Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығымен бекітілген Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды жеке және заңды тұлғалар электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс етеді.
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) мемлекеттік кірістер органына табыс етеді. Мемлекеттік кірістер органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
Тармақ 6
6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады.
Тармақ 7
7. Декларация өзіне мыналарды:
Тармақша 1
1) Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру мен олардың айналымы бойынша декларацияны;
Тармақша 2
2) Алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша декларацияны;
Тармақша 3
3) Алкоголь өнімінің айналымы бойынша декларацияны қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі
2-тарау. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі
Тармақ 8
8. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі - 1-декларация) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына этил спиртін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның және (немесе) шарап материалын өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде этил спирті және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.
Тармақ 9
9. «СОК» жолында 1-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Субъектінің атауы» жолында 1-декларацияны табыс ететін этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 1-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді. Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 2-бағанда этил спирті немесе шарап материалын өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі. 1-декларацияның 2-бағандары лицензияда немесе лицензияның қосымшасында көрсетілген этил спирті немесе шарап материалын өндіру жөніндегі қызметті жеке және заңды тұлғалардың жүзеге асыратын әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
Тармақ 16
16. 3-бағанда өнімнің түрі: этил спирті немесе шарап материалы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде этил спирті немесе шарап материалының сыртқы экономикалық тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі - СЭҚ ТН) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 5-бағанда есепті кезеңнің басында өндірушіде қалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі. Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Этил спирті және (немесе) шарап материалын өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, этил спирті мен шарап материалының нөлдік қалдығын көрсетеді.
Тармақ 19
19. 6-бағанда өндірілген этил спирті немесе шарап материалының және басқа жеткізушілерден сатып алған немесе алған жалпы саны көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10, 11 -бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 20
20. 7-бағанда өндірген этил спирті немесе шарап материалының салық төлеушінің деректері бойынша көлемі көрсетіледі.
Тармақ 20-1
20-1. 7-1-бағанда өндірген этил спирті есепке алатын бақылау аспаптарының деректері бойынша көлемі көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 8-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден сатып алған немесе алған этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 22
22. 9-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген этил спирті немесе шарап материалының қайтарылған көлемі көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 10-бағанда үшінші елдерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 11-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. 12-бағанда жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының жалпы көлемі көрсетіледі (12-бағанның мәні 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 26
26. 13-бағанда өз өндірісі үшін жұмсалған этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 27
27. 14-бағанда алкоголь өнімін өндіру үшін басқа өндірушілерге өткізілген этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 15-бағанда экспортқа өткізілген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 16-бағанда алкоголь өнімін өндірумен байланысты емес техникалық қажеттілікке өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 30
30. 17-бағанда алушыларға медициналық мақсаттар үшін өткізілген этил спиртінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 31
31. 18-бағанда өндіру процесінде этил спиртінің немесе шарап материалы шығындарының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 32
32. 19-бағанда бұрын сатып алынған қайтару этил спиртінің немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 33
33. 20-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 34
34. 21-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде этил спиртінің немесе шарап материалының өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 35
35. 22-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған этил спиртінің немесе шарап материалының қалдығы көрсетіледі (22-бағанның мәні 12-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тарау 3. 3-тарау. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі
3-тарау. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі
Тармақ 36
36. Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 2-декларация) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.
Тармақ 37
37. «СОК» жолында 2-декларацияны табыс ететін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
Тармақ 38
38. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 39
39. «Субъектінің атауы» жолында алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 40
40. «Есепті кезең» жолында алкоголь өнімін өндіруші 2-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
Тармақ 41
41. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді. Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
Тармақ 42
42. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 43
43. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі. 2-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
Тармақ 44
44. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.
Тармақ 45
45. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.
Тармақ 46
46. 5-бағанда алкоголь өнімінің (сырадан басқа) түрлері бойынша сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.
Тармақ 47
47. 6-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі. Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.
Тармақ 48
48. 7-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (7-бағанның мәні 8, 9, 10, 11, 12 -бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 49
49. 8-бағанда алкоголь өнімін өндіру түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.
Тармақ 50
50. 9-бағанда Қазақстан Республикасының басқа да жеткізушілерден алған алкоголь өнімінің түрлері бойынша көлемі көрсетіледі.
