде екі шлангілі газтұтқышпен және сақтандыру арқандары (жіптері) бар екі сақтандырғыш иықбаулы белдіктермен жарақталады.
Тармақ 106
106. Квас ашытқысы концентратын сақтауға арналған ыдыс босатылғаннан кейін және жаңа порцияларды қабылдау алдында ыстық сумен жуылады, дезинфекцияланады және бірнеше рет сумен шайылады немесе бумен өңделеді.
Тармақ 107
107. Суда концентратты ерітуге арналған араластырғышы бар күбі мен ашытқы шырынды қантпен купаждауға арналған купаждау күбісі жұмыстың әрбір циклынан кейін жуылады және бумен өңделеді, аптасына кемінде екі рет дезинфекцияланады.
Тармақ 108
108. Тығындау және тұндыру күбілері квас ашытқысын әрбір қайнатқаннан кейін қою қалдық тұнбаны толық кетіргенге дейін сумен жуылады. Күбілер аптасына кемінде бір рет дезинфекцияланады.
Тармақ 109
109. Объект тәулік бойы жұмыс істеген кезде тұнған квас ашытқысына, ашытылған ашытқы шырынын және квасты салқындатуға арналған жылу алмастырғыштар аптасына кемінде бір рет дезинфекцияланады.
Тармақ 110
110. Кезеңді (екі ауысымдық жұмыс) жұмыс кезінде жұмыс күнінің соңында ашытқы шырын өткізгіштегі және жылу алмастырғыштардағы барлық ашытқы шырын тығындалған күбіге түсіріледі. Ашытқы шырын өткізгіштер ыстық сумен жуылады және аптасына кемінде бір рет дезинфекцияланады.
Тармақ 111
111. Ашық ашыту және купаждау күбілері әрбір жұмыс циклінен кейін сумен жуылады және аптасына кемінде екі рет дезинфекцияланады.
Тармақ 112
112. Нан квасын дайындау үшін ашытқылар мен сүтқышқылды бактериялардың таза өсірінділері пайдаланылады.
Тарау 8. 8. Сергітетін сусындарды өндіруге қойылатын талаптар
8. Сергітетін сусындарды өндіруге қойылатын талаптар
Тармақ 113
113. Сергітетін сусындардың қауіпсіздік талаптары және олардың құрамында кофеиннің болуы 021/2011 КО ТР сәйкес көзделеді.
Тармақ 114
114. Сергітетін сусындар қаптамасының көлемі 500 мл аспайтын құйылған түрінде шығарылады.
Тарау 9. 9. Ыдыстарға құйылған ауыз су, емдік және емдік-асхана суын өндіру шарттарына қойылатын талаптар
9. Ыдыстарға құйылған ауыз су, емдік және емдік-асхана суын өндіру шарттарына қойылатын талаптар
Тармақ 115
115. Құйылған суда әртүрлі қоспалардың, сыртқы үлдірдің және тұнбалардың болуына жол берілмейді.
Тармақ 116
116. Құю агрегаттары құйғанға дейін және одан кейін таза сумен жуылады.
Тармақ 117
117. Су құбырынан немесе сыйымдылықтарға құйылған ауыз суды өндіруге арналған шикізат болып табылатын басқа көзден келіп түсетін су нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
Тармақ 118
118. Аралас бейіндегі объектілерде арнайы жуылғаннан кейін алкогольсіз өнімдерді (сусындарды) және шарапты құюға арналған желілерде құйылатын суды (табиғи минералды суды қоспағанда) құюды жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 119
119. Сүзгілерді тазарту немесе алмастыру дайындаушының технологиялық нұсқаулығына, техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сүзгілер жұмысының тиімділігін өндірістік зертханалық бақылау айына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 120
120. Су көзін пайдалану процесінде судың ластануы және оның белгіленген химиялық және микробиологиялық сипаттамаларға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өндіруші ластану жойылғанға дейін суды ыдыстарға құю процесін тез арада тоқтатады.
Тармақ 121
121. Табиғи минералды суды қоспағанда, ауыз суды тасымалдау (су жинау құрылысынан объектіге дейін, объектіде) үшін пайдаланылатын көлік ыдыстары (цистерналар, танкерлер) таңбаланады, бұл ретте оларды басқа өнім түрлерін тасымалдау үшін пайдалануға арнайы жуылғаннан кейін ғана жол беріледі.
Тармақ 122
122. Көлік ыдыстарын толтыру, сондай-ақ олардан суды құйып алу үшін стационарлық құбырлар өткізгіштер және резеңке шлангілер қолданылады.
Тармақ 123
123. Автомобиль және теміржол цистерналарын стационарлық құбырлармен икемді қосу ретінде пайдаланылатын резеңкеден немесе басқа материалдардан жасалған шлангілер олардың ластануын болдырмайтын жағдайларда, арнайы ілмектерге ілініп сақталады, шлангілердің ұштары еденге тимейді.
Тармақ 124
124. Қосатын шлангілер суды әрбір қабылдағаннан кейін ыстық сумен (температурасы кемінде +60 ⁰С) жуылады және таңбаланған ыдыстарда дезинфекцияланады, содан соң ағынды суық сумен жуылады.
Тармақ 125
125. Ыдыстарға құйылған және тұтынушылық қаптамасына (ыдысына) қаптамаланған ауыз су +2 ⁰С-тан +20 ⁰С-қа дейінгі температурада, салыстырмалы ылғалдылығы 85% жоғары емес қараңғыланған қойма үй-жайларында сақталады, күн сәулесінің тікелей әсерінен қорғалады.
Басқа 1.1
«Алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру объектілеріне, алкоголь өнімдерін, алкогольсіз өнімдерді және ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру және сақтау шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына қосымша нысан Таза суды сақтауға арналған резервуарларды өңдеуді есепке алу журналы Резервуар № Резервуар көлемі Тазарту және дезинфекциялау жүргізілген күні мен уақыты Келесі тазарту күні Жауапты адамның қолы 1 2 3 4 5