Об утверждении Инструкции о порядке приема заявок от инвесторов на получение льгот и преференций для реализации инвестиционных проектов в приоритетных секторах экономики Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу yшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымша ұсынылған, экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiтудi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 2 экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың күшi жойылсын деп тану.
Тармақ 3. Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен пұрсаттылықтар алу ушiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулық
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрімен    Сыртқы істер министрлігінің КЕЛІСІЛГЕН                       Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 24-п бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен пұрсаттылықтар алу ушiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы Нұсқаулық Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау тәртiбi туралы осы Нұсқаулық (бұдан былай - Нұсқаулық) инвесторлардың өтiнiштерiн қабылдау және тiркеу ережелерiн анықтайды.
Тармақ 1. 1. Негiзгi ұғымдар
1. Негiзгi ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулықта келесi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Комитет - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi;
Тармақша 2
2) өтiнiшкер - экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн үмiткер жеке тұлға немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) өтiнiш - Комитетпен бекiтiлген, экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн өтiнiш қалыбында көрсетiлген құжаттардан тұратын пакет;
Тармақша 4
4) журнал - экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыру мақсатында жеңiлдiктер мен преференциялар алу үшiн инвесторлардың өтiнiштерiн тiркеу журналы.
Тармақ 2. 2. Өтiнiштi қабылдау
2. Өтiнiштi қабылдау
Тармақ 2
2. Өтiнiшкер өтiнiшiн Комитет Кеңсесiне тапсырады, одан кейiн журналда тiркелуi үшiн Инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiне берiледi.
Тармақ 3
3. Өтiнiш журналға тек бекiтiлген талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана тiркеледi.
Тармақ 4
4. Өтiнiштiң тiркелген күнi болып журналға тiркелген күн саналады.
Тармақ 3. 3. Өтiнiштердi қарастыру
3. Өтiнiштердi қарастыру
Тармақ 5
5. Инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмi өтiнiш түскен күннен бастап отыз күннен көп емес уақытта Қазақстан Республикасының тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы заңына сәйкестiгiн сараптайды.
Тармақ 6
6. Комитеттiң инвестормен ұсынған ақпараттарын бекiтетiн қосымша құжаттар мен ақпараттар сұрауға құқығы бар. Бұл жағдайда өтiнiштi қарастыру уақыты қажеттi материалдарды ұсынғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 7
7. Комитет сараптама қорытындысы бойынша қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiшкерге хабарлайды. Оң шешiм қабылданған жағдайда Комитет инвестормен бiрге келiсiм-шарт дайындайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк нақты гранттар және кедендiк баж жеңiлдiктерiн беру үшiн Комитет сәйкес мемлекеттiк органдармен және бағымсыз сарапкерлермен келiсiм-шартқа сараптама жүргiзедi.
Тармақ 4. 4. Дауларды қарастыру
4. Дауларды қарастыру
Тармақ 9
9. Өтiнiштi тiркеуден бас тартылған жағдаймен келiспеген өтiнiшкер Комитеттiң әрекетiне бекiтiлген заң тәртiбiне сәйкес шағымдануға құқығы бар.