Об утверждении Правил аккредитации экспертных организаций Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығымен бекітілген Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Cараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу сараптама ұйымдарын және Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібін регламенттейді және «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі органның құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымдарының құзыретін ресми танитын рәсімі;
Тармақша 2
2) жобалау саласындағы сарапшы – жобалардың белгілі бір бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған, сараптама ұйымдарының бірінің штатында тұрған жеке тұлға;
Тармақша 3
3) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер өз құрамында тұрақты негізде жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша, оның ішінде мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде бес сарапшы болуы қажет: қала құрылысы, жобалау алдындағы құжаттама, сәулет, конструкциялық бөлім, инженерлік желілер мен жүйелер( инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлім (объектінің мақсатына байланысты), сметалық бөлім.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге сараптама ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік аккредиттелген күннен бастап екі жылда бір рет расталады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікпен (бұдан әрі - куәлік) расталады.
Тарау 3. 3-тарау. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі
3-тарау. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымдарын аккредиттеуді өткізу тәртібі
Тармақ 6
6. Ерекше индустриялық аймақтардың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымдарын аккредиттеуден өткізу үшін өтініш берушілерде: ерекше индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ерекше индустриялық аймақты құру немесе заңды тұлғаны басқарушы компания етіп айқындау туралы жер учаскесі меншік иесінің шешімі болады; өз құрамында тұрақты негізде жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша, оның ішінде мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшының болады: қала құрылысы, жобалау алдындағы құжаттама, сәулет, конструкциялық бөлім, инженерлік желілер мен жүйелер (инженерлік желілер мен жүйелердің түрлері бойынша), технологиялық бөлім (объектінің мақсатына байланысты), сметалық бөлім.
Тармақ 7
7. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге сараптама ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік аккредиттелген күннен бастап екі жылда бір рет расталады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушыны аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес куәлікпен расталады.
Тармақ 9
9. Аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі - аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізілімі) енгізіледі.
Тармақ 10
10. Аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізіліміне, сараптама ұйымының шатында тұратын аттестатталған сарапшылар туралы мәліметке өзгерістер мен толықтыруларды көрсетілетін қызметті алушы дербес енгізеді.
Тармақ 11
11. Аккредиттелген сараптама ұйымдары куәлікті беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де осы Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында қойылатын талаптарға сәйкес келуі қажет.
Тарау 4. 4-тарау. «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі
4-тарау. «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 13
13. Заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе).
Тармақша 1
1) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде осы Қағидаларға 4 -қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды;
Тармақша 2
2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды;
Тармақша 3
3) куәлікті қайта ресімдеу кезінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптардың тізбесі 8-тармағымен анықталған. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;
Тармақша 2
2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) 20-40 (жиырма - қырық) минутта өтініш қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Сараптама ұйымдарының аккредиттеу туралы куәліктері заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
Тармақ 18
18. Сараптама ұйымдарының аккредиттеу туралы куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң) 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы және ерекше индустриялық аймақ аумағында объектілер салуға арналған объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру қолданыстағы куәлігі болған жағдайда жүзеге асыруға жол беріледі.
Тарау 5. 5 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі: шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға); уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету; мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады: мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
Тармақша 1
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) қосымша ақпарат алу. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды. Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 21
21. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1. АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы)
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысан АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құқығына АККРЕДИТТЕЛДІ және Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне енгізілді. Жарамдылық мерзімі ________ дейін Уәкілетті орган ___________________________ ___________ қаласы 20__жылғы «__» ___________
Басқа 2. АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы)
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысан АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК №________ Осы аккредиттеу туралы куәлік _________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _________________________________________________________________, (мекенжайы) ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құқығына АККРЕДИТТЕЛДІ және Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізіліміне енгізілді. Жарамдылық мерзімі ________ дейін Уәкілетті орган ___________________________ ___________ қаласы 20__жылғы «__»___________
Басқа 3. Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Құрылысқа арналған жобаларды сараптау жөніндегі аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі Р/с № Сараптама ұйымының атауы, заңды тұлғаның деректемелері Аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні және нөмірі Сараптама ұйымының шатында тұратын аттестатталған сарапшылар туралы мәлімет Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет
Басқа 4. Өтініш
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Өтініш ______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын Мекенжайы _______________________________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Банктік шот ________________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер)__________________________________________ (орналасқан жері және деректемелері) Осымен расталады: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. Басшысы ____________ _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Толтырылған күні: 20 жылғы «__» __________
Басқа 5. Өтініш
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша Нысан Өтініш ______________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымы ретінде аккредиттеуді сұраймын Мекенжайы ______________________________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі, телефон, факс, е-mail) Банктік шот _______________________________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер)_________________________________________ (орналасқан жері және деректемелері) Осымен расталады: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сот тыйым салмайды; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. Басшысы ____________ _________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Толтырылған күні: 20 жылғы «___» __________
Басқа 6. Өтініш аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 6-қосымша Нысан Өтініш аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның ______________________________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы) ______________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап «___» _________ 20___ ______________________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген аккредиттеу туралы куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
Тармақша 1
1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________
Тармақша 2