Тармақ 51
51. 10-бағанда бұрын өткізілген немесе тиеліп жөнелтілген алкоголь өнімінің қайтарылған көлемі көрсетіледі.
Тармақ 52
52. 11-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 53
53. 12-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 54
54. 13-бағанда алкоголь өнімінің жалпы шығыны көрсетіледі (13-бағанның мәні 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 55
55. 14-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.
Тармақ 56
56. 15-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 57
57. 16-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 58
58. 17-бағанда өндіріс процесінде алкоголь өнімінің шығыны көрсетіледі.
Тармақ 59
59. 18-бағанда сатып алынған алкоголь өнімінің қайтару көрсетіледі.
Тармақ 60
60. 19-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 61
61. 20-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 62
62. 21-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі (21-бағанның мәні 13-бағанның мәнін шегеруімен, 6 және 7-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 63
63. Алкоголь өнімінің өндірісінде шикізат балансын жеке немесе заңды тұлғалар есепті кезең үшін этил спирті немесе шарап материалынан өндірілген алкоголь өнімі өндірісінің көлемдері бар болған жағдайда 2-декларацияға қосымшаға сәйкес нысаны бойынша (бұдан әрі - Шикізат балансы) жасайды.
Тармақ 64
64. «СОК» жолында Шикізат балансы табыс етілетін мемлекеттіқ кірістер органының коды көрсетіледі.
Тармақ 65
65. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 66
66. «Субъектінің атауы» жолында Шикізат балансын табыс ететін алкоголь өнімін өндірушінің толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 67
67. «Есепті кезең» жолында Шикізат балансы табыс етілетін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
Тармақ 68
68. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді. Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
Тармақ 69
69. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 70
70. 2-бағанда алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензияға немесе лицензияға берілген қосымша бойынша қызметін жүзеге асыру мекенжайы көрсетіледі. 2-бағанда Шикізат балансын лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әрбір мекенжайы бойынша жеке толтырылады.
Тармақ 71
71. 3-бағанда шикізаттың атауы (этил спирті немесе шарап материалы) көрсетіледі.
Тармақ 72
72. 4-бағанда Қазақстан Республикасына шикізатты импорттау кезінде СЭҚ ТН коды көрсетіледі.
Тармақ 73
73. 5-бағанда шикізатты жеткізушінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 74
74. 6-бағанда шикізат жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 75
75. 7- бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.
Тармақ 76
76. 8- бағанда электроэнергия құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.
Тармақ 77
77. 9- бағанда алкоголь өнімдері өндірушілерге су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.
Тармақ 78
78. 10- бағанда алкоголь өнімдері өндірушілерге су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.
Тармақ 79
79. 11- бағанда меншіктік зарлар су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің басына көрсетіледі.
Тармақ 80
80. 12- бағанда меншіктік зарлар су құрылғыларының есептік көрсеткіштері есеп беру кедеңінің соңына көрсетіледі.
Тармақ 81
81. 13-бағанда есепті кезеңнің басында шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 82
82. 14-бағанда келіп түскен шикізаттың жалпы көлемі көрсетіледі.
Тармақ 83
83. 15-бағанда алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалған шикізаттың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 84
84. 16-бағанда өндіріс паспорты бойынша 1 дал алкоголь өнімінің өндірісіне жұмсалатын шикізаттың мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 85
85. 17-бағанда өндіріс процесінде шикізаттың шығындары көрсетіледі.
Тармақ 86
86. 18-бағанда алкоголь өнімнің өндірілген түрі көрсетіледі.
Тармақ 87
87. 19-бағанда өндірілген алкоголь өнімдегі (сырадан басқа) сусыз спирттің пайыздық құрамы көрсетіледі.
Тармақ 88
88. 20-бағанда өндірілген алкоголь өнімнің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 89
89. 21-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 90
90. 22-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде шикізаттың өзге де шығындарының көлемі көрсетіледі.
