Об утверждении Инструкции о порядке регистрации контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңының 12 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қосымша ұсынылған:
Тармақша 1
1) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулықты;
Тармақша 2
2) Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу туралы Куәлiк қалыбын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 28 наурыздағы  N 5  "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттік комитетi мен инвесторлар арасында жасалған келiсiм-шартты тiркеу тәртiбi және келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк қалыбы туралы" нұсқаулықты бекiту туралы" қаулысының күшi жойылсын деп тану.
Тармақ 3. Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулық
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге алынған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрімен         Сыртқы істер министрлігінің КЕЛІСІЛГЕН                            Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-п бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi туралы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы"  Заңының  12 бабының 4 тармағына сәйкес осы Нұсқаулық экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбiн анықтайды, сонымен қатар тiркелген келiсiм-шарттарға енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеуді анықтайды.
Тармақ 1. 1. Келiсiм-шартты тiркеудiң мақсаты
1. Келiсiм-шартты тiркеудiң мақсаты
Тармақ 1
1. Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шарттарды (бұдан былай Келiсiм-шарт) тiркеу келесi мақсаттар үшiн жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) инвесторға белгiлi жеңiлдiктер мен преференциялар беру Келiсiм-шартының жасалған фактiсiн Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi (бұдан былай - Комитет) ресми түрде нақтылау;
Тармақша 2
2) Келiсiм-шарттың күшiне ену уақытын бекiту және Келiсiм-шарттың мерзiмiн анықтау;
Тармақша 3
3) Жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген инвесторларды есепке алу үшiн Келiсiм-шартқа тiркеу нөмiрiн беру;
Тармақша 4
4) Инвестициялық жобаның жүзеге асуын қадағалау;
Тармақша 5
5) Мемлекеттiң бақылау, тiркеу және статистикалық органдарына берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар және олардың мерзiмдерiн көрсете отырып тiркелген Келiсiм-шарттардың саны туралы ақпарат беру.
Тармақ 2. 2. Келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi
2. Келiсiм-шарттарды тiркеу тәртiбi
Тармақ 2
2. Комитетпен инвестор тарапынан Келiсiм-шартқа қол қойылған күннен бастап он бес күн iшiнде Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелуi тиiстi.
Тармақ 3
3. Егер Келiсiм-шартта күшiне ену уақыты одан да кеш уақыт болып көрсетiлмесе, Келiсiм-шарт Комитеттiң инвестициялық жобаларды бағалау бөлiмiнде тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шартқа енгiзiлген өзгертулер және толықтырулар осы Нұсқаулықтың 2 және 3 тармақтарында көрсетiлген тәртiп бойынша тiркеледi.
Тармақ 3. 3. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк
3. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк
Тармақ 5
5. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, Комитетпен инвестор арасында жасалған Келiсiм-шарттың тiркелгенiн нақтылайтын құжат болып табылады. Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiкте:
Тармақша 1
1) Келiсiм-шартты тiркеу нөмiрi;
Тармақша 2
2) Келiсiм-шарттың жасалған уақыты және мерзiмi;
Тармақша 3
3) Инвесторға берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар;
Тармақша 4
4) Берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар мерзiмi;
Тармақша 5
5) Берiлген нақты гранттар.
Тармақ 6
6. Инвестормен Келiсiм-шартты тiркеу туралы куәлiк, көрсетiлген инвестордың жеңiлдiктер мен преференциялар алғанын нақтылайтын ресми құжат болып табылады.
Тармақ 7
7. Куәлiк көшiрмесi және Келiсiм-шарттың данасы сақталу үшiн Комитеттiң мониторинг бөлiмiне берiледi.
Тармақ 4. 4. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпараттың жариялануы
4. Келiсiм-шартты тiркеу туралы ақпараттың жариялануы
Тармақ 8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті
8. Келiсiм-шарт тiркелген күнiнен бастап 30 күн iшiнде Комитеттiң инвестициялық жобалар мониторингi бөлiмi сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдарға Келiсiм-шарттың тiркелгенi туралы хабарлайды және жобаға жатырылатын көлемдi және құрылған жұмыс орындарды көрсете отырып, осы Келiсiм-шартты Комитетте тiркелген және бұқаралық ақпараттар құралдарында тоқсан сайын жарияланатын Келiсiм-шарттар тiзiмiне қосады. Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрімен         Сыртқы істер министрлігінің КЕЛІСІЛГЕН                            Инвестициялар жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 23-п бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті Экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын инвесторлармен жасалған келiсiм-шартты тiркеу туралы КУӘЛIК _______________________________            200_ жыл "__"___________ (келiсiм-шарттың тiркеу нөмiрi) Осымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi мен ___________________________________________________________________ (инвестордың атауы) арасында жасалған келiсiм-шарт тiркеледi. ҚҰЖК коды__________________________________________________________ Инвестициялық жобаның атауы және жүзеге асыру орны ________________ ___________________________________________________________________ Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмi____________________________________ Берiлген мемлекеттiк нақты гранттар________________________________ ___________________________________________________________________ Табыс салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________ ___________________________________________________________________ Жер салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер ___________________________ ___________________________________________________________________ Мүлiк салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________ ___________________________________________________________________ Кеден салығы бойынша берiлген жеңiлдiктер__________________________ ___________________________________________________________________ Лауазымы     __________               ________________________ М.О.           (қолы)                 (лауазымды тұлғаның А.Т.Ә.)