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________ Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін - ел, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ________________________________________________________ Телефондар _______________________________________________________________ Факс _____________________________________________________________________ Банктік шот _______________________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қоса беріледі _ парақ. Осымен расталады, бұл: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. Басшы __________ _________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл
Басқа 7
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 7-қосымша Нысан «Объ­ек­ті­лер құ­ры­лы­сы­ның жо­ба­ла­ры­на ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гізу­ге үміт­кер заң­ды тұ­лға­лар­ды ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі Құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер мен ЖСҚ) мін­дет­ті ке­шен­ді ве­дом­ст­во­дан тыс са­рап­та­ма жүр­гі­зу үшін са­рап­та­ма ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу; Ар­найы ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың ау­ма­ғын­да объ­ек­ті­лер­ді са­лу­ға ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер мен ЖСҚ) мін­дет­ті ке­шен­ді ве­дом­ст­во­дан тыс са­рап­та­ма жүр­гі­зу үшін ар­найы ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар­дың са­рап­та­ма ұй­ым­да­рын ак­кре­дит­теу; Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу. 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Құ­ры­лыс және тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық іcтepі ко­ми­те­ті 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz. Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы ақ­па­рат­тан­ды­ру ны­са­ны «e-Qurylys.kz» ақ­па­рат­тық (www.​equ​ryly​s.​kz) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де, заң­ды тұл­ға қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған кез­де ку­ә­лік­ті бе­ру - қай­та ре­сім­деу-20-40 ми­нут 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 1 және 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ку­ә­лік. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық түр­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі-Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, түс­кі үзіл­іспен са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін; 2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі 1) мем­ле­кет­тік мо­но­по­ли­я­ға жат­қы­зы­л­ған жо­ба­лар­ды қо­с­па­ған­да, құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­ге және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ға) мін­дет­ті ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гі­зу үшін ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ал­ған кез­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; осы Қа­ғи­да­лар­ға 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес мем­ле­кет­тік мо­но­по­ли­я­ға жат­қы­зы­л­ған жо­ба­лар­ды қо­с­па­ған­да, құ­ры­лы­сқа ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­ге және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ға) мін­дет­ті ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гі­зу ұй­ы­мы­ның ак­кре­дит­те­уден өтуі үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны; 2) ерекше ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың ау­ма­ғын­да объ­ек­ті­лер са­лу­ға ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­ге және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ға) мін­дет­ті ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гі­зу үшін ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті ал­ған кез­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; осы Қа­ғи­да­лар­ға 9-қо­сым­ша­ға сәй­кес ерекше ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тың ау­ма­ғын­да объ­ек­ті­лер са­лу­ға ар­нал­ған жо­ба­лар­ға (тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­ге және жо­ба­лау-сме­та­лық құ­жат­та­ма­ға) мін­дет­ті ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма жүр­гі­зу ұй­ы­мы­ның ак­кре­дит­те­уден өтуі үшін мә­лі­мет­тер ны­са­ны; 3) ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу ке­зін­де: осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Жоқ 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс іс­те­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: (1414).
Басқа 8. Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 8-қосымша Нысан Мемлекеттік монополияға жатқызылған жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
Тармақша 1
1) Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті аттестаты бар қызметкерлер туралы мәліметтер: Р/с № Ла­у­а­зы­мы Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Жұ­мыс өті­лі Оқу ор­ны, бі­тір­ген жы­лы, ди­плом бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі көр­се­ті­л­ген бі­лі­мі Ат­те­стат­тың нө­мі­рі мен бе­рі­л­ген кү­ні ма­манды­ғы бой­ын­ша ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы бой­ын­ша Ескертпе: Заңның 64-8-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
Тармақша 2
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер: Р/с № Өндірістік базаның функционалдық құрамдас бөліктері Ауданы Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді куәландыратын құжат Мекенжайы және кадастрлық нөмірі
Тармақша 3
3) жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер: Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Саны Пайдалану мерзімі Сипаттамасы (маркасы, қуаттылығы) сапалық құрамы Ескертпе
Тармақша 4
4) Жобаларға сараптама жүргізу сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер: Сапа қызметіне жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы. Бұйрық № және уақытын көрсету. Есептеулерді және жобалардың графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру техникасының және дербес компьютердің болуы Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық атап көрсету) Сараптамалық жұмыстың сапасы бойынша жарнамалаудың болуы. Қолданылған шаралардың тиімділігі.
Тармақша 5
5) Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер: Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Саны Ескертпе Осы мәліметтер нысанында көрсетілген барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлауға міндеттенемін. Дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыным туралы хабардармын. Басшысы _______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Басқа 9. Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 9-қосымша Нысан Ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ұйымының аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны
Тармақша 1
1) Сараптамалық ұйымның қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшының тиісті аттестаты бар қызметкерлер туралы мәліметтер: Р/с № Лауазымы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жұмыс өтілі Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі Аттестаттың нөмірі мен берілген күні мамандығы бойынша атқаратын лауазымы бойынша Ескертпе: Заңның 64-8-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшыға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне байланысты кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға және осы қызметтің өзге субъектілерімен еңбек, қаржы және (немесе) өзге де тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады.
Тармақша 2
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы туралы мәліметтер: Р/с № Өндірістік базаның функционалдық құрамдас бөліктері Ауданы Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді куәландыратын құжат Мекенжайы және кадастрлық нөмірі
Тармақша 3
3) жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер: Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Саны Пайдалану мерзімі Сипаттамасы (маркасы, қуаттылығы) сапалық құрамы Ескертпе
Тармақша 4
4) Жобаларға сараптама жүргізу сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметтер: Сапа қызметіне жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы. Бұйрық № және уақытын көрсету. Есептеулерді және жобалардың графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру техникасының және дербес компьютердің болуы Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық атап көрсету) Сараптамалық жұмыстың сапасы бойынша жарнамалаудың болуы. Қолданылған шаралардың тиімділігі.
Тармақша 5
5) Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиет туралы мәліметтер: Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Саны Ескертпе Осы мәліметтер нысанында көрсетілген барлық өзгерістер туралы уәкілетті органға уақтылы хабарлауға міндеттенемін. Дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатыным туралы хабардармын. Басшысы ___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)