Тармақ 91
91. 23-бағанда есепті кезеңнің соңында қалған шикізаттың қалдығы көрсетіледі (23-бағанның мәні 15, 17, 21, 22-бағандардың мәндерін шегеруімен, 13 және 14-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 92
92. 24-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің өндіру кезендегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 93
93. 25-бағанда есепті кезеңнің соңындағы алкоголь өнімінің өндіру кезеңдегі шикізаттың көлемі көрсетіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі
4-тарау. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі
Тармақ 94
94. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияны (бұдан әрі - 3-декларация) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға арналған лицензияның негізінде алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар табыс етеді.
Тармақ 95
95. «СОК» жолында 3-декларацияны табыс ететін салық органының коды көрсетіледі.
Тармақ 96
96. «ЖСН/БСН» жолында салық төлеушінің ол болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 97
97. «Субъектінің атауы» жолында 3-декларацияны табыс ететін алкоголь өнімін сақтайтын және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
Тармақ 98
98. «Есепті кезең» жолында этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіруші 3-декларацияны табыс ететін есепті кезең (ай) көрсетіледі.
Тармақ 99
99. «Есептілік түрі» жолында негізгі немесе қосымша декларация көрсетіледі. Декларацияның түріне байланысты тиісті ұяшық белгіленеді. Бастапқы және кейінгі декларацияларды табыс еткен кезде «Негізгі» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда «қосымша» ұяшығы белгіленеді. Бұрын табыс етілген декларацияларға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтыруларға байланысты, қосымша декларациялардың тиісті жолдарында теріс және (немесе) оң мәндермен айырмашылығы көрсетіледі.
Тармақ 100
100. 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 101
101. 2-бағанда жеке немесе заңды тұлғаның қойма ғимаратының орналасқан мекенжайы көрсетіледі. 3-декларацияның 2-бағандары лицензияда көрсетілген қызметті жүзеге асырудың әрбір мекенжайы бойынша жеке және заңды тұлғалар бөлек толтырылады.
Тармақ 102
102. 3-бағанда алкоголь өнімінің түрі көрсетіледі.
Тармақ 103
103. 4-бағанда импорт немесе экспорт кезінде алкоголь өнімінің СЭҚ ТН көрсетіледі.
Тармақ 104
104. 5-бағанда есепті кезеңнің басындағы алкоголь өнімінің қалдығы көрсетіледі. Бұл көрсеткіш қалдықтардан алдыңғы есептік кезеңінің соңына көшіріледі. Алкоголь өнімін өндіру қызметін алғаш рет бастаған жеке немесе заңды тұлғалар, осы бағанды толтырған кезде, алкоголь өнімінің нөлдік қалдығын көрсетеді.
Тармақ 105
105. 6-бағанда алкоголь өнімінің келіп түскен жалпы көлемі көрсетіледі (6-бағанның мәні 7, 8, 9, 10 -бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Тармақ 106
106. 7-бағанда Қазақстан Республикасының жеткізушілерінен түскен алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 107
107. 10-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 108
108. 9-бағанда үшінші елдерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 109
109. 10-бағанда Кедендік одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 110
110. 11-бағанда есепті кезең үшін алкоголь өнімі шығынының жалпы көлемі көрсетіледі (11-бағанның мәні 12, 13, 14, 15, 16, 17-бағандардың мәндерінің қосындысымен теңдеседі).
Тармақ 111
111. 12-бағанда ішкі нарыққа өткізілген алкоголь өнімінің көлемдері көрсетіледі.
Тармақ 112
112. 13-бағанда өз құрылымдық бөлімшелеріне немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 113
113. 14-бағанда экспортқа өткізілген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.
Тармақ 114
114. 15-бағанда бұрын сатып алынған алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 115
115. 16-бағанда бұзылған, жоғалған, тәркіленген кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 116
116. 17-бағанда төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған бұзылған, жоғалған кезде алкоголь өнімінің өзге де шығындардың көлемі көрсетіледі.
Тармақ 117
117. 18-бағанда есепті кезеңнің соңына, шикізаттың жалпы қалдығы көрсетіледі (18-бағанның мәні 11-бағанның мәнін шегеруімен, 5 және 6-бағандары мәндерінің сомасымен теңеседі).
