Об утверждении Правил осуществления санитарно-карантинного контроля над завозом и распространением инфекционных и паразитарных заболеваний на Государственной границе Республики Казахстан, совпадающей с таможенной границей Таможенного союза, и обеспечения санитарной охраны границы и территории Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 19 ақпан
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасынан өтетін адамдар мен көлік құралдарына, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және Кеден одағының кедендік аумағында өтетін бақылаудағы тауарларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге (одан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуін және таралуын санитариялық-карантиндік бақылау және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Санитариялық-карантиндік бақылау – адамдардың және жүктердің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттарды және өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылау Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халық денсаулығына қауіп төндіретін жолаушыларға, экипаждарға, пойыз бригадаларына, көлік құралдарына, жүктерге санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу (санитариялық-карантиндік пункттерде) пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының көліктегі бөлімшесі жүргізеді.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі
2. Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі
Тармақ 6
6. Санитариялық-карантиндік бақылау мынадай инфекциялық және паразиттік аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіледі:
Тармақша 1
1) карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ, сары қызба);
Тармақша 2
2) аса қауіпті инфекциялар (контагиозды вирусты геморрагиялық қызбалар: Ласс, Марбург, Эбола, Хунин, Мачупо, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы);
Тармақша 3
3) ауыр жіті респираторлық синдром немесе атипиялы пневмония;
Тармақша 4
4) патогендігі жоғары жаңа кіші тип тудыратын пандемиялық тұмау (A/H1N1, A/H5N1 құс тұмауы және басқа типтер);
Тармақша 5
5) паразиттік аурулар (безгек);
Тармақша 6
6) Ережеге 2-қосымшада көзделген басқа да инфекциялық аурулар.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден жолаушы және өзге де көлік құралдары немесе жеке тұлғалар келгенде;
Тармақша 2
2) жолаушы және өзге де көлік құралының экипажынан көлік құралында инфекциялық және паразиттік аурумен ауыратын науқастың немесе ауруға күдікті адамның болуы туралы хабарлама алғанда;
Тармақша 3
3) жөнелтуші, транзит елдің немесе алушы елдің құзыретті органдарынан халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің келуі туралы ақпарат алғанда;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде контейнерлер мен лихтерлердің ашылу белгісі анықталғанда немесе олардың бүтіндігі бұзылғанда;
Тармақша 5
5) көлік құралында осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік ауруларды таратушы жәндіктер, кеміргіштер және өлген кеміргіштер анықталғанда;
Тармақша 6
6) әуе немесе теңіз (өзен) кемесінің бортында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізуді талап ететін, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық ауруларға күдікті адамның болмауы туралы белгіленген тәртіппен алдын ала ақпарат берілмегенде;
Тармақша 7
7) халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік құралында бұрын жүзеге асырылған санитариялық-карантиндік бақылау барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының бұзушылығы анықталғанда;
Тармақша 8
8) бұрын қолданыста болған және ауру жұқтырған аудандары бар елдерден немесе эпидемия аймақтарынан әкелінген ішінде киім-кешек, киім, төсек жабдықтары немесе тұрмыста қолданылатын басқа да заттар, ыдыс-аяқ, ойыншықтар бар, бүтіндігі бұзылған халықаралық пошталық жөнелтілімдер анықталғанда санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізеді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар және көлік объектілерінің персоналы адамдар денсаулық жағдайына шағымданып жүгінген кезде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларды дереу хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар қызметтік куәлігін көрсете отырып, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін экипаж мүшелері, жолаушылар және жүктер бар үй-жайларға, көлік құралдарына кедергісіз кіреді. Эпидемиологиялық жағдай ушыққан жағдайда санитариялық-карантиндік бақылау барлық бақылау түрлерінен (шекаралық, кедендік және басқа) бұрын өтеді.
Тармақ 10
10. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғаларға әуе кемелері экипаждарының командирлері, теңіз кемелерінің капитандары, пойыз бригадаларының бригадирлері мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) әуе көлігінің жалпы декларациясының санитариялық бөлімі, теңіз (өзен) кемесінің теңіздік медициналық-санитариялық декларациясы, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан өткендігі туралы куәлігі, теңіз (өзен) кемесінің санитариялық бақылаудан босатылғаны туралы куәлігі, темір жол көлігіндегі санитариялық және рейстік журналдар, қажет болған жағдайда вакцинация туралы халықаралық куәліктер;
Тармақша 2
2) жолаушы және өзге де көлік құралын дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізілгенін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) экспорттаушы елдің құзыретті органы берген жүктердің қауіпсіздігін куәландыратын олардың ілеспе құжаттары (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (гигиеналық қорытынды, гигиеналық сертификат), тисті (санитариялық, сәйкестік, сапа, денсаулық) сертификаттары.
Тармақ 11
11. Жеке тұлғаларды (әуе кемелерінің, теңіз кемелерінің және пойыздардың жолаушыларын қоспағанда) санитариялық-карантиндік бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу жағдайларын болдырмау мақсатында тұрақты жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Санитариялық-карантиндік пункттерде тепловизорларды, байланыссыз термометрлерді пайдалану арқылы жеке адамдарға санитариялық-эпидемиологиялық тексеру және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарға, сондай-ақ келген көлік құралының экипажынан инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру симптомдары бар науқастың немесе оған күдікті адамның болуы туралы ақпарат алған кезде сұрау жүргізіледі. Санитариялық-карантиндік пункттерде кезекшілік ауысымының құрамы 2 маманнан кем болмауы тиіс. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар командирдің немесе әуе, су (өзен) көлігі экипажының жауапты мүшесінің, пойыз бастығының, автокөлік құралы жүргізушісінің сұрауы бойынша көлік және (немесе) жол құжаттарында көлік құралына санитариялық шаралар қолданғандығы туралы белгі қояды.
Тармақ 13
13. Инфекциялық және (немесе) паразиттік аурулармен ауыратын науқас анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары мынадай:
Тармақша 1
1) науқасты денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінің оқшаулағышында уақытша оқшаулау;
Тармақша 2
2) науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды обсервациялауды, медициналық айғақтары бойынша оларды денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызу;
Тармақша 3
3) бортында инфекциялық және паразиттік аурулардың симптомдары бар немесе инфекциялық және паразиттік ауруларға күдіті адам анықталған көлік құралында дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 14
14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының уәкілетті тұлғалары жүзеге асыратын санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) бекітілген нысаны бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі толтырылады, онда қажетті ілеспе құжаттардың болуы, келген көлік құралының түрі және бағыты, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің саны, инфекциялық және паразиттік ауруларға күдікті науқастардың болуы, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін жүктің атауы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Келген көлік құралдарында таратушы жәндіктер, кеміргіштер немесе өлген кеміргіштер анықталған жағдайда тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы бойынша көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін санитариялық тұраққа (санитариялық айлақ, санитариялық алаң, санитариялық тұйық) жіберіледі. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау аяқталғаннан кейін санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлға көлік құралының халықаралық медициналық-санитариялық құжатына белгі қояды және өңделген көлік құралдары жүктерімен бірге (бар болған жағдайда) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.
Тармақ 16
16. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалар инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша қолайсыз елдерге баратын жолаушыларға және туристік фирмалардың өкілдеріне нұсқаулар жүргізеді. Көлік құралдарының персоналы және жүктерге және жолаушыларға қызмет көрсетуге қатысатын әуежайлар, порттардың және вокзалдардың қызметкерлері көліктегі дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының және көліктегі медициналық ұйымдардың штатына кіретін санитариялық-эпидемиологиялық бейінді мамандары гигиеналық оқудан жылына кемінде 1 рет жиілікпен өтуі тиіс.