Басқа 1
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларына 1-қосымша Салық төлеушінің атауы _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________________________ Табыс ету мерзімін ұзартуды сұраймын (декларацияның атауын көрсетіңіз) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Нысанның коды: _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органының коды: _______________________________ Есепті кезең: Айы Жылы Басшының қолы ______________________
Басқа 0. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация
Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларына 2-қосымша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация Индексі: өндірушінің ЭСШМӨАД* 1 Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: этил спиртін және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей *Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларация Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында келтірілген. Салық органының коді Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі Атауы Есепті кезең ________ ай _____ жыл Есеп беру түрі № р/с Неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы Өнім­нің тү­рі (этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы) Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды (этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын им­порт­та­ған­да неме­се экс­порт­та­ған­да) Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның қал­ды­ғы, дал Этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­ал­дың кі­рі­сі, оның ішін­де: Бар­лы­ғы Өз өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі Бас­қа жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды (оның ішін­де им­порт бой­ын­ша бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру) са­лық тө­ле­у­ші­нің де­ректе­рі бой­ын­ша есеп­ке ала­тын ба­қы­лау ас­пап­та­ры­ның де­ректе­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру үшін­ші ел­дер­ден алын­ды үшін­ші ел­дер­ден алын­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мем­ле­кет­тер­ден алын­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мем­ле­кет­тер­ден алын­ды 1 2 3 4 5 6 7 7-1 8 9 10 11 Кестенің жалғасы Этил спир­ті­нің неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның шы­ғы­стар, Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық Бар­лы­ғы Ал­ко­голь өні­мін өз өн­ді­рі­сі үшін Бас­қа тұ­лға­лар­ға ал­ко­голь өні­мін өн­ді­ру үшін этил спир­ті мен ша­рап ма­те­ри­а­лы өт­кі­зіл­ді Экс­порт­қа өт­кі­зіл­ді Тех­ни­қа­лық қа­жет­ті­лік­тер­ге өт­кі­зіл­ді (этил спир­ті үшін) ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­тар үшін өт­кі­зіл­ді (этил спир­ті үшін Өн­ді­ру про­це­сін­де­гі шы­ғы­стар Өзге де шы­ғы­стар бұ­рын алын­ғады­ғы қай­та­ру бү­лі­нуі, жо­ға­луы, тәр­кі­леу бү­лі­нуі, жо­ға­луы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зің­де 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
Басқа 3. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация
Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация есепті кезең 20___ жылғы ______ айы Индексі: өндірушінің АӨӨАД* 2 Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: алкоголь өнімін өндіруді және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей *Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларация Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету осы қағидаларында келтірілген. Салық органының коді Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі Атауы Есепті кезең ________ ай _____ жыл № р/с Неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы Өнім­нің тү­рі (этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы) Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды (этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын им­порт­та­ған­да неме­се экс­порт­та­ған­да) Ал­ко­голь өні­мін­де­гі (сы­ра­дан бас­қа) су­сыз спирт­тің пай­ы­здық құ­ра­мы Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы этил спир­ті неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лы­ның қал­ды­ғы, дал Ал­ко­голь өні­мі­нің кө­лі­мі, оның ішін­де: Бар­лы­ғы өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі Алын­ды (оның ішін­де им­порт бой­ын­ша бұ­рын өт­кі­зі­л­ген неме­се ти­еп жө­нел­ті­л­ген өнім­ді қай­та­ру) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жет­кі­зу­ші­лер­ден алын­ды бұ­рын өт­кі­зі­л­ген­ді қай­та­ру үшін­ші ел­дер­ден алын­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мем­ле­кет­тер­ден алын­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Кестенің жалғасы: Ал­ко­голь өні­мі­нің шы­ғы­ны, оның ішін­де: Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық Бар­лы­ғы Іш­кі на­рық­қа өт­кі­зі­л­ген ал­ко­голь өні­мі­нің кө­ле­мі өз құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне неме­се заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне ти­еп жө­нел­ті­л­ген ал­ко­голь өні­мі­нің кө­ле­мі Экс­порт­қа өт­кі­зіл­ді Өн­ді­ру про­це­сін­де­гі шы­ғы­стар Өзге де шы­ғы­стар бұ­рын алын­ғады­ғы қай­та­ру бү­лі­нуі, жо­ға­луы, тәр­кі­леу бү­лі­нуі, жо­ға­луы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зің­де 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Басқа 3.1. Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы
Алкоголь өнімін өндіру мен айналымы жөніндегі декларацияға қосымша Алкоголь өнімінің өндірісіне шикізат балансы Салық органының коді Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі Атауы Есепті кезең ________ ай _____ жыл № р/с Ли­цен­зи­я­ға неме­се ли­цен­зи­я­ға бе­рі­л­ген қо­сым­ша бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ме­кен­жайы Ши­кі­заттың ата­уы Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды (этил спир­тін неме­се ша­рап ма­те­ри­а­лын им­порт­та­ған­да) Ши­кі­зат жет­кі­зу­ші ту­ра­лы мә­лі­мет Элек­тро­энер­гия құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі Су құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның есеп­тік көр­сет­кіш­те­рі ата­уы Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Есеп бе­ру ке­де­ңі­нің ба­сы­на Есеп бе­ру ке­де­ңі­нің со­ңы­на Есеп бе­ру ке­де­ңі­нің ба­сы­на Есеп бе­ру ке­де­ңі­нің со­ңы­на 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Кестенің жалғасы: Ши­кі­заттың қоз­ға­лы­сы, дал Ал­ко­голь өні­мі­нің өн­ді­ру са­ты­сын­да­ғы ши­кі­заттың кө­ле­мі, дал Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық Ке­ліп түс­кен ши­кі­заттың жал­пы кө­ле­мі Ку­паж­ға пай­да­ла­ны­л­ған ши­кі­зат 1 дал ал­ко­голь өні­міне шы­ғыс нор­ма­сы Өн­ді­рі­стік шы­ғын­дар Шы­ға­ры­л­ған ал­ко­голь өні­мі­нің тү­рі Өн­ді­рі­л­ген ал­ко­голь өні­мін­де­гі су­сыз спирт­тің пай­ы­здық құ­ра­мы Шы­ға­ры­л­ған өнім­нің кө­ле­мі Бас­қа шы­ғын­дар Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық Есеп­ті ке­зең ба­сын­да­ғы қал­дық Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған, тәр­кі­лен­ген тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зің­де бұ­зы­л­ған, жо­ғал­ған 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
Басқа 4. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация
Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация есепті кезең 20___ жылғы ______ айы Индексі: көтерме сатушының АӨАД* 3 Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар: алкоголь өнімінің айналымын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар Қайда ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 күніне кешіктірмей *Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларация Ескертпе: декларацияны толтыру бойынша түсіндірме Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету осы қағидаларында келтірілген. Салық органының коді Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі Атауы Есепті кезең ________ ай _____ жыл № р/с Қой­ма үй-жай­ы­ның ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы Ал­ко­голь өні­мі­нің тү­рі Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы ко­ды (ал­ко­голь өні­мін им­пор­ты неме­се экс­пор­ты ке­зін­де) Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық, дал Ал­ко­голь өні­мі­нің кі­рі­сі оның ішін­де: Бар­лы­ғы Алын­ды (оның ішін­де им­порт, ал­дын­да са­ты­л­ған неме­се ти­е­ліп жө­нел­ті­л­ген өнім­нің қай­та­ры­луы) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы жет­кі­зу­ші­ле­рі­нен алын­ған ал­дын­да са­ты­л­ған неме­се ти­е­ліп жө­нел­ті­л­ген­нің қай­та­ры­луы үшін­ші ел­дер­ден алын­ған Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мем­ле­кет­тер­ден алын­ған 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Кестенің жалғасы: Ал­ко­голь өні­мі­нің шы­ғы­сы, дал, оның ішін­де: Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы қал­дық Бар­лы­ғы Іш­кі на­рық­қа са­ты­лу өз құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне неме­се заң­ды тұл­ға­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­ріне ти­еп жө­нел­ті­л­ген Экс­порт­қа са­ты­л­ған Өзге де шы­ғын­дар, дал бұ­рын алын­ғады­ғы қай­та­ру бү­лі­нуі, жо­ға­луы, тәр­кі­леу бү­лі­нуі, жо­ға­луы тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зің­де 11 12 13 14 15 16 17 18